Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 19:58, реферат

Описание работы

Бірінші кезекте, ҚМГ жұмыс нәтижесі кәсіптік деңгейден алғанда мінсіз болуы тиіс. ҚМГ-нің Лауазымды тұлғалары, Қызметкерлері сапалы білімге, жұмыс тәжірибесіне, салмақты және жауапты шешім қабылдау қабілетіне ие болуы тиіс. ҚМГ міндеттер қойып қана қоймай, өз қызметкерлері үшін кәсіби білімі мен дағды деңгейін арттыруға, өзінің кәсіби, шығармашылық қабілетін іске асыруға, әлеуетін дамытуға, мансап жағынан өсу перспективасына ие болуға мүмкіндік беретін жағдай жасайды.

Содержание работы

Басшылықтың үндеуі ............................................................................................3
Кодекстің миссиясы ....5
Мақсаты ....5
Кіріспе ....6
1-тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары ....7
2-тарау. Іскерлік этика нормалары.. ....9
2.1. Лауазымды тұлғалардың және Қызметкерлердің өзара қарым-қатынас этикасы..........................................................................................................................9
2.2. Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынас этикасы ..12
2.3. Мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас этикасы .........................12
2.4. Еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара қарым-қатынас этикасы ..........................12
2.5. Іскерлік серіктестермен өзара қарым-қатынас этикасы ..12
2.6. Қоғаммен өзара қарым-қатынас этикасы ..13
2.7. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қатынас этикасы .........................13
3-тарау. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау...................................................14
4-тарау. Іскерлік мінез-құлық ережесі .......................................................14
4.1. Әріптестермен қарым-қатынас ...................................................................14
4.2. Басшылық пен Қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас .........................15
4.3. Корпоративтік мәдениет .................................................................................15
4.3.1. Қызметкердің сыртқы келбеті және келіссөздер жүргізу
этикасы ......................................................................................................................15
4.3.2. Корпоративтік мерекелер ..........................................................................16
4.3.3. Қызметкерлердің туған күндері ..................................................................16
5-тарау. Құпиялылық................................................................................................16
6-тарау. Мүдделер қақтығысы...................................................................................17
7-тарау. Жауапкершілік ..18
8-тарау. Омбудсменнің құқықтары мен міндеттері............................................ 18
9-тарау. Іс жүзінде пайдаланылуы .........................................................................19
10-тарау. Кодексті түсіндіру және онымен танысу ................................................19
11-тарау. Қорытынды ................................................................................................20

Файлы: 1 файл

kodeks_kaz.doc

— 231.50 Кб (Скачать файл)

5) Адам тұлғасын құрметтеу

ҚМГ-нің Қызметкерлері  мен серіктестері нәсіліне, тіліне, саяси және діни көзқарастарына, жыныстық, ұлттық және мәдени тиесілігене қарамастан адал және әділ қарым-қатынасқа ие болуға құқылы.

6) Отан сүйгіштік

Мемлекет тарапынан  ҚМГ жүктелген жоғары сенім мен  оның әлеуметтік жауапкершілігі отан сүйгіштік сезімін және ұлттық экономиканың дамуы мен мемлекет үшін барынша көп пайданы қамтамасыз етуге ықпал ету ниетін тудырады.

9. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде ҚМГ:

         1) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтайды, Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің және мемлекеттік органдардың, ҚМГ қызметіне қатысты өзге де құжаттардың шешімдерін орындайды;

        2) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, тұрғын орнына немесе кез келген өзге жағдайға қарамастан адам және азамат құқықтарының, намысы мен абыройының сақталуын және құрметтелуін қамтамасыз етеді;

        3) мемлекет нышандары – Елтаңба, Ту, Әнұранға құрметпен қарайды;

        4) ҚМГ корпоративтік нышандарына құрметпен қарайды;

        5) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды, мемлекеттік және басқа да тілдерді, барлық елдердің салттарын құрметтейді;

  1. әділ және адал әрекет етеді, пара және ұқсас теріс іскерлік дағдыны, сондай-ақ іскерлік дағдыда қабылданғандардан басқа (бұл ретте осындай сыйлықтар маңызды болмауы тиіс және жиі сыйланбауы/қабылданбауы тиіс) сыйлықтар сыйлау және алу дағдысын қабылдамайды;
  2. Лауазымды тұлғалар мен Қызметкерлерге қатысты әділ, құрмет білдіреді және этикалық нормаларды сақтайды;
  3. оның мүдделі тұлғалармен барлық қарым-қатынастарының өзара тиімді болуына ұмтылады;
  4. қоршаған ортаға құрмет білдіреді және құнтты болады.

10. Жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы Қоғам мен барлық мүдделі тұлғалар арасындағы өзара құқықтардың орындалуына негізделген. Өзара құқықтардың сақталуы – сындарлы жұмыстың қажетті шартты.

 

2-тарау. Іскерлік этика нормалары

 

2.1. Лауазымды тұлғалардың және Қызметкерлердің өзара қарым-қатынас этикасы

11. ҚМГ-нің Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері кәсіби функцияларын мүдделер қақтығысын болдырмай, ҚМГ мен Жалғыз акционердің мүдделерінде адал және ақылға қонымды орындауға міндеттеме алады.

12. ҚМГ Лауазымды тұлғалары ҚМГ-нің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін Іскерлік этиканың негіз қалаушы құндылықтары мен қағидаттарын ескере отырып іскерлік шешімдер қабылдайды және олардың алдына қойылған міндеттердің іске асырылуы үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және ҚМГ-нің ішкі құқықтық құжаттарында көзделген жауапкершілікте болады.

  1. ҚМГ Лауазымды тұлғалары, Қызметкерлері лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке қарым-қатынасты немесе жеке пайданы емес, ҚМГ-нің мүддесін басшылыққа алуы тиіс.
  2. Әрбір Қызметкер осы Кодексте көзделген қағидаттарды әділ ұстануы, еңбек және ұжымдық шарттардың, ішкі еңбек тәртібінің, лауазымдық нұсқаулықтардың және ҚМГ өзге де ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауы, сондай-ақ оларды бұзу немесе сақтамау үшін өзінің жеке жауапкершілігін сезінуі тиіс.
  3. Жаңа Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде ҚМГ Қазақстан Республикасының заңнамасын және ҚМГ ішкі актілерінің талаптарын басшылыққа алады, анағұрлым жоғары біліктілікке және өндірістік тәжірибеге ие  үміткерлерге басымдық береді және қандай да болмасын белгілер бойынша ешқандай кемсітушілікке жол бермейді. Кадрларды іріктеу және көтеру ҚМГ ішкі актілеріне сәйкес кәсіби қабілеті, білімі мен дағдысы негізінде ғана, жыныстық, нәсілдік, саяси, діни және басқа да ұқсас себептер бойынша қандай да болмасын кемсітушіліксіз жүзеге асырылады.

16. ҚМГ өз бетімен білім алуға және кәсіби дамуға ұмтылған Қызметкерлерді көтермелейді және Қызметкерлерді оқыту және кәсіби дамыту бағдарламаларына сәйкес барлық деңгейдегі Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін тең және оңтайлы жағдай жасайды.

17. Сыйақы саласындағы саясат Қызметкерлердің кәсіби сапасы мен қабілетін, олардың еңбек нәтижелерін және қызметтің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуін мойындауға және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес ынталандыру мақсаттарында әлеуметтік пакет ұсынуға негізделеді.

  1. ҚМГ-нің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясаты өз Қызметкерлері үшін таза және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді және тұрақты жақсартуды көздейді.
  2. ҚМГ Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері өздерінің жұмысқа деген көзқарасымен және іс-әрекетімен ұжымда тұрақты және оң жағдайдың қалыптасуына ықпал етуі тиіс.
  3. ҚМГ-де жекелеген Лауазымды тұлғалар мен Қызметкерлерге міндетті түрде барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасының заңнамасы және/немесе ҚМГ ішкі құжаттары негізінен басқадай, қандай да болмасын артықшылықтар мен жеңілдіктер ұсынуға жол берілмейді.
  4. ҚМГ Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері жоғары білікті жұмыс жасау үшін барлық күш-жігерін салуы, ҚМГ-нің мүлігіні құнттылықпен қарауы, оны ұтымды және тиімді пайдалануы тиіс.
  5. ҚМГ Лауазымды тұлғадан бастап шешім қабылдайтын кез келген Қызметкерге дейін осы процестің кез келген кезеңінде мүдделер Қақтығысының туындауынан тәуелсіз шешімдердің қабылдануы үшін жауапты болады.
  6. ҚМГ Лауазымды тұлғалары, Қызметкерлері өздерін оларға (немесе олармен байланысты тұлғаларға) қатысты да, басқаларға қатысты да мүдделер Қақтығысы туындауы мүмкін жағдайды болдырмайтын етіп ұстауы тиіс.
  7. Лауазымды тұлғалар мен Қызметкерлер құпиялылық нормаларын бұзбай және Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің, сондай-ақ ҚМГ ішкі құжаттарының шешімдерін ескере отырып, бір біріне уақтылы шынайы ақпарат ұсынады.
  8. ҚМГ Лауазымды тұлғаларының шешімдер қабылдауы ашықтық және барабарлық қағидаттарына негізделуі тиіс.
  9. Лауазымды тұлғалар ҚМГ-мен немесе өзге мәселелермен байланысты мәмілелердегі, шарттардағы, жобалардағы кез келген коммерциялық немесе өзге де мүдделілік (тікелей немесе жанама) туралы ҚМГ-нің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен дереу хабарлауы тиіс.
  10. Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне аффилиирленген тұлғалар тізбесін беру үшін жауапты ҚМГ-нің құрылымдық бөлімшесіне басқа ұйымдарда жұмыстың орындалуы және/немесе лауазымның (лауазымдардың) бос болмауы туралы, тұрақты (негізгі) жұмыс (қызмет, кәсіпкерлік қызмет және т.с.с.) орнының өзгеруі туралы <span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-family: 'Times New R

Информация о работе Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары