Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 20:26, реферат
Тіршіліктегі, қоршаған ортадағы құбылыстарға, таңғажайып дүниелерге қызығушылық орта ғасырда антикалық уақытпен салыстырғанда мүлдем басқаша болды. Егер аз уақытында Аристотель табиғат таңғажайыптарына таңдана біліп, олардың себептерін іздеуге тырысса, ал орта ғасырлық ғалымдар, мысалы, Августин Блаженный біздің біліміміз шектеулі екендігін, нағыз таңғажайып дегеніміз — ол дүниені Құдайдың жаратуы екендігін уағыздады.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Орта ғасырлардағы Қазақстандағы наным-сенімдер
Орта ғасырлық негізгі діни мәселе-Христиан діні
Ислам дінің шығу тарихы
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
Исламның негізін қалаушы Мұхамед Пайғамбар 632 ж. 8 маусымда дүние салды. Мұхамедтің қайтыс болған күні ислам діні Аравия түбегінде толығымен орнықты.
Исламның негізгі дереккөздері
Ислам дінінің негізі ретінде Құран болып табылады. Құранда бұл діннің негізгі қағидалары, ережелері көрсетілген. Мұсылман аңызы бойынша Құран қасиетті жазуы Мұхамед пайғамбардың Джебраил періштеден алынған және Алла тағының қасында аспанда сақталынған деп айтылады.
Тарихи мәліметтерге сәйкес Құран Пайғамбардың өлімінен кейін бірнеше онжылдықтардан кейін жазылғаны және өз таризында екі редакциядан өткені туралы делінеді. Сол редакциялардың біріншісі – ол Мұхамедтің жеке хатшысымен және оған барлық жақын адамдармен жазылған хаттары бірнеше жыл бойы жинақталған және салыстырылған кезде Омар халифпен құрастырылды. Екінші редакциясы, ең соңғы нұсқасы 644 жылдан 656 жылға дейінгі аралықта Осман халифі кезінде, яғни «Алла ашуларының» барлық тізімідері мен нұсқалары жинақталып, Құранның бірінші редакциясымен салыстырылып, әр түрлі нұсқаларды мақұлдап немесе қабылданбай, құрастырушылар барлық түпнұсқаларды жойған кезде жасалынды. Одан кейін жазба түрінде Құранның төрт дұрыс нұсқалары жасалынды, олар әлемнің төрт жағына: Шығысқа – Иранға, Парсы еліне, Батысқа – Мысырға, Солтүстікке – Сирияға, Ливан еліне, Иорданияға, Оңтүстікке – Йеменге жіберілді. Құранның алғашқы рәсімделген жазулары VII-VIII ғғ. болды, ары-қарай Інжілден гөрі Құран редакциялық-әдеби өңдеуге ұшырамады.
Құрандық мәтін рифмалық прозамен «таза араб тілінде» жазылған және 114 сүреден (тараудан) құралады. Ислам дәстүріне сәйкес Құранды аудару мүмкін емес, оны тек түсіндіруге болады, осыдан құрандық түсіндірмелер (тақсыр Әл-Құран) әдебиетінің көп санының пайда болуын түсіндіруге болады. Алайда осы діннің мәдени мирасқорлықтың қирауымен қосталған рулық құрылыстан таптық құрылысқа дейін екі тарихи кезеңнің межелігінде пайда болуына байланысты ежелгі Аравияның рухани өмірінің көптеген көріністері біздің түсінігіміз үшін әрқашан жоқ болуына әсер еткенін атап өту қажет. Тіпті арабтардың кейбір ұрпақтары идеологиялық тілде өз арғы аталарын түсінбей алмады, ал ортағасырларда Құранды түсіндірулерсіз мүлдем оқи алмайды. Сондықтан Құранның мәтінімен алғаш рет танысуға ұмтылатын адам нақты композициялық жолы бар біртұтас әдеби шығарманы іздемеу керек, яғни Құран ешбір жоспарсыз стихиялық түрде (ашулардың сәттері пайда болған кезде) жазылған болатын. Ол 610-632 жж. аралығындағы жиырма жыл ішінде пайғамбармен айтылған әртүрлі пікір сөздерден, өсиеттерден, «пайғамбарлық ашулардан», нақылдардан, дуалардан, этикалық-құқықтық және рәсімдік ұйғарымдардан тұрады.
Сурелер өлең шумақтарына бөлінеді (айа – «таңба», «белгі», «ғажап»; бізде «айат» деп айтылады), Құранда 6204-тен 6232-ге айат бар. Сүре мен айаттардың реттілігі де ережелерге бағынады, сүрелер ұзындығы бойынша: ең ұзын – басында, ең қысқасы – соңында орналасқан. Әдетте, сүрелер меккелік, яғни хиджраға (араб тілінде – қоныс аудару, кету – Мұхамедтің Меккадан Мединаға көшуі) дейін Меккеде пайғамбармен алынған ашулар болып және мединалық болып екіге бөлінеді. Редакцияға дейін Құран ауызша түрде ойда сақталынып беріліп отырды. Құранды жатқа білген адамдар хафиз деген атаққа ие болды. Ұзындығы мен орналасуына қарамастан барлық сүрелер «Бісміллә» - «Қайырымды, рақымшыл Аллах атымен» деген бұлжымас рәсімдік сөзден басталады.
Құранды ыңғайлы түрде пайдалану үшін әрбір сүреде өзінің бірінші сөзіне байланысты өз атауы болады, бірақ әдетте бұл атаулар сол тарауда мазмұндалған мәселеге ешбір байланысы болмайды. Құран «Фатиха» деген сүреден басталады. Бұл сүре исламға кіріспе ретінде болып табылады, өйткені оның мазмұнында исламның негізгі идеялары қысқаша түрде айтылған. Исламда сенімдер мен доктриналар христиандықта сияқты онша маңызды еместігін атап өту қажет. Ислам үшін тек белгілі бір діни оқытушылық пайымдауларды ұстанбау ғана емес, сонымен қатар адамдар нақты бір өмір салтпен өмір сүру қажеттілігі маңызды болып табылады. Исламда ортодоксиядан гөрі (дұрыс дін), ортопраксияны (дұрыс әрекет) ұстанады. Осымен әр мұсылман мұндай жағдайларда Пайғамбар сияқты жасау керек. Өзгеріп жатқан дүниеге қарамастан, мұсылмандар Мұхамед үлгісіне бет ұстау қажет және ол сияқты әрекет жасау керек. Осыған байланысты Құраннан кейінгі келесі дереккөз ретінде Сунна болады. Сунна (араб тілінде – жол, үлгі, мысал) барлық өмірлік мәселелерді шешуде әрекет етудің үлгісі болатын Мұхамедтің және оның ізбасарларының пікірлері (каул) мен істері (фи'л) туралы куәлік қағаз ретінде болып табылады. Ол ІХ ғ. мұсылмандық дін мамандарымен құрастырылған болатын. Сунна хадистер (сунниттерде) және ахбарлар (шииттерде, араб тілінде – шиттік имамдарға берілген хат, әңгіме) түрінде жазылған.
Композиялқ тұрғыдан, әрбір хадис әңгіменің өзінен (матн) және оны таратушылардың тізбегін көрсететін сілтемеден (иснад) тұрады. Мұхамедтің ең жақын ортасынан келетін хадистер күшті иснады бар хадистер деп аталады, ал сенімсіз хадистерге әлсіз синады бар хадистер жатады. Жалпы айтқанда, Суннаны білмейтін білімді мұсылман, дін маманы, факих ( араб тілінде – тұсіну, білу; мұсылман заңгері, фикха мәслелері бойынша маман) ретінде болу мүмкін емес.
Негізгі ағымдар
Сүннеттер (толық атауы – әхл ас-сунна ва-ль-джама) – сүннет адамдары мен қауым келісімі) – бұл Х-ХІ ғғ. ағым сияқты құрылған ортодоксалды бағыттағы өкілдер. Сүннеттер шиизмге қарсы көзқараста болса да, шиизмге қарағанда термині нақты мазмұнды береді, сонымен қатар парыздардың жалпы бекітілген жинағы жоқ. Бірақ нақты сүннеттер Алидің ерекше табиғаты туралы идеяларды және оның мұрагерлерінің имаматқа құқықлы екендігі қарсы көзқараста, олар тек қана өздері (Сүннеттер) нақты Құранға сай деп санайды, сонымен қатар Мұхаммед және оның жалғастырушыларын көрсетіп, яғни дәстүрге сай деп санайды. Шииттерге қарағанда Суннаны құқық пен сенімге үйрену көздері Құранмен бірге тең құқылы деп есептейді. Сүннеттердің көз қарасына сәйкес басшылыққа мұрагерлікпен ғана емес, сонымен қатар өздерінің қабілеттеріне байланысты пайғамбарға жақын таңдаулы адамдарынан немесе оның оқушыларынан сайланады. Осыдан басқа шииттермен иноверцтерге байланысты қарама-қайшылықтар бар, оларға салттары, заңды шешім қабылдаулар принципі, азаматтық құқық жатады. Қазіргі әлемде сүннеттер мұсылман әлемінің көп бөлігін алады (85% жуық).
Шииттер (араб тілінен шиа – привержендер, топтар, партиялар) – Алиді қолдағандар және оны Мұхаммед Пайғамбардың жалғыз заңды мұрагері деп санады, яғни мұсылман басшысы – имам – Мұхаммедтің қанды туыстары бола алады. Али өлгеннен кейін басшылыққа мұрагердің келуі шииттердің нұсқасы бойынша пайғамбардың немерелері Хасан мен Хусейн болуы керек. Бірақ олар әкелері сияқты басшылық үшін шайқасқа қаза болды, алайда осы үш имам шиит имамдарының династиясына бас салды. Шиит имамдары Мұхаммед Пайғамбардан алған «пайғамбарлық рухымен» иеленген. Али Имам пайғамбармен қанды туыстықта болғандықтан оны Алладан берілгені, сондықтан Суннаны қабылдамайды, және Али имамның өмірі жайлы мәліметтерге бағынып хабар немесе ахбар деген өздерінің тарихына ғана сенеді. Шииттер саясаттық басшылыққа ие болмағандығын айта кету керек, осыған қарамастан осы қауымның рухани көшбасшылары болған. Жоғарғы діни басшылық – шиизде имамат деп аталатын үш имам ұрпақтарында ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Ең соңғы он екінші имам Мұхаммед ес – түссіз жоғалып кетті, осылай «сырлы имам» туралы оқыту пайда болды (араб тілінен – әл-имам әл ғаиб). Шииттердің нұсқасына сәйкес имам тірі деп саналады, бірақ адамдарға көрінбейді, Аллах оны қажетті уақыттарға дейін тауларда тығып қойған деген, керек уақытында жерге қайта келеді. «Сырлы имамға» сену осы бағыттың басты парыздарының бірі, шииттердің бойында сенімді және бейбіт өмір жолдарында оның мәртебесінің күшіне байланысты діни адалдықты орнатуға үмітін сақтайды. Қазіргі деңгейде шииттер мұсылман әлемінің біраз бөлігін қамтиды (мұсылмандардың жалпа санынан ¼ төмен) және Иранда, Иракта, Ливанда, Йеменде және Бахрейнде таратылды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Электронды әдебиеттер:
5. http://e-history.kz/kz/
©
e-history.kz
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕФТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Орта ғасырлардағы діндер
Орындаған: Сарибаева А.
Тобы: 101-СДк «А»
Тексерген: Дүйсебаев М.
Шымкент 2015
Информация о работе Орта ғасырлардағы Қазақстандағы наным-сенімдер