Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық – психологиялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2014 в 17:42, реферат

Описание работы

Кепілдік төлемдер мен қосымша ақылардың түсінігі және түрлері. Жалақы жұмыс берушінің қызметкер алдындағы жалғыз ақшалай міндеттемесі емес. Қазақстан Республикасының еңбек заңдары бірқатар жағдайларда қызметкердің еңбек шығынымен байланысты емес, алайда кепілдік сипатқа ие төлемдерді төлеуді көздейді. Кепілдік төлемдер қызметкерлердің материалдық мүдделерін қорғау мақсаттарында көзделген және олардың жалақысын төмендетуге жол бермейді. Мұндай төлемдердің басты мақсаты - қызметкердің қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау.

Содержание работы

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Қызметкердің мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезіндегі кепілдіктері
Медициналық тексеруден өту кезіндегі кепілдіктер
Біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілетін қызметкерлерге арналған кепілдіктер
Ұжымдық шарттарды және келісімдерді жасасу кезінде келіссөздерге қатысқаны үшін кепілдіктер.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

Файлы: 1 файл

enbek.docx

— 40.32 Кб (Скачать файл)

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті

 

Гуманитарлық ғылымдар факультеті

Білім технологиясы кафедрасы

 

 

Тақырыбы: Мектеп оқушыларының  тұлғалық қасиеттерін дамытудың   

                      педагогикалық – психологиялық негіздері.

 

 

 

                                                            Қабылдаған: Рахмет Ү.

                                                            Орындаған: Гайратова Н.

                                                            Тобы: ППМ -111

 

 

Түркістан 2014

Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

  1. Қызметкердің мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезіндегі кепілдіктері
  2. Медициналық тексеруден өту кезіндегі кепілдіктер
  3. Біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілетін қызметкерлерге арналған кепілдіктер
  4. Ұжымдық шарттарды және келісімдерді жасасу кезінде келіссөздерге қатысқаны үшін кепілдіктер.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кепілдік төлемдер мен қосымша ақылардың түсінігі және түрлері. Жалақы жұмыс берушінің қызметкер алдындағы жалғыз ақшалай міндеттемесі емес. Қазақстан Республикасының еңбек заңдары бірқатар жағдайларда қызметкердің еңбек шығынымен байланысты емес, алайда кепілдік сипатқа ие төлемдерді төлеуді көздейді. Кепілдік төлемдер қызметкерлердің материалдық мүдделерін қорғау мақсаттарында көзделген және олардың жалақысын төмендетуге жол бермейді. Мұндай төлемдердің басты мақсаты - қызметкердің қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау.

Кепілдік төлемдер ретінде заңда көзделген себепті жағдайларда қызметкердің өз еңбек міндеттерін іс жүзінде орындамаған уақытында төленетін төлемдер танылады. Олардың жалақыдан айырмашылығы мынада: жалақы еңбектің нәтижесінде төленсе, кепілдік төлемдер еңбек және оның нәтижелері үшін төленбейді, заңдарда көзделген жағдайларда еңбекке ақы төлеуді кепілдейді. Кепілдік төлемдер мынадай жағдайларда белгіленеді:

  1. Қызметкердің мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезіндегі кепілдіктері

«ҚР еңбек туралы» заңының 80- бабы.

Жұмыс беруші қызметкерлерді оның жұмыс орнын (қызметін) сақтай

отырып, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытына жұмыстан босата алады.

Мерзімді әскери қызметін өтеп қайтқан қызметкерлердің нақ сол әскерге шақырылған кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқығы болады.

Байқап отырғанымыздай, ҚР «Еңбек туралы» заңына (80-бабы) сәйкес, жұмыс беруші қызметкерді оның жұмыс орнын (қызметін) сақтай отырып, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытына жұмыстан босата алады. Бұл депутаттарды сайлау және олардың мәртебесі туралы заңдарға сәйкес депутаттық міндеттерді орындауына қатысты орын алуы мүмкін. Президентке үміткерлер, Парламент және мәслихаттардың депутаттары өздері тіркелген күннен бастап және сайлаудың қорытындысы жарияланғанға дейін жұмыстан (әскери қызметтен, әскери жиындардан) босатылады. Бұл кездегі орташа айлық жалақы мөлшеріндегі шығындар республикалық бюджеттің сайлауды жүргізуге бөлінген қаражаты есебінен өтеледі. Үміткерлердің сайлауға қатысқан уақыты олар өздері тіркелген күнге дейінгі мамандығы бойынша еңбек стажына есептеледі. Жалпы әскери міндет туралы заңда көзделген міндеттерді орындауға тартылған қызметкерлерге осы заңда көзделген кепілдіктер мен жеңілдіктер беріледі. Мерзімді әскери қызметін өтеп қайтқан қызметкерлердің нақ сол әскерге шақырылған кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқығы болады (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 80- бабы).

Жұмыс уақытында мемлекеттік міндеттерді орындаудың өзге де жағдайларына мыналарды жатқызуға болады: анықтама, алдын – ала тергеу органдарының, пркурордың және соттың шақыруы бойынша осы органдарға куә, жәбірленуші, сарапшы, маман, аудармашы, куәгер және т.б. ретінде келу. Бұл жағдайда қызметкердің орташа жалақысын оны жұмыс уақытында осы міндеттерге тартқан орган төлейді.

Мерзімді әскери қызметін өтеп қайтқан қызметкедің нақ сол әскерге шақырылған кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқығы болады (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 80 – бабы). Оған бұрынғы жұмысы немесе осы ұйымдағы басқа жұмыс ұсынылуы мүмкін.

Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері өз мүшелерінің мүдделерін қорғау мақсатында қоғамдық міндеттерді орындау үшін кәсіподақтық білім алу, съездердің, пленумдардың, төралқалардың, конверециялардың жұмысына қатысу кезінде жұмысынан босатылады. Жұмыстан босату жағдайлары және еңбекке ақы төлеу тәртібі ұжымдық шарттарда және келісімдерде көзделеді (ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңының 19 – бабы).

  1. Медициналық тексеруден өту кезіндегі кепілдіктер.

ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 81 – бабы

Мерзімді медициналық тексеруден өту кезінде жұмыс берушінің

есебінен осындай тексеруден өтуге міндетті қызметкердің жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы сақталады. Еңбектің қауіпсіздік жағдайын және кәсіптік аурулардың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші қызметкерлерге қатысты алдын – ала (жұмысқа кіру кезіндегі) мерзімді медициналық тексерулер ұйымдастыру қажет.

Міндетті мерзімді медициналық тексеруді келесі санаттағы қызметкерлер өтуі тиіс:

  • ауыр дене жұмысын немесе зиянды немесе қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін тұлғалар;
  • кәмелетке толмаған қызметкерлер;
  • тамақ өнеркәсібі ұйымдарындағы қызметкерлер;
  • қоғамдық тамақтану және сауда саласындағы қызметкерлер;
  • емдеу – сауықтыру және балабақша мекемелеріндегі қызметкерлер;
  • білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер;
  • көлік және т.б. ұйымдарындағы қызметкерлер.

Мерзімді медициналық тексеруден өту кезінде осындай тексеруден

өтуге міндетті қызметкерлердің жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы сақталады.

  1. Біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілетін

қызметкерлерге арналған кепілдіктер

«ҚР еңбек туралы» заңының 82 – бабы

Жұмыс берушінің қызметкерді өндірістен қол үзіп, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберген кезде оның жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы сақталады.

Бұл жағдайда біліктілікті көтеру ретінде екінші мамандыққа үйренуді, кәсіби дайындықтан өтуді және т.б білдіреді.Бұл жағдайда қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

Сонымен қатар, өндірістен қол үзіп, біліктілігін арттыруға жіберілген қызметкердің жұмыс орнының (қызметінің) сақталуы мынаны білдіреді: егер қызметкердің біліктілігін көтеруі аяқталған соң жұмыс беруші оған бұрынғы жұмыс орнын қамтамасыз ете алмаса, онда өзара келісімнің негізінде мамандығы немесе біліктілігі қызметкерлер біліктілігін көтергенге дейін істеген жұмысының мамандығына немесе біліктілігінен төмен емес басқа жұмыс (лауазым) берілуі тиіс.

Қызметкерлерді басқа жерге оқуға жіберген жағдайда оқу орнына баратын және қайтатын жол шығыны және жолда болған уақыттағы және оқу кезіндегі тәулікақылар (егер тамақтану тегін болмаса) төленеді.

Сонымен қатар, жұмыс берушінің мүдделерін көздеп кадрлар дайындау үшін жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен қызметкерді оқытуға немесе оқуға жіберуге құқығы бар. Бұл жағдайда жұмыс берушінің қаражаты есебінен оқыған, біліктілігін арттырған немесе қайта даярлаудан өткен қызметкер сол жұмыс берушіде тараптардың жеке еңбек шартында келіскен мерзімінде жұмыс істеуге міндетті. Қызметкердің бастамасы бойынша немесе қызметкердің кінәсі салдарынан жұмыс берушінің бастамасы бойынша жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушіге қызметкер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмыс істеу мерзімінің істелмеген мерзіміне бара-бар етіп, толығымен төлейді (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 88-бабы).

  1. Ұжымдық шарттарды және келісімдерді жасасу кезінде келіссөздерге қатысқаны үшін кепілдіктер.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес, ұжымдық келіссөздерге қатысушы

тұлғалар бір жыл бойына үш айдан аспайтын мерзімге орташа жалақысы сақтала отырып негізгі жұмысынан босатылады. Келіссөздерге қатысумен байланысты орын алған шығындардың барлығы еңбек туралы заңдарда, ұжымдық шартта, келісімде белгіленген тәртіп бойынша өтеледі.

  1. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы кезіндегі кепілдіктер.

Бұл кепілдік қызметкердің ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының барлық күндеріне таралады. ҚР «ҚР еңбек туралы» заңына сәйкес қызметкерлерге кемінде күнтізбелік он сегіз күн болатын ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі. Еңбек демалысы үшін кепілді төлем еңбек демалысына шығардың алдында, бірақ ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жүргізіледі. Жоғарыда аталған кепілді төлемдер саны бойынша да, мөлшері бойынша да осымен шектелмейді. Ұжымдық және жеке еңбек шартында өзге де кепілді төлемдер, сонымен қатар жоғарыда аталған кепілді төлемдерді төлеудің өзге де жағдайлары көзделіп өтуі мүмкін. Алайда, барлық жағдайларда олар еңбек заңдарында және келісімдерде анықталғаннан төмен болмауы тиіс.

Кепілді төлемдерден қосымша ақыларды ажырата білген жөн.

Бұл жердегі айырмашылық мынада: егер төлемдер қызметтен себепті жағдайлар бойынша босану кезі үшін көзделсе, кепілді қосымша ақылар жалақыны негізсіз азайтудың алдын алу мақсаттарында белгіленеді.

Кепілді қосымша ақылардың кейбір түрлерін қарастырып өтелік.

  1. 18 жасқа толмаған қызметкерлерге күнделікті жұмыстың қысқартылған ұзақтығы кезінде төленетін қосымша ақылар. 18 жасқа толмаған қызметкерлерге күнделікті жұмыстың қысқартылған ұзақтығы кезінде төленетін жалақы күнделіктк жұмыстың толық ұзақтығы кезінде тиісті санат қызметкерлерінің жалақысындай мөлшерде төленеді. Кесімді жұмыстарға жіберілген аталған тұлғалардың еңбегі ересек адамдар үшін белгіленген кесімді баға бойынша және күнделікті жұмыстың қысқартылған ұзақтығы уақыты үшін тарифтік ставкалармен белгіленген қосымша ақымен қоса төленеді.
  2. Жұмыспен байланысты зақыммен немесе денсаулыққа келтірілген өзге де жарақатқа сәйкес жалақысы төмен жұмысқа уақытша ауысқан кездегі қосымша ақылар. Жұмыспен байланысты жарақатпен немесе денсаулыққа келтірілген өзге де зақымға сәйкес жалақысы төмен жұмысқа уақытша ауысқан қызметкерлерге бұрынғы жалақысы мен жаңа жұмысындағы жалақы арасындағы айырмашылық төленеді. Мұндай айырмашылық қызметкердің еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге дейін немесе еңбекке қабілеттілігінен толығымен айырылып, мүгедектік тобы тағайындалғанға дейін төленеді.
  3. Заңдарда қызметкердің денсаулыұқ жағдайы бойынша жеңіл жалақысы төмен жұмысқа ауысуы кезінде бұрынғы орташа жалақысының сақталуының немесе мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақылар төлеудің өзге де жағдайлары көзделген. Бұл ретте кепілді қосымша ақы бұрынғы жалақы мен жаңа жұмыстағы жалақының арасындағы айырмашылықты құрайды.
  4. Өндірістік қажеттілік немесе іркіліс жағдайларында басқа жұмысқа уақытша ауысу кезіндегі қосымша ақылар. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда жұмыс берушінің қызметкерді оның келісімінсіз бір айға дейінгі мерзімге еңбегіне атқаратын жұмысы бойынша, бірақ бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысынан кем емес ақы төлей отырып, жеке еңбек шартында келісілмеген және оның денсаулық жағдайына зақым келтірмейтін сол жердегі, сол ұйымдағы басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар. Бұл ретте кепілді қосымша ақыны бұрыңғы жұмысындағы орташа айлық жалақы мен жаңа жұмысындағы жалақының арасындағы айырмашылық құрайды.

Іркіліс жағдайында жалақысы төмен жұмысқа ауысқан кезде еңбек нормаларын орындайтын қызметкерлердің бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысы сақталады, ал еңбек нормаларын орындамайтын немесе ақысы мерзімді төленетін жұмысқа ауысқан қызметкерлер үшін тарифтік ставка (лауазымдық жалақы) сақталады.Бұл жерде де кепілді қосымша ақыны бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақы (немесе тарифтік ставка) мен жаңа жұмысындағы жалақының арасындағы айырмашылық құрайды.

Өтемақалық төлемдер және олардың түрлері.Өтемақылық деп қызметкерге еңбек міндеттерін орындамен немесе басқа жерге жұмысқа ауысуы себепті көшуімен байланысты шығындарды өтеу мақсаттарына ие  төлемдер аталады.

ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 83-бабы

Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар 

Қызметтік іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:

  1. Іссапарда болған уақыты үшін тәулікақылар;
  2. Тағайындалған жерге барып-қайту жолы бойынша шығындары;
  3. Тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары төленеді.

Қызметтік іссапар ретінде жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкердің белгілі бір мерзімге қызметтік тапсырманы орындау үшін жұмыс орнынан тыс жерге жол жүруі танылады. Қызметтік іссапардың мерзімі, жолға кеткен уақытты санамағанда, 40 күнмен шектелген,. Қызметкерлердің монтаждық, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсаттарына арналған қызметтік іссапары 1 жылдан аспауы тиіс.

Еңбек қызметтері тұрақты жүріп – тұрумен байланысты қызметкерлердің (мысалы, локомотив машинистерінің, алыс жерге жүретін автобус жүргізушілерінің, ұшқыштардың, кондукторлардың, жолсеріктердің және т.б.) қызметтік істер бойынша (тұрғылықты жері мен жұмыс орнынан тыс) жолға жүруі қызметтік іссапар болып табылмайды. Мұндай қызметкерлердің жалақысына жолдағы шығындар үшін өтемақылар алдын – ала енгізіледі.

Қызметтік іссапардың бүкіл уақытында қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады. Сонымен қатар, оларға мыналар төленеді:

  1. іссапарда болған уақыты үшін тәулікақылар;
  2. тағайындалған жерге барып-қайту жолы бойынша шығындары;
  3. тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары төленеді.

Тәулікақылар демалыс және мереке күндерін, кеткен және келген күнді қосқанда, қызметтік іссапардың әрбір күні үшін төленеді. Егер қызметкер бір күн ішінде өзінің тұрғылықты жеріне қайтып келу мүмкіндігіне ие болса, онда қызметтік іссапар үшін тәулікақылар төленбейді.

Информация о работе Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық – психологиялық негіздері