Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 10:23, реферат
Описание работы
Беларусь Республикасы сыртқы саясатының негізгі қағидалары, мақсаттары мен міндеттрі туралы «Беларусь Республикасының ішкі және сыртқы саясаттарының негізгі бағыттарын бекіту туралы» 2005 жылғы 14 қарашадағы №60-3 заңымен бекітілген. Беларусьтің халықаралық белсенділігі, бірінші кезекте, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кез келген сыртқы қауіп-қатерлерден ұлттық мүдделерді қорғау, ел экономикасының тұрақты түрде дамуына және азаматардың әлеуетін арттыруға қолайлы шарттарды қалыптастыруға негізделеді.
Содержание работы
I. Беларусь Республикасының халықаралық аренадағы қағидалары, мақсаттары және міндеттері II. Беларусь Республикасы сыртқы саясатындағы негізгі бағыттар III. Ресей Федерациясымен өзара қарым-қатынастың дамуы IV. ТМД кеңістігіндегі Беларусь Республикасының сыртқы саясаты V. Еуроодақпен өзара қарым-қатынасты дамыту VI. Әлемдік оңтүстік елдерімен қарым-қатынас негіздері VII. Қазіргі мәселелері, шиеленістері
Осы аймақтағы еледермен сауданы,
экономикалық бірлестіктерді диверсификациялау
беларусь экономикасының экспортқа бағыттау
әлеуетін арттыруға алғышарттар жасайды.
Қатынастардың дамытудың негізгі
бағыттары әдеттегі әріптестермен жалғасады
(Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Вьетнам,
Египет, Үндістан, Иран, Қытай, Куба, БАӘ,
Сирия, Жапония, ОАР), өзара пайдалы әріптестік
үшін маңызды потенциалы бар елдерінің
нарықтарына шығу, олармен диалог құру
көзделген (Ангола, Австралия, Индонезия,
Катар, Колумбия, Кот-д’Ивуар, Малайзия,
Мексика, Нигерия, Никарагуа, Пәкстан,
Перу, Сауд Аравиясы, Того,Филиппин, Экводор,
Эфиопия және т.б.).
Қазіргі мәселелері,
шиеленістері
Беларусь Республикасы АҚШ-пен
тең дәрежелі және конструктивті диалогтың
дамуына қызығушылық білдіреді. Жаһандық
актуалды мәселерде өзара көмек көрсету,
қарым-қатынастардың дамуына платформа
құруға дайын екендігін айтайды
(адам саудасымен, есірткі және психотроптық
заттардың тарауымен күресу).
АҚШ басшылығы Беларусь Республикасын
«Жамандық осьі» («Ось зла») мемлекеттерінің
қатарына кіргізіп, оған қатысты экономикалық
шараларды қолдану сияқты әрекеттерінен
кейін екі ел арасындағы сыртқы саяси
байланыстар күрт нашарлаған.
АҚШ тарапынан экономикалық
ауыртпашылық шаралары ғана емес саяси
тұлғаларға қатысты шектеу шараларын
қойған. 2012 жылы АҚШ Сыртқы істер ведомствосының
жаңартылған тізіміне сәйкес 148 Беларусь
азаматына АҚШ аумағына кіруге тиым салынған,
олардың басым көпшілігі саяси лауазымды
атқарып отырған тұлғалар. Осы тізімге
ел президенті А.Лукошенко да кірген.
АҚШ басшылығы Беларусь Республикасындағы
демократиялық құндылықтарды құрайтын
адам құқығы мен бостандықтары бұзылып,
оппозицияны заңсыз әрекеттермен жояды
деген айыптар тағылады.
АҚШ-тың Беларусь басшылығына
жоғарыда аталғандармен қоса халықаралық
үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына шектеулер
мен кедергілер жасады деген айып тағылған.
Тәуелсіздік алынған жылдардан
бері Беларусь Республикасында 3 рет президенттік сайлау
өтіп, соның барлығында алғашқы
президент А.Лукашенко жеңіспаз атанған.
Бірақ, АҚШ басшылығы үш сайлау нәтижелерін
де заңды деп мойындамаған. 2006 жылыдың наурыз айында өткен
сайлаудың нәтижесі бойынша республика аумағында кең ауқымды тұрақсыздықтар мен қақтығыстар орын алды. Елдегі саяси жағдайды
қалпына келтіру үшін мемлекет басшылығы ереуіл ұйымдастырушы оппазиция өкілдерін қатаң түрде басып, миттингке шыққан халықты әскери және құқық қорғау жасақтары арқылы күш қолдану мен таратты. Бұл жағдай өз кезегінде АҚШ және Еуро одақ тарапынан
қатал сынға алынды және батыстан адам
құқықтарын бұзуды доғару туралы көптеген
ноталар сыртқы істер министрлігіне келіп тусті. Ереуілшілердің саны тәуелсіздік
алғанан бері бұрын соңды болмаған рекордтық
санға жетті, Минсктің Октябрь алаңының
өзінде ғана 20000 манифестаншылар болған. 5 күннің ішінде 250 адам қамауға алынды. Ереуіл таратылғанан кейін 3 кунен соң оппазициялық қозғалыстар жаңа наразылық акцияларын ұйымдастырды. Бұл ереуілде милиция жасақтарымен жас шығарушы газ қолдану арқылы таратылып, 1000ға жуық адам қамауға алынды. Президенттікке үміткер болған Миленкевич рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін 15 тәулік әкімшілік бас бостандығынан айыру жазасына тартылды, Казулин бұзақылық және жаппай тұрақсыздыққа шықырғандығы үшін
5 жылға бас бостандығынан айрылды.
Соңғы президенттік сайлау
2010 жылы өтті бұл сайлауға оппазициялық
партиялардан 8 үміткер қатысқан. Осы сайлауға
халықаралық қадағалаушылар ретінде Еуропадағы
Қауіпсіздік және ынтамақтастығының
Ұйымы( ОБСЕ) мүшелері 1 рет қатысты.Сайлау
нәтижелерін жарияламастан бұрын оппазиционерлер
елдің бас алаңында митинг ұйымдастырды.
Опазиционерлердің есебі бойынша 40000 адам
қатысқан ал батыс ақпараттық агенттіктерінің
есептуінің бойынша митинке қатысушылардың
саны 10000 адамның төңірегінде. Жиналған
қауім біраз уақыттын соң күтпеген жерден
үкімет ғимаратын басын алуға бағытталған
әрекеттерге барған. Демонстраттардың
айтуынша бұл әрекеттерді күш құрылымдары
және Ресейлік арнайы жасақтардың өздері
уйымдастырған, ал құқық қорғау органдарының
мәліметтеріне сәйкес неміс және польшалық
провакаторлардың алдын ала дайындалған
әрекеттері себеп болған. Қалай болғанда
да осындай әрекеттен кейін құқық қорғау
органдары және әскери жасақтар ереуілшілерге
қатысты қатты жауапты әрекеттер қолдану
арқылы наразылық акциясын тарқатты.
2012 жылдың 28 ақпанында Беларусь басшылығы өзінің Польшадағы және Еуро Одақтағы елшілерін елге қайтарған. Сонымен қатар Беларусьтің сыртқы істер министрлігі елдегі Польша елшісімен мен Еуро одақ өкілділігінің басшысымен мемлекеттен шығуды талап етті бұған себеп бұдан бір кін бұрын Еуро одақ
елдеріне Беларусьтің 21 шенеуніктеріне
кіруге рұқсат етілмейтін тізім құрған.
Негізінен осы шенеуіктерге оппазисияны
қудалау адам құқықтарын өрескел түрде
бұзу кінәсі тағылған. «Қара тізімге» енген тұлғалардың басым көпшілігі сот билігінң және құқық қоғау органдырының өкілдері. Қазіргі
кезде Еуро одақ аумағына кіруге рұқсаты жоқ Беларусь азаматтырының
жалпы саны 200 ден астам.
Өз кезгінде Еуро
одақтың сыртқы істер және
саяси қауіпсіздік жөніндегі жөғары
өкілі Кетрин Эштан Беларусиядағы
Еуро одақ мемлекеттерінің елшілерін
елге қайтару жауапты әрекетін қолдануға
шақырды. Бруссельде өткен Еуро одаққа
мүше мемлекеттерінің жиналысында бұл
шешім қолдауын тапты.
Саясат саласындағы сарапшылардың
айтуынша Беларусь Республикасында саясатты
тек бір адам жүргізеді, Ол- мемлекет президенті
А. Лукашенко. Бұған дәлел шұғыл және көңіл-
күйге байланысты қабылданған шешім Беларусь
пен Еуро одақ арасындағы суық қарым қатынастарын
әрі қарай өршітті.
Беларусь басшылығының осындай
қатты шараларға жүгінуі арқылы Минскпен
Мәскеу арасындағы қатынастырдың ары
қарай нығайуына себеп болып отыр және
осы арқылы Беларусь тарапы өзінің Ресей
федерациясына сенімді әріптесі екенін
дәлелдемек болды. Эканомика саласындағы
сарапшылар Еуро одақпен Беларусьтің
дипломатиялық қарым қатынасы бұзылуы,
Беларусь экономикасына қатты зардыбын
тигізетіндігін айтты, Себебі, екі жақтық
импорт –экспорт тез азайып, ел экономикасына
шетелдік инвестицияғаларға тапшы болатындығына
күмән келтірмеді.