Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 20:27, реферат
Барлығы біледі: тағам неғұрлым табиғи болса, соғұрлым пайдалы, ал неғұрлым химия текті болса — соғұрлым зиянды. Ал табиғатта өсірілгенннің де химия екендігін көбісі біле бермейді. Үнемі пайдалы деп айтуға болмайды. Ал адам қосатын болса — зиянды деп санау міндетті емес. Халық тағамдық қоспаларға қатысты қандай кері пікір мен керағар ой айтпайды десеңізші! Ал қоғамдық дүкендерді сатып алатын заттарымыздың барлығына жуығында Е әріпіне жанастырылған сандық код кездеседі.
Тағамдық қоспалар туралы шындық пен жалған
Барлығы біледі: тағам неғұрлым табиғи болса, соғұрлым пайдалы, ал неғұрлым химия текті болса — соғұрлым зиянды. Ал табиғатта өсірілгенннің де химия екендігін көбісі біле бермейді. Үнемі пайдалы деп айтуға болмайды. Ал адам қосатын болса — зиянды деп санау міндетті емес. Халық тағамдық қоспаларға қатысты қандай кері пікір мен керағар ой айтпайды десеңізші! Ал қоғамдық дүкендерді сатып алатын заттарымыздың барлығына жуығында Е әріпіне жанастырылған сандық код кездеседі.
Дау жоқ, олардың кейбірі расында да «күнәлі», бірақ барлығы ма және нақтысы қандай?
Біріншіден, тағамдық қоспа деген бұл не өзі, оларды не үшін қосады? Оларды дәм мен хош иісті үдету үшін қосады, қажетті түс пен қоюлық беру үшін, тұтастықты сақтау үшін және тіпті өнімнің пайдалылығы үшін қосады.
Тағамдық қоспалар бірнеше топтарға бөлінеді: бояуыштар, антиоксиданттар, консерванттар, эмульгаторлар және қойылтқыштар, дәм мен хош иістерді үдеткіштер... Гипермаркет сөресіндегі әр өнімде тәжірибелік тұрғыда аталған топтың барлығы кездеседі. Ерсі естіледі, рас па? Ал шындығында соншама үрейлі емес. Е әріпі бар сандық код болған жерде қандай да бір қауіп бар деп санау міндетті емес.
Пайдалы Е
Бояуыштар, қойылтқыштар және хош иістендіргіштер ретінде зиянды заттар үнемі пайдаланылмайды. Мысалы, Е101 сары тағамдық бояуышы — бұл рибофлавин, ол В2 дәруменінің нағыз өзі, ал жасыл Е140 — кәдімгі хлорофилл, желкек пен аскөктегіден кем емес.
Өнім құрамында Е300 кодымен басталатын заттар – аскорбин қышқылынан, «өмірлік дәруменнен» басқа ештеңе де емес. Тағы да бір дәрумен Е306 артында жасырылып қалды — бұл токоферол, Е дәрумені — аса күшті табиғи антиоксидант.
Әрине, пайдалы тағамдық қоспалар — бұл ең алдымен ереже емес, ерекшелік. Дегенмен бейтарап (сода, лимон немесе сірке су қышқылы сияқты) қоспалар да жеткілікті. Бірақ қауіпті кодтар құрамында бар өнімдерден оба ауруынан безгендей қашуға әлі ерте. Не десек те санның не жасырғандығына назар аударуға тұрады.
Үнсіз қауіп
Дегенмен босаңсуға да болмайды. Неге екендігін талдап көрейік.
Шала фабрикат пен консервілік өнім дайындайтындардың сүйіктілері дәмді үдеткіштер мен консерванттар тағамдық өнімдерге гигиеналық нормаларға сай қосылады, ағзамызға минималды мөлшерде түсетін сияқты... Бірақ нормалар тек бір өнімге ғана қатысты. Ал егер Сіз шала фабрикат өнімді түскі аста жесеңіз, артынан бояуышы бар газды сусын ішсеңіз, қойылтқышы бар қаусырма кесегін тісбасар етіп тұтынған болсаңыз ше?
Егер үнемі, үзіліссіз тұтына беретін болсаңыз зиянсыз өнімдердің де қауіп төндіруі мүмкін.
Өнім құрамдарын кем дегенде өз ағзаңызға ауыр химиядан демалдыру үшін бақылап отыру керек. Бұл кезде тек балғын, тез бұзылатын өнімдермен шектелуге болмайды.
Егер Сіз дәмдіні қаласаңыз, бірақ құрамында тағамдық қоспаны аңғарсаңыз – бас тарту міндетті емес. Егер Сіз тіпті қандай қоспа екенін дәл қазір біле алмайтын болсаңыз да ол сізге зиян келтіріп үлгірмейді, себебі нағыз уды сатуға да жібермейді. Дегенмен үнемі сатып алатын бұйымның құрамын бақылай отырып қандай қоспаларды үнемі тұтынатындығыңызды анықтауға тырысыңыз, зиянды минимумдауға ұмтылыңыз. Химиялық тұрғыда қанық өнімдерге неғұрлым қауіпсіз баламалар табуға әбден болады. Консервіленген «Бондюэль» өнімдерінің топтамасында химиялық консерванттар жоқ, ұзақ уақыт сақтау өнімдердің дәстүрлі түрде маринадталу дәмін қамтамасыз етеді және арнайы вакуумдық қаптама жағымды әсер береді. Сіздің рационыңызда тек пайдалы қоспалар болуына тілектеспіз және асыңыз дәмді болсын!
немесе «Е» дегеннен қорқыңыз
Қазіргі шұжық өнімдерінің кейбірінде бір түйір ет жоқ десек сенесіз бе? Соңғы жылдары арық малдың етіне соя ақуызын, өнімнің сапасын жасанды түрде арттыратын басқа да химиялық заттар қоса салып, әп-әдемі шұжықтардың түр-түрін жасай береді. Дүкен сөресіндегі шұжықтардың іші адам ағзасына өте зиянды соя концентратына, дәмдегіш, салмақ көбейткіш, ет дәмін беретін түрлі химиялық қоспаларға толы. Солай бола тұра, ет өнімін шығарушылар жұрттың бәрін «өнімнің құрамындағы химиялық қоспалар өте аз мөлшерде, зияны жоқ» деп алдайды.
Ал, сіз өзіңіз жақсы көретін жіңішке шұжықтың (сосиска) құрамында не бар екенін білесіз бе? Оның 25 пайызы – соя ақуызынан, 15 % – құс етінен, 7 % – мал етінен, 5 % – крахмал ұнынан, ал 45 % – малдың терісінен, тарамыс-тамырлары мен бүйрек-бауырларынан жасалған қоспадан тұрады. Міне, елдің ең көп жейтін тағамның сиқы осындай.
Ең сорақысы – өтпей қалған шұжық өнімдері ет комбинатында екінші рет өңдеуден өтіп, сауда нүктелеріне қайта әкелінеді. Мұндайда бұрынғысы аздай, оның құрамына қайтадан азықтық қоспалар қосылады. Химиялық азықтық қоспалар сататын компаниялардың жарнамаларында мынадай ұсыныстар бар:«Біздің өнімдеріміз бизнесіңіздің алға ілгерілеуіне көмектеседі, шұжық, тағы басқа ет өнімдерінің құрамындағы етті жасанды жолмен 10%-ға көбейтеді. Мұндайда өндірісті дамыту үшін қосымша қаражат талап етілмейді, жаңа технологияларды енгізудің қажеті жоқ. Жартылай ысталған шұжық өнімдерін 8-10%-ға көбейту үшін азықтық қоспаның 400 грамын ғана 100 кг фаршқа қоссаңыз жеткілікті. Өнімнің тартымдылығы, дәмінің ерекшелігі ойдағыдай болады». Міне жарнаманың түрі.
Азық-түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцерогендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр. Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл-күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер.
Дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға тиым салынған. Олар Е-121 қоспасы – қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 – амарант бояуы, Е-240 – формалдегид консерванты.
……
Адам үшін қауіпті деген тамақтың 10 түрі:
• 1 орын: қытырлақ картоп пен газды сусын.Аспартамды газды сусын шөл қандырмайды.егер кола ішсеңіз, артынан су жұту керек.
• 2 орын: фастфуд: қытырлақ картоп, кепкен нан, жаңғақ, шоколадты - жаңғақты батончик және т.б. Бұларды балаларға мүлде беруге болмайды.
• 3 орын: шұжық, қақталған тағамдар.Сосиска, шұжық, шпикачка, сатып алған түшпараның иістендіргіштері мен бояғыштары көп. Қақталған ет пен балықта канцероген көп.
• 4 орын: жол бойында немесе зауыттардың жанында өсірілген көкөністер мен жемістер.
• 5 орын: маргарин, пирожное, дақылдар. Зат алмасу процесін бұзып, артық салмақ қосады.
• 6 орын: кофе және энергетикалық сусындар. Аз мөлшерде қолдануға тырысыңыз.
• 7 орын: үй жағдайында дайындалған тағамдар мен балмұздақ. Тұздалған тағам дайындағанда дұрыстап зарарсыздандыру керек. Балмұздақ зат алмасу процесін тежейді.
• 8 орын: шайнайтын кәмпиттер, пастила құрамында қант көп. Ешқандай пайдасы жоқ.
• 9 орын: шоколадты батончик - химиялық қоспалары көп.
• 10 орын: майонез: холестерин деңгейін көтереді. Шыны ыдыстағы майонез қолданған жөн.
Тамақ сатып аларда, жарамдылық мерзімі мен тағамдық құндылығына назар аударыңыз.
Тұтынушыларға тиімді кеңес - тағамдық қоспалары аз өнім сатып алыңыз.қоспасы неғұрлым аз болса, өнім соғұрлым сапалы және пайдалы.
Информация о работе Тағамдық қоспалар туралы шындық пен жалған