Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2014 в 18:22, курсовая работа
Құрылыстық керамика – бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек тілінен «keramos» деген сөзден шыққан, «саз» деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол бір температурада күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді. Құрылыстық керамика өндірісі халық шаруашылығындағы ең маңызды сала болып саналады. Соңғы он жылдықта механикаландырылған керамикалық кірпіш және тастар өндіретін зауыттар пайда болуда.
10 Техника қауіпсіздігі
Қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру үшін ең алдымен еңбектегі төтенше жағдайларды болдырмау қажет, мамандық бойынша еңбек жұмысындағы улану, апаттар және өрт пен жарылыс қауіпін болдырмау керек.
Өндірісітік технология процесін таңдау үшін:
Ұсақ элементтерге зер қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек, яғни аппараттардың гармитизациялануы және коммуникациялануы ваккумдағы аппаттар жұмысы, зиянды және өрт қауіпті заттарды үймераттан шығару, аппаттың болу мүмкігдігін алдын алу үшін қорғаныш заттарын орналастыру. Қосымша көмек жабдықтары, тасымалдау машиналары қорғанышпен қамтамасыз ету; желдеткіштерді таңдау; адамдардың қорғануы.
Керамика өндірісінде отын ретінде газ тәріздес отын қолданады. Отын ұнтағын дайындаудың 2 негізгі әдісі болады.
Бірінші әдіс бойынша кептіргіш барабан, диірмен, элеватор мен тасымалдау жабдықтары арқылы , бір бөлімге орналастырылып, сол бөлім арқылы отынды пешке жібереді. Бұл орталықтанған әдіс деп аталады. Элеватор мен шпектер тасымалдануы бойынша отын ұнтағы енгізіледі.
Екінші әдіс бойынша (индивидуальный). Бұл жаңа технологиялық цехтарда жиі қолданылады. Мұнда отын дайындау кезінде, бір мезетте кептіру мен ұнтақтау бірге жүреді. Бұл жабдықтар тұйық цикл бойынша істейді. Әрбір жабдығы өзара пешпен байланысты.
Ұнтақ отынды пайдаланғанда жарылыс қаупі төнуі мүмкін. Сондықтан пештің камерасына саңылаулар арқылы ауаның үрленбеуін бақылау қажет. Жарылыстың алдын алу үшін ұнтақ отынның тез арада пешке тусуін және тозаңсорғыш камераға өтіп кетпеуін қамтамасыз ету керек. Тозаң сорғыш камера ұшқындардың болмауын қамтамасыз ету, өртеу процесінің ең негізгісі. Бұл пештерде сақтандырғыш клапондар орналастырады. Себебі, жарылыс пен төтенше жағдайлардың алдын алу үшін.
Пештерде қалыпты бақылау, арнайы бақылау-өлшегіш жабдығымен жүргізіледі.
Егер газоанализатор көмірқышқыл газының көптігін көрсетсе, онда ол пештегі отынның дұрыс жанбағандығы. Ал көп мөлшерде қара қою түтіннің шығуы, ондағы отынның артық мөлшерде екендігін көрсетеді. [11]
Сондай-ақ жұмыстың тоқталуы мүмкін. Егер белдемесі қандай да бір тірегіне байланысты болмаса.
Дұрыс техникалық эксплуатациялау кезінде өрттің немесе жарылыстың пайда болу қаупі төнбейді, ал егер отын ұнтағы қопарылса, ол кезде қауіп төнуі мүмкін.
Жарылыс қаупін бәсеңдету үшін, құрылым ішіне арнайы жабдықтарды орналастырамыз, олар ойықтарда орналасады да, клапондар немесе панельдер деп аталады.
Отынды дайындауға арналған жерлерде, артық ойық, горизонтальді қиғаштар болмау керек. Ал күл жиналатын орны тазалауға ыңғайлы болуы қажет. Жан-жақтағы жабдықтарды ашық түсті сырмен сырлайды, себебі отырған отын күлі тез байқалады. Отын салу бункерлерін арнайы отқа төзімді материалдан жасайды. Бункердің ішіндегі отын тез арада тасымалданатын болуы қажет. Сақтандыру клапондарын әдетте отын бункерлерінде, құбырларында, циклондарда, сепаратор мен диірмендерде орналастырады. Клапондарды арнайы қалыңдықтардан жасайды, 0,5мм сондай-ақ азбесокартоннан да жасауға болады 3-5мм. Отын диірмендері үшін арналған электродвигательдер мен редукторларды отынды дайындау бөлімінде орналастырады, оның қабырғалары отқа төзімді болып келеді. Ол 3-4 сағатқа дейін. Қазіргі кезде құрылыс индустрия зауыттарының құрылыс материалдар өндіру жөнінде әртүрлі технологиялық бағыттары бар және олар машиналардың, аппаратардың, автоматтық және блокадалық жүйелердің, қорғау техникасының көптеген түрлерімен жабдықталған.
Технологиялық үрдістерге және жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар ретінде жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен машиналарды басқару үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Еңбек қорғау мәселесі ойдағыдай шешілуі кәсіпорындарын дұрыс жобалау барысында қарастырылуы тиіс. Бұл жобада өндіріс үрдістерінің зиянды факторлардың адамдарға тигізетін әсерін азайту шаралары көрсетіледі.
Машиналар мен механизмдерге қойылатын талаптар технологиялық факторлардың ерекшелігі және еңбек қауіпсіздік жағдайларымен анықталады.
Оларды пайдалану қауіпсіздігі кәсіпорындарын жобалау кезінде шешілуге тиісті. Мұнда қауіпті аймақтарда адамдардың жарақаттану мүмкіншілігін жою шаралары белгіленуі керек. Технологиялық бағыттардың машиналары мен аппаратары шеттен тыс артық шулы, дірілі қатты, зиянды сәулелерді және жұмыс аймағын сыртқы ауа атмосферасында жоғары шаң мен зиян газдылықты туғызбаған жөн.
Электр тогымен зақымдану жағдайларын болдырмау мақсатында барлық электр қондырғылары оларды дайындау ережелерінің талаптарына сәйкес болу қажет. Машиналар мен электр қондырғылардың корпустары жерге немесе нөлдік сымға жалғануы қажет.
Технологиялық үрдістің жүрісін тиімді бақылап отыру үшін қауіпсіздік парамертлерді көрсететін қажетті бақылау - өлшеу аспаптары қолданылады.
Технологиялық жабдықтардың жұмыс қауіпсіздігі көбіне жұмысшының физикалық және жүйке-психологиялық жүктеме дәрежесімен байланысты болады. Машинамен жұмыс істеу кезінде адамның шаршағандығын оның қате әрекеттерін көбейтіп, орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігін жоғарлатады.
Шихтаның қоспаларын дайындау мынандай операциялардан тұрады: қажетті материалдарды тасымалдап, бункерлерге тарату; салмақпен мөлшерлеу; материалдарды араластыру; шихта қоспасын шығару.
Материалдарды транспортерлермен тасымалдау кезінде ауаға көп шаңдар шығып оны ластайды, шу және діріл әсер етеді.
Сондықтан операцияларды олардан қорғау үшін жұмыс орнын желдеткіші бар, шу мен дірілден оқшауланған кабиналарда орналастыру керек.
Бункерлерді бақылау және жөндеу жұмыстары қауіпті операциялар болып табылады. Бункер ішінде істелінетін жұмыстарға еңбек қорғау бөлімінің келісімімен цех бастығы рұқсат береді.
Бұл жұмыстарда екі адам жұмыс істеуі керек. Мастер осы жұмысты бақылау керек. Жөндеу жұмысы кезінде құрылғыны іске қоспау үшін электр қалқаннан (щитовая) сақтандырғыштарды алып қойған жөн.
Бұйымдарды қалыптауда, мысалы, қалыптарды орнату, қалыптарды шихтамен толтыру, плиткаларды бірқалыпты тасымалдау сияқты күрделі операциялар бар. Сондықтан жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту үшін бұл жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыру керек.
Керамикалық бұйымдарын дайындайтын цехтардың ауасы бұйымдардың әртүрлі жылулық өңдеулері кезінде ластанады. Мысалы, бұйымдарды кептіру кезінде, бұл жылулық үрдіс өте ұзақ болғандықтан кептіргіштер орналасқан жұмыс орнының ылғалдылығы жоғары болады. Сондықтан осындай жұмыс орнында жұмыскерлердің еңбек жағдайын қалпына келтіру үшін арнайы ауа-желдеткіштері орналасуы керек. Кептіргіш камераларының сыртына бу шықпау үшін барынша бекітіліп, бітелген болу керек. Ал бұйымдарды күйдіру үрдісі температурасы өте жоғары туннельді пештерде жүзеге асырылады. Сондақтан бұл аумақта температуралық режимді бақылап, қалыптандыратын автоматты аппараттар қажет.
Материалдарды уату және ұнтақтау үрдістері әртүрлі уатқыш қондырғыларын пайдалану арқылы орындалады.
Олардың жұмысы шу, діріл және шаңның пайда болуымен байланысты.
Дірілдің әсерін азайту үшін уатқыштарды шоңбал ірге тасқа орнатып, діріл оқшаулағыштарды қолдану қажет.
Шудың әсерін азайту
үшін оператарлар іші діріл
және шудан қорғайтын
Шаңмен күресу үшін уатқыш машиналары мен жабдықтарын толық бітеп, оларды аспирация жүйесіне қосу қажет.
Еңбек жағдайлары жақсарту мағынасында әртүрлі жылудан қорғану шаралары қолданылады: экран, желдеткіш, арнайы киім, т.б. Шихтаны пешке немесе бункерге артқан кезде шығатын шаңды сору үшін жабық қаптамасын аспирация жүйесіне қосу керек.
Құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру барысында әртүрлі қысыммен істейтін құрылғылар (компрессорлар, пресстер, бу қазандары, автоклавтар, газ баллондары), көтергіш – тасымал машиналары мен механизмдері, электр қондырғылары кеңінен колданылады.
Олар дұрыс пайдаланбаудың
салдарынан өндіріс травматизмнің салдары
болуы мүмкін. [11]
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1) Сайбулатов С.Ж. Золы ТЭС в производстве строительной керамики. – Алма-Ата: Казахстан, 1986. – 143 б.
2) Нагибин Г.В.
Технология строительной
3) Словарь-справочник по новой керамике. – Киев: Наук. Думка, 1991.– 275 б
4) Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. –М: Стройиздат, 1989.-153б.
5) Механизация и автоматизация производства керамических стеновых материалов. – Л: Стройиздат, 1982. – 167 б.
6) Рахалин И.А. и др. Основы проектирования керамических заводов для техникумов промышленности строительных материалов. – М: Стройиздат, 1973. – 158 б.
7) Баринов СМ. Прочность технической керамики. – М: Наука, 1996. – 160 б.
8) Кононенко А.М, Шульц А.В, Рахимов М.А, Рахимова Г.М. Технология строительной керамики. –Караганда. 2008. – 108б.
9) Инернеттен алынған
мәлімет – http://build.novosibdom.ru/
10) www.steps.ru/tehnologicheskiy_
11) Архипов К.Н, Соловьев Н.В. Основы техники безопасности и противопожарной техники. М: Высшая школа., 1985. – 532б.
Информация о работе Шикізаттар мен қосымша материалдардың негізгі қасиеттері