Біз жер шарының ұрпағымыз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 21:26, реферат

Описание работы

Бүгінгі күні өмірдің өзі саясат сахнасына айналып кеткендей. Дейтұрғанменде, сол мінберден сөйлегендердің көпшілігі халықтың сенімінен шығып, көш бастай алмады. Саясат алаңынан шеттеп, белгілі бір серкелер ғана іріктеліп алға шықты. Солардың бірі, белді саясаткерге айналған тұлға Әлихан Бәйменов болды. Ал, кейбір саясаткерлеріміз сайлау қарсаңында белсенділік танытып көзге түскенімен, сайлау өте салып-ақ үні бәсеңдеп, қаперімізден де өше бастайды. Тынымсыз еңбектеніп, саяси-интеллектуальдық ойын арттыру мақсатында «Зерде» қорын құрып, «Темірқазық» пікірталас клубын өткізу арқылы қоғамда жақсы көзқарас қалыптастырып отырған Әлихан мырзамен кез-келген тақырыпта әңгімелесіп, көкейдегі сұрағыңызға толыққанды жауап ала аласыз

Файлы: 1 файл

Биз жер шарынын урпагымыз.docx

— 33.18 Кб (Скачать файл)

 Ұлттық сананы отарлық  психологиядан арылтуда латын  харпіне көшу шешуші рөл атқарады. 3-4 сыныптан кейінгі барлық адам латын харпін біледі.

 Біз межелерді жария қойып үйренуіміз керек. Басқа ұлттың өкілдеріне бұл Сіздің тіліңізге қарсы жұмыс емес деп түсіндіруіміз қажет. Әлемде қандай да бір тілдің дамуы, басқа тілге қарсы жұмыс болып есептелмейді. Әйтпесе, әлемдегі бір мәдениеттің дамуы, екінші бір мәдениетті кемсітеді деген ұғымға алып келер еді.

 Сондықтан, осы бағытта  ашық жұмыстарға көшу керек. Мысалы: 2015 жылы латын тіліне көшеміз, оған дейін дайындық жұмыстар басталады деп. Құдайға шүкір, қазір қарап отырсам Қазақпарат агентігі қазақ тіліндегі өзінің сайтында біреуін латын әріпімен, үкіметтің сайттың бір бөлігі латын хәрпімен ақпарат таратып отыр.

 – Жер, ұлт мүддесі,  тіл – қазақты бір ғасыр бойы толғандырып келеді. Ұлт зиялыларының айтқаны, ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының ұсынысынан асып кете алмады? Неге? Сол жер, сол тіл, сол қазақ мүддесі… Айтыңызшы, ғасыр басында ұлт зиялыларын толғандырған жайттың XXI ғасыр басында да тәуелсіз Қазақ елін қайта толғандыра бастағаны калай? Сонда біздін идеологиялық жағынан тәуелсіздікке әлі қолымыз жеткен жоқ па?

- Мұның табиғи себептері  бар. Х!Х ғасыр ортасындағы Кенесары хан бастаған қозғалыс – қазақтың тәуелсіздікке ұмтылысының жүрегінде сақталғанын көрсеткен, Ресейлік патшаның астына кіргеннен кейінгі тұяқ серпісі іспетті болды. Содан кейін қазақ қоғамы үлкен дағдарысқа ұшырады. Сол дағдарысқа жауап ретінде Абай секілді ұлы тұлға туды.

 Абай буынының жиған-терген  тәжірибесіне сүйенген келесі  лек – 1870-1880 жылдары туғандар, ХХ ғасырдың басында өміріндегі өзекті сұрақтарға жауап іздей бастады. Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Тұрар Рысқұлов және Міржақып Дулатов секілді ірі тұлғаларымыз қазаққа қай мәселе өзекті, соны ұран қылып көтерді.

 Кеңес дәуірі кезінде қазақ осы табиғи саяси даму үрдісінде тежеліске ұшырады. Өйткені, ол жүйеге қазақ халқы бойында «Біз кімбіз?», «Біздің қандай мүддеміз бар?» деген ой туындамауы керек болды. Ондай ойы бар адамдардың бәрін 30-шы жылдары құртты. Одан кейінгі ұрпақтың бойын үрей биледі. Халықтың өз тізгіні өз қолында болмағандықтан, халық жетекшілерінің өзінде де «менің шешіміме халықтың тағдыры байланысты» деген дәстүр қалыптасқан жоқ. Қалай қалыптасады, тіпті, жай ғана Алматыдағы «Арасан» моншасын салу үшін Мәскеуден рұқсат алу керек болса! Сондықтан, бұл табиғи құбылыс. Біз саяси дамуымызда көзіміз ашылып, жалпы ағартушылық-сауаттылық деңгейіміз жоғарылағанымен жаңағы екі-үш соққы, жаппай қуғын-сүргін, оның ішіндегі ойлылардың, азаматтық сезімі барлардың бәрін қырып тастау – біздің қоғамдық санамыздың дамуын тежеді. Ұрпақ сабақтастығы үзілді. Әлихан мен Мұстафалардың шәкірттері қалмады. Олардың көтерген мәселесін 70 жыл бойы ешкім айта алмады. Сол себептен қазір бұл мәселелер қайта жандануда.

- Әлихан аға, Ұлт зиялысының шоғыры қалыптасып үлгерді деп ойлайсыз ба? Жалпы, сіздің ұғымыңыздағы зиялы қауым дегеніміз кімдер?

- Зиялы – өзінің күнделікті  пиғылы мен іс-қимылында мәңгі құндылықтарды, адамзаттық құндылықтарды, ұлттық құндылықтарды жоғары қоя білетін, биліктен материалдық тәуелсіз ойлайтын, байлыққа арын сатпайтын, өзінің күнделікіті іс-қимылымен, ағымдық құбылыстарға беретін бағасымен ұлтты алға жетелейтін, ұлттық сананың емшілері мен көшбасшылары.

 Осы өлшеммен келсек, әрине, жеке тұлғалар болғанымен  құбылыс ретінде зиялы қауым  қалыптасып үлгерген жоқ.

 Зиялы адам қоғамдық  мәселелерден оқшау жүре алмайды. Бірақ, сондай зиялылыққа сұраныс болған жоқ. Себебі 1920-1940 жылдары есеңгіреген қазақ бойын жимастан Ұлы Отан соғысы келіп килікті. Соғыс біткен соң енді қалпына келіп жатқанда тың игеру басталды. Содан 50 жылдардың аяғында ғана кәсібилік арқылы сұраныс бола бастады.

 Кеңес дәуірінде зиялы деп жоғары білімді мұғалім, жаза білетін жазушы, өнер қайраткерлері, белгілі бір кәсіп иелерін айта бастадық.

 Толық қанды зиялы  қауымға сұраныс тәуелсіздікпен ғана келді. Бірақ, ол егемендікке аспаннан салбыратып дайын 40-50 жасар адамды алып келмейсің ғой. Бүгінгі барымыз, сол бүгінгі барымыз. Бүгінгі барымыздың көбісін Кеңес дәуірі жалған құндылықтарға тәрбиеледі. Себебі олардың көбісі өзінің кәсіби өмірінде белгілі бір идеологияның тапсырысын орындаушылар болып кетті. Бұл олардың кінәсі емес, бұл олардың қасіреті. Олардың алдындағы дербес ойлаған үлгі алар лек жойылып кетті. Сабақтастық үзілді.

 Армян мен Әзірбайжан  да, Грузин де Кеңес дәуірінде өмір сүрді. Армян мен Грузиннің мәдени рухының, мәдени ерекшелігінің, тілдік, ділдік ерекшелігінің сақталып қалуында әрине сол елдердегі зиялы қауымның, оның ішінде дін басыларының да әсері болды. Шын мәнінде зиялының зиялысы – дін басылары болуға тиіс. Ағымдық, дүниеауи қызықтардан, пенделіктен жоғары болу – олар үшін табиғи болуы тиіс. Сондықтан біздегі зиялы қауым енді-енді қалыптасып келе жатыр деп айтсақ болады.

 Кезінде, ХІХ ғасырдың аяғында туған лек секілді, иншалла бізде де қазір рухани ізденіске құштар жас толқын буырқанып келеді. Қазіргі рухани дағдарыс пен дүниетанымдық дағдарысқа жауап ретінде сондай бір лектің келе жатқанына мен кәміл сенемін. Олар қазір ортамызда жүр. Олар жас өскіндер. Ол көзі ашық көкірегі ояу топ.

- Жаһандану заманында  ұлттық тарих қажет пе? Тарих  көп қорлық көріп, бұрмаланып келеді. Көптеген тарихшыларымыз қазақ тарихын тәуелсіздік алған жылдармен ғана байланыстырады.

-Керісінше Жаһандану  заманында онсыз да шайылған  құндылығы бар қоғам ретінде,  жалпы мәдени ерекшеліктерімізден  айырылып қалмас үшін, өзіміздің  орнымызды нық сезіну үшін  – тарих керек. Бірақ, шынайы тарих, ғылыми тарих. Біз тарихымызды дәлелі бар жерде мифтер мен аңыздардан арылтуымыз керек. Құдайға шүкір, қазақтың Жұбан ағамыз айтқандай «Мен қазақпын» деп көкірегін көтеріп айтатын тұстары көп тарихында. Бізге басқаның шапанын жамылудың керегі жоқ.

 Сонымен қатар біз  көшпенділер даласына да, Түркі  дүниесіне де ортақ тұлғаларды  ортақ деп айтып отырсақ ұтылмаймыз. Ортақ тарихымыз бар түркі халықтарынан оқшаулана бермеуіміз керек. Басқамыз аз ба? Абылайханымыз бен Әбілхайырымыз бар ма? Бар. Кенесарымыз бар. Соларды, Фарабиіміз бен Яссауийдің, Дулатидің, Абай мен Шәкәрімнің еңбектерін көбірек насихаттайық. Маған Испанияның елшісі айтып еді: «Сендер Фарабиді біздің адам деп мақтанасыңдар. Ал Фарабидің бір еңбегін оқыған неше қазақ барсыңдар» деп.

 Сондықтан тарихты  білу керек. Тіпті, біздің келер ұрпағымыздың өзі басқамен терезесін тең сезіну үшін де өзінің ата-бабаларының ұлы тарихын білуі керек. Бірақ оны әсірелемеу керек, жалған бояумен боямау керек. Бізде тіпті, киіз үйдің әрбір уығы мен керегесінің көзін әлемдік құбылыстармен байланыстырғысы келетіндер бар.

 Тәуелсіздік жылдарының  тарихи дамуымыздағы ерекше кезең  екені сөзсіз. Бірақ біз Қазақстанда  бұған дейінгі мемлекеттік құрылымдар  болған жоқ деп айтуға тиіс емеспіз. Олай айтуға болмайды. Онда «Қасымханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы», «Жеті жарғы» деген ұғымдар, мемлекеттің атрибуттары, қайдан шықты? Мемлекеттіліктің көшпелі экономика кезіндегі түрі отырықшыл экономикамен бірдей бола бермейді. Олай болатын болса, мысалы, Ұлы билеуші Шыңғысханның өзінде де мемлекет болған жоқ деп айтуға болар еді ғой. Оның барлық қоластындағыларды өнебойы қалаларда тұрмады деп мойындамай қоюға бола ма?

 Біз Орталық Азиядағы  туысқандарымызбен қай уақытқа  дейін бірге қайнасып сіңісіп жүрдік. Қай уақыттан бастап элиталық күрестер, хандардың өзара таластарынан кейін аражігі ажырай бастады. Осының барлығын ешқандай эмоциясыз, анық-қанығына жетіп қарау керек.

 

 Және де өткеніміздегі  түркі халықтарының арасындағы  бірлікке үндейтін оқиғаларды, тұлғаларды көбірек айту керек.

- Еңсесі биік елу елдің  қатарына кіру үшін бізге әлі де асар асулар бар секілді. Негізгілерін атап айтсаңыз?

-Елу қатып қалған тізім  емес. Барлығы дамып келеді. Мәселе қандай өлшеммен бағамдауда. Мұнайдың бағасы екі жүз доллар болатын болса, біздің орнымыз бүгін жоғарылайды. Не болмаса алпыс миллион емес, жүз миллион тонна өндіретін болсақ. Бірақ ол жаңағы Абылайхан, Әбілқайыр, Қасымхан, Есімхандардың, сол кездегі қарапайым қазақ халқының ерлігінің мұрасы.. Ол уақытта мұнай, көмір-темір әлі де бүкіл адамзаттың игілігіне бүгінгі деңгейдегідей жұмыс жасамағандықтан олар да, көршілеріміз де телегей-теңіз байлықтың үстінде отырғандарын аңғармаған болар. Ол да біздің бағымыз болуы мүмкін.

 Бірақ қазір жер асты байлығын біздің игілігімізге жұмыс жасату қазіргі ұрпақтың арына сын.

 Тұрақты, ұзақ мерзімді бәсекелестікке қабілетіміз – халқымыздың біліктілігімен, рухани және тән саулығымен анықталады.

 Сондықтан еңбекті,  білімді, біліктілікті, азаматтықты және имандылықты құрметтейтін жүйе құруымыз керек.

 Ішкі бәсекелестік  адал болса, кез-келген салада  шын тайбурылдар, шын жүйріктер,  шын сұңқарлар әлемдік аренаға Қазақстанның атынан шығып қатыса алатын болса, ол бизнесте де, экономикада да, мәдениетте де, әдебиетте де абыройға кенелер еді. Сонда қазақ халқының көптен мойыны озық болмақ. Ол үшін сол тайбуырыл тұлпарлардың жолында ешқандай шектеу болмай, керісінше, олар әділ бәсеке арқылы Қазақстанның ішкі жарысында жеңіске жетемін деген сенімі болуы керек!


Информация о работе Біз жер шарының ұрпағымыз