Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 22:04, контрольная работа
Тасымалдаушылар жасалған шарттардың негізінде жүктерді тасымалдауды жүзеге асырады және тасымалдауға қатысты қосымша қызметтерді орындайды. Жүкті автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтуші сеніп тапсырған жүкті, оны тасымалдау шарттарын сақтай отырып, межелі пунктіне жеткізуге және оны жүкті алуға уәкілетті тұлғаға (жүк алушыға) беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші шартқа немесе тарифке сәйкес автомобильмен жүкті тасымалдағаны үшін ақы төлеуге міндеттенеді. Жүкті тасымалдау шарты 1-қосымшаға сәйкес тауар-көлік жүкқұжатын жасау арқылы ресімделеді.
1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль көлігі басқармасы (Ш.Қ.Маханов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Е.Ж.Қошановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7-тарау. Тасымал құжаттарын ресімдеу
77. Жүктерді тасымалдау
тауар-көлік жүкқұжатымен
Автокөлік құралдарды уақыттық тариф
бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлік
құралының жұмысына ақы төлеу бір жұмыс
күні (ауысым) ішіндегі сағаттық есеппен
жасалады) автокөлік құралдың жүрісін
және жүк жөнелтушінің (жүк алушының) қарамағында
болған уақытын, жүргізушінің түскі үзіліс
уақытын шегеріп жолдама парақта N 4-п нысаны
бойынша жазумен ресімделеді (5-қосымша).
Автокөлік құралдарды, олардың жұмысын
кесімді тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану
(автокөлік құралының жұмысына ақы төлеу
тасымалданған тонналар үшін жасалады)
жүк жөнелтушінің (жүк алушының) жолдама
параққа N 4-с нысан бойынша жазуымен ресімделеді
(6-қосымша).
Кесімді және уақыттық тарифтер бойынша
жолдама парақтарды ресімдеу тәртібі
осы Ереженің 86-88-тармақтарында келтірілген.
78. Жүк жөнелтуші тасымалдаушыға
тасымалдауға берілген жүкке
төрт данада жасалған тауар-
79. Тауар-көлік жүкқұжатын толтыру осы Ереженің 80-84-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
80. Автомобиль көлігімен
жүктерді тасымалдауға
Тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген
мағлұматтардың дұрыс еместігі, дәл еместігі
немесе толық еместігі салдарынан туындаған
зиянды жүк жөнелтуші (жүк алушы) өтейді.
81. Жүк жөнелтушіден
жүктерді тасымалдауға
Бірінші дана жүк жөнелтушіде қалады
және тасымалдауға берілген жүктерді
есептен шығаруға арналады. Екінші, үшінші
және төртінші даналарды жүк жөнелтуші
жүргізушіге тапсырады.
Екінші дананы тасымалдаушы жүк алушыға
тапсырады және алынған жүктерді іске
жарату үшін пайдаланылады.
Үшінші және төртінші даналар тасымалдаушыда
қалады. Үшінші дана тасымалдау есебіне
тігіледі және жүк жөнелтушімен (жүк алушымен)
есеп айырысуға негіз болады, ал төртінші
жолдама параққа тіркеледі және көліктік
жұмысты есептеу үшін негіз болады.
Жүк жөнелтуші қажет кезде тауар-көлік
жүкқұжаттарының қосымша даналарын жазып
беруі мүмкін, олардың саны жүк жөнелтуші
мен тасымалдаушының арасындағы келісіммен
белгіленеді.
82. Тауар-көлік жүкқұжатының
барлық даналарына жүк
Жүк жөнелтуші жүктің сапасын және жабдықтаушы
мен сатып алушының өзара қарым-қатынастарын
анықтайтын құжаттарды (сертификаттар,
куәландырулар, куәліктер, рұқсаттар және
тағы басқа) берген кезде, тасымалдаушы
бұл құжаттарды қабылдайды және оларды
жүкпен бірге жүк алушыға береді.
83. Жүкті тапсыру кезінде
жүргізуші тауар-көлік
84. Автокөлік құралдың
тиелуге (түсірілуге) келген және
кеткен уақыты осы Ереженің 71-73-тармақтарына
сәйкес көрсетіледі.
Жүк жөнелтуші немесе жүк алушы автомобильдің
тиелуге (түсірілуге) келген және тиеу-түсіру
жұмыстарының аяқталған уақытын қате
көрсеткен жағдайларда, жүргізуші өзінде
бар барлық тауар-көлік жүкқұжаттарына
жүк жөнелтушінің (жүк алушының) өкілінің
көзінше уақыттың қате қойылғаны туралы
жазуы және нақты келу және кету уақытын
көрсетуі тиіс.
Жүк жөнелтуші (жүк алушы) жүргізушінің
жазуымен келіспеген жағдайда, жүргізушінің
қатысуымен, ал соңғысы акті жасаудан
бас тартқан кезде, мүдделі емес тараптың
екі өкілінің қатысуымен акті жасайды.
Жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының
аумағында тасымалдаушының диспетчерлік
пункті болған кезде, келу уақытының қате
белгіленуі туралы акті жасау үшін көрсетілген
пункттің диспетчері шақырылады.
85. Тасымалданатын жүктердің
өлшеу актісін немесе таразыға
тарту актісін жүк жөнелтуші
үш данада жасайды, олардың:
1) бірінші данасы жүк жөнелтушіде қалады
және тасымалдаудың орындалатын көлемдерін
есептеу үшін негіз болады;
2) екінші және үшінші даналары тасымалдаушыға
тапсырылады. Екінші дана тасымалдаушының
жүк жөнелтушімен өзара есеп айырысуын
салыстыру үшін негіз болады және есепке
қоса беріледі, ал үшінші жолдама параққа
қоса беріледі де, көліктік жұмыс есебі
үшін негіз болады.
86. Автокөлік құралының
жолдама парақтары алғашқы
Жолдама парақтың жыртылмалы талонын
жүк жөнелтуші толтырады және тасымалдаушы
жүк жөнелтушіге төлемдік талап есебін
беру үшін негіз болып табылады. Жыртылмалы
талон есепке қоса беріледі, ал жолдама
парақ тасымалдаушыда қалады, онда жүк
жөнелтушідегі (жүк алушыдағы) автокөлік
құралдың жұмыс уақыты туралы бірдей жазулар
қайталанады.
Жүктерді тасымалдаудың уақыттық төлемі
кезінде жолдама параққа тауар-көлік құжаттарының
нөмірлері жазылады, олардың бір данасы
жүктің тасымалданған тонналарының мөлшерін
және басқа көрсеткіштерді есептеу үшін
жолдама параққа қоса беріледі.
87. Жолдама парақты
толтыруды тасымалдаушы жүзеге
асырады. Бұл ретте жеке
88. N 4-к және N 4-у нысанды
жолдама парақтар жүргізушіге
тасымалдаушының диспетчерінің
немесе соған уәкілетті
8-тарау. Жүктің берілуі
89. Тасымалдаушы бару
пунктінде жүкті тауар-көлік
Жүк алушы жүктің қабылдануын және жүк
алушының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін
келген автокөлік құралдарының түсірілуін
қамтамасыз етеді.
90. Тасымалдаушының жүктерді
бару пунктінде жүк алушыға
салмағы және орындар саны
бойынша беруі, жүк
Жарамды автокөлік құралдарда, автокөлік
құралының жеке секцияларында, контейнерлерде
және цистерналарда жүк жөнелтушінің
зақымдалмаған пломбаларымен келген жүктер
жүк алушыға жүктің салмағы мен жай-күйі
және жүк орындарының саны тексерілмей
беріледі.
Топырақты үйіндіге, қарды және басқа,
олар бойынша қоймалық есеп жүргізілмейтін
жүктерді тасымалдау кезінде тасымалдаушылар
шарттың талаптары бойынша жүкті жүк алушыға
тапсырудан босатылуы мүмкін.
91. Темір жолдар станцияларынан,
теңіз порттарынан (
92. Стандартты салмағы
немесе жүк жөнелтуші әрбір
жүк орнында көрсеткен салмақ
бойынша тасымалдауға
93. Жүктің мөлшерін
таразыға тарту арқылы
1) жүк салмағының табиғи азаю нормасынан;
2) таразы көрсеткіштеріндегі айырмашылық
нормасынан немесе жүкті өлшеу дәлдігі
нормасынан аспауы тиіс.
94. Егер бару пунктінде
жүктің салмағын, орындардың санын
немесе жүктің жай-күйін
95. Жүктің жетіспеуі,
бүлінуі немесе зақымдалуы
1) егер жүктің жетіспеуі, бүлінуі немесе
зақымдалуы оның кінәсі бойынша болғаны
расталатын болса - тасымалдаушы;
2) барлық басқа жағдайларда - жүк жөнелтуші
көтереді.
Сараптама нәтижелері актімен ресімделеді.
Сараптама актісіне сарапшыдан басқа,
сараптама кезінде болған барлық қатысы
бар тұлғалар қол қоюы тиіс.
Сарапшы келгенге дейін жүк алушы жүктің
тиісті сақталуын қамтамасыз етеді.
96. Жүк алушы тасымалдаушыға
байланысты емес себептер
Информация о работе Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау