Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 19:42, реферат
Егер қолданыстағы ұлттық заңнамада мемлекеттік биліктің санкциясына негізделмесе халықаралық құқықтық нормалардың егеменді мемлекет аумағында толық көлемде күші болмайды. Осыдан біздің елімізде халықаралық шарттарды Конституция нормаларына негізделген ұлттық заңнамалық қамтамасыз етілуді қарастыру қажеттігі туады. «Қамтамасыз ету» термині елдің халықаралық құқықтық қызметі процесінде дайындаудың, жасаудың, орындау мен бақылаудың нормативтік талаптарын білдіреді.
Қазақстанның үлттыұ және халықаралық құқық арасындағы басымдықтар
Егер қолданыстағы ұлттық заңнамада мемлекеттік биліктің санкциясына негізделмесе халықаралық құқықтық нормалардың егеменді мемлекет аумағында толық көлемде күші болмайды. Осыдан біздің елімізде халықаралық шарттарды Конституция нормаларына негізделген ұлттық заңнамалық қамтамасыз етілуді қарастыру қажеттігі туады. «Қамтамасыз ету» термині елдің халықаралық құқықтық қызметі процесінде дайындаудың, жасаудың, орындау мен бақылаудың нормативтік талаптарын білдіреді.
Конституция елдің
негізгі заңы ретінде елдің мемлекеттік-
Осы белгіге сәйкес ғалымдар мемлекеттердің негізгі үш басты тобын көрсетеді:
Бірінші топта халықаралық шарттар сол мемлекеттің ұлттық құқығымен тең деңгейде қолданылатын мемлекеттер (АҚШ, Франция, Швейцария және т.б.).
Екінші топтағы мемлекеттерде халықаралық және ұлттық заңнама және басты соттық тәжірибе қатаң түрде халықаралық және мемлекетішілік құқықтың аражігін айырады (Англия, Ұлыбритания басқарып ортырған Достастық қатарындағы мемлекеттер).
Үшінші топта жалпыға танылған халықаралық құқық нормалары мемлекеттік құқықтан жоғары тұрады (ГФР, Италия) /1,15 бет/. Мысалы: ГФР Конституциясында мынадай ережелер бар: «Халықаралық құқықтың жалпы нормалары федерация құқығының құрамдық бөлігі болып табылады. Олар заң алдында артықшылыққа ие және федералды аумақтың тұрғындары үшiн құқық және мiндеттердi тiкелей тудырады».
Қазақстан кеңестік
дәуірде халықаралық
Барлық халықаралық міндеттерді мемлекет толықтай өз мойнына алып отырды, бұл жүкті жекелеген республикаларға артпады. Егер колониядан босаған африкалық мемлекеттерге өздерінің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту үшін әділетсіз халықаралық шарттарды денонсациялап, жою маңызды рөл атқарса, 1990-жылдары тәуелсіздік алған бұрынғы посткеңестік республикаларға, соның ішінде Қазақстанға мұндай қадам жасаудың қажеті болмады, себебі республика Кеңес Одағының құрамында және қорғауында болды. Сондықтан «Қазақстан — 2030» Бағдарламасында көрсетілген мемлекеттің дамуының стратегиялық міндеттері постколониялық елдердің әлемдік тәжірибелеріне қарағанда мүлдем басқа болды және Ұлы держава құлағаннан кейін Қазақстанда орын алған саяси-экономикалық жағдай көрсетілді. Алайда бұрынғы одақтас республикалардың да ұлттық егемендігінің толықтай құрылуы өте қиын жағдайда жүріп жатты.
Қазақстандық
1993 жылдың қаңтарында Жоғарғы Кеңестің жаңа Конституцияны қабылдауынан бастапқы кезең. Төртінші кезеңнің конституциялық заңнамасының қалыптасуы 1995 жылғы Конституцияның қабылдануымен байланысты. Бұл кезең, ғалымның айтуынша, әлі күнге дейін жалғасып келеді.
Белгілі ғалымдардың ұлттық құқықтық жүйені кезеңге бөлу мәселесіне аса назар аударуы оның қиын екенін және оны дамытудың бір мәнді еместіктерін, соған қоса оның қалыптасуы мен әбден жетілдіруінің мәселелеріне әртүрлі жолдардың бар екендігін куәландырады. Жалпы жоғарыда келтірілген кезеңге бөлудің екеуінің де өмір сүруге толық құқығы бар және халықаралық құқықпен тығыз байланысты қазіргі ұлттық құқықтық жүйенің қалыптасуы 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстанның тәуелсіздік алған уақытынан басталатындығын құжаттар куәландырады . Алайда 1990 жылдың 25- қазанындағы «ҚазКСР-дың мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» 14-тармағында Қазақ КСР өзін өз мүддесі аясында сыртқы саясатты айқындау, дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасу, халықаралық ұйымдардың қызметіне, оныңішінде БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелеріне қатысуға құқығы бар халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде жариялаған. Мұнда негізінен мемлекеттің экономикалық егемендігі жарияланды. Соған сай республика еркіндік және теңдік қағидаларын ұстана отырып, тиімді шарттар негізінде шетел мемлекеттерімен экономикалық және сауда байланыстарын құрып, өзінің сыртқы экономикалық қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
Осылай Қазақстанның халықаралық құқық қағидаларын, мысалы халықаралық шарттарды жасау кезінде тең құқықтық, еркіндік сияқты қағидаларды ұстанатындығы бекітілді.
Бұл Декларация біржақты заңдық акт болып табылады, ол халықаралық қатынастарда және халықаралық құқық саласында қатынастарда өз ниетін білдірген елдер үшін халықаралық құқықтық міндеттемелер жүктейді. Яғни 1992 жылдың 2-наурызында БҰҰ-на мүшелікке енгенге дейін, негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды, мысалы консулдық қатынастар туралы 1963 жылғы Вена Конвенциясын, 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясын (кейін 1993 жылдың 31-наурызында ҚР Жоғары Кеңесі өз қаулысымен ратификациялаған) мойындағанға дейін Қазақстан халықаралық құқықтық нормаларды орындйтындығы туралы біржақты тәртіпте мәлімдеді.
Қазақстан өз егемендігін
алған сәттен бастап, қайнар көзіне
қарамастан, халықаралық міндеттемелерді
сақталуы тиіс деген жалпыға бірдей
сипаттағы халықаралық әдет-
Тәуелсіз Қазақстанның
1993-жылғы алғашқы
Конституцияның 97-бабының 21-тармағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесіне халықаралық шарттарды ратификациялау және денонсациялаудың айрықша құзіретін береді. Сөйте тұра бұл бап елдің нақты егемендіген шектейді: «ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған заңдар мен қаулылар КСРО-ның заңдарына қарсы келе алмайды». Егемендікке қадам жасаған бұл Конституция халықаралық шарттарды жасау саласындағы Украин және Белорусь КСР-ында бар конституциялық нормаларды шектейді. 1991 жылдың 16-желтоқсанында Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы–тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет» делінуі заңдық тұрғыдан толық сауатты нормадан гөрі дербестіктің алғашқы сәтінде туындаған романтикалық ұранға ұқсайды. Бұл құжатта мемлекеттің нақты тәуелсіздігін қалыптастырған ережелер бекітілді. В.А.Малиновский «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конситуциялық Заң заңды күші бойынша, мазмұны бойынша де-юре ескі Конституцияның орнына келген «конституция алдындағы акт» болып саналды деп есептейді /8/.Аталған заңның 2-бабында кейінгі конституциялық заңнамаларда сәл өзгертілген ережелер бекітілді. Ол бойынша Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзінің қарым қатынасын халықаралық құқықтық қағидаларға сүйене отырып орнатады /бұл жердегі және бұдан кейінгі курсив біздікі – А.Е./. Ал 4-бапта мемлекет аумағында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілер көрсетілген, олар: Конституция және Қазақстан Республикасының заңдары, сонымен қатар ол таныған халықаралық құқықтық нормалар.
Осылай талданып отырған конституциялық заңда халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдығы туралы ештеңе айтылмаған. Кезекпен аталған құқықтық актілердің ішінде бірінші кезекте Конституция, одан кейін ұлттық заңдар мен ең соңында ғана халықаралық құқықтық нормалар.
«Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастық мүшесі» делінген бесінші жеке тарауда Қазақстанды дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмаса алатын, халықаралық ұйымдарға мүше бола алатын халықаралық құқықтың субъектісі деп жариялады.
Көлемі үлкен
емес Конституциялық Заңның «Қазақстан
Республикасының халқы мен
Посткеңестік ғылыми
жұмыстар қатарында ТМД ғалымдарының,
мысалы Д.Г.Гусейноглының «
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы еліміздің тәуелсіздігін қалыптастыруда маңызды саты болды: тарихта бірінші рет еліміздің егемендігі Негізгі заңда бекітілді. Конституция Преамбуласында ережелердің үйлесімді қалыптастырылуы ерекше назар аудартады. Онда елдің егемендігі бекітіліп, өзін әлемдік қауымдастықтың бөлшегі ретінде жариялаған, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құру міндетінің алдына адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдықтары бекітілген ережелер үйлескен. Бұл ғана көпұлтты мемлекетте қазіргі замандастарымыз мен болашақ ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ететін мығым азаматтық әлем мен ұлтаралық келісімге негіз болатын еді. Конституциялық құрылым негіздерінің жетінші тармағы Конституцияның жоғары заң күшіне ие екенін, нормалары тікелей қолданылатындығын бекітті. Бұл ереже кейін 1995 жылғы Конституцияның 4-бабының 2-тармағында бекітілді. 1993 жылғы Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау бірінші кезекте болды. Бұл Конституцияның бірінші бөлімі толығымен азаматқа, оның құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне арналғанынан көрінеді. Бұл Конституцияның ерекшелігі, оның 3-бабы Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамадан басым деп таныған адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық актілердің басымдығын белгіледі.
1995 жылғы Конституцияда «Адам және азамат» бөлімі екінші орынға қойылған. 1995 жылғы Конституцияда ратификацияланған халықаралық шарттар басымдығын мойындауы адам құқықтарын қорғау саласында ұлттық құқық жеткен жоғары деңгейдің кейінге шегінгенін көрсетеді.
1993 жылғы Конституция
Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясы
мен оны дамыту үшін
Конституция ұлттық құқықтық жүйе мен халықаралық құқықтық жүйесін жалғастыратын буын ретіндегі басты трансформатор рөлін атқарады. Конституцияның 4-бабының 2-тармағы бойынша ратификацияланған халықаралық шарттар заңнамалық актілердің иерархиясында жоғары заң күшіне ие, барлық аумақта тікелей қолданылатын Конституциядан кейінгі орында орналасқан.
4-баптың 3-тармағындаРеспублика
бекiткен халықаралық
1969 жылғы 29-мамырдағы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясының 2-бабы 1-тармағының в-тармақшасында көрсетілгендей, мемлекеттің халықаралық шарттардың міндеттілігіне келісім берудің бірнеше нысандары бар: ратификациялау, қабылдау, бекіту, қосылу.
Мемлекеттің халықаралық шарттары бүкіл мемлекет атынан немесе жекелеген мемлекеттік органдар атынан жасалады. Бірақ бұл шарттар мемлекеттің еркімен санкцияланған, сондықтан да орындалуға міндетті болып табылады. Алайда халықаралық шарттарды жасайтын мемлекеттік органдардың иерархиясымен байланысты болатын өз иерархиясына ие.
Информация о работе Қазақстанның үлттыұ және халықаралық құқық арасындағы басымдықтар