Туризмді дамытудың инвестициялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 15:18, доклад

Описание работы

Туристік ағымдарды болжаумен қатар, туризмнің Қазақстан Республикасының экономикасына тигізетін әсерін анықтау өте жоғары мәнділікке ие болып отыр, елдің экономикасына туризмнің әсерлері қысқа мерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінеді. Қысқамерзімді әсер негізінен тек қана туристік секторда дамитынын көрсетеді. Егер де экономикаға көпқырлы ұзақмерзімді әсерлері туралы айтатын болсақ, онда бұл әсердің маңызды аспектілері туралы айту қажет, туризмнің жалпы жұмыспен қамтылу мен белгілі бір аймақтар мен салалардың дамуына; қонақ үй индучтриясына, жол салу, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, саяжайлар, аттракциондар, экскурсиялық бюролар мен т.с.с. әсерін көрсетеміз.

Файлы: 1 файл

туризм индустриясы.docx

— 22.21 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Туризмді дамытудың инвестициялық саясаты

 

    

 

 Орындаған: Молбаева М.Б

                                                                                    ӘМСҚ 411топ

                                                               Тексерген:  Оралова С.Ш

 

 

 

 

 

Талдықорған 2012ж

Инвестициялау-пайда (табыс  табу) алу мақсатында, кәсіпкерлік  қызмет нысандарына шетелдік инвестицияларды  салуды жүзеге асыру мен байланысты қызмет.

Туристік ағымдарды болжаумен  қатар, туризмнің Қазақстан Республикасының  экономикасына тигізетін әсерін анықтау өте жоғары мәнділікке ие болып отыр, елдің экономикасына  туризмнің әсерлері қысқа мерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінеді. Қысқамерзімді әсер негізінен тек  қана туристік секторда дамитынын көрсетеді. Егер де экономикаға көпқырлы ұзақмерзімді әсерлері туралы айтатын болсақ, онда бұл әсердің маңызды аспектілері  туралы айту қажет, туризмнің жалпы  жұмыспен қамтылу мен белгілі  бір аймақтар мен салалардың дамуына; қонақ үй индучтриясына, жол салу, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, саяжайлар, аттракциондар, экскурсиялық бюролар мен т.с.с. әсерін көрсетеміз.

Ұлттық экономикаға туризмнің  тигізетін әсерлерін оқып-үйрену үшін бірқатар әдістерді қолдануға  болады. Неғұрлым тиімдісі болып арнайы мультипликаторларды құру болып  табылады. Нақты уақытта мультипликаторлардың үш әртүрлі типтерін бөліп көрсетуге  болады:

1. Кіріс мультипликаторы,  оған  туристік шығыстардың әсер  етуінің  үш аспектісін енгізеді:

- тікелей әсер ету,  яғни туристік  индустрияда өндіруге  жұмсалған  шығындардың тікелей  табыстарды  қамтамасыз етуі;

- жанама әсерлері туризм  үшін  тауарларды жеткізуші-ұйымдарда   байқалады, өйткені олардың кірістері   туризммен байланысты басқа салалар   жағынан сұраныстың өсуі есебінен  көтеріледі;

- ынталандырушы әсері  елдің  немесе аймақтың экономикасында  туристердің шығыстары қосымша   табыстар жасайды және осы   қосымша табыс көтерілген тұтынуға  алып келуі нәтижесінде пайда   болады.

2. Өнім шығару мультипликаторы   туристік шығыстардың жалпы өсімінің  нәтижесі арқылы жоғарылаған   тауар айналымын бейнелейді.

3. Жұмыспен қамту мультипликаторы   алдындағыларына қарағандағы айырмашылығы  туристік шығыстардың жоғарылауы  жұмыспен қамту деңгейінің өсуіне  алып келуі мүмкіндігін көрсетеді.  Жұмыспен қамту мультипликаторын  тікелей жұмыспен қамтудың туристік  шығыстардың қосымша жоғарылауымен   шақырылған жанамаға қатынасы  арқылы қарастыруға болады.

Олардың алдындағы тұрған тапсырма – мультипликаторлық эффект қандай болатынын көрсету үшін инвестициялық  салымның қажетті сомасын анықтау. Жоғары дамыған туристік индустрияны  жасау үшін үлкен материалдық  және қаржылық салымдар қажет. Көптеген дамушы елдерге осы мәселені шешу үшін шетелдік капитал қызметіне  жүгінуге алып келеді. Шетелдік тәжірибені есепке ала отырып шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықтың біз үшін неғұрлым жағымды нұсқасын таңдап алуға болады.шетелдік инвестицияларды тартумен қатар  мемлекеттік әсер етудің келесідей  құралдарын қолдану қажет, яғни туристік орталықтарды салу кезінде жергілікті жұмыс күштерін қолдану, туристік орталықтарды жабдықтау үшін жергілікті материалдарды  қолдану, туристерді тамақтандыру үшін жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін  шығыстау сияқты.

Жоғарыда атап кеткен параметерлерді есепке ала отырып, туризм экономикасына  шетелдік инсвестициялардың қалай  әсер ететінін анықтауға болады.  Шетелдік инвестицияларды қолдану  кезінде сервис сапасын жоғарлату  үшін шетелдік тауарларды сатып алумен байланысты валютаның шығуы қандай мөлшерде кететінін есептеу қажет. Әлемдік баланстың есептеуі бойынша  туристер үшін импортқа 15-тен 55%-ға дейін  жергілікті емес ресурстармен туристік индустрияны қамтамасыз ету мен  экономиканы дамытуға байланысты түскен түсімдер кетеді.

Бірқатар басқа салалардан туристік индустрияның айырмашылығы жоғары капитал  салымдылығымен ерекшеленеді және сондықтанда  оның дамуы үшін үлкен көлемде  қаражат керек. Сондықтанда Қазақстанның туризм индустриясына  салынған қаражаттар қандай көбейтінді эффект беретінін  есептеу мақсатты пішімделге.

«Туристік мультипликатордың» әрекеті  шетелдік туристерден алынған  ақшалай  қаражаттарды дұрыс қолдану  арқылы көрінеді. Бұл қаражаттар туризмге тартылған көппішімді қызмет түрлерінің салдарынан экономиканың басқа салаларына қарағанда тез айналымға түсуі  мүмкін, олар көптеген аралас салаларды  қамтиды – құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, көлік, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары  және т.с.с., және осының арқасында экономикалық белсенділіктің жоғарылауына мүмкіндік  береді.

Туризмге деген халықтың қажеттіліктерін  анықтау үшін, ең алдымен, жеке адамның  нақты тұтынушылық  тәртібіне  әсер ететін факторлардың жиынтығын  анықтау қажет. Егер де негізгі факторлар  анықталынса, онда екінші тапсырма тұтынушылық  тәртіптерінің (стиль, мінезі) пішімін  бір уақытта анықтаумен жиынтық  тұтынушылық топтарды бөлу болып  табылады. Осы тапсырмаларды шешу көмегімен ағымдағы (репрезентатитвті) сұранысты анықтау әдіснамасын  жасауға болады. 

Туристік қызметтерді  тұтынушыларды  сегменттеу көпфакторлы  сегменттеу әдісі бойынша іске асырылған, топтарға тұтынушыларды бөлу кезінде  негізгі  белгілері ретінде келесідей  факторлар қолданылды: жасы, жанұялық жағдайы, әлеуметтік статусы, тұтынушылардың квалификациялық деңгейі. Осы кезде  туризм сферасындағы қызметтер бойынша  тұтынушылардың тәртібі мінезіне талдау жасалды. Туризм сферасында тұтынушылық  приортеттер әрбір бөлінген тұтынушылық  сегмент үшін анықталды.

Шоп-туризмдегі үлес салмақтың  төмендеуіне  қарамастан, салыстырмалы ақыл-ой еңбегіндегі  адамдар материалдық  мәселелерін  шешу үшін сауда-саттық бизнесімен айналысуға мәжбүр. Осыған орай, бұл жағдайдағы туристік фирмалардың  негізгі тапсырмасы – қызметтер  ассортиментін кеңейту, яғни қызметтерді  дифференциациялау, әсіресе, егер де фирмалар шоп-туризмге мамандалса, онда республикаға халықтық тұтыну тауарларын жеткізудің басқа  әдістері мен құралдарына  көшу нарықтағы  жағдайлардың өзгеруіне  алып келеді, ал ол шоп-туризмнің құрып  кетуіне  алып келеді.

Әлеуметті-экономикалық топтар рангісінің көтерілуіне қарай элитарлы туризм үлес салмағының жоғарылау тенденциясы  байқалады. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, бұл топ үшін туризмнің экстреналды  және экзотикалық түрлерін дамыту мақсатты болып отыр.

Барлық сапарлардың құрылымда  үлкен үлес салмақ спортты-ойын-сауықтық туризмнің үлесіне келеді, саяхат кезінде туристердің тәртібінде белсенді уақыт өткізу приоритетімен  түсіндіруге болады.

Толығымен туристік қозғалыс, тұратын  ел шекарасының ішінде, сондай-ақ шетелдік сапарлармен байланысты, адамдардың әлеуметті-экономкалық  және демографиялық  статусымен корреляцияланады, статустық  өсуіне қарай көтеріледі (шоп-туризмнен  басқасы).

Әрбір әлеуметті-кәсіби топтардың  ішінде туристік қызметтерге төлемқабілетті сұраныс айырмасы мен туристік тұтыну мінезіндегі айырма негізінен жанұядағы  табыссыз мүшелерінің санымен және сомалық жанұялық табысқа байланысты, адам басына шаққандағы табыстардың  деңгейімен шартталған.

 Сонымен бірге, әрбір  топта  респонденттер бар екенін  айтып  кеткен жөн, өйткені  олар негізінен  ұйымдастырылмаған  өзіндік әрекеттегі  демалысты  қалайды, ол өте арзан  және  қол жеткізерлігімен түсіндіріледі. 

Туризм саласының болашағын  айқындайтын ұсыныстар әзірленіп  жатыр. Алдымен туристік саланың  құқықтық – нормативтік базасы мен  мемлекеттік үйлестіруді жетілдіруіміз  керек. Бұл туризмді экономиканың кірісті  саласы мен  бәсекеге қабілетті индустриясы  ретінде дамытуға мүмкіндік береді.Жекеменшік капитал,әдетте, компаниялардың  биржада  бағасы  кесілмеген кәдімгі акцияларын инвестициялайды, соның нәтижесінде  инвестор оларды  басқаруды   едәуір және абсолюттік  бақылауға  алады. Тарихта  мұндай  инвестициялық механизмдерге тек ірі  институциональдық инвесторлар  немесе   кәсіби  білікті  жеке  инвесторлар қол жеткізетін. Жуырда бірнеше пайлық  инвстициялық  қорлардың  нарықта сәтті  тіркелуіне  орай,  жаңа үрдіс  пайда  болды. Тікелей  жекеменшік  инвестициялар табыстан асып  түсетін құнды қағаздардың   дәстүрлі  нарығынан алынатын табыс әкелуде, пайданың  өз-ара қатынас деңгейі  орташа, ал хедждік  қорлар жағдайында олардың  деңгейі  төмен болады.  Инвестициядан  түсетін пайда  кепілі  - тиімді менеджмент және кәсіпорының  өсу әлеуетін ұштастыру.  Жекеменшік  капитал  инвесторлары жекеменшік  компанияларды басқаруға тікелей  бақылауды  жүзеге асырады және ,әдетте,  индустриядағы  «ноу-хау» иелері  болады.  Сонымен  бірге атап  өтер жайт, тікелей жекеменшік  инвестициялау  мақсаттары  үшін әлеуеттік  дамуы орташадан  жоғары  деңгейдегі шағын  және  орта  компаниялар таңдалады, бірақ уақыт  өте келе  ірі компаниялар  да  мақсатқа айналады.   Кей кездері компанияны  қайта  құру, олардың  бағасын білу  үшін ұйымдық бірліктерге  бөлу, ұқсас  компаниялармен  біріктіру немесе  капиталдық  құрылымын оңтайландыру  үшін компания пассивтеріндегі заемдық  қаржылар  үлесін арттыру     керек  болады. Іс  жүзінде, көбіне, тек  инвесторлар компанияның әлеуетін  босатуға  қабілетті  болып шығады. Олар  өздеріне  дейінгі  басшылар  қабілетсіздік  танытқан қаржыландырудың  инновациялық әдістерін  пайдалану, менеджментті  тиімді қолдану, маңызды  шешімдер  шығару немесе бірлесу  үшін серіктестер  іздеу немесе жұмыс істеп  тұрған өндіріс  базасында жаңа  компаниялар құру үшін сатып алушылар іздеу сияқты істерді  қолға алды.Әдетте, тікелей жекеменшік  инвестициялар  едәуір  дәрежеде  өтімді.Капитал  белгісіз мерзімге  орналастырылады және көбіне,  бөліп  төленеді, өйткені сәйкес активтері 3-6 немесе  одан көп  жыл ішінде сатылады. Пайлық инвестициялық  қорлар өздерінің  қатысу  үлестерін сату  үшін анағұрлым  тиімді нарық  шарттарын күтуге  мәжбүр. Егер  экономика  әлсіз болса, сәтті сатылым  үшін бірнеше  жыл  қажет болады.

Туризм ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша туризм жиынтық ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 % қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда республикамызда туризмнің әр түрімен айналысатын 600 астам туристік фирмалар қызмет етеді. Туризм алғашында жоғары табысты экономика саласы ретінде қарастырылмай, туристік қызметтің тек әлеуметтік аспектілері ғана ескеріліп келген болатын. Нарық экономикасымен байланысты жаңа механизм тұсында туризмнің экономикалық және мәдени, саяси негізі жаңа мәнге ие бола бастады.

Туризм индустриясы мемлекетке экономикалық және әлеуметтік пайда әкелетін сала, қаржы салудың берік сферасы ретінде көпшілікке мәлім. Халықаралық тәжірибеге жүгінсек, бұл саланың дамуы елдің валюталық жағдайын, халықты жұмыспен қамтуын жоғарлатуға өз әсерін тигізіп, әлеуметтік – мәдени жағдайдың жақсаруына және халықтың денсаулығының жақсаруына әсер ететіндігін көрсетті.

Туризмді инвестициялау - өте тәуекелді шара, өйткені  қызмет түрі экономикалық, саяси, климаттық  және басқа да өзгерістерге сезімтал, олар туристтардың келуін азайтып, туризмнан  тускен пайданы кемітуі мүмкін. Сондықтан мемлекет басқа экономикалық секторга қарағанда туристтік секторға инвестицияларды тартуға көп күш салуы қажет.

Мемлекеттік инвестицияның  негізігі түрлерінің ішінен келесілерді  ерекшелендіріп алуға болады: пайыздық ставкалар пайдасы бойынша пайдалы  заемдарды өзіне қосатын туристтік  жобалар инвестицияларының бағасының  төмендеуі, нарық бағасынан төмен  инфрақұрылым немесе жерді сату немесе жалға беру, салықтық жеңілдік, екі  жақтылық салық салудан басқа  елдер арасындағы келісім шарт көмегімен  қорғау, жер салығын төмендету, тікелей  субсидия немесе шетел инвесторларын  тарту мақсатымен инвестицияларға  кепіл беру.

Турбизнес кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті жүргзгенде олардың қызметкерлерімен дебиторлық бершегінің дұрыс ұйымдастырылуына аса зор мән береді. Төменде турбизнес кәсіпорындарының қызметкерлерімен дебиторлық берешек есебін ұйымдастыру схемасы көрсетілген.

Қазақстан экономикасының орнықты  дамуы, елдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі іс-шаралар кешенін  іске асыру шетелдік капиталды белсенді түрде тартуға ықпал етеді. Сондықтан да туристік индустрияны дамытуға шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту, орталық және өңірлік билік деңгейлерінің іс-қимылын нақты үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында жоғары деңгейлі туристік менеджмент қалыптастыру, жеке бастамалардың дамуына жәрдем ету, саланың ақпараттық кеңістігін құру, қазақстандық турөнімнің сыртқы және ішкі нарыққа жылжуының тиімді жүйесін әзірлеу, инвестициялау және салық салу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдау үшін барлық алғышарттар бар. Бұл әзірлену үстіндегі өңірлік шебер-жоспарлар шеңберінде іске асыру жоспарланып отырған туризмнің кластерлік дамуының негізгі бағыттары. 

 


Информация о работе Туризмді дамытудың инвестициялық саясаты