Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 18:04, отчет по практике
Біздің осы диплом алдындағы өндірістік практиканың мақсаты болып НИИТК-ның яғни, көлiк және коммуникация ғылыми-зерттеу институтты жайлы толығырақ біліп үйрену және де дипомдық жұмыс алдында толық мәліметтер жинап, үйрену. Отандық және шет елдік автомобильдердің құрылыстарының ерекшеліктерін білу, жобаланатын автомобильге техникалық тапсырма дайындау және үлестіргіш қорап бойынша материалдарды таңдау және талдау, сонымен қатар патенттік ізденіс. Үлестіргіш қорап құрылысын жетілдіру бойынша техникалық ұсыныс жасау.
Автор: Кузнецов В.И., Кузнецов А.И., Королев К.Р.
Патент иесі: Кузнецов Владимир Иванович, Кузнецов Александр Иванович, Королев Константин Робертович
Басылған күні: 10 Желтоқсан, 2000
Өнертабыс авткөлік құралдарының трансмиссиясына жатады. Үлестіргіш қорап бастапқы валдан(1), ортаңғы вал(9) және қосалқы валдан(12) (шестернямен(13)) тұрады. Бастапқы валда(1) беріліс қорабы(4) орналасады. Ол тегершік (7,8) мойынтіректерінде (5,6) болады және тегершіктермен (10,11) әрдайым іліністе тұрады. Қорапта арнайлатылған майлау жүйесі бар. Ол фильтрден, майқабылдағыштан, насостан тұрады. Фильтр ажыратып-қосылатын. Нәтижесінде қораптың ұзақ уақыт жұмыс істеуі және автомобильде буксирге алу мүмкіндігі туады. Техникалық қызмет көрсетудің еңбексыйымдылығы азаяды.
Қораптың шағын мөлшеріне байланысты діріл мен шу көлемі азаяды. Корпусқа берілетін күштеме азаяды.
16-сурет. Үлестіргіш қораптың
№:2192972
Автор: Пахомов А.Н., Попов А.В.
Патент иесі: Военный автомобильный институт
Басылған күні: 20 Қараша, 2002
Өнертабыс авткөлік құралдарының трансмиссиясына жатады. Үлестіргіш қорап бастапқы валдан(1), ортаңғы вал(9) және қосалқы валдан(12) (шестернямен(13)) тұрады. Бастапқы валда(1) беріліс қорабы(4) орналасады. Ол тегершік (7,8) мойынтіректерінде (5,6) болады және тегершіктермен (10,11) әрдайым іліністе тұрады. Қорапта арнайлатылған майлау жүйесі бар. Ол фильтрден, майқабылдағыштан, насостан тұрады. Фильтр ажыратып-қосылатын. Нәтижесінде қораптың ұзақ уақыт жұмыс істеуі және автомобильде буксирге алу мүмкіндігі туады. Техникалық қызмет көрсетудің еңбексыйымдылығы азаяды.
Қораптың шағын мөлшеріне байланысты діріл мен шу көлемі азаяды. Корпусқа берілетін күштеме азаяды.
17-сурет. Жинақталған үлестргіш қорап
5 Үлестіргіш қораптың құрылысын жетілдіру бойынша техникалық ұсыныс жасау
Жоғарда көрсетілген жеңіл автомобильдерде үлестіргіш қорап орналасқан. Олардың жұмыс істеу принциптері бірдей болып келеді.Бірақта олардың эксплуатациялық сенімділіктері төмен. Сондықтан мен осы мәселелерді шешу үшін мына патенттік жобаны ұсынамын.
(19) RU(11) 2 319 874(13) C1Көлік құралының үлестіргіш қорабы
Кіші және орташа жүк көтергіштікті 4х4 жүктік автомобильдерінде дифференциалды немесе бір тұтастанған жетекті белдіктері бар трансмиссияларды қолданады. Бұлардың берістер қорабы төрт сатылы, алты сатылы және де бір немесе екі төмендететін берістері бар екі сатылы үлестіргіш қораппен біріктірілген. Негізгі беріс бір сатылы болады. Егер 4х4 автомобилінің жалпы массасы 8...9 т болса, онда белдіктер жетегі бір тұтастану механизмі бар дифференциалды болып келеді. Негізгі беріс әдейі екі сатылы немесе таратылған түрде болады. Доңғалақтар арасында бір тұтастанатын дифференциал кеңінен пайдаланады.
Көп осьді толық жетекті автомобильдер трансмиссиясы үшін, әдетте, келесі екі схема қолданады: белдікті және бортты. Қиыстырылған трансмиссия схемалары белгілі. Белдікті схема бойынша жасалған жетек көп тараған. Белдіктер арасында момент үлестіру бір немесе бірнеше үлестіргіш қораптар арқылы іске асады. Бөлек жетекті белдіктер және өтетін жетекті белдіктер схемасы пайдалануы мүмкін. Бортты жетекті трансмиссия сирек тараған, негізінде арнайы автомобильдерде қолданады. Бортты схема жетегі көтеретін шанақты автомобильдердің үйлесімінде қолданған ыңғайлы болады. Бұл схеманың негізгі артықшылығы болып трансмиссия агрегаттары автомобильдің екі жағында орналасуы және автомобиль тұрқысы орта бөлігі тасымалданатын жабдық үшін пайдалану мүмкіндігі табылады. Бір қозғалтқыш болған жағдайда берістер қорабынан соң симметриялы дифференциалды механизмі бар борт аралық үлестіргіш қорап қойылады. Әрі қарай айналдырғыш момент борттық редукторларға және доңғалақтық берістер арқылы жетекші доңғалақтарға беріледі.
Толық жетекті автомобильдердің трансмиссиялары дифференциалды және бір тұтастанатын болуы мүмкін. Бір тұтастанатын трансмиссияның артықшылығы болып құрылысының қарапайымдылығы мен өте ауыр жол жағдайларында автомобильдің жоғары жүргіштігі болатыны табылады. Ал кемшілігі ретінде жетекші доңғалақтардың кинематикалық үйлесімі болмағанда қуат айналымы болуын айтуға болады. Дифференциалды трансмиссия пайдаланғанда автомобиль қозғалысы кезінде аздау қуат шығындары болады және тетіктер қосымша жүктелуден арылады, әрине, бұл дифференциалды трансмиссияның артықшылығы болып саналады. Ал дифференциалды трансмиссияның негізгі кемшілігі ретінде оның құрылысының күрделі болуын және жоғары құндылығын айтуға болады. Дифференциалды трансмиссиялы автомобильдің тарту қасиеттерін дифференциалдарды еріксіз бір тұтастандыру немесе әртүрлі өз бетінше бір тұтастанатын дифференциалдар пайдалану арқылы жақсартуға болады.
Жоғары жүргіштікті автомобильдерде екі қозғалтқыш болуы мүмкін. Көп жағдайларда екі қозғалтқыш пайдалану жеткілікті қуаты бар қозғалтқыш болмағанда орын алады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Біз диплом алдындағы өндірістік практикада көлiк және коммуникация ғылыми-зерттеу институтты жайлы толығырақ біліп үйрендік. Қазақстанның экономикасының игiлiктерiне қызметін түсініп білдік. Отандық және шет елдік автомобильдердің құрылыстарының ерекшеліктерін білу,жобаланатын жүктік автоколікке техникалық тапсырма дайындау және рульдік басқару бойынша материалдарды таңдау және талдау, сонымен қатар патенттік ізденіс. Рульдік басқару құрылысын жетілдіру бойынша техникалық ұсыныс жасау осының бәрін біліп үйрендік.
Кез келген өндірстің бір-бірімен технологиядық байланысы, олардың арасындағы жүктердің козғалуымен байланысты, яғни жүктердің шикізат кезінен бастап дайын өнімге айналып, олардың пайдалануға бергенге дейін олардың арасында, жүктердің қозғалу бағыты тасымалдау арқылы балады.Көтеріп тасымалдау машиналарының кез келген өндірісте алатын орны бөлек.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Литвинов Л.С., Фаробин Я.Е. Автомобиль: Теория эксплуатационных свойств. М.: Машиностроение, 1989. -237 с.
2 Гришкевич А.П. Автомобили: Теория. Минск.: «Выщеэйшая школа», 1986. -207 с.
3 Автомобили: Основы проектирования: Учебное пособие для вузов/ М.С. Высоцкий, А.Г. Выгонный и др; Под ред. М.С. Высойкого, -Мн.: Выш. шк., 1987. -152 с.
4 Автомобильные транспортные средства /Д. П. Великанов, В. И. Бернацкий, Б. Н. Нифонтов, И. П. Плеханов; Под ред. Д. П. Великанова.-М.: Транспорт, 1977.-326 с.
5 Агейкин Я. С. Проходимость автомобиля.- М.: Машиностроение, 1981.- 232 с.
6 А.И.Гришкевич. Автомобили: Теория: Учебник для вузов –Мн.: Выш.шк., 1986, 208 с.
7 А.С.Литвинов, Я.Е.Фаробин. Автомобиль: Теория эксрлуатационных свойств: Учебник для вузов. –М.: «Машиностроение», 1989, 240с.
8 Г.А.Смирнов. Теория движения колесных машин: Учебник для вузов. - М.: «Машиностроение», 1990.
9 Автомобильный справочник/ В.С.Васильев, М.С.Высоцкий, К.Л.Гаврилов и др. Под общей ред. В.М.Приходько.-М.: ОАО Издательство «Машиностроение», 2004, 704 с,,ил.
10 Двигатели автомобильные, мотоциклетные и стационарные. Отраслевой каталог. –М.; 1987.
Информация о работе Отчет по практике в "Военном автомобильном институте"