Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 11:08, доклад
Тұтынушылардың электр қондырғыларының релелі қорғанышы, электроавтоматика, телемеханика және екінші реттік тізбектері 270. Тұтынушының қосалқы станциялары, электр тораптары, электр қондырғыларының электр тогын беретін электр жабдығы белгіленген қағидаларға сәйкес қысқа тұйықталудан, релелі қорғаушы құрылғылардың қалыпты режимдері бұзылуынан автоматты айырғыштар немесе сақтандырғыштар арқылы қорғалуы, сондай-ақ, электроавтоматикасы және телемеханикамен жарықтандырылады.
Тұтынушылардың электр қондырғыларының релелі қорғанышы,
электроавтоматика, телемеханика және екінші реттік тізбектері
270. Тұтынушының қосалқы станциялары, электр тораптары, электр
қондырғыларының электр тогын беретін электр жабдығы белгіленген қағидаларға сәйкес
қысқа тұйықталудан, релелі қорғаушы құрылғылардың қалыпты режимдері бұзылуынан
автоматты айырғыштар немесе сақтандырғыштар арқылы қорғалуы, сондай-ақ,
электроавтоматикасы және телемеханикамен жарықтандырылады.
Құрылғылардың әрекет ету қағидаттары, сипаттамалары және шығу әсері бойынша
электр қондырғылардың бастапқы схемалары мен жұмыс режімдеріне сәйкес келуі қажет.
271. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғылары (бұдан әрі -
релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика) мен олардың екінші реттік тізбектеріне
техникалық қызмет кӛрсетуді, сынауды және ӛлшеуді тұтынушының релелі қорғанышы
автоматика және ӛлшеу қызметінің персоналы жүзеге асырады. Релелі қорғаныш
автоматика және телемеханика құрылғыларына қызмет кӛрсетуге басқа да қызметтер
қатысатын жағдайда жергілікті нұсқаулықтарға сәйкес олардың арасындағы міндеттер
мен қызмет кӛрсету аясы шектеледі.
Тұтынушыда қойылған релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика
құрылғыларына қызмет кӛрсету үшін жұмыстардың аталған түрін жүргізуге лицензиясы
бар, мамандандырылған ұйымдардың тартылуы мүмкін.
272. Релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғыларындағы жұмыстар
электр қондырғыларын пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігінің ережелерін сақтауымен
тиісті құрылғыларға ӛз бетінше техникалық қызмет кӛрсетуді оқытылған персонал
орындайды.
273. Энергетикамен жабдықтаушы ұйымдармен тұтынушының байланыс желісі релелі
қорғаныш автоматика құрылғыларының, сонымен бірге, энергетикамен жабдықтаушы
ұйымдар диспетчерінің жедел қарамағында немесе жедел басқаруында болатын
тұтынушының қосалқы станцияларындағы трансформаторлардың
(автотрансформаторлардың) қосымша қойылуы, энергетикамен жабдықтаушы ұйымның
тиісті релелі қорғанышы автоматика қызметімен келісіледі.
Релелі қорғанышын реттеу талаптары бойынша және мүмкін болатын пайдаланушы
режімдері есебімен электр желілері қоректенуші элементтерінің шекті мүмкіндігі
шектеулі жүктемелері және энергетикамен жабдықтаушы ұйымның диспетчерлік қызметі
тұтынушысымен ӛзара келісіледі, сондай-ақ, мерзімді қайта қарастырылады.
Қосымша қойылуын таңдау кезінде резервті автоматты қосу және автоматты қайта
қосу құрылғыларының болуын есепке ала отырып, әрекет ету іріктелушілігімен
қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, бірнеше пункттің орталықпен жедел байланысы
бойынша қойылуын анықтау кезінде технологиялық автоматика құрылғыларының
жұмысы мен цехтық агрегаттардың және басқа да механизмдердің блокталуы ескеріледі.
Пайдалану кезінде релелі қорғаныш, электроавтоматика, телемеханика құрылғылары
мен екінші реттік тізбектердің қалыпты жұмысына (рұқсат етілген температура,
ылғалдылық, дірілді тербеліс, жұмыс ӛлшемдерінің бастапқы деңгейінен ауытқуы,
кедергілер деңгейі, т.б.) арналған шарттары қамтамасыз етіледі.
274. Жедел ток тізбектерінде қорғау
автоматты айырғыштардың) бір бағытқа шоғырлануы қамтамасыз етіледі. Сақтандырғыш
қалыптарының автоматты айырғыштары, қосылымы және нақты кӛрсеткішті токтың
атауын кӛрсетуімен таңбалануы болады.
275. Пайдалануда болатын релелі қорғаныш автоматика және телемеханика
құрылғылары электр торабының тағайындалуы мен әсер ету қағидаты, жұмыс режимі
және бір бағытқа шоғырлануына сәйкес жұмыстан алынып тасталатын құрылғылардан
басқасы тұрақты жұмыс жағдайында тұрады.
Релелі қорғаныш автоматика және телемеханика құрылғыларының жұмыстан
жоспарлы алынып тасталуы тиісті тапсырыс арқылы рәсімделіп, жоғарғы жедел
персоналының (құрамында болуы бойынша) рұқсатымен жүргізіледі. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғысының жарамсыз болып
қалу қаупі туған жағдайда, жоғары тұрған жедел персоналының рұқсатынсыз, бірақ
жергілікті нұсқаулыққа сәйкес және ӛтінімді рәсімдеумен, оны әрі қарай хабардар ету
арқылы, аталған құрылғы жұмыстан алынады. Бұл кезде жұмыста қалған релелі қорғаныш
құрылғы электр беретін желілер мен электр жабдығын бұзатын барлық түрлерінен
қорғауды толықтай қамтамасыз етуге тиіс. Егер мұндай шарт (жағдай) сақталмаса, онда
уақытша қорғау немесе қосылым ӛшіріліп тасталынады.
276. Апаттық және ескертпе сигнал беру құрылғылары жұмысқа және мерзімді сынақ
жасауға үнемі дайын күйінде болуы қажет.
Жедел токтың болуына, екінші реттік тізбектердегі сақтандырғыштар мен автоматты
айырғыштардың, сонымен бірге, айырғыштар арқылы басқару тізбектерінің
жарамдылығына айрықша кӛңіл бӛлген жӛн.
277. Жаңадан құрастырылып жиналған релелі қорғаушы, автоматика және
телемеханика құрылғысы мен екінші реттік тізбектер реттеу және тапсыру-қабылдау
сынақтарына жатады.
278. Релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғыларында
мамандандырылған ұйым реттеу жұмыстарын жүргізген кезде, оларды тұтынушының
релелі қорғаныш автоматика және телемеханика құрылғыларына техникалық қызмет
кӛрсетуді жүзеге асырушы персонал жүргізеді.
Тұтынушыда мұндай персонал болмаған кезде, оларды энергия беруші ұйымның
персоналы қабылдайды.
Жаңадан құрастырылып жиналған құрылғыларды пайдалануға енгізуге рұқсат ету
аталған тұтынушы (жоғары тұрған ұйым) ӛкілінің және реттеуші ұйымның жауапты
атқарушысы қолдарын қоюымен релелі қорғаушы автоматика және телемеханика
журналына жазу арқылы рәсімделеді.
279. Релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғыларын пайдалануға
қабылдау кезінде тұтынушыға келесі техникалық құжаттама беріледі:
1) монтажды және реттеуші ұйымның монтаждау және реттеу кезіндегі түзету
енгізілген жобалық материалдары (сызбалар мен схемалар, жазбаша түсіндірмелер,
кәбілдік журнал және т.б.);
2) монтаждау ұйымының зауыттық материалдары (пайдалану бойынша нұсқаулық пен
техникалық сипаттамасы, электр жабдығы мен аппараттардың паспорттары, т.б.);
3) реттеуші ұйымдар немесе тұтынушы қызметінің реттеу және сынау хаттамалары.
Егер тұтынушыда релелі қорғаныш автоматикамен бағдарландырылатын
микропроцессорлық құрылғысы қойылатын болса, онда оған қосымша материалдар және
қосымша кӛрсетілетін қызметтер ұсынылады:
1) релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғылары мен жабдығын
жеткізіп берген дайындаушы зауыттың сынау хаттамалары;
2) пайдаланушыға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету нұсқаулықтары;
3) релелі қорғаныш, автоматика құрылғылары, қуыстық және ток беретін жабдығы
оның ішінде сызбалық, басқа да қажетті редакторлар қызметін үйлестіруді жүзеге
асырудың бағдарламалық қамтамасыз етілуі.
Қажет болған жағдайда, пайдаланушы ұйымның персоналына микропроцессорлық
қорғаушы техникалық және пайдаланушылық қызмет кӛрсету әдістемесімен
мамандандырылған оқыту жүргізіледі.
280. Тұтынушының пайдаланылуында болатын релелі қорғаушы, автоматика және
телемеханика құрылғысының әрқайсысында келесі техникалық құжаттама сақталынады:
1) паспорт-хаттама;
2) техникалық қызмет кӛрсету бойынша нұсқаулықтар немесе әдістемелік нұсқаулар,
құрылғылардың картасы немесе қойылу кестесі (немесе сипаттамалары) түріндегі
техникалық деректер мен параметрлер, жедел қызмет кӛрсету бойынша нұсқаулықтар;
3) қағидаттық, монтаждау немесе қағидаттық монтаждау схемалары; 4) құрылғылар тізбесінің бағдарламаларын энергетикалық кәсіпорын немесе
энергетикалық нысанның техникалық басшысы құрастырмай, тек бекітілетін ток тізбегі
мен кернеуі жабдықпен басқарылатын тізбектің релелі қорғаушы автоматика
құрылғысының жұмысында олардың тізбектерін артта қалғандарынан ажырату тәсілі мен
орнының жүйелілігін кӛрсету арқылы релелі қорғаушы автоматиканың күрделі
құрылғысын тексеруге арналған кірмесінің жұмыстық бағдарламасы.
Құрылғыға техникалық қызмет кӛрсету кезінде мерзімді тексеру нәтижелері паспорт-
хаттамаға енгізіледі.
281. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханиканың қойылатындарын жедел
персоналы ӛзгеретіндерінен басқа реле, аппараттары және кӛмекші құрылғыларын, осы
құрылғыларға техникалық қызмет кӛрсетуді жүзеге асырушы жұмыскерге ашып қарауға
рұқсат беріледі.
282. Релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғыларының шкафтары
мен қалқанды бӛліктері, сигнализация, сонымен қатар, басқару пульттері мен қалқанды
бӛліктерінің беткі және артқы жақтарында диспетчерлік атауларына сәйкес, олардың
тағайындалуын кӛрсетуші жазылымдар, оларға қойылған аппараттарда - схемаларына
сәйкес жазылым мен таңба (шкафтың қалқанды бӛлігі мен ішінде) қойылады.
Жедел персонал басқаратын құрылғылардағы жазылымдар құрылғының
тағайындалуын және жедел жағдайларын кӛрсетеді.
Бір қосылымды релелі қорғаушы, автоматика және телемеханиканың әр түрлі
құрылғыларына немесе әр түрлі қосылымына жататын, әрқайсысы бӛлек тексерілуі
мүмкін аппаратты қалқанды бӛліктерінде айқын шектеуші сызықтары немесе белгілері
қойылады. Бӛлек құрылғыларды тексеру кезінде қоршауларды қою мүмкіндігі
қамтамасыз етіледі.
283. Қысқыштардың құрастырылуына (қатарларына) қосылатын сымдардың
схемаларға сәйкес таңбалары болады. Бақыланатын кәбілдерде таңбалануы олардың
қабырғалары тӛбелері арқылы ӛтуі кезінде кәбілдердің екі жағынан да тарамдалып,
қиылысатын тұстарындағы ұштарында орындалады. Кәбіл талсымдарының бос ұштары
ток соқпайтындай оқшауланған.
Жерге қатысты релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғыларының
екінші реттік тізбектерімен электрлік байланыстырылған, сонымен бірге, электрлік
байланыстырылмаған, әр түрлі мақсаттағы тізбектер (ӛлшегіш тізбектер, жедел ток
тізбектері, сигнализация) арасындағы оқшаулама кедергісі әрбір қосылым шегінде
кемінде ІМОм деңгейінде ұсталуы керек, ал телебасқарудың шығу тізбектері мен кернеуі
220 В телемеханика құрылғыларының қоректік тізбектерінде - кемінде 10 МОм.
Жеке ток кӛзі немесе таратқыш трансформаторлар арқылы коректенуші 60 В және
жұмыстық кернеуге есептелінген, релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика
құрылғыларының екінші реттік оқшауламасының кедергісі 0,5 МОм деңгейінен кем
ұсталынбайды.
Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларының тізбектері,
телебасқарудың шығу тізбектері және 220 В-пен қоректенуші тізбектердің оқшаулау
кедергісі 1000-2500 В кернеуде мегаометрмен, ал жұмыстық кернеуі 60 В және тӛмен
болатын релелі қорғаныш, автоматика құрылғыларының тізбектері мен телемеханика
тізбектері — 500 В мегаомметр арқылы ӛлшенеді.
Шағын электрондық базадағы кернеуі 24 В және тӛмен құрылғылар тізбектерінің
оқшаулау кедергісін ӛлшеу дайындаушы зауыт нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі. Егер
нұсқаулықтар болмаса, осы тізбектердің жерде тұйықталмағандығы 15 В-ға дейінгі
кернеуде омметр арқылы тексеріледі.
Екінші реттік тізбектер, оның ішінде, шала ӛткізгішті және шағын электронды
элементтері оқшаулауын тексеру кезінде осы құрылғылардың бұзылуын болдырмау үшін
нұсқаулықтарға сәйкес қарастырылған шаралар қолданылады. Ток тізбектері мен электр есептегіштердің немесе ваттметрлердің кернеулері
оқшаулауды тексеру уақытында біріктіру керек.
284. Релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика құрылғыларына жаңадан
қосылу және бірінші рет алдын алу сынау кезінде релелі қорғаушы автоматика және
телемеханиканың электрлік байланыстырылған тізбектері мен әрбір қосылымның барлық
басқа да екінші реттік тізбектерінің жерге қатысты оқшаулануы, сонымен қатар, 60 В
және тӛмен жұмыстық кернеуге есептелінген элементтердің тізбектерін қоспағанда, бір
қалқанды бӛлік шектерінде болатын электрлік байланыстырылмаған тізбектердің
арасындағы оқшаулауына айнымалы токтың бір минут ішіндегі 1000 В кернеуімен
сыналады.
Бұған қоса, айнымалы токтың 1000 В кернеуімен тұйықталудың зардаптары қиын
болатын (жедел ток кӛзі ретінде пайдаланылатын газдық қорғаушы тізбектері
конденсаторлар тізбектері) ықтималдығы жоғары, сол тізбектердің бақыланатын кәбіл
талсымдары арасында оқшаулау бір минут ішінде сыналады.
Кернеуі 60 В және тӛмен тізбектерді қоспағанда, релелі қорғаныш, автоматика және
телемеханика тізбектерін оқшауламасы келесідей пайдалануға айнымалы токтың бір
минут ішіндегі 1000 В кернеуі секілді мегаомметр немесе арнайы қондырғыны пайдалану
арқылы 2500 В-қа түзетілген кернеумен ӛлшеу кезінде байқап кӛруге рұқсат етіледі.
Кернеуі 60 В және одан тӛмен релелі қорғаныш автоматика және телемеханика
тізбектерін оқшаулау сынақтары оның кедергісін 500 В мегаметрмен ӛлшеу барысында
жүргізіледі (382-т. қараңыз).
285. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларының іске қосылу
дұрыс және теріс жағдайын, сонымен бірге, олардың жедел және техникалық қызмет
кӛрсету барысында анықталған ақауларын (бұзушылықтарын) қызмет кӛрсетуші персонал
мұқият талдап, ескереді. Персонал ақаулардың бәрін де жояды.
286. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғылары мен екінші реттік
тізбектері, кӛлемі мен кезеңділігі қолданысты қағидалар және нормативтік құжаттар
арқылы анықталатын техникалық қызмет кӛрсетілуінен ӛтеді.
287. Релелі қорғаныш пен автоматиканың тез әрекет етуші құрылғысының және
Информация о работе Тұтынушылардың электр қондырғыларының релелі қорғанышы