Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 17:19, курсовая работа
Бүкіләлемдік туристік ұйымдар ( БТҰ ) туризм саласында халықаралық ұйымдардың бастауышы болып келеді. 2002 жылы БТҰ құрамына 139 мемлекет, 6 шекаралық аумақ және 350 уақытша секторлар, оқу бөлімшелері, туристік ассоциациилер кірген.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3
І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ МӘНІ, ДАМУЫ………………………5
1.1 Қазақстанда туристік фирмалардың қызметтері…………………………..5
1.2 Бүкіләлемдік Туристік Ұйымының Статистика комиссиясының қызметі……………………………………………………………………………10
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МӘНІ……………………………………………………………………………13
2.1 Қазақстандағы туристік кәсіпорындардың дамуы және табысы…………13
2.2 Қазақстан Республикасында туристік фирмалар және агенттіктер қызметтері………………………………………………………………………..14
2.3 Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына әсері………………………...18
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………25
Қазақстан аумағында атақты "Байқоңыр" космодромы болғандықтан шетелдің ғарыштық мүмкіндіктерінен еш кем түспейді. Аталған туризм түріне дұрыс қарап, дамуына жағдай жасаса, Қазақстан өз байлығын көбейтіп, түскен пайданы экологиялық проблемаларды шешуге және табиғатты қорғау шараларына жұмсар еді.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін, туризм басқа да экономикалық салалар секілді жоғарыдан қатты шектеулі болатын. Толықтай тарихи архитектуралық, археологиялық, мәдени және табиғи көз тар-тар ескерткіштері жарнамаланбады және керек болмады. Кеңес одағы кезінде Қазакстанда туризмнің жоғары рөліне қарамай, идеологиялық қызмет атқаратын, мәдени-таныту жұмыстары жүйесінің бір ғана элементі болып, экономикалық маңызы жоқ болып келді.
Қазақстанда туризм индустриясының дұрыс дамымауының бір себебі, онымен мемлекеттік дәрежеде, экономиканың бір саласы ретінде мақсатты түрде ешкім де айналыспады. Туризмді кешенді болжауға, ұзақ уақытты жобалауға, аумақтық ұйымдастыруға және мемлекеттік емес туристік құрылымдарға жете көңіл бөлінбеді. Саланың дамуының тежелуіне себеп болған жағдайдың бірі, жергілікті органдардың туристік қызметі, одан түскен қаржының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетініне сенбеуі.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы ҚР заңдарын жетекшілікке алып, туристік қызметтің басқарылуына және халықтың тарихи, мәдени мұрасының қайта оралуына негіз каланды. Сонымен қатар қабылданған заңдар, бұйрықтар мен ережелер халыққа шынымен де қызмет етуі тиіс. "ҚР туризм туралы" заңының көптеген пунктері түбірімен дұрыстауды талап етеді, өйткені, ол туристік қызметті барлық жағынан қамтымайды. Тек қана қаржылық жағдайларды, лицензияланған қарым-қатынасты, туристердің міндеттері мен негізгі құқықтарын ғана ашып бере алады. Біздің көзқарасымыз бойынша, мықты туризм индустриясын құру үшін туристік қызметтің заң шығару — нормативті базасын қатайтуымыз керек.
Қазақстанның туристік нарығы әлемдік және халықаралық стандарттар бойынша бәсекеге қабілетті емес. Жергілікті рекреациялық және сауықтыру мекемелерінің, турагенттіктерінің ұсынатын туренімі шетелдің орташа қамтамасыз етілген саяхатшысының сұранысын қанағаттандыра алмайды. Бұл жерде мемлекет тарапынан туризм индустриясының дамуы туралы үлкен бағдарламаны енгізіп, осы бағдарламада қойылған мақсаттарға жету және тапсырмалардың орындалуы қатаң қадағалануы қажет. Ең бастысы, келу туризмін белсеңділендіру үшін елдің үлкен сеніміне нек артуымыз керек. Бұл туризмнің өн бойын қалыптастыратын туристік индустрияның "Клондайғы" болып табылады.
Нақ осы сәтте Қазақстан Республикасында 713 туристік фирмалар мен агенттіктер жұмыс істейді. 2004 жылдың басынан 107,2 мың туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсетілген. Бұл қызметтен кірген кіріс 1 млрд. 156,8 млн. теңгені құрай отырып, өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есеге көбейген . 1-сызбада Қазақстанға шетел туристерінің келуі және Қазақстан азаматтарының шетелге шығу динамикасы көрсетілген. Берілген сызбаға сәйкес, 2001 жылы Қазақстанға келген шетел туристерінің саны 2 692 590 адамды құрайды. Туристердің келуінің ең жоғары көрсеткіші 2002 жылы байқалды. Соңғы 2003 жылы шетел туристерінің біздің елге сапарының құрт төмендеп кеткенін байқаймыз. Осылайша, 2001 жылмен салыстырғанда 2002 жылы келген туристердің саны 1 млн. адамға көбейген, ал өз кезегінде 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда адам саны жарты миллионға кеміген. Мұндай көрсеткіштер 2001 жыл жалпы әлем практикасында туризм үшін қиын болғандығын көрсетеді. АҚШ-тағы 11-қыркүйекте болған лаңкестік әрекеттің салдары барлық әлемге, Азия аумағына, мұсылман елдеріне кіретін Қазақстанға да әсерін тигізді. 2002 жыл, керісінше Қазақстанның туризм саласына жақсы болды, өйткені біздің елімізге келген туристердің ең көп көлемі осы жылы байқалды.
Бұл әлеуметтік-экономикалық деңгейдің көтерілуімен және саяси жағдайдың бір қалыптылығымен байланысты. Бұған қарамастан Қазақстанға туристердің келу саны тағы да төмендегенін байқаймыз. Мұның себебі, шетелдермен іскерлік қарым-қатынастың төмендеуі болып табылады. Іскерлік және кәсіби мақсатпен Қазақстанға қызыға келген туристер саны 62,4% құрай отырып, уақыт өте келе төмендей тусуде. Сонымен қатар Қазақстанның көрікті жерлерін, туристік объектілерін шетелге кең түрде насихаттайтын жарнамалар да елімізде жоқ.
Қазақстанның туризмі әлемнің көптеген елдерінде туристік өкілдіктер мен тур орталықтарға және әлемдік нарыққа қазақстандық тур өнімдерін енгізуге кең ауқымды жұмыстарға зәру.
Қазақстанда шетелге шыққысы келетіндердің саны жыл сайын арта түсуде. 2001 жылы кетушілер саны 229 378 адамды қүраса, бұл 5%, ал 2002 жылы 47% құрады. 2003 жылы бүл сан 48% көтерілді, яғни, кетушілер саны 2 374 021 адамды құрады (1-сызбаға қараңыз). Мұндай динамика біздің азаматтардың жағдайының жақсарғанын көрсетеді. Олар өз елінің табиғи объектілеріне емес, шетелдің тур өніміне қызығушылық танытады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның инфрақұрылымының төмендігін, ал шетел қызмет көрсету деңгейінің жоғары дәрежеде екенін көрсетеді.
Қазақстандықтардың көп баратын шет мемлекеттері:
Қытай — 30 105 адам;
Түркия - 21 682 адам;
Германия - 11 736 адам;
БАӘ — 5 465 адам;
Литва - 2 879 адам;
Тайланд - 1 759 адам;
Франция-1 420 адам;
Египет — 1046 адам елдері болып табылады.
Нақ осы сәтте Қазақстанның туризм саласы алға жылжу байқалғанымен туризм дамуының айтарлықтай жақсарғанын көре алмай тұрмыз, жыл сайын шетел туристерін тарту үшін әр түрлі іс-шаралар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұрса да, бұл тек теңіздегі тамшыдай ғана. Осы мәселеге жан-жақты және кешенді түрде қарауымыз қажет. Туризм дамуына байланысты сұрақтарды мемлекет дәрежесінде шешіп, оның әрі қарай дамуына барлық жағдай жасалуы тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Халықаралық туризмнің дамуына, әсіресе Қазақстанда мемлекет экономикасы мен қоғамында дәрежесін көтеруге көңіл бөлуде. Әлемдік нарықта Қазақстанның түр өнімдерінің қозғалысына әсер ететін туризм индустриясының дамуына және бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі зерттеулер, сонымен қатар 1992 жылдан бері көптеген заңдар енгізілді. Қазақстанның қазіргі экономикасында туризм рөлі үздіксіз өсуде. Тек соңғы 2003 жылы елімізге келген туристер саны 229 014 адамды құрайды. Өкінішке орай, Қазақстанда туризм саласының әлі де тиімсіздеу екенін айта кетуге тиіспіз. Шығу туризмі бойынша қызмет көрсетілген туристердің жалпы саны - 94 692 адамды құрайды. Ішкі туризм -98 332 адам көлемінде. Ең төменгі көрсеткішті келу туризмі құрайды, ондағы адам саны — 44990. Бұны пайыз тұрғысынан қарасақ, шығу туризмі — 48 % тең,ал келу туризмі тек 19 % ғана көтерілген. Шығу және келу туризмінің арасында үлкен айырмашылық бар екенін сандар көрсетіп отыр, бұл Қазақстанда келу туризмін дамытудың қажеттілігін білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңда берілген анықтама бойынша, «Туризм-жеке тұрғындардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты».
Туризм (француз сөзі tourisme, tour – серуен, сапар)- бір жағынан, тек қана Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін көпшілікке тараған, салыстырмалы түрде жас, екінші жағынан саяхат ерте заманнан белгілі құбылыс. Туризм тарихын төрт кезеңге бөледі:
Статистикада туризм, мекен-жайды немесе жұмысты ауыстырумен байланысты емес, халық миграциясының бір формасы ретінде қарастырылады. Туризм басында адамдардың өз тұрақты мекен – жайынан басқа жерде қозғалысы және уақытша болуы. Бірақ тарихи даму процесінде бұл ұғымның мазмұны мен мәні өзгеріске ұшырады және толықтырулар енгізілді. БҰҰ 1954 жылы қабылданған анықтамасы бойынша, туризм - бұл денсаулықты нығайтуға, адамның денесін шынықтыруға әсер ететін, тұрақты мекен – жайдан тыс жерлерге барумен байланысты активті демалыс.
2002 жылы Қазақстан туризмнен 1690289,3 мың теңге мен 29,8 мың АҚШ доллар бар сома табыс алды (2 кесте). 2000 жылы туристік фирмалар қызметінен түскен табыс мөлшері 1882684,7 мың теңге және 623,4 мың АҚШ долларын құрады. Келу туризмі бүкіл теңгедегі табыстың 14,3%-тш және АҚШ долларында табыстың 46,5%-тін құрады. Шығу туризмі теңгеде 74,4%, ал АҚШ долларында 53,5%-ті құрады. Ішкі туризмнен түскен табыс көлемі 11,3%-ті қамтыды.
2002 жылы келу туризмі бүкіл теңгедегі табыстың 11,8%-тін және АҚШ долларында табыстың 100%-тін құраса, шығу туризмі тенгеде 66,5%-тін, ал ішкі туризм 21,7%-ті құрады. Бұдан шығатын қорытынды: туризмнен түскен табыс 2002 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 10%-ке төмен болды. 2002 жылы келу туризмнен түскен табыс мөлшері теңгеде 2000 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2,1%-ке кем болды, ал доллардағы пайда 2002 жылы 100%-ке тең болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 46.5%-ті құрады. Шығу туризмі 2002 жылғы теңгедегі табысы 2000 жылдан 7,9%-ке кем болды, ішкі туризмнің дамуынан табыс мөлшері 2002 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 10,4%-ке артты.
Бүгінгі таңдағы Қазақстна Республикасындағы туризмнің дамуы және оның проблемалары қарастырылды.
Осы таңда Қазақстан
Республикасында туризм индустриясын
өркендету жөніндегі үлкен
Қоғам бұл мәселені айтып, жоғары деңгейге дейін сұрақ көтеруі тиіс. Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі катализаторы болып табылатын, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Халықаралық туризм статистикасы, География және табиғат//2004, 7
2. Слука А.Е. Международный туризм. Итоги развития в 1996 г.
География, 1997, №3.
3. Путрик Ю.С., Свешников В.В. Туризм глазами географа. М: Мысль, 1986.
4. О туризме Республике Казахстан 2004 г. Алматы. 2004.
5. .Агентство Республики Казахстан по статистике. Статистический сборник туризм Казахстана в 2003 году. Алматы, 2004. С. 127.
6. Биржаков М.Б. Введение в туризм. -СП б.: "Герда", 2002. С. 192.
7. Дуйсен Г.М. Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане. Алматы, 2002. С. 94.
8. Ердавлетов С.Р., Назарчук М.К., Кораблев В.А. Мифы и реальность казахстанского туризма. Роль туризма в устоичивом развитии Республики Казахстан,/ Под редакцией С.Р.Ердавлетова. Алматы, "Қазақ университеті", 2001. С. 150.