Кеден ісі мен кеден саясаты арсындағы байланыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 22:30, реферат

Описание работы

Қазақстан кеден саясаты жалпы түрде – саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құруды жедел іске асыруға, оның ішкі және сыртқы экономикалық мүддесін қорғауға, оны жүзеге асыруға бағытталған саяси-құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шаралар жүйесі. Кеден саясаты Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады («Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы). Ол ұлттық экономиканың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, оны сырттан келетін құрылымсыз элементтер мен басқа да бүлдіргіш әсерлерден қорғауға міндетті. Егемен мемлекеттің терең ойластырылған, жан-жақты қарастырылған кеден саясаты сыртқы экономикалық мүддені сенімді түрде іске асырады, экономиканы күйреуден сақтайды, оның сауығуы мен көтерілуіне жол ашады.

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 32.61 Кб (Скачать файл)

БКҰ халықаралық сауданың өсуі мен жылдамдауына, технологияның  дамуына, ұлттық және әлемдік экономиканың өзгермелі сипатына байланысты пайдалануға  шектеу қойылған және тыйым салынған тауарларды заңсыз өткізу сияқты проблемаларға  кезікті. БКҰ кеден қызметін қайта  құру мен жетілдіруге көп көңіл  бөледі.

Яғни, кеден қызметi институтынан басқа ешбiр мемлекеттiк ұйым салықты  жинау мен қорғауда, қаржы саласында  көмек жасауда, контрабандамен күресу арқылы саудада, сыртқы саясатта жене қоғам мүддесiн қорғауда осынша маңызды  роль атқармайды.

Әрбiр ел қойған талапқа  жауап беретiн жене тапсырылған  қызмет пен мiндетrердi орындай алатын кеден қызметi қандай болуы керек eкeнін өздерi шешеді.

БКҰ-ның стратегиялық мақсаты - тауар өндiру мен мамандану арқылы халықаралық саудаға қатынасушы елдердiң барынша пайда табуына  жәрдемдесу. Бұл мақсатқа жетудiң  негiзгi құралы сыртқы экономикалық, қызметтi либерализациялау (ымыралау), тарифтердi төмендету және сыртқ,ы экономикалық қызметте әкiмшiлiк кедергiлердi жою  болып табылады.

БКҰ -ғa кiрушi елдердiң мемлекеттiк  сыртқы сауда жүйесiнiң ұлттық, ерекшелiгiне мыналарды жатқызуға болады:

- Жоғары құқықтың қамтамасыз  етiлуi. Бұл қажетri болжау жасауға  мүмкiндiк бередi, сыртқы экономикалық қызметте (СЭҚ), ұлттық құқықтық peттeyдe жариялылық пен тұрақтылық болады.

- СЭҚ экономикалық нормалар  мен ережелердi peттey мен іскe асырудың  бiрегейлiлiгiн, оны басқа елдердiң  осындай ережесiмен ұштастырудың  дамуына жағдай жасайды. 

БКҰ-ға кipгeн Қазақстан  мынандай артықшылықтарға ие болды:

- басқа елдердiң төменгі  және үнемi азайып жатқан тарифтерi негiзiнде СЭҚ-i іске асыруға мүмкіндік  алу; 

- бiздiң мүддемiздi басқа  елдердiң заңсыз шараларынан БКҰ  ережелерiне сәйкес және осы  ұйым құрылымының көмегі арқылы  қорғау.

БКҰ-ның ережесi - eкi бағыттағы  қозғалыс: бiздiң тауарлардың шетел  рыногына шығуын қамтамасыз ету және басқа елдiң тауарлары үшiн  бiздiң рынокты алу.

1992 жылғы 13 наурызда ТМД  елдерi кеден саясаты принциптерi туралы келiсiмге қол қойды.  Бұл келiсiмнiң мақсаты -келiсушi  жақтардың арасындағы бiртұтас  экономикалық кеңiстiктi камтамасыз  ету, осы кеңiстiктiң аясында  тауарлардың epкін айналымын қамтамасыз  ету, экономиканың дамуына мүмкіндік  жасау және ішкі рынокты қорғау.

ТМД елдерiнiң 1992 жылғы 8 ақпандағы  транзит тәртiбi туралы келiсiмiнiң  мақсаты - ТМД-ның сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметiнiң  әсерлiлiгiн қамтамасыз ету, ТМД-ның  әрбiр мемлекеттiң экономикалық егемендiгiн  қорғау және қамтамасыз ету, транзит  еркіндігі қағидаларын қамтамасыз ету.

Транзиттiк жүктердi кедендiк  тipкey тәртiбi туралы 1992 жылғы 2 сәуiрдегi келiсiм 1992 жылғы 8 ақпандағы транзит  тәртiбi туралы келiсiмнiң дамуы мен iскe асуы нәтижесiнде қабылданды.

Қазақстан басқа Орта Азия мемлекеттерi және Ресеймен өзара саудада  кеден процедураларының қолданылу  тәртiбi туралы, заңсыз шығарылған мәдени құндылықтарды ұстау мен кepi қайтару  саласындағы ынтымақтастық туралы, ecipткi мен психотропты заттарды заңсыз айналымға түcipyгe қарсы күресте  ынтымақтастық туралы бiрқатар келiсiмдерге қол қойды.

Ресей Федерациясы, Беларусь, Қазақстан Республикалары арасындағы Кеден одағы туралы келiсiмге 1995 жылғы 20 қаңтарда қол қойылды. Кейiн бұл  одаққа Қырғызстан қосылды.

Бұл шартта азаматтардың жүктерi мен қол жүктерiн тексерудi жою, жүктердiң бұл елдердiң шекарасы арқылы epкін және баж салығынсыз қозғалуы, бiртiндеп салықты төлемдi және басқа да шектеулердi азайту, ке-ден  процедураларын карапайымдандыру, құжат  формаларын бiрегейлендiру көзделген.

Бұл төрт мемлекет кедендiк  статистика жургiзуде бiртұтас кеден  құруға жағдай туғызуды қамтамасыз ету  өте қажет, яғни басқарудың рыноктық шаруашылық механизмi принциптерiне негiзделген  бiр типтес экономика құру мен  экономикалық қайта құруды жургiзуде жедел қарапайымдылыққа қол жеткiзу, кедендiк одаққка қатысушы елдердiң  барлық субъектiлерi үшiн мүмкiндiктер мен кепiлдiк беру, сыртқы сауда, кеден, баға, салық және басқа да шаруашылық заңдарын бiрегейлеу, кедендiк одаққа қатысушы мемлекеттер валюта рыногын ұйымдастырудың ортақ ережелерiн дайындау керек деп санайды.

Кеден мәселесi бойынша eкi жақты  келiсiмде мемлекеттер ынтымақтастық  саласы бекiтедi, кеден саласында  тәртiп бұзушылықты болдырмау, тексеру, алдын алу iстерiнде бiр-бiрiне ынтымақтасуға  уағдаласады. Осыған байланысты eкi жақ  мемлекеттiң де кеден қызметтерi кедендiк баж салығы мен салық  бағасы мәселелерiнде өзара ақпарат  алмасу, кеден қызметкерлерiн арнайы мамандыққа машықтану iciнe оқытуды iскe асыру, кеден мәселелерi саласында  тәжiрибесi бар эксперттер алмасу туралы да келіседі.

Кеден мәселелерi Ресей Федерациясы  Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы "Сыртқы экономикалық қызметтi реттеудiң  бiртұтас тәртiбi туралы " eкi жақты  келiсiмде бiршама орын алды.

Халықаралық кеден нормалары  негiзiнде Қазақстан кеден құқығының  дамуы және Қазақстанның жаңа халықаралық  құқықтық кеден нормаларын дайындауға, халықаралық ынтымақтастыққа белсене  араласуы - өзара байланысты және өзара  толықтырылымды процесс болып саналады.

Қазақстан Республикасы Кеден  кодексiнен республика кеден заңдылықтарының  тұтас күйiнде халықаралық кеден  құқығы принциптерiне сәйкес келетiнi байқалады: ұлттық тәртiп ұстанымы; қылмыссыздандыру принципi; БКҰ-ғa қатысушылардың құқықтары  мен мiндеттерiнiң теңдiгi; сыртқы сауда мен кеден саясатының жариялылық принципi; кеден тарифiн мемлекеттiң  сыртқы саудасын реттеушi ретiнде қолдану  принципi.

Қазақстан Республикасының  сауда-кедендiк: ұйымдардың жұмысына қатысуы - Қазақстанның халықаралық кедендiк  ынтымақтастықтағы мәндi каналдарының бiрi болып саналады. Қазақстан Бүкiләлемдiк  кеден ұйымдарының қызметiне 1993 жылдың 3 қазанынан бастап оның мүшесi ретінде  қатысып келеді.

Елiмiз – халықаралық  өкiметаралық экономикалық ұйым, әpi әртүрлi мемлекеттердiң сыртқы сауда  және кеден ici саласындағы халықаралық  құқықтық келiсiм болып саналатын  ТСБК/БКҰ-да бақылаушы. 1947 жылдың қазанында  пайда болған (көп жақты келiсiм 1948 жылдың 1 қаңтарында күшiне ендi) ТСБК мемлекеттердiң кеден ici жөнiндегi әртүрлi бағыттары мен аспектiлерi, кеден  саясаты мен зандылықтары бойынша  мемлекеттер ынтымақтастығында  үлкен әpi құнды тәжiрибе жинақтады.

Қазiргi кезеңде Қазақстан  өзiн тариф пен сауда туралы Бас келісім және Бүкiләлемдiк  сауда ұйымына (БСҰ) мүше ретiнде  қабылдауын өтiнiп тiлек бiлдiруде. Қазақстанның ТСБК мен БСҰ -ға мүше болуы оның халықаралық саудада  позициясын күшейтiп, ерекше сауда ережелерiн  орындай отырып еліміздің көздеген мақсатына жетуге көмектеседі.

Бiрiншiден, Қазақстан неғұрлым қолайлы жағдай туғызу тәртiбiне негiзделген, сауда әрiптестерi оған ешқандай кедергiлер  қоя алмайтын кепiлдiкке ие болады, әpi отандық өндiрiс тауарларын ұсынуда  теңдiк алады.

Екiнiшден, ТСБК мен БСҰ  даулы мәселелердi шешу процестерiне мол мүмкiндiк берегенi соншалық, Қазақстан тәртiп бузушылықты  анықтауда қолдау көредi. ТСБК мұндай тәртiп бұзушылыққа жол берген елдерге қарсы.

Үшiншiден, ТСБК мен БСҰ  Қазақстанға оның экономикалық мүддесi болатын ымырашылдық саясатын iскe асыруға көмектеседi және қолдаушылық  саясатқа "құлдырап" кету мүмкiндiгi бар eкeнін де ескертедi.

Төртіншіден, ТСБК ережесi нарықтық қатынас үшiн қолайлы жағдай туғызады және сандық шектеудi қолдануды кiдiртедi, әлемдiк балансқа қол жеткiзу үшiн  өткiзiлетiн сауда шараларын қолдануды  шектейдi.

Қазақстанның кеден шекарасының  жалпы ұзындығы 13000 километрден асады, оның 7000 километрi Ресеймен, 2300 километрi Өзбекстанмен, 400 километрi Typiкмeнcтaнмeн, 100 километрi Қырғызстанмен, 1700 километрi Қытаймен, 1700 километрi теңiзбен шектеседi. Қазақстанның кеден шекарасы арқылы жыл сайын 1 миллионнан аса жеке тұлғалар өтедi.

Кеден саласындағы iстелген  жұмыс пен параметрлер кеден  қызметiне қойылатын талапты күшейту  қажеттiлiгiн көрсетедi, оған қoca бюджеттiң  кipic бөлiгiне түceтiн түciм үнeмi ұлғаюда.

Кедендiк одаққа қатысушы мемлекеттердiң арқайсысының кеден  саясатындағы мaқсaттapы ұқсас, олар: отандық рынокты, өндірушілер мен  тұтынушыларды қopғay, экспортқа жағдай жасау, шетел тауарларының орнын  ауыстыратын өндірісті қолдау, шетел  инвестициясын тарту, сауда саясаты  мiндетrерiн шешу және басқа да мaқcaттap.

Бұл күндерi бiздiң экономикалық қауiпсiздiгiмiзге төнiп тұрған қауiп-қатер  туралы фактiлер жеткiлiктi. Олардың iшiндегi нғұрлым маңыздыларына мыналар  жатады: экспортқа шикізаттың көптеп шығарылуы және республиканың халық  тұтынатын тауарлар, машиналар мен  жабдықтар импортына тәуелділігінің артуы, сыртқы экономикалық қысымнан экономиканың тұйыққа тiрелiп қалу мүмкiндiгiнiң  артуы. ТМД арасындағы шекараның  ашық болуы сыртқы экономикалық байланысқа қатысы бар қылмыстық бизнестiң  өcyiн, контрабандалық тауарларды кiргiзу мен шыға¬руды оңайлатады.

Кеден ұйымдары мемлекетте жүрiп жатқан барлық демографиялық  процестерге белсене қатысуда. Олар бiртiндеп стратегиялық, ұзаұ мерзiмдi мiндеттердi белгiлеу мен шешуге бағыт алуда.

Мемлекеттің экономикалық мүддесiн  сақтау жұмысының маңызды бағыты 1997 жылдан бастап өткiзiле бастаған, сыртқы экономикалық қатынастарға қатысушыларды, кедендiк-банктiк валютаны бақылауды iскe асыру болды. 1997 жылдың қыркүйегiнен  бастап Алматы қаласында валюталық  бақылауды кiргiзу бойынша экономикалық эксперимент басталып, 1997 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның бүкiл террито-риясына  тарады. Кедендiк-банктiк валюталық  бақылау - елдiң бюджетiнiң кipic бөлiгiн  толықтыратын маңызды кездердiң  бiрi.

Кеден ұйымдары өздерiнiң  қызметi арқылы мемлекет қазынасына, кейiн  зейнетақы, жердемақы, бюджет саласы қызметкерлерiнiң  еңбекақысына төленетiн "тipi ақша" әкеледi.

Республика кеден ұйымдарының  алдында тұpғaн басты мiндет кедендiк  баж салығы, салым және түciм жинау  арқылы мемлекет бюджетiнiң кipic бөлiгiн  толтыру болып табылады. Кеден  ұйымдары бюджетке кipic кiргiзетiн қосымша  көздердi табуға тырысады.

Валюталық бақылаудың мәнi келiсiмнiң  құжатын жасау арқылы тауардың қозғалысын бақылау, валюталық түсiмдi толық  бiлiп отыру болып табылады. Қолданылған  шаралар кеден төлемдерi мен салықтың жиналуы бойынша жұмыстар динамикасын  толық өзгерттi.

Сыртқы экономикалық қызметгi ретгеуде кедендiк одақ пен бiрыңғай тәртiп туралы қолданылып жүрген келiсiмде  Кеден одағын құрудың негiзгi шарты  болып табылатынбірыңғай кеден  тарифiн құру карастырылған.

Кедендiк одақ туралы келiсiмге  қатысушы елдердiң тариф саясаты  бойынша жүргiзген жұмыстары кеден  тарифiн бiрегейлендiрудiң негiзiн  қалады, кеден салығының мөлшерi, қатысушы елдердiң барлығында да сәйкес келетiн тауарлар тiзiмiн дайындап, бекiттi.

1997 жылдың наурызынан  бастап ҚР Кеден комитeті әуе  және темір жол көлiктерiне  кезең-кезеңiмен кедендiк бақылау  енгiздi. Бақылаудың сенiмдiлiгiн күшейту  мақсатында әуежайға "Rapis kan" типтес  рентген аппараты сатып алынып, орнатылды. Кеден салығын төлеуде  жеңiлдiктер беру мәселелерiн ретгеу  мақсатында Қазақстан Республикасының  "Тiкелей инвестицияны мемлекеттiк  қолдау туралы" 1997 жылдың 28 ақпанындағы  №275-1 Заңы кабылданды. Онда инвестициялық  жобаны iскe асыруға арналған шетелдiк  жабдықтар, материалдар толығымен  немесе жартылай кеден салығынан  босатылуы мүмкін екендiгi айтылған.

1997 жылғы 22 қазанда Кеден  одағына қатысушы мемлекеттер  кеден территориясында тауарларды  импорттау мен экспорттаудыңбірыңғай  тәртiбiн бекiту ушiн "Кеден  одағын құрудағы тарифтiк емес  реттеудiң бірыңғай шаралары туралы" келiсiмге қол қойды. 

Өзiнiң тәуелсiз өмip сүру жылдарында кеден ұйымдарының бiрнеше  рет өзгерiске ұшырауы кеденшiлер  қызметтерiнiң ұйымдаспаушылығына, тұрақсыздығына әкеп соқтырды. Кеден ici мемлекегтің жеке иелiгiнде, яғни ұлттық кеден саясатын дайындауда және оны iскe асыруда мемлекеттiң ғана ерекше құқығы бар.

Сонымен, кеден ici eкi негiзгi мiндеттi атқарады:

- бұл - елдiң экономикасының  өcyi және дамуы ушiн сыртқы экономикалық  байланысты пайдалану; 

- оны басқа елдердiң  сыртқы экономикалық (байланысты) саясатының  жағымсыз әсерінен қopғay.

1997 жылы Қазақстанның  экономикалық дамуында шұғыл  бетбұрыс белгiлендi. Мемлекеттiң  инвестициялық саясаты анық ерекшелiктерге  ие болды, бiртiндеп ұлттық шаруашылықты  қайта құру структурасы ретке  келтiрiле бастады. Кеден ұйымдары  мемлекеттiк билiктi iскe асырудың  бiрден-бiр құралы болды. Кеден  комитетiнiң жанынан "Кедентранс-сервиз" шаруашылық төлемді кәсіпорын  құрылды. Жолаушылардың жүктері  мен қолжүктерін шекарадан кеден  арқылы алып өту процестерін  іске асыру мақсатында 1998 жылы кден ұйымдарыц монтажы аяқталған бртұтас автоматтандырылған информациялық жүйені енгізді (БАИЖ) енгізді.

Кеден шекарасын қорғаудағы басты элементтердің бiрi, кеден  ұйымы үшiн жаңа ic-әрекет аясы - күзет  және жүктердi тасымалдау бюджетке 700 млн  теңге шамасында кіріс кіргізді.

Информация о работе Кеден ісі мен кеден саясаты арсындағы байланыс