Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2012 в 13:27, курсовая работа
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Кіріспе……………………………………………………………………..4
I-Бөлім. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1.«Эйр Астана» туралы жалпы түсінік………………………….…………....5
1.2. Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні….…………….........7
1.3. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері………………....10
II-Бөлім. «Эйр Астана» АҚ-ның өзіндік құнын және қаржылық талдауын жасау.
2.1. «Эйр Астана» әуекомпаниясына қаржылық талдау жасау………….…...14
2.2. Өнімнің өзіндік құнын талдаудың мәні …………..........………………...17
II-Бөлім. Өнімнің өзіндік құнын және шығындарын азайту жолдары.
3.1. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары …………...…………….…….18
3.2. « Эйр Астана» әуекомпаниясының еңбек өнімділігін арттыру және шығыстарын азайту жолдары………………………………………...…….…...19
Корытынды……………………………….……………………………..……....20
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................21
Қосымша…………………………………………………………………….……22
Шығындар денгейіне өндірістің техника-экономикалық факторлары үлкен әсерін тигізеді. Бұл әсер техника, технология өндірісті ұйымдастыру, өнім сапасы мен құрылымын және оны өндіру шығындары көлемінің өзгерісіне байланысты айқындалып отырады.
II - бөлім. «Эйр Астана» АҚ-ның өзіндік құнын және қаржылық талдауын жасау.
2.1.«Эйр Астана» әуекомпаниясына қаржылық талдау жасау.
Кесте 1.« Эйр Астана »АҚ-ның 2011 жылғы жыл іші жиынтық табыс жөніндегі есептілік.
«Эйр Астана» әуекомпаниясының рентабельдік көрсеткіші:
Қарастырып (қосымша 1, кесте 1) отырған мерзімдегі табыстардың осы мерзімде жұмсалған шығындардың қатынасына тең.
2011 жыл үшін рентабельдік : 113,320,114тг/103,161,834тг =1.09
2010 жыл үшін рентабельдік : 97,469,737тг/84,005,428тг =1.16
Рентабельдік - жұмсалған
капиталдың бір теңгесіне шаққандағы
алынған пайданың шамасын сипаттайтын
көрсеткіш.Яғни, рентабельдік- тиімділік‚
фирманың‚оның қызметінің табыстылық көрсеткі
Жолаушылар тасымалынан түскен табыстар.Сатылған билеттер тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетілген кезде табыс болып танылады.Сатылған,бірақ әлі пайдаланылмаған авиабилеттердің құны компанияның қаржылық жағдайы өніндегі есептілікте болашақ кезеңдердің табыстары ретінде көрсетілген. Қаржылық жағдай жөніндегі есептіліктің бұл жолы жолаушылардың тасымалдануына қарай, не жолаушы билетті қайтарған кезде азайтылады. Олар бойынша тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетілмейтін сатылған билеттер мерзімі аяқталатын кезеңде негізгі қызметтен алынған табыс болып танылады. Билеттің қолданысының ең ұзақ мерзімі бір жыл болады.Жолаушыларды тасымалдаудан түскен табыстар басқа авиакомпаниялармен жасалған “code–share” шарттары бойынша түсетін табыстарды қамтиды. Бұл шарттар бойынша компания осы әуекомпаниялардың рейстеріндегі орындарды сатады және бұл әуеакомпаниялар да компанияның рейстеріндегі орындарды сатады. Басқа әуекомпаниялардың рейстеріндегі орындарды сатудан алынған табыстар компанияның пайдаларының немесе залалдарының құрамында таза мөлшерінде көрсетіледі.Компанияның рейстеріне басқа авиакомпаниялардың билеттерін сатуынан түскен табыстар жолаушылар тасымалынан түскен табыстардың құрамында пайдаларда немесе залалдарда көрсетіледі.
Жүк тасымалдарынан түскен табыстар. Компанияның жүк тасымалдарынан түскен табыстары тасымалдау жөніндегі қызметтердің көрсетілуіне қарай табыстар болып танылады. Ол бойынша қызмет көрсетілмеген жүк тасымалдарын сату болашақ кезеңдердің табыстары ретінде көрсетіледі.
Мемлекеттік көмекқаржылар.Жұмсалған шығындарды, шығыстарды өтейтін немесе қаржылық көмек түрінде берілген,болашақ шығындармен байланысты емес мемлекеттік көмекқаржылар оларды алу құқығы туындайтын кезеңнің табыстарына жатқызылады.
Шетелдік валютадағы операциялар. Қаржы есептілігін дайындау кезінде функционалдық валютадан ерекшеленетін валютада («шетелдік валюталар») көрсетілген мәмілелер мәміле жасалған күнгі айырбас бағамы бойынша көрсетіледі. Шетелдік валютамен көрсетілген ақшалай баптар есептілік жасалған күнгі тиісті валюталық бағам бойынша қайта есептеледі. Шетелдік валютада көрсетілген әділ құны бойынша есепке алынатын ақшалай емес баптар әділ құнды анықтау күні қолданылатын айырбас бағамдары бойынша қайта есептелуі тиіс. Шетелдік валютада көрсетілген тарихи құны бойынша көрсетілген ақшалай емес баптар қайта есептелмейді.
Төменде 31 желтоқсандағы және осы күні аяқталған жылдар үшін теңгенің айырбас бағамдары келтірілген:
Кесте 2.
2011 жылғы 31 желтоқсандағы және осы күні аяқталған жылдар үшін теңгенің айырбас бағамдары
Шетел валюталар |
Орташа бағам |
Жыл соңындағы бағам | ||
2011 ж. |
2010 ж. |
2010 ж. |
2011 ж.
| |
АҚШ доллары |
146.62 |
147.40 |
147.35 |
148.40 |
Eвро |
204.11 |
195.23 |
195.67 |
191.72 |
Ағылшын фунт стерлингі |
235.10 |
228.46
|
227.86 |
228.80 |
Қаржылық табыстар мен шығыстар.Қаржылық табыстар инвестициялар бойынша пайыздардан түскен табыстардан тұрады. Қаржы активтері бойынша пайыздық табыстар, егер Компанияның экономикалық игілік алуының және табыстардың деңгейінің дұрыс анықталуының жоғары ықтималдығы бар болса,танылады. Пайыздық табыстар қаржы активінің баланстық құнына (пайыздарды есепке алмастан) және қаржылық активті өтеуге дейінгі күтілетін мерзімнің ішінде күтілетін болашақ ақшалай түсімдердің дисконтталуын қамтамасыз ететіндей болып есептелетін тиімді пайыздық ставкаға орай бұл активті тану кезінде оның баланстық құнына дейін есептеп шығарылады.
Қаржылық шығыстар сыйақы шығыстарынан, банк комиссияларынан және өзге шығыстардан тұрады. Жоспарлы пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін біршама уақыт қажет ететін активтердің сатып алынуымен, құрылысымен немесе жасалуымен тікелей байланысты заемдар
бойынша шығындар осындай активтердің құнына олар жоспарланған пайдалануға немесе сатуға дайын болғанға дейін қосылады. Заемдар бойынша барлық өзге шығындар өздерінің туындауына қарай пайдалар мен залалдарда көрсетіледі.
Материалдық емес активтер.Материалдық емес активтер жинақталған амортизацияны және құнсызданудан болған залалдарды шегерілгеннен кейін өзіндік құны бойынша көрсетілген. Амортизация материалдық емес активтердің пайдалы қызмет мерзімінің ішінде біркелкі есептен шығару әдісінің негізінде есептеледі. Активтердің пайдалы қызмет мерзімдері бағалаудағы кез келген өзгерістердің әсерін тану мүмкіндігімен есепті кезеңнің соңында қайта қаралады. Ағымдағы және салыстырмалы кезең үшін бағдарламалық қамсыздандырудың пайдалы қызмет мерзімдері 7 жылдан 10 жылға дейін болды.
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдаудың мәні
Өзіндік құнды азайтуды талдауда осы негізгі экономикалық элементтер арасындағы шығындар арқылы енгізуге болады. Бірақ тәжірибеде мұндай талдауды енгізу қиын, себебі шығын мен өзіндік құнның калькуляциясының есебі экономикалық элементтер арқылы емес, ол элементтер кешенді түрде көрсетілетін шығындар бабында көрсетіледі (мысалы,«Эйр Астана» әуекомпаниясының жалпы операциялық шығындары.
Өнімнің бірлігіне өзіндік құнды анықтау. Өзіндік құнды есептеуге қажетті ақпараттарды « Эйр Астана» әуекомпаниясының бухгалтерлік құжаттарынан, жабдықтаушылар шоттрынан, еңбекақы есептерінен, материадарды жіберуге жарналардан, шығындық ведомостволардар және т.б. алуға болады.
Өнім бірлігіне өзіндік құнды толық есептеу алдында белгілі уақыт кезеңіндегі өнім өндірісіне жалпы шығындарды білу қажет. (Мысалы, 2011жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясының жалпы шығындары = 103,161,834 тг. Болған. )
Негізі жалпы шығындар тікелей және қосымша болып бөлінеді.
« Эйр Астана» әуекомпаниясының тікелей шығындарына : жұмысшылар еңбекақысы және әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар жатады. Бұл шығындарды шығарылған өнім немесе өнім топтарына тікелей қатысты қылуға болады.Ал,жанама шығындарына мүлікті жалдау жөніндегі шығындар төлемдер,коммуналдық қызметтің шығындары жатады.
Шығындарды осылайша бөлу қызмет түріне тәуелсіз әр типті кәсіпорында қолданылады. Қызмет түріне тек өзіндік құн құрылымындағы тікелей және жанама шығындар арасындағы пропорция ғана тәуелді болады.
Өзіндік құнның экономикалық міндеті-жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның негізінде өндірістің барлық элементтерін қайта өндіру: өндірістік қорлар және жұмыс күші.Осы жерде кәсіпорынның өзіндік құнның негізгі элементі болып амортизация, яғни шығындалған материалдық ресурстар құны,еңбекақы-шығындардың бөлімдері болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорында басқада шығындарды жүзеге асырады: өз жұмысшыларына сыйақылар төлейді,банк несиелеріне пайыз төлейді, әлеуметтік объектілерді ұстайды,бюджеттік емес қорларға аудрымдар жүргізеді-бұл шығыстар кәсіпорынның қосымша шығыстарын құрайды.
III-бөлім. Өнімнің өзіндік құнын және шығындарын азайту жолдары.
3.1. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
Өнімнің
өзіндік құнын төмендету – кәсі
Оның негізгі көздеріне:
-бір өнімге жұмсалатын шикізат, материалдар, отын және энергия шығынын төмендету;
-бір өнімге шаққандағы амортизациялық аударым шамасын азайту;
-әкімшілік бас-қарушылық шығындарын төмендету;
-бейөндірістік шығындар мен шығасыны барынша азайту жатады.
Дәстүр бойынша шығындарды азайтудың маңызды жолдарының бірі болып өндіріс процесінде тұтынылатын ресурстардың барлық түрлерін тиімді немесе эконоиды пайдалану: еңбектік және материялдық.
Өзіндік құнды азайтуда еңбек өнімділігін арттыру қажет. Еңбек өнімділігі-еңбек шығынының тиімділігін арттыру.
Өндіріс процесінде қолданылатын шығындардың мөлшерін азайту үшін үнемі экономикалық талдау жасау қажеттілігі туындайды.
Өндіріс процесінде өнімді өндіруге жұмсалатын шығындар дайындалған өнімнің өзіндік құнының мөлшеріне тікелей әсер ететіндіктен шығындардардың қандай да статьясынан үнемдеу мүмкін болса, өнімнің өзіндік құны да азда болса төмендейді.
Өнімнің өзіндік құнын азайтуды қамтамасыз ететін жалпы факторларға мыналар жатады:
-Шикізат, материал, электроэнергия және жанармайды экономдау;
-өндірістің негізгі құралдарын қолдануды жақсарту;
-ресурсүнемдеуші жаңа технологияларды қолдану;
-өнімді өткізу бойынша шығындарды азайту;
-кәсіпорынның тауар саясатын қайта қарастыру;
-жұмысын тоқтату және ақаулардан жоғалтуларды азайту;
-сатып алынатын материалдардың оптимальды көлемін және өндіріс процесінде өндірілетін өнім көлемінің дұрыстығын қадағалау және бақылау;
-жалпы заводтық (жалпы шаруашылық) және цехтық шығындарды азайту;
Шаруашылықты жүргізудің жаңа жүйесі үнемі тәртібін қатаң сақтап өзіндік құнды төмендетуді көздейді. Өнімнің, жұмыстың өзіндік құны материал мен еңбек ресурстарының үнемделу, өндірістің техникамен жарақтану дәрежесін, сонымен бірге шаруашылық есеп негіздерінің сақталуын көрсетеді.
3.2. « Эйр Астана» әуекомпаниясының еңбек өнімділігін арттыру және шығыстарын азайту жолдары
Еуропалық Одақтын ұшуларды орындауға салған тыйымы.Басымдық: Еуропалық Одақтың аумағына ұшуларды орындауға рұқсат етілген әуекомпания мәртебесін қолдау.Бұл арқылы әуекомпания көптеген бағыттарда ұшу мүмкіндігіне ие бола алады.Осылай компанияның табыстылығы артады.
Маршруттық желіні дамыту.Маршруттық желіні дамыту стратегиясының бөлігі ретінде компания көптеген елдерге бару және де билеттердің бағасын төмендету арқылы қайта келу бағыттарында ұшу нәтижесіне жете алады.Бұл стратегия арқылы компанияның табыстылығын арттыруға болады.
Әуе кемелері бойынша шешімдер: «Эйр Астана» әуекомпаниясының әуекемелері паркін кеңейту мен жаңарту.Осы арқылы әуекомпания үнемді (себебі,көптеген шығындар көрсеткіші азаяды, мысалы:жанармай),көлемді және жайлы әуекемелеріне қол жеткізе алады.
Авиациялық компоненттерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету орталығын құру: Әуе кемелеріне дербес техникалық қызмет көрсету мақсатында авиациялық компоненттерді жөндеу орталықтарын құру.Бұл компанияның дамуына зор үлесін қосады.
Қорытынды
Сонымен, кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Кәсіпорын табысы өндірісіне шығындар тәуелді болады. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Өнім өндірісіне шығындар- ол тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.