Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 20:26, реферат
Тіршіліктегі, қоршаған ортадағы құбылыстарға, таңғажайып дүниелерге қызығушылық орта ғасырда антикалық уақытпен салыстырғанда мүлдем басқаша болды. Егер аз уақытында Аристотель табиғат таңғажайыптарына таңдана біліп, олардың себептерін іздеуге тырысса, ал орта ғасырлық ғалымдар, мысалы, Августин Блаженный біздің біліміміз шектеулі екендігін, нағыз таңғажайып дегеніміз — ол дүниені Құдайдың жаратуы екендігін уағыздады.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Орта ғасырлардағы Қазақстандағы наным-сенімдер
Орта ғасырлық негізгі діни мәселе-Христиан діні
Ислам дінің шығу тарихы
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
Батыста да, Шығыста да «монахтық» жолға түсудің маңызы өте зор болды. Олар дүние-мүліктен, жанұя құрудан ерікті түрде бас тартты, «жарық дүниеден кетудің міндеттерін өз мойындарына алды. VI ғасырдың өзінде-ақ монастырлар әрі бай, әрі беделді діни орталықтарға айнала бастады. Ал кейбір монастырлар діннің ғана емес, білім мен мәдениеттің орталығына айналды. Монахтардың арасында асқан білімдар адамдар да болды. Солардың бірі — Англияның тарихы жайындағы ең алғашқы іргелі еңбектің авторы, өз заманының білімдері саналған монах Беда Достопочтенный болды. Ол VII ғасыр аяғы мен VIII ғасыр басында Англияның Солтүстік — Шығыс монастырларының бірінде өмір сүрген.
Доминикан орденінің (оның негізін 1215 жылы испандық монах Доминикан қалаған) мүшесі, ортағасырлар дәуірінің ең көрнекті философы Фома Аквинский (1226—1274 жылдар) құдай болмысының бес қағидасын тұжырымдады. XIX ғасыр аяғында католик шіркеуі Фома Аквинскийді дін, философия, тарих, саясат және құқық саласындағы мәңгілік «беделді тұлға» деп жариялады. XIII ғасыр «кедей монах ордендері» де құрыла бастады. Олардың мүшелері қалалар мен селоларды кезіп, қайыр-садақа есебінен ғана өмір сүрді және өздерінің кедейліктеріне халық тарапынан аяушылық туғызған бұл монахтар халық мәдениетінің дамуына үлкен ықпал жасады.
Бұл дәуірдегі монахтар ордендерінің ішінде, әсіресе, Бургундиядағы атақты Клюни монастырынан басқарылатын ең қуатты, ең бай Бенедикт ордені (VI ғасыр) ерекше роль атқарды. Өзіне екі мың монастырды бағындырған Клюни монастыры папа үкіметін күшейте отырып, Бенедикт шіркеу империясының басты орталығына айналды. Клюни монахтары құдайға құлшылық ету рәсімдерімен қатар шіркеу ғимараттарын салуга белсене араласты. Еуропада салынған ең таңғажайып ғимараттардың бірі — сегіз мұнарлы, әдемі капеллалармен қоршалған Клюнидегі Бенедикт орденінің Бас шіркеуі XI ғасыр аяғында монахтар артельдерінің күшімен салынды. Бірақ, бұл ескерткіш Наполеон біріншінің билігі кезінде тағылықпен қиратылды.
XII—XIII ғасыр католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы барған сайын күшейе түсті. Бұл кезеңнің ең беделді папасы Иннокентий III (1160—1216 жылдар) болды. Папа дөрежесінің асқақтағаны соншалық, оның қолын тек қана императорлар сүйе алатын болды, ал қалғандары аяқ киіміндегі кресті сүюмен ғана қанағаттанды. Римнің католиктік шіркеуі мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешуге араласты, экономикалық мәселелермен, коммерциялық қызметпен шұғылданудың арқасында дүние жүзінің ірі қаржы орталықтарының біріне айналды. Индульгенцияларды («кешірім» деген мағынаны білдіреді), яғни жасалған кінәлардің кешірілгендігі туралы грамоталарды сату ісі де папа билігінде болды. Ал мұндай ; индульгенциялардың бағасы адамның жасаған қылмысының ауыр-жеңілдігіне байланысты болды.
Орта ғасырлық Еуропа қоғамы — діни қоғам болды, міне сондықтан да орта ғасырлық еуропалықтар нағыз діндар адамдар болды. С. Аверинцевтің пікірі бойынша, біздер күнделікті өмірде жаңадан шыққан ғазеттерді қалай үзбей оқитын болсақ, оларда Библияны (інжілді) сондай құштарлықпен, үлкен үмітсеніммен оқитын болған. Демек, орта ғасырлық рухани мәдениетте христиан діні орасан зор рөл атқарды. Осы дәуірдеғі христиан идеологиясының адамгершілік бағыты — «Сенім», «Үміт» I және «Махаббат» үштіғінің бірлігіне тікелей байланысты болды. Бұл «Үштіктің» ішінде «Сенімге» үлкен мән беріліп, ол құдай жолына апарар «рухтың» ерекше бір жағдайы деп қарастырылды. Ал «Үміт» болатын болса, ол құдайдың көмегімен күнөдан арылуға тікелей байланысты. Бұл жолда қасиетті шіркеудің қағидалары мұлтіксіз орындалуы және тағдырға бой ұсынушылық басты шарттар болып саналады. «Махаббат» болса, ол ең бірінші кезекте құдай тағалаға деген махаббат, бұл адам баласының құдай жолына деген талпынысы болып табылады.
Шіркеу ілімі қоғамдық
ой-сананың басты ұйтқысына айналды және философия, логика, жараты
Дін басылары ең білімді
тап болғандықтан, христиан шіркеуі білім
беру жолындағы саясатты өздерінің қалауы
бойынша жүргізіп отырды. Міне, сондықтан
да болар, V—VI ғасырда Батыс Еуропаның
бүкіл мектептері шіркеу билігінде болды.
Мектепке оқушыларды қабылданудан бастап
оқу бағдарламаларын жасауға дейінгі
жүргізілетін жұмысстардың барлығын шіркеу
өзі жүргізді. Мұндағы басты мақсат —
шіркеу қызметкерлерін дайындап, тәрбиелеп
шығару болды. Осы орайда діни білім берумен
қатар, христиан шіркеуінің ежелгі заманның
білім беру жүйесінен мұра болып қалған
ақсүйектік мәдениеттің элементтерін
кеңінен қолданғанын да ерекше атап өткен
жөн сияқты, яғни «Жеті еркін өнер» — грамматика, риторика, арифме
Ислам дінінің шығу тарихы
Ислам – үш әлемдік діндердің ішінде ең жас дін болып саналады. Қазіргі уақытта мұсылмандар әлемнің 120 елдерінде өмір сүреді, мұсылман қауымдастығы 1,5 млрд. жуық, яғни бүкіл адамзаттың 20 %-ын құрайды.
Бұл дін Мысыр, Иордания, Тунис, Катар, Біріккен Араб эмираттары, Ирак, Иран, Кувейт, Марокко, Сауд Арабиясы және т.б. сияқты елдердің конституцисында өз көрінісін тауып, 28 мемлекетте мемлекеттік немесе ресми дін болып саналады. Мұсылмандардың шамамен ¾ 35 елдерде қоныстанған, бұл елдерде олар бүкіл халықтың 95%-дан 100%-ға дейін бөлікті құрайды, олар келесі елдер: Алжир, Ауғанстан, Бахрейн, Гамбия, Батыс Сахара, Индонезия, Иордания, Йемен, Катар, Коморы, Ливия, Мавритания, Мальдивы, Нигер, БАЭ, Оман, Сомали, Тунис, Түркия және т.б.
Ислам иудаизм мен христиандық діндер сияқты әлеуметтік-діни және тілдік ортада қалыптасқандықтан, қазіргі заманғы дінтану ғылымы оны аврааматикалық (иудеохристиандық) дәстүрге типологиялық туыстас болып қарастырады.
Оның негізгі ерекшелігі - ол дін мен құқық арасында, зайырлы және діни өмір арасында, сенім мен өмір сүру салты арасында нақты айырмашылықтардың болмауы.
Ислам сөзі араб тілінен аударғанда бағыныштылық деген сөзді, ал муслим немесе мұсылман атауы өзін Аллаға берілген, яғни мұндай бағыныштықты өмір сүру салты ретінде қабылдаған деген мағынаны білдіреді. Бұл дінге табынатын адамның өмірін шектеу әрекеті осымен түсіндіріледі.
Ислам VII ғ. Аравия түбегінде пайда болды. Бұл уақытқа қарай мұнда ежелгі таптық мемлекеттердің құлауы, транзиттік сауданың, дәстүрлі қоғамдық байланыстардың құлдырауы, көшпенділер мен отырықшы тайпалар арасында шиеленістің артуы сияқты объективті алғышарттар өрістей бастады. Осы барлық жағдай ортағасырлық араб халқының әлеуметтік және рухани ізденістерінде өз көрінісін тапты, оның нәтижесінде жаңа саяси құрылыстың – Халифаттың, жаңа этноконфессиялық қауымның – мұсылман қауымның (умма) қалыптасуына әсер етті. Исламға дейін араб халқында бір дін болмады, көп құдайларға сену болды, көпқұдайлылық уағыздалды. Бірақ біртіндеп жергілікті діндер арасында жалпыаравиялық құдайлар бөліне бастады. VII ғ. Аравияда курайшиттер тайпасы жоғарғы билікке жетеді, осыдан курашиттердің «илах» немесе «аль-илах» құдайы аз ықпалды және күшті тайпалардың құдайларын ығыстыра алды. Кейінірек, ол исламға жалғыз және нақты«Аллаха» құдайы ретінде енді.
Ислам қатаң монотеизмнің, яғни бірқұдайлылықтың діні болып табылады. Мысалы, бұл дінде Троица мәселесі – үшбірліктің, яғни Құдай-Әке, Құдай-Ұл, Құдай-Қасиетті Рух байланысы сияқты мәселесі кездеспейді. Алланың жалғыз болуы мен тұтас болуы туралы сенімнің әмбебап ұстанымы «Алладан басқа ешқандай құдай жоқ» деген формуламен айқындалады.
Тарихи тұрғыда ислам діні белгілі бір саяси орталығы жоқ, көптеген пұтқа табынушылық құдайлар пантеоны бар көшпенді, жартылай көшпенді және отырықшы тайпаларды біріктіріп, оларды адамзат тарихында өте маңызды және ықпалды дінге айналдырды. Исламның негізгі догматтардың пайда болуы мен қалыптасуы, оның әлемдік дінге айналуы қысқа мерзімде болды, тіпті ХІІІ ғ. араб өркениеті әлемнің жартысын қамтыды және өзінің мәдени дамуы бойынша ортағасырлық Батыстан озып түсті.
Қазақстандағы Ислам
Қазақстан жеріне және Орталық азия территориясына мұсылмандық идеялардың енуі б.з.д VII-VIIIғ. анықталады.
Қазіргі Қазақстан аумағында ислам дінінің тарауы бірнеше ғасырға созылған үрдіс. Алғашында жана дін ооңтүстік аудандарға енді. Х ғ. Соңында жетісу мен Сырдарияның отырықшы халықтарының арасында тұрақталды.
Ислам дінінің жергілікті халықтар арасына енуі бейбіт жолмен жүрді және халықты қыспаққа алмады. Исламды түрлі ұлтатар мен түрлі тап өкілдері өз еркімен қабылдады.
Ислам дінінің ХVІІ ғ.б. таралуы моңғол шапқыншылығы әсерімен тежелді, бұл шапқыншылық Орта Азия мен Қазақстанға діндік тәстүрлі діндері бар жаңа халық топтарын (түрлі түркі) моңғол тайпалары( әкелді. Көптеген қалалар қиратылып, ғылыми –мәдени орталықтар тоналып, мешіт-медреселер күл-талқан болды.
Алайда, жергілікті мәдени-рухани дәстүрлер кейін қиыншылықтарда жеңіп, уақыт өте келе қайта жаңғырды. Моңғол басқыншылары ислам дінін қабылдап, түркі тіліне көшті.
Берке хан (1255-1266) тұсында Алтын Орданың мұсылмандықты қабылдауынан кейін ислам діні нық тұрды. Бұл үрдіс келесі хандармен (Тудеменгу, Өзбек) жалғасын тапты.
Ислам дінінің көшпенді ақсүйектер арасында кең тарауы, (оның) мұсылмандық дін ілімінің барша қоғам таптарында нық орныққанын білдірмейді. Қарапайым халық ата-бабаларынан қалған діни түсінігін ұзақ сақтады.
Ислам діні XVғ. Жәнібек және Керей сұлтандары негізін салған қазақ хандығының ресми діні болды. Қазақ халқының қалыптасуы кезінде исламның енуі хандар билігінің нығаюына және әртүрлі қазақ руларының бір этникалық топқа бірігуіне ықпал етті.
Қазақ хандығының халқы ханафиттік мазхабтын сүнниттік ислам бағытын ұстанмен қоғамдық және жеке өмірде тәңіршілдік және шаманизм элементтерін исламмен араластыра қолданған.
Аймақтағы ислам дінінің нығаюы пұтқа табынушылықты ығыстырмады. Діни синкритизм, яғни пұтқа табыну мен ислам дінінің үйлесімі қалыптасты.
Осылайша, қазақ даласында исламға дейінгі наным-сенім элементтерін қамтыған халықтық ислам кең дамыды.
Исламның негізін салушы
Исламның негізін салған Мұхаммад пайғамбар, дәлме-дәл – Айтулы, Даңқты(570-632) – шынайы тарихи тұлға. Исламның Қасиетті жазуы – Құранды Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен уағыздаушы қызметі туралы мәліметтердің жалғыз сенімді дереккөзі ретінде есептейді. Өмірбаяндық сипаттағы алғашқы жазба шығармалар тек VIII ғ. ортасында пайда болды.
Генеологияға сәйкес, исламның негізін салушы Мұхамед пайғамбар Арабия түбегінің ең үлкен саудалық және діни орталығы болып есептелінетін Меккеде билік еткен курайш сияқты семит тайпасының Хашим деген атақты бай, бірақ одан кейін кедейленген рудан пайда болды делінген. Мұхаммед өте ерте ата-анасынан айрылды: әкесі (Абдұлла) оның дүниеге келуіне дейін қайтыс болды, ал шешесі (Амина) Мұхамедке 6 жас болғанда дүниеден қайтты. Ол Аравияның көшпенді және отырықшы тайпалардың 360 құдайлары сақталынған Кааба ғибадатхананың сақтаушысы болған өзінің атасында 8 жасқа дейін тәрбиеленді, атасы қайтыс болған соң оны туған ағасы Әбу-Талиб өзіне алады, ол Мұхамедті түйекеш және керуенші өнеріне үйретеді. Біраз уақыттан кейін оған немере қарындас болған және керуен саудамен айналысқан Хадиджа бай жесір әйелге қызметке барады. Біраздан кейін Мұхамед оның іс басқарушысы болып тағайындалады, ал одан кейін 595 ж. оған 25 жас, ал Хадиджаға 40 жас болғанда олар үйленеді. Оларда 6 немесе 7 бала туыпты, бірақ олардың ішінен тек 4 тірі қалған. Алайда жоғарыда айталғанның барлығы Мұхамед пайғамбар өмірінің күрделі рухани ізденістермен қосталынған тек сыртқы арқауы болып табылады.
Исламның дәстүрі бойынша құрандық ашылуына дейін Мұхамед иудей де, христианин де болмай тұра, ханиф (бір Құдайды ізденумен байланысты болатын Авраамның пайда болуынан бастап келе жатқан құдайды ізденуші формасы) болды екен, яғни монотеисттік сенімді ұстанды. 610 ж. қарай Мұхамедке әртүрлі елестеулер келе бастайды, «расул» елшісі рамазан айының 27 күнінде болатын «құдыреттілік түнде» Мұхамедке оның әулиелік міндетін ашқанын мұсылмандық доктринасы сендіреді. Дәстүрге сәйкес елші ретінде Гавриил періштесі (Джибрил – мұсылмандық мифологияда аллаға жақын Израил, Исрафил, Микал сияқты төрт періштенің бірі, оның міндетіне пайғамбарларға Алланың тапсырмасын жеткізу және еркін ашу болған) болғаны делінген.
Алғашқы уақытта Мұхамед нағыз туыстары мен достарының ортасында құпия түрінде өз өсиетін таратты. Ол бірнеше он шақты мүшелерден жиналған алғашқы мұсылмандық қауымдастықты құрай алды, одан кейін Мұхамед өз дінінің өсиетін көпшілік алдында таратуға кірісті. Әбу Талиб руымен болған туыстық ұзақ уақыт бойы Мұхамедті қала басқарушылары жағынан қуалаудан қорғады. Бірақ қорғаушысы қайтыс болғаннан кейін Мұхамед рудан қуғындалып, ол Йасриб деген алқапқа (кейінірек «Пайғамбар қаласы» - Медина деп аталған) өзінің көптеген ізбасарларымен құпия түрде қоныс аударды. Медина Меккадан солтүстікке қарай 350 шақырымда орналасты. Ресми нұсқа бойынша бұл қоныс аудару – Хиджра – 622 ж. 15 немесе 16 шілдеде болған, яғни ежелгі араб күнтізбе бойынша Жаңа жыл басталған күні. 16 жылдан кейін бұл күн жаңа жыл басы деп жарияланды (яғни қоныс аударудың – хиджраның бірінші күннен бастап мұсылмандар өз жыл санауын бастайды).
Мединада Мұхамед алғашқы мешітті салды, пайғамбардың еркін жіберілгендерінің бірі болған ол күшті дауыспен күнделікті істермен және жұмыстармен бас көтере алмаған мұсылмандарды намазға шақыртты. Дәл сол кезде мұсылмандық рәсімдердің басқа да ережелері айқындалады, ал Мұхамедтің насихаттарында қауымдастық өмірінің, оның мүшелерінің ережелері – мұрагерліктің, мүлікті бөлудің, неке қиюдың ұстанымдары, талаптары айтыла бастайды.
Мединалық кезең көптеген соғыстармен және әскери операциялармен белгіленген болатын. 624 ж. Мединаға жақын Бадр құдықтары қасында болған шайқасты атап өту қажет. Бұл шайқаста мұсылман халқы тайпалық және туысқандық мүдделеріне қарамастан мұсылмандық бірлікті алғаш рет көрсете білді. Өз жауынан сан жағынан әлсірек болуына қарамастан, мекке тұрғындарын қуғанға ұшыратып, мұсылмандар сөзсіз жеңіске жетті. Одан кейін басталған соғыс Мекканың толық жеңіліске ұшыраумен аяқталды, ал 630 ж. қаңтарда Мұхамед Кааба қаласын жаулап алып, онда барлық пұтқа табынушылық құдайларды жойып тастап, оны жаңа діннің орталығына айналдырды. Алайда, Мұхамед Медина қаласында тұра берді, тек 632 ж. соңғы қоштасу қажылығын жасап, туған қаласына барып келеді.
Информация о работе Орта ғасырлардағы Қазақстандағы наным-сенімдер