Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 21:26, реферат
Бүгінгі күні өмірдің өзі саясат сахнасына айналып кеткендей. Дейтұрғанменде, сол мінберден сөйлегендердің көпшілігі халықтың сенімінен шығып, көш бастай алмады. Саясат алаңынан шеттеп, белгілі бір серкелер ғана іріктеліп алға шықты. Солардың бірі, белді саясаткерге айналған тұлға Әлихан Бәйменов болды. Ал, кейбір саясаткерлеріміз сайлау қарсаңында белсенділік танытып көзге түскенімен, сайлау өте салып-ақ үні бәсеңдеп, қаперімізден де өше бастайды. Тынымсыз еңбектеніп, саяси-интеллектуальдық ойын арттыру мақсатында «Зерде» қорын құрып, «Темірқазық» пікірталас клубын өткізу арқылы қоғамда жақсы көзқарас қалыптастырып отырған Әлихан мырзамен кез-келген тақырыпта әңгімелесіп, көкейдегі сұрағыңызға толыққанды жауап ала аласыз
Бүгінгі күні өмірдің өзі саясат сахнасына айналып кеткендей. Дейтұрғанменде, сол мінберден сөйлегендердің көпшілігі халықтың сенімінен шығып, көш бастай алмады. Саясат алаңынан шеттеп, белгілі бір серкелер ғана іріктеліп алға шықты. Солардың бірі, белді саясаткерге айналған тұлға Әлихан Бәйменов болды. Ал, кейбір саясаткерлеріміз сайлау қарсаңында белсенділік танытып көзге түскенімен, сайлау өте салып-ақ үні бәсеңдеп, қаперімізден де өше бастайды. Тынымсыз еңбектеніп, саяси-интеллектуальдық ойын арттыру мақсатында «Зерде» қорын құрып, «Темірқазық» пікірталас клубын өткізу арқылы қоғамда жақсы көзқарас қалыптастырып отырған Әлихан мырзамен кез-келген тақырыпта әңгімелесіп, көкейдегі сұрағыңызға толыққанды жауап ала аласыз. Саясат туралы айтылған ойлары мен зерттеулері бұған дейін де көптеген бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып келеді. Бүгін біз сол тек саясатта ғана емес, әдебиет пен мәдениетте де, білім мен имандылық жөнінде де тұшымды ойлар айтып жүрген «Ақжол» партиясының төрағасы, «Зерде» қорының және «Тоғызқұмалақ» федерациясының президенті, белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Әлихан Бәйменовке жолығып, ой бөлістік. Әлихан Мұхамедияұлы кейінгі уақытта өзінің Астанадағы «Темірқазық» пікірталас клубы арқылы «Біз кімбіз» деген тақырып аясында дөңгелек үстел өткізіп келеді. Әңгіме әлқиссасы осы пәлсапаға толы үлкен сұрақтан бастау алған еді.
– Біздің кім екендігімізді анықтайтын қандай факторлар?
– Кез-келген халықтың
болмысын анықтайтын басты
Біз әлі де болса бұлғағы мен бұралаңы көп жолымызды анық саралап, оның бүгінгі күнгі болмысымызға әсерін толық зерттеп, зерделеп үлгерген жоқпыз. Кеңес дәуірінде тарих бізге көбіне-көп оқиғалардың тізбесі ретінде көрсетілді. Ал, шын мәнінде тарихтың бүгінгі күнге әсерін сезіну үшін тек оқиғаларды емес, сонымен қатар негізгі үрдістерді, әр кезеңде қоғам алдында туындаған сынақтар мен жаңа талаптарды талдауымыз кажет. Сол алуан үрдістер, табиғат, қоршаған ортадағы өзгерістердің қоғамға әсері көп таразыланған жоқ.
Егер дәстүріміз бен мәдениетімізді алсақ көптеген сыртқы факторлардың әсерінен бір кезеңдерде табиғи дамуы тежеуге де ұшыраған елміз. Діни тұрғыдан алсақ, исламның бізге жеткенге дейін де және бізге келгеннен кейін де жергілікті дәстүрлермен, жергілікті нанымдармен ұштасып, кейбір жерінде қайшылықтарды мәміле арқылы шешіп, белгілі бір деңгейде шайылыңқырап келген ұстанымы бар халықпыз.
Азаматтық саяси тарихымызды
алсақ, бірнеше рет сыртқы
Басында отырықшыл
экономика негіздері мен
Оның үстіне ХХ ғасырдағы халқымыздың 40 пайызын жұтқан жасанды ашаршылық, ойлының, саналының бәрін жалмаған, үрейді санаға батпандап сіңірген жаппай қуғын-сүргін, 10 жылда екі рет әліппемізді ауыстыру арқылы мәңгүрттендіріп, өткенімізден қол үзгізу зор соққы болды. Бас-аяғы жиырма жылдың ішінде қайырылып соғып отырған құйын дауылдар керегемізді жалаңаштап, түндігімізді ұшырып әкетті. Ал коммунистердің ақиқатқа монополия орнатуы, ұраншылдық пен науқаншылдығы, әлемнен оқшаулатып, сананы тұмшалауы, қоғамды азаматтар емес, тұрғындар деп қарауы өркениеттер көшінен кенже қалуымызға алып келді.
- Осы факторларды екшей келе, қоғам ретінде өзімізді кімбіз деп айта аламыз?
Осы факторларды саралай
келе құндылықтары шайылған
Мысалы, кез-келген алдыңғы қатарлы қоғамның бет-бейнесін, құндылықтарын анықтауда ең шешуші рөл атқарған – дінді алайық;
Бізде тәңірлікті дін деп ойлайтындар бар. Кезінде, осы далада Тәңірлік наным болды екен деп оны Ислам дініне қарсы қоюға болмайды. Бұлай жасаушылар адамзаттың даму эволюциясын дұрыс түсінбегендер. Бабалары кезінде арбаға мінгендер ұшақпен ұшпасын деп, арбаны ұшаққа қарсы қоюға болмайды ғой.
Пұтқа табыну, отқа табыну, суға табыну, күнге табыну сияқты нанымдар жер шарының барлық бөлігіндегі халықтарда болған. Бірақ, бүгінгі Еуропа кезінде ата-бабаларымызда осындай наным болды екен деп христиан дініне қарсы шығып жатқан жоқ. Сол себептен Тәңірлікті дін деп ойлау – дін дегеннің не екенін түсінбеуден туындайды.
Ал сопылыққа келетін болсақ, бүгінгі күні сопылықты бір ислами бағыт деп есептейтіндер қазақтың тарихын да, исламның тарихын да білмейтіндер. Сопылық, ол құлшылық ету тәсілі, құлшылық ету жолы. Бірақ исламның бөлек бағыты емес. Тіпті басқаны қойып оған дәлелді Абайдан да алуға болады. Абай орыс тілінен аударғанда, «монастырьдегі сопылар» деп, яғни монахтарды да сопылар деп атайды. Қазақ тілінде солай болып қалыптасқан. Яғни, сопылық исламның бір тармағы емес, ол рухани ізденістің, оның ішінде діни ізденістер тәсілдерінің жиынтығы екенін білместен, оны бір бағыт деп есептеушілер бар.
Әлемдегі өркениеттерді
анықтау негізінде қасиетті
Шүкір, қазір рухани ізденіске бейім ұрпақ қалыптасып келеді.
Бірақ, кәсібилікті құндылық деп білу әлсіз. Тек мемлекет қысымына ілікпей, біршама еркіндікке ие, күнделікті іс-қимылында бәсекелестік арқылы пайда көретін салаларда ғана кәсібилік қазір сұранысқа ие болды.
Мемлекеттік қызметте
де кәсібилік әлі сұранысқа
ие болмай тұр. Әкім мен
Өткеннен келген тағы бір әдет – лауазым, атақты кәсібиліктен жоғары қою. Оны түсінген билік марапттауды саяси құралға айналдырып жіберген.
Десек те, біз Кеңес дәуірінде белгілі бір деңгейде сауаттылыққа жеткен қоғамбыз. Бірақ, сауаттылық деңгейі біліктілік деңгейіне айналмай отыр. Кеңес дәуірінде бойымызды дендеген үрей әлі шырмап тұр. Қазір көзі ашықтардың көбіне көкірегі оянбай, көкірегі ояудың ақпарат-білімге қолы жетіңкіремей, ал көзі ашық, көкірегі ояуды қалтасы қалыңдар шеттеткен ахуалдамыз.
Дамыған елдер нарықтық
экономикаға, яғни қазіргі
Артықшылығымыз – біз едәуір ашық қоғамбыз. Бірақ біздің ашықтығымыз Поппер жазған Батыс ашықтығынан гөрі басқа.
Ашықтық кезінде көшпенді
мәдениеті табиғатына сай
Сонымен қатар қазақ халқы жаңалыққа құмар, жаңа ортаға тез бейімделгіш. Бұл да артықшылығымыз. Сол себептен дербестігіміз жаһанданудың жаңа үдеуімен тұспа-тұс келуі- бір жағынын сын, екінші жағынан үлкен мүмкіншілік
Бірнеше ғасыр сенім
мен заңнан билік жоғары
Бүгінгі қоғам ахуалын, моральдық дағдарысты біз ересектер өз жауапкершілігімізге алуымыз керек. Себебі, бүгінгі қоғамға ықпалды биліктегі де, қалталы да, парақор да, саясаткер мен зиялы да, орта және аға буын өкілдері.
Дегенмен қазір дін ислам елімізде өзіне лайық орын алу, жастар ішінде имандылыққа бет бұру, қазаққа тән білімпаздықты пайдаға асыру арқылы құндылықтарымыз қалпына келер деп сенемін.
- Алдыңғы қатарлы елдермен
терезе тенестіретіндей
– Формальді түрде
қалыптасып үлгерді. Бірақ
Мемлекеттіктің тірегі – азаматтық, отансүйгіштік. Азаматтықтың да, экономиканың да тұрақты алға қарай жүруі үшін қажет ішкі еркіндікті мемлекет әлі жолға қоймай келе жатыр. Отансүйгіштік жағынан алсаң санаға әсер ететін сыртқы формалардың өзі де кейде кеш дамып жатады. Мысалы, сіз қазір Көктөбеге шығып көз жіберіңізші, жанарыңызға неше ту ілінер екен? Бір-екеуі-ақ шалынар-ау… Ал егер Сіз Стамбулда кез-келген жерден қай жағыңызға қарасаңыз да, ондаған ту көресіз. Астана, әлемде мемелекеттік туы өте сирек ілінген астаналар санатында.
Азаматтық болу үшін, азаматтық құқықтарды жүзеге асыруға жағдай туғызу керек. Сонда ол азамат мемлекеттің бет-бейнесін анықтайтын болады. Сонда мемлекет мүддесін қоғам қорғай алады. Мүддені қорғау үшін мүддені түсіну керек. Мүддені жалғыз билеуші топ түсінбейді. Билеуші топтың мүмкіндіктері қоғамның мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін берілген.
Біз қалыптасып келе жатқан мемлекетпіз. Сол үрдіс тезірек өзінің бір нәтижесін беру үшін әлі де болса билік тарапынан да, қоғам тарапынан да үлкен ішкі жұмыс қажет.
-Қазіргі таңда пікірталас тудырып жүрген бір мәселе, латын қаріпіне көшу, көшпеуіміз. Осыған сіздің көзқарасыңыз?
-Тіл – тектік – этникалық ұғымда ұлттардың ең бірінші өзін- өзі анықтау факторы, екінші жағынан тіл – мәдениеттің негізі. Тіліміз ондаған жылдар бойы өте қиын жағдайда болды.
Тілдік ортамыз өзінен-өзі өмірдің жаңа талабына сәйкес дамып отыратын қасиетінен айрылып қалды.
Мысалы: күнделікті жаңа құбылыстар туындап жатыр. Сол жаңа құбылыстарды бейнелейтін сөздерді Терминком ойлап табуы міндет емес. Оны сол салада жұмыс жасайтын, соны пайдаланатын адамдар автоматты түрде ойлап табуы керек. Жаңа сөздердің туындау заңдылықтары жазылмай-ақ, біздің күнделікті санамызда болуы керек.
Бізде тіл әрі қарай дамып отыру үшін тағы бір шарт, тілді күнделікті қолданатындар жаңа қазақша ұғым енгізсе басқа жаққа алаңдамауы керек. Қазір бәріміз интернетті пайдаланамыз. Өткенде, маған «электрондық адресіңізді айтыңызшы» – дегенде, мен «Байменов құлақша хотмейл ком» (baimenov@hotmail.com) – дедім. Өйткені, ол белгі құлаққа ұқсайды ғой. Құлақша деп атап кетсе несі бар?! Солай атап кету керек.
Тәуелсіздік кезінде де кейбір өткеннен қалған дәстүрлеріміз кері әсерін тигізуде. Мысалы, бізде кәзір көшелерге, ауылдарға, тағы да басқа нысандарға адам атын беру дәстүрге айналып кеткен. Сол арқылы тіліміздегі атау беру мәдениетінің жоғалып кетуі мүмкін. Төменарық көшесі, я болмаса Сарыағаш көшесі болса, ол қазақтың ат беру мәдениетінің көрінісі. Немесе, Ылди көше, Өр көше, Алма көшесі, Қаражер, Сарытопырақ көшесі деп атаса. Мұның бәрі атау мәдениеті.
Мәдениеттің үзілісіне
өте қатты әсер еткен фактор
– ол екі рет әліппені
Айналдырған он бес жылдың ішінде атасы бір хәріп, баласы екінші, немересі үшінші хәріпті пайдалануға мәжбүр болды…
Кеңес идеологтары
халықтың түп-тамырына қалай
Қазақ әдебиетінде, қазақ тарихында осы адамзат тарихындағы бір халыққа қарсы жасалған теңдесі жоқ қылмыс айтылмайды. Тәуелсіздік кезінде жазылған тарих оқулығына мұның енбеуі – қылмыс. Жас ұрпақ кириллицамен әлімсақтан бері келе жатырмыз деп ойлайды. Қазақтың басым көпшілігі Махамбет пен Абайды, Шәкәрімді, Әлихан мен Мұстафаны түпнұсқасында оқи алмайды.
ХХІ-ақпарат ғасырында ақпаратты дер кезінде, кең көлемде алу және бүгінгі ақпарат, білім көздері болып табылатын интернетті, компьютерді, ұялы телефонды пайдалануда 42 әріптен тұратын алфавит қазаққа тұсау болып отыр. Біз осы себептен күн сайын қыруар қаржыны артық жұмсап отырмыз. Шет елге шыға қалсақ ешкім қазақ кириллицасын компьтеріне енгізбеген. Жыл өткен сайын әлемдік ақпараттық, білім жүйелерін пайдалану қымбаттай бермей үшін де латын харпіне көшу керек.