Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 19:47, курсовая работа
Сықақшылардың айтуынша ақша біреулерге нанға жетпесе, біреулерге
– жаңа лимузин алуға жетпейді. Қалай десекте ақша
1 экономиканың, біздің
өміріміздің объективті бөлігі болып табылады
I. бөлім. Ақша. Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны мен қызметтері
1.1. Ақшаның пайда болуы мен даму кезеңдері.....................................4-5
1.2. Құн формалары мен ақшаның түрлері.............................................6-9
1.3. Ақшаның экономикалық мазмұны мен атқаратын қызметтері.......10-14
II. бөлім. Ақша айналымы және ақша айналысы
2.1. Ақша айналымы, оның маңызы құрылымы мен құрылысы және ақша айналысының сипаттамасы.........................................................................15-18
2.2. Ақша айналысы..............................................................................19-22
2.3. Ақша реформасы..........................................................................23- 26
III. бөлім. Ақша жүйесі мен оның элементтері
3.1. Ақша жүйесі...................................................................................27-28
3.2. Биметализм мен монометализм жүйесі.........................................29-31
3.3. Ақша жүйесінің элементтері..........................................................32-33
Қорытынды.........................................................................................34-35
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................36
Металл ақшанын алғашқы түрі - құйма металл, онын формасы да әр түрлі болған (шыбық, сым, табақша және т.б.). Салмақты металл құймалары айырбаста алып жүруге және сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан, сауданын баяу жүруіне әкеп соқтырған.
Біртіндеп металл ақшанын түрі де, салмағы да өзгерген. Мысалы, ертедегі Римде ақша орнына белгілі бір салмағы бар формасыз мыс құймасы, одан кейін жолақша сызығы мен нүктелері бар табақша, ең соңғыда екі жағында сурет салынған массасы 1 немесе 2 фунт болатын дөңгелек ақша пайда болған. Сөйтіп, металл акшалардың формасының неше түрлі болып өзгеріп, ақырында дөңгелек түріне келуі тауар - ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.
Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысында металдан монета түрінде ақша құйыла бастады. Нарықтык қатынастардың дамуына байланысты тауар сатушылардың арасынан көпестер (купцы) бөлініп шығып, олар тауар айырбасында тек делдалдық кәсіппен шұғылданды. Сонымен, монета деген заң жүзінде құрамындағы белгілі бір металдың салмағын, сыртқы түрін бекіткен тағайынды формадағы ақша белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын (проба - монетадағы сап алтынның салмағы), массасын, типін (заңды түрде бекітілген нақты массасының іс-жүзіндегі массасынан ауытқуы), эмиссия ережесін және т.с.с. бекітеді. Монетаның бет жағын - аверс, сыртын - реверс, жиегін-гурт немесе обрез деп атайды.
Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ (немесе кембағалы) ақша болып бөлінеді. Толық кұнды ақша деп монетада көрсетілген құн (номиналы) монета соғуға жұмсалған металдың құнына тең ақшаны айтады. Ондай ақша өзінің пайда болғанынан бастап жалпы құн эквиваленті болды және ақшаның барлық қызметін атқарды. Толық кұны жоқ ақша - монетада көрсетілген кұн оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері ретінде кішігірім төлемдерді атқару үшін майда (ұсақ) монета түрінде қолданылады. Оны билондық монета деп те атайды. Ақша айналысы шапшаң болғандықтан тез ысылып салмағын, соған байланысты құнын жоятындықтан майда ақшалар алтын монеталы стандарт кезінде де кембағалы металдардан соғылды. Олар алғашқыда күмістен, бертін келе және қазір металдар қоспасынан (мыс-никель, мыс-мырыш) және алюминийден соғылады.
Ақша айналысында майда ақшаның үлес салмағы аз. Дегенмен майда ақшаны айналысқа түсіру мемлекетке пайдалы. Ол пайда монетада көрсетілген құнмен оның құрамындағы металдың нарықтық бағасының айырмасына тең.
XX ғ. 70-жылдары алтынға деноминация (көрсеткішін түрлендіру) жүргізілді. Алғашқыда алтын елдін ішкі ақша айналымында айналыс және төлем құралы ретінде пайдаланылса, ал 1976 жылдан бастап ол дүнижүзілік ақша қызметін де орындамайды. Алтын мемлекетті ішкі айналымынан да, әлемдік нарықтан да қағаз және несие ақшаларымен ығыстырылды.
Металл ақша айналысының объективті заңдылықтары және капитализм тұсында тауар өндірісінің қарқынды дамуы айналымға қосымша ақшаның қажеттілігін арттырып, ақшаның дербес құны жоқ ақша таңбаларымен айырбастау мүмкіндігін ашты. Қағаз ақшаның шығу мүмкіндігі мына себептерге байланысты болды:
• мемлекет өз шығындарын өтеу үшін ақшаның қағаз белгілерін шығаруы. Мысалы, Солтүстік Америка өзінің тәуелсіздігі үшін күресін қаржыландыру мақсатында "континенттік" деп аталатын ақша шығарды. Оның мөлшерінің көп болғандығы соншалық - бір арба провиантқа (әскер үшін азық-түлік) бір арба ақша алмастырылды [24;33.].
Сөйтіп, К. Маркстің сөзімен айтқанда: "өзінің айналыстағы делдалдық рөлінде алтын әр түрлі өзгерістерге ұшырады. Ол қырқылып, тіпті бір жапырақ қағазға дейін жұқартылды" [38; 107-108.].
Алғашқы қағаз ақшалар XII ғ. Қытайда пайда болса, оның кең тарауы XVII ғ. аяғында капиталистік тауар өндірісінің дамуынан бастау алды. 1690 ж. Солтүстік Америкада, 1716 ж. Францияда, 1762 ж. Австрияда, 1795ж. АҚШ-та қағаз ақша шыға бастады. Ресейде кағаз ақша ассигнациясы (ақша орнына шығарылатын қағаз) Екатерина II-нің басқаруы тұсында 1769 жылы жүргізілді. Ақша императоршаның бейнесімен өрнектелгендіктен, халық оны "катенька" деп атады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қағаз ақша барлық елдерде жүре бастады.
Сырт көзбен қарағанда қағаз ақша толық кұнды ақшаның мемлекет шығарған орынбасары сияқты болып көрінеді. Шын мәнінде ол толық құнды ақша айналысынын объективті заңдарына байланысты металл ақша айналысы процесінде ақшадағы көрсетілген құнының іс-жүзіндегі нақты құнынан ауытқуы нәтижесінде пайда болды. Мемлекет осы объективті мүмкіндікті пайдаланып, тек қағаз ақша шығарумен және оның курсын (бағамын) белгілеумен шұғылданады. Қағаз ақша - құн белгісінің ең бір нақтыланған ақырғы түрі.
Сөйтіп, қағаз акша ("декретные деньги" - өкіметтің қаулысымен қабылданған - "занды ақша") - ол толық құнды ақшаның орнына айналым және төлем құралы қызметтерін атқаратын, мемлекет өз шығындарын жабу үшін шығаратын және ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте металға айырбасталмайтын ақша белгісі (немесе құн белгісі, алтынның өкілі). Тарихи ол алтын мен күмістің өкілі ретінде, солардың орнына пайда болды.
Қағаз ақшаның өз құны жоқ, себебі оны басып шығаруға аз ғана еңбек жұмсалады. Ол толық құны жоқ ақша. Заңды төлем құралы болып бекітілген кезде қағаз ақшаның сатып алу мүмкіндігі бар, яғни ол айналысқа жарамды. Айналыстан тыс қағаз ақша - керексіз бос қағаз. Егер нақты ақша (алтын) өз құнымен айналысқа қызмет етсе, ал қағаз ақша тек айналыста ғана нарықтық құнға ие болады. Мемлекеттің күшпен ықтиярсыз көрсеткен құны (принудительная стоимость) қағаз ақшаның осы елдің өзінде ғана қолдануға болатын қоғамдық мәнін көрсетеді. Әлбетте мемлекет қағаз ақшаға кез келген құнды керсетіп, шексіз мөлшерде шығаруы мүмкін. Мемлекеттің қағаз ақшаға деген күші осымен аяқталады. Айналысқа түскен құн белгілері ақша айналысы заңына бағынады.
Қағаз ақшаның эмитенттері (шығарушылары) - Қаржы министрлігі (қазынашылық), немесе мемлекеттің Орталық банкі. Бірінші жағдайда, мемлекет өз шығындарын жабу үшін ақша басып шығаратын станоктарды тікелей пайдаланады. Ал екінші жағдайда, оны жанама түрде жүргізеді, яғни орталық банк мемлекеттік бюджеттің кемшілігін толтыруға оған несие береді. Шығарылған қағаз ақшаның көрсетілген құнымен оны шығаруға кеткен құнының (қағаз алуға және басуға кеткен шығындар) айырмасы эмиссиялық табыс - мемлекеттік табыстың едәуір бөлігін құрайды.
Өз кұны болмағандықтан қағаз ақша тұрақсыз, ол тез құнсызданады. Қағаз ақшаның құнсыздануына әр турлі себептер әсер етеді:
Міне осы себептердің бәрі тауар бағасының өсуіне әкеп соқтырады. Халықты әлеуметтік қорғау мақсатында үкімет жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны өсіреді. Бірақ халық тұтынатын тауар өндірісі дамымаса, баға одан әрі шарықтай береді. Нәтижесінде халықтың әл-ауқаты нашарлайды.
Өмірде қағаз ақшаның құнсыздануын қалай байқауға болады?
Кенет бүкіл тауарлар бағасы жоғарылайды, әсіресе, бірінші кезекте тұтынатын заттардың бағасы өседі, ал жалақының, зейнетақы және жәрдемақының өсуі керекті заттар бағасының және көрсетілетін қызметтер бағасының жоғарылауынан едәуір кем жүреді.
Жалпы қағаз ақшаның құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән құбылыс.
2.3. Ақша реформасы
Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгеріс енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. Ал 1922-1924 жж. ақша реформасын жүргізуге мына жағдайлар әсер етеді:
Біріншіден, 1917 ж. қазан төңкерісінен кейін патшалық Ресейден қалған тауар-ақша айналымын елдегі азамат соғысы мен шетел әскерлік интервенциясы одан әрі бұзылуына жол ашты. Қаржы - шаруашылық жағдайын тұрақтандыру үшін жүргізілген "әскери коммунизм" саясаты айтарлықтай нәтиже бермеді. Оның мәні - өндірушілерге азық-түлік алымын (продразверстка) салу, яғни шаруалар өндірген өнімінің өз қажетінен артығын, тіпті кей жағдайда өзіне қажетті бөлігін де мемлекетке нақты бағамен өткізу. Алайда өткізген өніміне шаруалар қолма-қол ақша ала алмай, қарызға берді. Осының салдарынан нарықта сатылатын тауарлар күрт азайып, бағалары өсті. Халық азық-түлікпен және керекті заттармен тек карточкамен қамтамасыз етілді, жалақы заттай түрде берілді. Мысалы, 1917 ж. жалақының 5% заттай төленсе, ал 1920 ж. ол көрсеткіш - 93% жетті. Ақшаның қызметі тек жалақыны есептеумен шектеліп, қолма-қол ақшаны тек әскер қатарындағылар ғана алды. Сөйтіп, тауар-ақша айналымы тарылды. Ақшаның мәні төмендеді, ақша жүйесі одан әрі бұзылды.
Екіншіден, ақша айналымына жүйелі түрде көп мөлшерде ақша шығару да ақша жүйесінің бұзылуына әсер етті. Оккупацияланған аймақтарда ақша шығаратын эмиссиялық орталықтар пайда болды (мысалы, Балтық жағасындағы Үкіметтермен қатар, ақ гвардияшы әскери бөлімшелер және т.б. жеке фирмалар). Сонымен қатар кейбір жергілікті үкімет орындары да өз алдына ақша шығарумен шұғылданды. Мы-салы, 1918 ж. 1 шілдесінен 1921 ж. 1 қантары аралығында ақша айналымына шығарылған ақша саны 43,7 млрд. сомнан 1168,6 млрд. сомға дейін, яғни 26,7 есе өсті. Ал бір сомның сатып алу мүмкіндігі 188 есе азайды. Нәтижесінде қағаз ақша мөлшері көбейіп, тауарлар бағасы өсті.
Жүргізілген шараларға қарамастан мемлекет шығындары түскен пайдадан анағұрлым басым еді. Мысалы, 1918 ж. мемлекеттік бюджеттің шығындары пайдадан 31,1 млрд. сом артық болса, 1919 ж. - 166,4 сомға, ал 1920 ж. - 1055,6 млрд. сомға артық болды. Бұл жағдайға алдымен көптеген әскери шығындармен қоса, өндіріс көлемінің төмендеуі себеп болды. 1920ж. ауыл шаруашылығының жалпы өнімі соғысқа дейінгі оның жарты мөлшерін, ал тауарлы өнім тек төрттен бірін құрады, сондай-ақ өнеркәсіп өндірісі тек 17%-ің шамасында болды.
Ақшанын сатып алу қабілеті төмендеп, ол құнсыздана түскен сайын оның айналыстағы мөлшері бірнеше есе өсіп, үлкен сандармен (миллиард, триллион) есептелді. Сондықтан есеп жұмысын жеңілдету мақсатында екі рет демонинация жүргізілді, яғни ақшаның көрсеткіштерін кеміту арқылы оған өзгеріс енгізілді.
Бірінші демонинацияның барысында бұрынғы Ресейдің ақша белгілерінің орнына 1922 жылғы үлгідегі рубль шығарылды. Жаңа 1 рубль айналыстағы 10 мың рубльге теңгеріліп, нәтижесінде триллионның төрт нөлі жойылып, орнына 10 млн рубль келді.
Екінші деноминацияның барысында 1923 жылғы үлгідегі рубль шығарылып, ол 1922 жылғы үлгідегі 100 рубльге, немесе бірінші деноминацияға дейінгі 1 млн рубльге теңгерілді.
Сөйіп, жүргізілген жаңа экономикалық саясаттың іс-шаралары кезінде қалпына қайта келе бастаған тауар-ақша қатынастарына сәйкес тұрақты айналыс, төлем және жинақтау құралы қажет болды. Ондай құрал рөлін тек өз құны бар алтын ғана атқарады. Сондықтан рубльдің тұрақтылығын нығайту мақсатында алтын материалын ақшаның негізі ретінде қолдану ұйғарылды. Ол үшін алтын қорын жинау шаралары жүзеге асырылып, нәтижесінде 1922 ж. 1 қаңтарынан 1923 ж. 1 қаңтары аралығында мемлекеттің алтын валюта қоры 6,7 млн рубльден 31,0 млн рубльге дейін өсті. Сонымен қатар 1921 ж. аяқ шенінен бастап революцияға дейінгі алтын рубльдің ресми құны көрсетіліп, ол кеңес рубліне айырбасталды. Егер осы кезге дейін халық бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған әшекей бұйымдарын мемлекетке тапсыруы міндетті болса, енді 1922 ж. сәуірінен бастап оларды еркін қолдануына рұқсат берілді.
Ақша реформасының мазмұны. Өскелең халық шаруашылығына тұрақты ақша қажет, онсыз қала мен ауыл арасындағы тауар алмасуын қалыптастыру, өндірісте есеп жұмыстарын ұйымдастырып, оған шаруашылық есепті енгізу, еңбекке экономикалық ынталандыру мүмкін емес. Сондықтан рубльді тұрақтандыру мақсатында 1922 ж. күзінде ақша реформасын жүргізу басталды. Ол екі кезенде өтті.
Ақша реформасының алғашқы кезеңінде, яғни 1922ж. 11 қазанында Мемлекеттік банк бағасы 1,2,3,5,10,15 болатын банк билеттерін шығарып, оларды червонецтер деп атады. 1 червонец революцияға дейінгі 10 рубль алтын монетаға теңгерілді, ал 1 монета 7,74234 г алтынға тең еді). Червонецтер тек өндіріс орындарына, өндіріс мекемелеріне қысқа мерзімді несие ретінде тауармен қамтамасыз етілген жағдайда ғана берілді, яғни тек тауар шығаруды ынталандыру үшін ғана қажетті мөлшердегі червонецтер шығарылды. Демек, червонецтердің бюджеттің жетіспесін толтырумен байланысы жоқ. Бүкіл елде шаруашылық есебі де, несиені өтеу де червонецтермен жүргізілді. Сөйтіп, червонецтерді айналымға шығару және оны кері қайтару тәртібі олардың тұрақтылығын қамтамасыз етті.