Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2014 в 17:42, реферат
Кепілдік төлемдер мен қосымша ақылардың түсінігі және түрлері. Жалақы жұмыс берушінің қызметкер алдындағы жалғыз ақшалай міндеттемесі емес. Қазақстан Республикасының еңбек заңдары бірқатар жағдайларда қызметкердің еңбек шығынымен байланысты емес, алайда кепілдік сипатқа ие төлемдерді төлеуді көздейді. Кепілдік төлемдер қызметкерлердің материалдық мүдделерін қорғау мақсаттарында көзделген және олардың жалақысын төмендетуге жол бермейді. Мұндай төлемдердің басты мақсаты - қызметкердің қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау.
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Қызметкердің мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезіндегі кепілдіктері
Медициналық тексеруден өту кезіндегі кепілдіктер
Біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілетін қызметкерлерге арналған кепілдіктер
Ұжымдық шарттарды және келісімдерді жасасу кезінде келіссөздерге қатысқаны үшін кепілдіктер.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Қызметтік іссапар орнында болған уақыт қызметтік іссапар куәлігіндегі қызметтік іссапар орнына кеткен және қызметтік іссапар орнынан шыққаны жөніндегі жазбалар арқылы анықталады. Егер қызметкер әр түрлі елді мекендерге қызметтік іссапарға жіберілсе, онда елді мекенге келген және одан кеткен күні туралы жазба әрбір елді мекенде жазылады және кәсіпорынның мөрімен күәландырады.
Қызметтік іссапарға кететін кезде қызметкерге жолға, тұрғын үйді жалдауға кететін шығындардың және тәулікақылардың мөлшеріндегі сомадағы ақшалай аванс беріледі. Қызметкер қызметтік іссапардан оралғаннан кейін үш күн ішінде жұмсалған сомалар туралы аванстық есеп беруі тиіс, бұған қызметтік іссапарлық куәлік, тұрғын үйді жалдағаны және жол шығындары туралы құжаттар тіркеледі.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 84 – бабы.
Қызметкерді ұйыммен бірге басқа жердегі жұмысқа ауыстыру кезіндегі шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшері тараптардың келісімімен белгіленеді.
Қызметкерді ұйыммеғн бірге басқа жердегі жұмысқа ауыстыру кезіндегі оған өзін және отбасын, мүлкін көшіргеніне қатысты шығындар өтеледі. Өтелетін шығындарға мыналар жатады:
Егер жұмыс беруші қызметкердің көшуі үшін көлік берсе, онда жол жүру және мүлікті көшіру құны төленбейді.
Әлеуметтік жәрдемақылар. Заңдарда еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша, жүктілік және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақылар, сонымен қатар бала асырап әйелдерге (еркектерге) әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау көзделген (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 85,86,87 - баптары).
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жалпы ауруларға байланысты (жарақат алуға, жүктілікті жасанды жолмен бұзуға, карантинге байланысты, туберкулез немесе кәсіптік ауру себебінен уақытша басқа жұмысқа ауыстырылған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында және заңдарда белгіленген басқа да жағдайларда тағайындалады.
Байқап отырғанымыздай,еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жалпы ауруларға қатысты ды, заңыдарда көзделген өзге жағдайларда да тағайындалған.Жұмыс берушіге өз қаражаты есебінен қызметкерлерге жалпы аурулармен, еңбекте мүгедек болуына және кәсіптік ауруына ауруына байланысты әлеуметттік жәрдемақылар төлеу жүктеледі. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық еңбектегі мүгедектікпен немесе кәсіптік аурумен байланысты болса, онда жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақыны еңбекке жарамсыздық орын алған бірінші күннен бастап, жұмысқа шыққанға дейін мүгедектігі анықталғанға дейін орташа жалақысының жүз проценті мөлшерінде төлейді.
Егер еңбекке уақытша жарамсыздық жұмыс кезеңінде, соның ішіндегі, сынақ мерзімінде туындаса, жұмыстың ұзақтығына және еңбекке уақытша жарамсыздықтың туындағансәтіне қарамастан аталған жәрдемақы төленеді.
Карантин кезіндегі, егер қызметкердің жанындағы адамдардың жұқпалы аурумен ауырғанына қатысты оны санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары жұмыстан босатса, әлеуметік жәрдемақы төленеді.
ҚР «ҚРеңбек туралы» заңының 86- бабы
Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақылар мен бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау
Жүтілік және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақылар,сондай-ақ тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтік жәрдемақылар жүктілік пен босану бойынша бүкүл демалысқа немесе бала асрап алған күннен бастап, сәбидің туған күнінен елу алты күн өтгенге дейінгі кезең үшін демалысқа тағайындалады.
Мұндай әлеуметтік жәрдемақыны алу құқығына босанған және балаларды тікілей перзентханадан асырап алған тұлғалар иеленеді.бұл жәрдемақы жүктілік және босану бойынша бүкүл демалысқа немесе бала асырап алған күннен бастап, сәбидің туған күнінен 56 күн өтгенге дейін кезең үшін демалысқа тағайыңдалады. Бұл жағдайда әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Мұндай жәрдемақыны алу құқығы қызметкерге еңбек стажына қарамастан тиесілі болады.
Жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге қатысты өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңдарда белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.