Халықаралық туристік ұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 16:56, курсовая работа

Описание работы

Мамандардың есептеуі бойынша бір туристің келуінен түсетін табыс мөлшері біздің елден әлемдік нарыққа 9 тонна көмір, не болмаса 15 тонна мұнай немесе жоғары сапалы бидайдың 2 тоннасын шығарғанмен парапар. Бірақ көмір мен мұнайды өндіру таусылатын байлықтарымыздың азаюына, экологиялық ахуалдың нашарлауына әкелсе, туризм индустриясы қалпына келетін ресурстар негізінде жұмыс жасайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3
І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ МӘНІ, ДАМУЫ………………………5
1.1 Қазақстанда туристік фирмалардың қызметтері…………………………..5
1.2 Бүкіләлемдік Туристік Ұйымының Статистика комиссиясының қызметі……………………………………………………………………………10

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МӘНІ……………………………………………………………………………13
2.1 Қазақстандағы туристік кәсіпорындардың дамуы және табысы…………13
2.2 Қазақстан Республикасында туристік фирмалар және агенттіктер қызметтері………………………………………………………………………..14
2.3 Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына әсері………………………...18

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………25

Файлы: 1 файл

kurs_4024.doc

— 404.00 Кб (Скачать файл)

- ғылым мен техникадағы  жетістіктерді туризмді басқару мен үйлестіру мақсатында пайдалану;

- туризмге жанама қатынасты  кешендердің барлығын аталмыш  саланы дамыту ойымен жұмылдыру.

Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы дер кезінде жарияланды. Үкімет шетелдік және отандық инвестицияларды салаға тарту жөніндегі жұмыстарды күшейтеді, сондай-ақ ел туралы кешенді туристік ақпарат дайындауға және оны кең таратуға кіріседі.

Бұл бағдарлама Қазақстанда  туризм индустриясын құрып, дамытуға септігін тигізеді деп біз кәміл сенеміз.

 

1.2 Бүкіләлемдік туристік ұйымының Статистика комиссиясының қызметі

 

Туризм ұғымы мен  түсінігіне тоқталу үшін, алдымен  туризм анықтамасын үш топқа топтастырып  алайық. Бірінші топқа- туризмді рекреация түрі,  бос уақытты өткізуде, сапар және адамның денсаулығын нығайту, әрі оның  мәдениетін және білім деңгейін жоғарылатуды үйлестірген қызмет көрсету саласын қолдану (адамның физиологиялық,  интеллектуалдық және эмоционалдық күшін қалпына келтіру)  ретінде сипаттайтын анықтамалар жатады.

Туризм анықтамасының екінші тобы – оны халық  миграциясының бір түрі ретінде қарастырады,  қозғалу актісімен, саяхатпен,  кеңістікті жеңумен туризм статистикасының құралы ретінде сипатталады.

Анықтаманың үшінші тобы –туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде  сипаттайды,  оның түрлері қасиеттер мен қатынастарының бірлігін көрсетеді, ішкі мәнін   ашады.

Статистикада туризм, мекен-жайды немесе жұмысты ауыстырумен  байланысты емес, халық миграциясының  бір формасы ретінде  қарастырылады. Туризм басында адамдардың өз тұрақты мекен – жайынан басқа жерде  қозғалысы және уақытша болуы. Бірақ тарихи даму процесінде бұл  ұғымның  мазмұны мен мәні  өзгеріске  ұшырады және  толықтырулар енгізілді.  БҰҰ 1954 жылы қабылданған  анықтамасы  бойынша,  туризм  - бұл денсаулықты  нығайтуға,  адамның денесін шынықтыруға әсер ететін, тұрақты мекен – жайдан тыс жерлерге  барумен байланысты  активті демалыс.

Бұл ұғымның кең сипаттамасын ХХ ғасырда  Монте – Карлодағы  туризм Академиясы  берді: туризм – адамдардың өз тұрғылықты жерлерінен емделу мақсатында, бос уақытта  танымдық қызығушылығын қанағаттандыру  үшін  немесе кәсіби – іскерлік мақсатта  уақытша келген жерінде ақылы жұмыспен байланысты емес жалпы түсінік.

1993 жылы БҰҰ Статистика комиссиясы Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) мақұлдаған анықтама  қабылдады. Соған сәйкес туризм бір жылдан  аспайтын мерзімде,  дем алу, іскерлік және басқа да мақсаттарда,  тұрғылықты  ортадан тыс жатқан жерлерде саяхаттаушы адамдардың қызметін қамтиды.

Осы анықтамаға сәйкес туризмге тән негізгі сипаттамалар төмендегідей:

  • тұрғылықты ортадан тысқары шығу:
  • қозғалудың уақытша сипаты;
  • сапардың мақсаттылығы;

Тұрғылықты ортадан тысқары  шығу – туризмнің маңызды сипаттамасы. Белгілі бір  жеке  тұлғаның тұрғылықты ортасына,  оның өмір сүретін мекен – жайы және ол жиі баратын белгілі бір аудан жатады.

БТҰ ұсынысы бойынша  тұрғылықты орта параметрі екі көрсеткішпен сипатталады: объектіге бару жиілігі  мен оның қашықтығы. Адамдар жиі  баратын орындар,  арақашықтығы алыс болғанмен де, тұрғылықты орта элементіне жатады. Оған мысал, шекара маңында тұратын адамдардың көрші мемлекетте қызмет  атқаруы,  олар турист қатарына  жатқызылмайды.

Екінші көрсеткіш –  арақашықтық. Мекен – жайға қашық  орналасқан орындар, оған бару жиілігіне  қарамастан тұрғылықты ортаға жатады.

Сапар мақсаты туризмге жататын қызметтер түрін дәл  анықтайтын маңызды сипаттама. Саяхаттың  басқа түрінен туризмді бөлетін  критерии, бұл барған жерінде ақылы  қызмет  атқару  мақсат  болмауы  тиіс. Сапар мақсаты, оның себебіне жатады. Адамның мінез – құлық әрекеті себепті болады. Туристік себеп адамның қажеттіліктерін анықтайды. 

 

     ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МӘНІ

2.1 Қазақстандағы туристік кәсіпорындардың дамуы және табысы

 

Республикада 700-ге тарта туристік кәсіпорындар іс-әрекет жасап жатса да, бұл саланың экономикамызға сүбелі кіріс түсіргенін сезініп тұрмаған сыңайлымыз. Мұндай жайттың орын алуының себептері сан-алуан. Бірақ тәуелсіздігімізді алып, дербес ел ретінде дамуымыздың барысында бірқатар туризмге тікелей қатысы бар "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңы" және басқа қаулылар қабылданған болатын. Осының бәрі туризмді өркендету жолында жасалған оң қадамдар деп есептеуіміз қажет. Дегенмен туристік қызметтің келеңсіз жақтарын айқын ұғыну үшін туризмнін даму үрдісіне егжей-тегжей талдау жасап, оған бағалау жүргізу қажеттігі туындап отыр.

2002 жылы Қазақстан туризмнен  1690289,3 мың теңге мен 29,8 мың АҚШ  доллар бар сома табыс алды (2 кесте). 2000 жылы туристік фирмалар қызметінен түскен табыс мөлшері 1882684,7 мың теңге және 623,4 мың АҚШ долларын құрады. Келу туризмі бүкіл теңгедегі табыстың 14,3%-тш және АҚШ долларында табыстың 46,5%-тін құрады. Шығу туризмі теңгеде 74,4%, ал АҚШ долларында 53,5%-ті құрады. Ішкі туризмнен түскен табыс көлемі 11,3%-ті қамтыды.

2002 жылы келу туризмі  бүкіл теңгедегі табыстың 11,8%-тін  және АҚШ долларында табыстың 100%-тін құраса, шығу туризмі тенгеде  66,5%-тін, ал ішкі туризм 21,7%-ті  құрады. Бұдан шығатын қорытынды:  туризмнен түскен табыс 2002 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 10%-ке төмен болды. 2002 жылы келу туризмнен түскен табыс мөлшері теңгеде 2000 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2,1%-ке кем болды, ал доллардағы пайда 2002 жылы 100%-ке тең болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 46.5%-ті құрады. Шығу туризмі 2002 жылғы теңгедегі табысы 2000 жылдан 7,9%-ке кем болды, ішкі туризмнің дамуынан табыс мөлшері 2002 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 10,4%-ке артты. Келтірілген мәліметтер Қазақстандағы туризмнің толық қарқынмен дамуына мүмкіндіктерінің тапшылығына, өз орнын таба алмай жүргеніне куә болып отырмыз.

2000-2002 жылдар аралығында Қазақстанға  әлемнің жүзден астам елдің  өкілі келіп кетті. Біз жүргізген  зерттеу негізінде 300-ден артық  туристерді жіберетін елдерді  ранжирлеу әдісімен бөліп-жарған едік. Басты мақсатымыз Қазақстанға келетін туристерді елдік санаты бойынша айыру және туристік саясатымызды қандай мемлекеттерге қарай жүргізу және дамыту шараларын жүзеге асыру қажеттігін бағдарлау. 2000-2002 жылдар аралығын өзімізге арқау етіп, резидент емес туристер келген елдерді сурет ретінде сипаттадық (сурет 2). 2000 жылы дамыған елдер ішінде Ұлыбритания. Германия, АҚШ, Франция, Жапония, Италия басым болса, 2001 жылы Ресей мен Германия ғана 300-ден аса турист аттандырған еді. 2002 жылы аталмыш мемлекеттерге Израиль, Литва, Иран сынды даму үстіндегі елдер легі қосылды. Осы ретте Қазақстанға көз тігіп отырған мемлекеттердің біразы іскерлік ниетпен келетін туристерді жіберіп жатқанын айтқан жөн.

2001 жылы Ресей мен  Германияның туристерді ең көп жібергенінін бірден-бір себебі — аталмыш елдердің Қазақстанда ірі этникалық диаспораларының қоныстануы мен, әсіресе Ресейдің байырғы дәстүрлі, көршілес жатқандығымыздың әсері болса керек. 2002 жылы Израиль, Иран, Литва мемлекеттері азаматтарының республикамызға ат басын бүруы, біздің ойымызша, бизнеспен және аз ғана бөлігінің танымдық мақсатпен байланысты екендігін тұжырымдаған дұрыс шығар.

2.2  Қазақстан Республикасында туристік фирмалар және агенттіктер қызметтері

 

2003 жылы туристерге көрсетілген қызметтің жалпы көлемі —16599,9 млн. теңгені құрады. Соның ішінде туристік ұйымдардың көрсеткен қызметінің соммасы — 1093,7 млн. теңге, қонак үйлер мен басқа да орналастыру орындарының қызметі — 2675,7 млн. теңге, санаторий- курорттық мекемелер қызметі — 4729,6 млн. тенхе, театрлар қызметі — 2863,7 млн. теңге, мұражайлар қызметі — 2435,8 млн. теңге, кинотеатрлар қызметі — 1619,1 млн. теңге, табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен резерваттар және хайуанаттар паркінің қызметі — 733,3 млн. теңге, жәрменкелер мен ойын-сауық парктерінің қызметі — 449,0 млн. тенге болды.

Меишік нысандары бойыпша  алып қарағанда, туризм саласында 2003 жылы қызмет істейгін 2,7 млн. адамның жеке-меншікте істейтіндері 2,5 млн. адам, калған 0,2 млн. адам өзге мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен жеке азаматтарының меншігінде.

Туризм саласы үшін мамандар даярлаумен Қазақстанда 2003 жылы 51 жоғары оқу орны және 10 орта кәсіби оқу орын шұғылданады екен, олардың тиісінше 18 және 3 оқу орны мемлекет меншігінде, қалған 33 және 7 оқу орны жеке-меншік нысанында екен. Жоғарыдағы 51 жоғары оқу орны 2003/04 оқу жылы басында 1051 студент қабылданты, оның 388 студенті мемлекеттік оқу орын-арына. 663 студент жекеменшік оқу орындарына қабылданған.

Қазақстандағы туристік фирмалар мен агенттіктердің жалпы саны 2003 жылы 713-ке жетсе, соның 494-і Алматы қаласында, 37-і Астана қаласында, 29-ы Алматы облысында, 25-і Қарағанды, 25 Павлодар, 22-і Шығыс Казақстан облыстарында екен.

2003 жылы Қазақстан  Республикасында туристік фирмалар және агенттіктер қызмет көрсеткен туристер саны барлығы 229,0 мың адам болды, одан туристердің келуі бойынша 45,0 мын, шығу туризмі бойынша 94,7 мың, ішкі туризм бойынша 89,3 мын адам болды. 2003 жылы барлығы 86,4 мың туристік жолдама 2447,1 миллион теңгеге сатылды, соның ішінде 3,9 мың жолдама 110,3 миллион тенгеге келу туризмі бойынша, 44,6 мын жолдама 1997,9 миллион теңгеге, шығу туризмі бойьшша 38,0 мың жолдама 338,9 миллион теңгеге ішкі туризм бойынша сатылды.

2003 жылы Қазакстан  Республикасы бойынша — 229,0 мың туристке қызмет көрсетілсе, Алматы каласы бойынша — 100,2 мың адамға (барлық туристің 43,8 пайызы), Астана қаласы бойынша — 39,5 мың адамға (17,2 пайыз), Алматы облысы бойынша — 21,3 мың адамға (9,3 пайыз), Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 17,6 мың адамға (7,7 пайыз), Ақмола облысы бойынша — 14,1 мың адамга (6,3 пайыз) қызмет көрсетіліпті.

Көрсетілген туристік қызметтер  көлемін алып қарасақ 2003 жылы туризм құнына кірмейтін визальтқ, экскурсиялық және өзге қызметтер көлемінің республика бойынша жалпы сомасы 1112,5 млн. теңге болыпты (2001 жылы 878,5 млн. тенге), жекелеме өңірлер бойынша леректерге назар аударсақ, бірінші орында Алматы қаласы, оның үлесіне 968,2 млн. теңге немесе барлық соманың 87 пайызы келеді, Астана қаласының үлесіне, тиісінше 66,8 млн. теңге немесе 6 пайыз, Қарағанды облысының үлесіне — 20,3 млн. теңге немесе 1,8 пайыз, Батыс Қазақстан облысының үлесіне—14,6 млн. теңге немесе 1,3 пайыз, Павлодар облысының үлесіне — 13,6 млн. теңге немесе 1,2 пайыз келеді.

Туристік фирмалар мен агенттіктер табысы, туристердің саны басқа кейбір елдерге қарағанда бізде аз болып корінгенімен, тіпті нашар деуге келмейді. Туристерге жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтен алынған табыс көлсмі республика бойынша — 2003 жылы 3498,3 млн. теңге болды, одан 2724,9 млн. теңгесі (77,9 %) Алматы қаласының, 354,6 млн. теңге (10,1 %) Астана қаласының, 168,5 млн. тенге (4,8 %) Қарағанды облысының, 85,1 млн. теңге (2,4 %) Шығыс Қазакстан облысының үлесіне келеді.

Туристік қызметтен  түскен табыс көлемі республика бойынша 2003 жылы 1716,1 млн. теңгені құраса, одан Алматы қаласында 1076,2 млн. теңгені (62,7%), Астана қаласында 424,1 млн. тенгені (24,7%), Шығыс Қазақстан облысында 56,5 млн. теңгені (3,3 %), Алматы облысында 33,5 млн. теңгені (2,0 %) құрады.

Қазақстанда туристерді орналастыруға арналған объектілер саны 2003 жылы 44 болды, олар 24,1 мың туристке қызмет көрсетті. Туристерді сапар  мақсаттарына қарай боліп қарасак, онда 2003 жылы барлық туристін саны (ішкі туризмді қоспағанда) 139,7 мың адам болса, 42,4 мыңы жұмыстан бос уақытын пайд-лану, тынығу (денсаулығын қалпыпа келтіру) және демалысын өткізу мақсатында, 29,1 мыны таныстары мен туысқандарына баруға, 20,6 мыңы іскерлік және кәсіби мақсатпен, 1,5 мыны емделу мақсатымен, 0,8 мыны дін, қаржылық мақсатпен, 40,9 мыңы коммерциялық (шоп-турлар), қалған 4,4 мыңы өзгедей мақсатпен шұғылданған екен.

Осы туристік сапарды  екіге бөліп келу туризмі және шығу туризмі деп қарайтын болсақ келу туризміндегі 45,0 мың адамның  өз мақсаттары бойынша бөлінісі келесідей: жұмыстан бос уақыт, демалыс пен тынығу 8,3 мын адам, туысқандарға келу — 19,9 мын, іскерлік және кәсіби мақсаттар — 15,8 мын, коммерциялық — 0,4 мың өзге мақсаттар бойынша — 0,7 мын адам. Шығу туризмі бойынша барлығы 94,7 мың адамның мақсаттар бойынша болінісі: жұмыстан бос уақыт, демалыс пен тынығу — 34,1 мың, тапыстар мен туыстарға бару — 9,3 мың, іскерлік және кәсіби мақсатпен — 4,8 мын, дін, қажылық — 0,8 мың, коммерциялық мақсатпен — 40,5 мың, өзге мақсаттармен — 3,7 мың адам.

Сөйтіп, келушілердің көбі негізінен Казақстанға екі түрлі мақсатпен келеді екен; олардың 44,2 пайызы туысқандарына келеді, 35,1 пайызы іскерлік және кәсіби мақсатпен. Ал бізден шығып басқа елдерге туристік саяхат жасайтындардын 42,8 иайызы коммерциялық мақсатпен, 36,0 пайызы демалуға, 9,8 пайызы туыстары мен таныстарына, 5,1 пайызы іскерлік және кәсіби мақсатпен барады екен.

Туристердік емдік санаторийлерде, пансионаттарда, санаторий-профилакторийлерде орналасу жағдайына келсек, Қазақстанда  ондай мекемелердің саны 2003 жылы 106 көрінеді, оларда науқастардың ең көп орналасқан айдағы төсек саны 15,1 мың, емделген адамдар саны 134,4 мың екен. Ал демалыс үйлері мен базалардың пансионаттардың біздегі жалпы саны — 13, олардағы науқастардың ең көп емдслген айдағы төсек саны 7,1 мың, демалғандардың саны 17,9 мың адам. Бұл келтірілген екі деректен байқайтынымыз санаторийымыз да, демалыс үйіміз де аз, және ондағы төсек саны да аз. 2003 жылғы демалыс мекемелерінің қаржы-шаруашылық қызметінен бірер дерек келтірсек, онда санаторий-курорттық мекемелердің ағымдағы табысы 5,0 млрд. тенгедей екенін, оның ішінде көрсетілген қызметтер мен өткізілген (өз күшімеп өндірілген) тауарлардың құны 2,7 млрд. теңге екенін көреміз...

                  2.3  Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына әсері

        Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі катализаторы болып табылатын, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс. Туризм саласында алдыңғы қатардағы шетелдің туризм индустриясын мысалға алсақ, оған салынған инвестициялардың тез өзін өзі ақтауының ең жоғарғы тиімділігін көреміз. Бұл дегеніңіз, туризм өзі жетілген мемлекеттің экономикасына оң ықпалын тигізеді деген сөз.

Қазақстан аумағында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар. Бастауын б.д.д. үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Айтарлықтай туристік-ресурстық потенциалы, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің экологиялық туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар. Экотуризмнің дамуы республикадағы барлық табиғи-шаруашылық кешенінің дамуына, сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық басты мақсаты тұрғындарды салауатты өмір сүру үшін қоршаған ортаның жақсы жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Дәл осы уақытта шетелдерде туризмнің экстремалды және экзотикалық бір түрі болып есептелетін ғарыштық туризм қарқындап дамып келеді.

Информация о работе Халықаралық туристік ұйымдар