Тұтынушылардың электр қондырғыларының релелі қорғанышы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 11:08, доклад

Описание работы

Тұтынушылардың электр қондырғыларының релелі қорғанышы, электроавтоматика, телемеханика және екінші реттік тізбектері 270. Тұтынушының қосалқы станциялары, электр тораптары, электр қондырғыларының электр тогын беретін электр жабдығы белгіленген қағидаларға сәйкес қысқа тұйықталудан, релелі қорғаушы құрылғылардың қалыпты режимдері бұзылуынан автоматты айырғыштар немесе сақтандырғыштар арқылы қорғалуы, сондай-ақ, электроавтоматикасы және телемеханикамен жарықтандырылады.

Файлы: 1 файл

Тұтынушылардың электр қондырғыларының релелі қорғанышы.docx

— 38.27 Кб (Скачать файл)

резервтік құрылғыларының болуы кезінде айырғыштың жұмыс істемей қалған

жағдайында желілер, шина және электр жабдығын қосу бойынша оларды жӛндеу немесе

ӛшіру, сондай-ақ ажыратқыштар және айырғыштар арқылы атқарылатын барлық

операциялар шапшаң әрекетті құрылғылардың болуы кезінде релелі қорғаныш,

автоматика құрылғысының әрекет етуге енгізгеннен соң жүзеге асырылады. Оларды

енгізу мүмкін болмағанда, резервтік қорғауды жылдамдату немесе уақытша қорғау

(соның ішінде іріктелмейтін) орындалу қажет.

288. Қалқанды бӛліктерінде (шкафтарда) және релелі қорғаныш, электроавтоматика

және телемеханиканы басқару тізбектеріндегі жұмыс кезінде жабдықты байқамай, жаңсақ

ӛшіруге қарсы шаралар қабылданады. Жұмыстар тек оқшаулау құралымен ғана

орындалады.

Бұл жұмыстарды атқару схемаларынсыз, ал релелі қорғаушы автоматика және

телемеханиканың күрделі құрылғыларға арналған жұмыстардың жүйелі кӛлемімен

берілетін бағдарламаларсыз орындауға рұқсат етілмейді.

Жұмыс аяқталған соң ток тізбектері қосылуының, кернеу мен жедел тізбектердің

жарамдылығы мен дұрыстығы тексеріледі. Релелі қорғаушы және автоматиканың жедел

тізбектері мен басқару тізбектері әрекет етуін сынап кӛру жолымен тексеріледі.

289. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларында

қосылымдарын ӛшіруге (қорғалатын немесе аралас), сонымен қатар, басқа да

қарастырылмаған әсер етуге олардың іске қосылуы туындататын жұмыстар осы

мүмкіндіктерін ескерумен рұқсат етілген тапсырыс бойынша жүргізіледі.

290. Ток трансформаторларының екінші қабаттық орамалары әрдайым реле мен

құрал-жабдықтарға тұйықталуы немесе қысқартылуы керек. Ток трансформаторларының екінші қабаттық тізбектері мен кернеулері және жоғары жиілік арналардың екінші

қабаттық орамалары жерге қосылады.

291. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғысының дұрыс істемей

қалуы немесе іске қосылуы тоқтап қалған соң ақаудың себептерін іздестіріп табу және

жою үшін авариядан кейінгі тексеріс жүргізіледі.

292. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларына жоспарлы-

техникалық қызмет кӛрсету, сынау және авариядан кейін тексеру аяқталған соң

хаттамалар құрастырылып, релелі қорғаушы электроавтоматика және телемеханика

журналына, сонымен қатар, паспорт-хаттамаға жазылып қойылады.

293. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика схемалары және қосымша

қойылымның ӛзгерісі кезінде журнал мен паспорт-хаттамадағы тиісті жазулар жазылып,

сондай-ақ, құрылғыларды пайдалану бойынша қағидаттық, монтаждау схемалары мен

нұсқаулықтарына түзетулер енгізіледі.

294. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларын тексеруге

арналған сынау қондырғылары техникалық қызмет кӛрсетуді атқару кезінде осы мақсат

үшін басқару қалқандары үй-жайларында, қосалқы станциялардың таратқыш

құрылғыларында және басқа да орындарда қойылатын розеткалар немесе қалқандар

арқылы қосылады.

295. Релелі қорғаныш, электроавтоматика мен телемеханиканың қалқанды бӛліктері

(шкафтар) және басқару пульттерінің беткі жағын және соларға орнатылған аппараттарды

арнайы оқытылып үйретілетін персонал шаң-тозаңнан мезгіл-мезгіл тазалап отырады.

Ашық жасалған аппараттарды, сондай-ақ, осы қалқанды бӛліктер (шкафтар) мен

пульттердің артқы жағын релелі қорғаушы, автоматика және телемеханика

құрылғыларына қызмет кӛрсетуші персонал тазалайды.

296. Жедел персонал мынадай  шараларды жүзеге асыруы керек:

1) басқару және релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика қалқанды

бӛліктеріндегі (шкафтарда) ток бағытын ӛзгерткіш құрылғылар мен сынау блоктарының

қақпақтары жағдайларының дұрыстығын, сондай-ақ, басқару және релелі қорғаушы

автоматика және телемеханика тізбектеріндегі автоматты айырғыштар мен

сақтандырғыштардың жарамдылығын бақылау;

2) сыртқы сигнализация құрылғыларының аппараттары мен қалқанды бӛліктеріндегі

(шкафтарда) болатын базадағы релелі қорғаушы автоматика және телемеханика

құрылғыларының жай-күйін бақылау;

3) жоғары вольтті айырғыштар мен басқа да аппараттарды, сонымен бірге, автоматты

қайталап қосу, резервті (іріктеп қалу) автоматты қосу және белгілеуші құрал-

жабдықтарды (индикаторларды) сынап байқау;

4) жоғары желілікті қорғауыштарды сигналмен алмасу және жоғары жиілікті

телеӛлшегіш құрылғыларды, автоматика арналарының тӛменгі жиілікті аппараттарын,

ӛртке қарсы автоматиканың жоғары жиілікті аппараттарын бақылайтын параметрлерді

ӛлшеу;

5) шина қорғауышындағы теңгірімі жоқ токты және кернеулі трансформаторлардың

ажыратылып жіберілген үшбұрышындағы теңгерімі жоқ кернеуін ӛлшеу;

6) аварияны жазып алатын  және т.б. автоматты осциллографтардың сағаттарын бұрау.

Бақылау және басқа да операциялардың кезеңділігі, сондай-ақ, қызметшінің әрекет

ету тәртібі жергілікті нұсқаулықтарда белгіленеді.

297. Телебасқару құрал-жабдығын автономды басқаруға және керісінше ауыстыру

диспетчердің немесе тұтынушының электр шаруашылығына жауапты тұлғасының

рұқсатымен жүргізіледі.

Қосалқы станциялардағы телебасқарудың шығу тізбектерін жұмыс істеуінен шығару

үшін жалпы кілттер немесе ӛшіретін құрылғылар қолданылады. Телебасқару немесе бӛлек

қосылудың телесигнализациясы тізбектерін ӛшіру алынбалы қысқыштарда немесе жеке

ӛшіру құрылғыларда жүргізіледі. Телебасқару және телесигнализация тізбектеріндегі жеке ӛшіруші құрылғылармен,

телебасқарудың жалпы кілттерімен жасалатын барлық операцияларды тек диспетчердің

(жедел жұмыс атқарушы қызметшінің) нұсқауы немесе рұқсаты бойынша орындауға

рұқсат етіледі.

298. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларының басқару

пульттері мен қалқанды бӛліктерінің (шкафтардың) құрамаларында (қатарларында)

қысқыштар тым жақын орналасқан жедел ток тізбектерінде немесе қосарлы генератордың

(электр қозғалтқыштың, компрессордың) қоздыру тізбектерінде қысқа тұйықталуы,

қосылымның ӛшірілуі немесе қосылуын туғызушы жағдайда болмауы керек.

299. Бақыланатын металл қабықты кәбілдің бұзылуын жою кезінде немесе олардың

талсымдары қосылуы ӛрши түскен жағдайда, саңылаусыз муфталар қойылуымен немесе

осыларға арналған қораптардың кӛмегі арқылы жүзеге асырылады. Аталған муфталар мен

қораптардың есебі арнайы журналда жүргізіледі.

Поливинилхлорид және резеңке қабықты кәбілдер эпоксидті немесе терможайғастыру

жалғамалы муфталар кӛмегімен немесе қысқыштардың ӛтпелі қатарларында жалғасады.

Бір кәбілдің әрбір 50 метрінде орта есеппен жоғарыда кӛрсетілген жалғамадан біреуі

орындалады.

Қысқыштардан шеткі бӛліктеріне дейінгі талсымдар учаскелерінде ауа, жарық және

майдың әсер етуі арқылы талқандалып бүлінген, оқшаулауымен бақылау кәбілдерді

қолданған жағдайда, осы талқандалуын бӛгейтін қосымша жабын енгізіледі.

300. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларының қалқанды

бӛліктерінде (шкафтарында) жедел персоналмен кілттер, түйіспелі жапсырмалары және

басқа да икемді тетіктерінің кӛмегімен орындауы кезінде пайдаланылатын режимдерге

арналатын релелі қорғаныш автоматика және телемеханика құрылғыларының ток

бағытын ауыстыруы кӛрсетілетін жағдайларының кестелері, сонымен қатар, күрделі

ауыстырулар үшін бағдарламалары қолданылады.

Ток бағытын ауыстыру бойынша операциялар туралы жедел журналда жазылып

қойылады.

301. Релелі қорғаныш, автоматика және телемеханика құрылғыларына техникалық

қызмет кӛрсетуді жүзеге асырушы ұйым қызметінің персоналы барлық қалқанды

бӛліктерін басқару пульттерін, релелі қорғаныш, электроавтоматика, телемеханика,

сигнализацияның қалқанды бӛліктерін (шкафтарды) кезеңді қарап шығады. Бұл кезде

ауыстырушы құрылғылардың (ӛшіргіштер, басқару кілттерінің түйіспелі жапсырмалары

және т.б.) және сынау блоктарының қақпақтары жағдайларының, сондай-ақ олардың

электр жабдығы жұмысының режимдері және схемалары жағдайларына сәйкес келу

дұрыстығына айрықша кӛңіл бӛлінеді.

Жергілікті нұсқаулықта айқындалған мерзімді тексеруді тұтынушының электр

шаруашылығына жауапты тұлғасы бекітеді.

Жедел персоналға мерзімді қарап шығуларды релелі қорғаныш, автоматика және

телемеханика қызметінің жұмыскері атқарғанына қарамастан, оған операцияларды

орындау рұқсат етілгендіктен, релелі қорғаныш автоматика және телемеханиканың сол

элементтерінің жауапкершілігі жүктеледі.

302. Қосалқы станциялар немесе таратқыш құрылғыларда қойылған авариялық

режимдерде жазып алуды автоматты шапшаңдатып, ӛзі жазатын құралдар апатты

жазбалардың автоматты осциллографтары, оның ішінде, оларды жүргізетін құрылғылар,

белгілеуші құралдар (индикаторлар) және релелі қорғаушы автоматика және

телемеханика құрылғысының жұмысын талдау және электр тогын беретін әуе желілерінің

бүлінген орындарын анықтау үшін пайдаланылатын басқа да құрылғылар әрдайым

жұмысқа дайын тұрады. Аталған құрылғылардың жұмысқа кіруі мен шығуы тапсырыс

бойынша жүзеге асырылады.

 


Информация о работе Тұтынушылардың электр қондырғыларының релелі қорғанышы