Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 10:23, реферат
Описание работы
Беларусь Республикасы сыртқы саясатының негізгі қағидалары, мақсаттары мен міндеттрі туралы «Беларусь Республикасының ішкі және сыртқы саясаттарының негізгі бағыттарын бекіту туралы» 2005 жылғы 14 қарашадағы №60-3 заңымен бекітілген. Беларусьтің халықаралық белсенділігі, бірінші кезекте, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кез келген сыртқы қауіп-қатерлерден ұлттық мүдделерді қорғау, ел экономикасының тұрақты түрде дамуына және азаматардың әлеуетін арттыруға қолайлы шарттарды қалыптастыруға негізделеді.
Содержание работы
I. Беларусь Республикасының халықаралық аренадағы қағидалары, мақсаттары және міндеттері II. Беларусь Республикасы сыртқы саясатындағы негізгі бағыттар III. Ресей Федерациясымен өзара қарым-қатынастың дамуы IV. ТМД кеңістігіндегі Беларусь Республикасының сыртқы саясаты V. Еуроодақпен өзара қарым-қатынасты дамыту VI. Әлемдік оңтүстік елдерімен қарым-қатынас негіздері VII. Қазіргі мәселелері, шиеленістері
Беларусь Республикасының
халықаралық аренадағы қағидалары, мақсаттары
және міндеттері
Беларусь Республикасы
сыртқы саясатындағы негізгі бағыттар
Ресей Федерациясымен
өзара қарым-қатынастың дамуы
ТМД кеңістігіндегі
Беларусь Республикасының сыртқы саясаты
Еуроодақпен өзара
қарым-қатынасты дамыту
Әлемдік оңтүстік
елдерімен қарым-қатынас негіздері
Қазіргі мәселелері,
шиеленістері
Беларусь Республикасының
халықаралық аренадағы қағидалары, мақсаттары
және міндеттері
Беларусь Республикасы сыртқы
саясатының негізгі қағидалары, мақсаттары
мен міндеттрі туралы «Беларусь Республикасының
ішкі және сыртқы саясаттарының негізгі
бағыттарын бекіту туралы» 2005 жылғы 14
қарашадағы №60-3 заңымен бекітілген.
Беларусьтің халықаралық белсенділігі,
бірінші кезекте, мемлекеттің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету және кез келген сыртқы
қауіп-қатерлерден ұлттық мүдделерді
қорғау, ел экономикасының тұрақты түрде
дамуына және азаматардың әлеуетін арттыруға
қолайлы шарттарды қалыптастыруға негізделеді.
Беларусьтің әлемдік саяси,
экономикалық, мәдени кеңістікке тең құқықты
интеграциялауы маңызды шарт болып есептеледі.
Шет елдерде Беларусь азаматтарының құқықтары
мен бостандықтарын қорғау, сырттағы беларус
этносының сақталуын қамтамасыз ету принципиалды
маңызға ие.
Аумағында Еуропа және Азияның
көліктік бағыттары тоғысқан географиялық
қалыптасуы, өзіне көптеген еуропалық
соғыстар мен қақтығыстардың қиратушы
зардабын көрген қиын тарихы Беларусь
Республикасының сыртқы саясатының фундаменталды
қағидасы ретінде әлемнің түрлі аймақтарындағы
әріптестерімен конструктивті қатынастарды
көздейтін көпвекторлы бағыттың қалыптасуына
негіз болды. Олармен диалог құру және
өзарапайдалы қарым-қатынас құру барысында
Беларусь прагматизм және кезеңділік,
өзара құрметтестік, тең құқықтылық, ішкі
істерге араласпау, қысым көрсетуден және
мәжбүрлеуден бас тарту қағидаларын басшылыққа
алады.
Беларусь Республикасы — Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жері көлемі-207,6 мың
км2. Халқы -10
млн. 203 мың адам . Негізгі халқы - 80% белорустар
, бұған қоса орыстар, поляктар тұрады.
Астанасы -Минск . Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік басқарылуы тұрғысынан
жағынан 6 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік
тілі- беларусь тілі. Орыс тілі мемлекеттік тілмен
қатар жүреді. Діні — православие 70%. Ақшасы - рубль. Ұлттық мейрамы - 3 шілдедегі Республика күні. Мемлекет басшысы -президент. Унитарлы мемлекет.
Жоғарғы заң шығарушы органы
- екі палаталы парламент (Ұлттық жиналыс). Ол төменгі
(өкілдер кеңесі) және жоғарғы (Республика
Кеңесі) палаталарынан тұрады.
Беларусьта химия
өнеркәсібі, автомобиль және трактор жасау,
қорғаныс өнеркәсіп кешендері, электр
бұйымдарын шығару, ет-сүт, ауыл шаруашылығы және
т.б. өндіріс салалары дамыған. Республикада қалий,
тұз, көмір, мұнай, темір, фосфорит кен
орындары бар. Батпақтар Беларусь жерінің
20 пайызын алып жатыр. Елдің солтүстігінде
шымды күлгін топырақта шыршалы ормандар, орталық бөлігінде құмды топырағында қарағайлар өседі. Жалпы алғанда, ормандар
ел аумағының үштен бір бөлігін алады.
Елдің Польшамен шекарасында Беловеж нуы созылып жатыр. Мұнда жасы жүзден
асқан алып қарағайлар өседі және орман
зонасының көптеген жануарлары мекендейді.
Беларусь жерінің қайталанбас табиғатын
сақтап қалу мақсатында Беловеж ұлттық саябағы, Березин, Припять және Полесье қорықтары ұйымдастырылған.
Полесье радиациялық-экологиялық қорығы
шекаралас Украинаның Чернобыль АЭС-індегі жойқын апаттан кейін,
радиоактивті ластанудың табиғи ортаға
қалай әсер ететінін арнайы зерттеу мақсатында
құрылған. Жалпы Беларусь жеріндегі мыңдаған гектар ауыл шаруашылықты алқаптар
радиациялық жағынан қауіпті аудандар
табылады. Беларусь Республикасы - ТМД елдері арасында халықының
саны өте баяу өсіп келе жатқан елдердің
бірі. Табиғи өсу 2000 жылы - 0,5%-ды құрады,
яғни ел бойынша туудың орташа көрсеткіші
- 9‰, ал өлім 14‰ шамасында болды. Қазіргі
кезде ауыл мен қаланың демографиялық
көрсеткіші үлкен айырма жасап отыр. Қалада
туу 12‰ болса, ауылды жерде бұл көрсеткіш
- 8‰. Өлім тиісінше 9‰ және 18‰ болды. Беларусь
тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы - 68 жас.
Халық санының өзгеруіне көші-қон да елеулі
түрде әсер етеді. Жалпы алғанда, Беларусь
жерінен көшіп кекендер санынан көшіп
келгендер саны әлдеқайда артық.
20 ғасырдың 90-жылдары
ел экономикасы дағдарысқа ұшырап,
жалпы ішкі өнім 10 жыл ішінде 12%-ке төмендеп
кетті. Экономикалық құрылымындағы мемлекеттік
емес салалардың үлесі экономикада 34%,
(1998), ал шеттен тартылған инвестиция мөлшері
6,5% (1997). Негізінен Кеден одағы елдеріне
(Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан
жүк тасушы автомобильдер, тракторлар,
тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар және
т.б. электр бұйымдары, химия және ет-сүт
өнімдерін экспортқа шығарады. Елде жылу-электр
ресурстары (мұнай, табиғи газ, тас көмір)
мүлдем жеткіліксіз болғандықтан, отындық
шикізатты шеттен, соның ішінде 60%-тен
астамын Ресейден әкелуге мәжбүр. Бұған
қоса қара және түсті металлургия, халық
тұтынатын тауарлар, ағаш өнімдері, цемент
шеттен әкелінеді. Экономикалық байланыстардың
үзілуі, жылу-электр ресурстарына бағаның
көтерілуі ел экономикасын аса қиын жағдайда
қалдырды. Дегенмен ұсақ өндіріс салаларында
900 шетелдік және 2000-нан аса бірлескен
кәсіпорындар (негізінен Польша, ГФР, АҚШ
фирмалары) жұмыс істейді. Негізгі сауда
серіктестері: Ресей, Украина, Польша,
Германия елдері.
1990 ж. Беларусь Жоғарғы
Кеңесі елдің тәуелсіздігін жариялады.
1991 ж. 8 желтоқсандағы
Беловеж келісімінен кейін Кеңес
Одағы таратылып, Беларусь толық
тәуелсіздік алды.
1994 ж. 10 шілдеде
алғашқы президенті болып А.Г.
Лукашенко сайланды.
Президенті қолдайтын
партиялар:
Аграрлық партия
Белоруссиялық әлеуметтік –спорттық партия
Беларусияның Коммунистик партиясы
Еңбек пен адалдық партиясы
Беларусиялық патриоттық партия
Республикалық партия
Либералдық-демократиялық партия ж/е т.б
Оппозициялық
партия
«Белорусиялық әлеуметтік -демократиялық Громада» партисы
Біріккен азаматтық партиясы
Консервативтік –христиандық партия — БНФ және т.б
Беларусь Республикасы
сыртқы саясатындағы негізгі бағыттар
Беларусь Республикасы барлық
шетелдік әріптестерімен қарым-қатынастарды
дамытуда біркелкі жағдайды ұстана отырып,
басқа мемлекеттер сияқты, өзінің сыртқы
саяси бағытын бірқатар маңызды да перспективалы
векторларға бағыттайды. Сол басты бағыттардың
бірі көрші мемлекеттер, бәрінен бұрын
– Ресей Федерациясы. Онымен өзара қарым-қатынас
одақтық негізде құрылған. Сондай-ақ Тәуелсіз
мемлекеттер одағына мүше болған мемлекеттермен
әріптестік қарым-қатынас орнату маңызды
бағыт болып қала бермек. Интеграция идеясын
ұстана отырып, Беларусь мемлекеті бұрынғы
Кеғес одағы аумағындағы мемлекеттердің
бірігушілік одақтарын қолдайды, бұлар
– Кеден одағы, Ортақ экономикалық кеңістік,
ТМД және Ұжымдық қауіпсіздік келісімі
ұйымы. Еуроодақ – сауда-экономикалық
саладағы Беларусь үшін объективті тұрғыдан
маңызды әріптес және инвестицияның қайнар
көзі. Әлемдік оңтүстік елдерімен Беларусь
мемлекеттінің қарым-қатынас жаңа сапалы
деңгейге шыққан. Америка Құрама Штаттарымен
өзара қарым-қатынастың жақсаруына Беларусь
біркелкі ат салысуда. Беларусь сыртқы
саясатының маңызды бағыты халықаралық
ұйымдар шеңберінде қалыптасқан көпжақты
дипломатия болып саналады.
Ресей Федерациясымен өзара қарым-қатынастың
дамуы
Беларусь Республикасы Ресей
Федерациясымен қарым-қатынасын екіжақты
және бұрынғы Кеңес одағы аумағындағы
интеграциялық құрылымдар аясында стратегиялық
әріптестік потенциалын барынша толық
жүзеге асыруда қызығушылық танытады.
Кең ауқымдағы әріптестік геоғрафиялық,
геосаяси, тарихи және басқа да ортақ факторлармен,
екі ел экономикасының бір-бірін толықтырушылығымен,
кәсіпорандар арасындағы кооперациялық
байланыстарымен түсіндіріледі.
Ресеймен өзара пайдалы қарым-қатынасты
құра отырып, Беларусь ел егемендігінің
мызғымауын және аумақтық тұтастықты
сақтау, олардың халықаралық міндеттерін
жауапты түрде орындау қағидаларын басшылыққа
қояды.
ТМД кеңістігіндегі
Беларусь Республикасының сыртқы саясаты
Белаурсь Республикасы Тәуелсіз
мемлекеттер достастығы елдерімен екіжақты
достық қарым-қатынас және бірігушілік
одақтардың негізінде – Кеден одағы/Ортақ
экономикалық кеңістік, ТМД және Ұжымдық
қауіпсіздік келісімі ұйымы сияқты форматта
сыртқы саясатын көпжоспарлы өзара қатынас
құруды дамытуға аса зор көңіл бөледі.
ТМД потенциалының бірінші
кезекте экономика саласындағы интеграциялық
даму процесстеріне Беларусь Республикасы
қолдау білдіреді. Бұл достастық аясында
орын алған энергетика, көлік тасымалдау,
өндіріс, инновациялық технологияларды
дамыту салаларындағы, сондай-ақ өзара
саудадағы кедергілерді азайтуға бағытталған
еркін сауда жасау зоналарын құру сияқты
келісімдердің жүзеге асып жатқандығын
Беларусь басшылығы ТМД елдері халықтарының
өмір сүру сапасының және әлеуеттерінің
өсуінің кепілі деп біледі. Осы орайда
қазіргі кезде Беларусь, Ресей және Қазақстан
арасында жүзеге асырылып отырған Кеден
одағы және Ортақ экономикалық кеңістік
осы елдер арасындағы өзара әріптестік
қарым-қатынастардың нығайуына жаңа импульс
беріп отыр. Бұл дегеніміз Беларусь тауарлық
өнімдерінің жаңа нарықтарға, бірінші
кезекте, Азия аумағына кеңінен тарау
сияқты мүмкіндіктермен қатар, сыртқы
саясат ауқымын кеңейту нышанына айналып
отыр.
Сонымен қатар, өзара саудадағы
тарифтік және тарифтік емес кедергілерді
алып тастау, сыртқы сауда процедураларын
қарапайымдау, 170 миллиондық жалпы халықтық
нарыққа шығудағы ішкі бақылауды алып
тастау сияқты шаралары тауарлар мен қызмет
көрсетудің, капитал мен шетелдік жұмыс
күштерінің еркін алмасуына, инвестиция
тартуға қолайлы жағдайлар жасап, оң нәтижелерге
жеткізіп отыр. Кеден одағын және Ортақ
экономикалық кеңістік құрып, осы интеграциялық
бірігулерінің аясында қабылданған келісімдерді
негізге ала отырып Ресей, Беларусь және
Қазақстан Еуразиялық экономикалық кеңес
құруға кірісті.
Беларусь Республикасы Ұжымдық
қауіпсіздік келісімі ұйымының барлық
бағыттар бойынша (саяси, әскери, әскери-техникалық,
ақпараттық) нығайуына үлес қосуға; наркотрафикпен,
заңсыз көші-қон процесстері, халықаралық
ұйымдасқан қылмыстық ұжымдармен күресу
салаларындағы ынтымақтастықтың дамуына;
төтенше жағдайлардың алдын алу, олардың
зардабын жою саласында қарым-қатынастарды
дамытуға; Ұйымға мүше мемлекеттердің
сыртқы саяси үйлестіруін күшейтуге; ҰҚКҰ-ның
басқа халықаралық және аймақтық ұйымдармен
конструктивті өзара қарым-қатынастарды
дамытуға күш салып жүр.
Еуро одақпен өзара
қарым-қатынасты дамыту
Беларусьтің еуропа векторындағы
сыртқы саяси басты міндеттері Еуроодақ
мемлекеттерімен келесі салалардағы әріптестікті
дамыту: сауда және инвестиция, көлік тасымалдау,
транзит, трансшекаралық және аймақтық
әріптестік, виза режимдерін қарапайымдау,
қоршаған ортаны қорғау.
Беларусь – Еуроодақтың аймақтағы
әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты
қамтамасыз етудегі ғана емес, сонымен
қатар, жалпыеуропалық маңыздағы стратегиялық
бағыттар бойынша сенімді серіктесі. Бұл
дегеніміз, әскери-саяси, энергетикалық
және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету, қылмыстықпен, наркотрафикпен, заңсыз
көші-қонмен күресу мәселелері.
Еуроодақтың кейбір позициялар
бойынша конструктивті емес көзқарастарын
көрсету жағдайында да Беларусь тең құқықтылық,
өзара құрметтеу сияқты қағидаларға нақ
жүгініп, Еуроодақпен диалог және әріптестік
қатынастарды құруға жалғыз негізі ретінде
танытады.
Әлемдік оңтүстік
елдерімен қарым-қатынас негіздері
Беларусь Азия, Латын Америкасы,
Таяу Шығыс және Африка аймақтарындағы
серіктестер мен әріптестермен өзара
қатынастарды стратегиялық серіктестік
деңгейіне дамытуға бағытталған сыртқы
саясатын әрі қарай жалғастыруды ұйғарған.