Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 19:47, курсовая работа
Сықақшылардың айтуынша ақша біреулерге нанға жетпесе, біреулерге
– жаңа лимузин алуға жетпейді. Қалай десекте ақша
1 экономиканың, біздің
өміріміздің объективті бөлігі болып табылады
I. бөлім. Ақша. Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны мен қызметтері
1.1. Ақшаның пайда болуы мен даму кезеңдері.....................................4-5
1.2. Құн формалары мен ақшаның түрлері.............................................6-9
1.3. Ақшаның экономикалық мазмұны мен атқаратын қызметтері.......10-14
II. бөлім. Ақша айналымы және ақша айналысы
2.1. Ақша айналымы, оның маңызы құрылымы мен құрылысы және ақша айналысының сипаттамасы.........................................................................15-18
2.2. Ақша айналысы..............................................................................19-22
2.3. Ақша реформасы..........................................................................23- 26
III. бөлім. Ақша жүйесі мен оның элементтері
3.1. Ақша жүйесі...................................................................................27-28
3.2. Биметализм мен монометализм жүйесі.........................................29-31
3.3. Ақша жүйесінің элементтері..........................................................32-33
Қорытынды.........................................................................................34-35
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................36
Банк билеттері немесе червонецтер алтынға айырбасталмады, бірақ банк оларды шығарып, қайта сатып алып, курсын қадағалап отырды. Сауданың дамуына және банк несиенің өрістеуіне байланысты червонецтер айналымда кеңінен қолданыла бастады. Мысалы, 1923 жылдың 1 сәуірінде, яғни шығарылғанына бес ай болғанда, олар айналымдағы ақша массасының нақтылы құнының 15%-ін, 1 шілдеде -37%-ін, ал 1 казанда - 74%-ін құрады. Нәтижесінде шаруашылық айналымы да біраз деңгейге көтерілді.
Тұрақты валюта - червонецтермен қатар айналымда Қаржы комиссариаты шығарған қағаз ақшаның кеңестік белгісі (совзнаки) жүрді. Червонецтер үлкен купюралы ақша болғандықтан тек көтерме шаруашылық айналымында қолданылса, ал кеңестік ақша белгілері бөлшек сауда айналымында және бюджеттің жетіспеушілігін толтыруға қолданылды. Бюджеттің жетіспеушілігін жою мақсатында үкімет қатал үнемдеу шараларын, мысалы, әкімшілік аппараттарын қысқарту, әлеуметтік-мәдени шараларын жүргізуге шығындарды азайту, оның орнына бақылау органдарын күшейту сияқты жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ халықтың уақытша бос ақшасын шаруашылықгы өркендетуге бағыттау мақсатында оларды бір жерде шоғырландыру үшін жинақ кассалары мен мемлекеттік қамсыздандыру жүйелері кеңінен ашыла бастады. Салық жүйесі салықтың жаңа түрлерін енгізумен нығайтылды.
Халықтың уақытша бос ақшасын тартудың тағы бір әдісі - заттай және ақшалы облигациялық займдар шығару кеңінен қолданыла бастады. Облигациялар ақшаға сатылып, ал оларды өтеу ақшамен де, астықпен де жүргізілді. Заттай салықтарды облигациямен өтеуге болғандықтан, шаруалар облигацияны шын көңілімен сатып алатын.
Дегенмен айналымда екі валютаның - червонецтер мен ақшаның кеңестік белгісі - қатар жүруі біраз қиындықтар туғызды. Жалақы червонецтермен есептелгенімен ақшаның кеңестік белгілерімен берілді. Ұсақ өнім өндірушілер құнсызданған ақшаның кеңестік белгісіне өз өнімдерін сатқысы келмеді. 1924 ж. 1 мамырында айналымдағы ақша массасы астрономиялық санға - 762,3 квадрильон (15 нолі бар сан) рубльге жетті, онын червонецпен есептеген нақты бағасы бар болғаны 15,2 млн рубльге тең.
Ұлы Отан соғысы елдің экономикасын орасан зор шығынға ұшыратып, ол 20 миллион адам өмірін қыйды, елдің ұлттық байлығының 30%-ін жойды. Мемлекеттің тек тікелей әскери шығындары 551,1 млрд сомға, ал материалдық зияны 679 млрд сомға бағаланды (соғысқа дейінгі бағамен есептегенде). Соғыс жылдарындағы еліміздің жалпы материалдық шығындары 1 триллион 240 млрд сомнан астам болды.
Соғыс мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығынын өзгертті, соғыстың алғашқы екі жылында өндірістен түсетін табыс азайып, ал халықтан түсетін кіріс артты. Халыққа табыс салығынан басқа, әскери салық, баласыздық салығы, аз отбасылық және жалғыз бастылар салығы салынды. Халық арасында мемлекеттік заемдарға өз еркімен жазылу және әскери техника жасауға ерікті жарна төлеу сияқты науқандар жүрді. Соғыс жылдарында халықтан барлығы 270 млрд сом немесе мемлекеттік кірістің 26,4%-і түсті. Бұл сома тікелей әскери шығындардын жартысын жабуға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік бюджеттің кемшілігі негізінен ақша эмиссиясымен толтырылды, бұл айналыстағы ақша массасын өсірді. Тұтыну тауарларын өндіру мен оны сауда орындарына түсіру қысқарды. Сондықтан жалпы тауар айналымындағы колхоз базарындағы сауданың үлесі 1940 жылғы 19%-тен 1945 жылы 46%-ке өсті. Сөйтіп колхоз базарындағы тауарлар бағасы көп мөлшерде өсті. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін оларды бөлудің карточкалық жүйесі енгізіліп, белгілі бір норма бойынша соғысқа дейінгі тұрақты бағамен, ал нормадан артығы нарықтық бағамен сатылды. Оған қоса мемлекет меншігіндегі тауар ресурстарының аздығы нарықтық бағаның көтеріліп, ақшаның көптеген мөлшерінің саудагерлердің қолында шоғырлануы, ақшаның сатып алу мүмкіндігін төмендетті. Аталған кемшіліктерді жою үшін:
1947 жылдын соңғы кезінде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі ұлғайып, тауар айналымының өсуіне берік негіз қалады. 1947 ж. бөлшек сауда айналымы 1945 жылмен салыстырғанда 52%-ке артты. Бұның бәрі ақша реформасын жүргізуге материалдық және қаржылық мүмкіндік туғызды.
Жаңа сомның сатып алу мүмкіндігі көтеріліп, керісінше, инфляцияның салдарынан шетелдік валюталардың құнының төмендеуі кеңестік рубльдің алтын негізін көтеруге мүмкіндік берді. Сондықтан 1950 жылдың 1 наурызында 1 рубль 0,222168 г таза алтынға тең деп бекітілді. Осыған қарап жаңа рубльдің шетелдік валютаға шаққандағы курсы (бағамы) де анықталды. Рубльдің жаңа бағамы: 4 рубль 1 АҚШ долларына теңгеріліп есептелді (ол кезде 1 доллар 0,888671 г алтынға тең еді).
Ақша реформасы екінші дүниежүзілік соғысқа қатыскан басқа бірсыпыра елдерде де өткізілді. Бірақ дүниежүзінде соғыстан кейін алтын құрамы көтерілген бірден-бір валюта тек рубль ғана болды. Рубль халықаралық есеп айырысуда қолданылып, достас мемлекеттер арасында тауарлар рубль-мен бағаланып, несиелер рубльмен өлшенді.
ІІІ.бөлім. Ақша жүйесі мен оның элементтері
3.1. Ақша мен биметализм жүйесі
Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі - ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI - XVII ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар-ақша айналысының қаркынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.
Ақша жүйесінің типі: ақша - ерекше тауар ретінде жүруіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша - құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі:
Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып бөлінеді.
Алғашқы капитал жинау кезінде (ХҮІ - ХҮІІ ғғ.) биметализм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық кұнды ақшалар қамтамасыз етті.
Биметаллизм - ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент рөлін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі.
Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша - қос металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген. Биметаллизмнің үш түрі болған:
Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде ХҮІ - ХҮІІ ғғ. пайда болып, тіпті XIX ғ. аяғына дейін кең қолданылды. Ақша ретінде екі металды қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті. Дегенмен 1865 ж. Франция, Бельгия, Швейцария және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында өзара келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865-1878 жж.) Латын монеталық одағы конвенциясы бекітіліп, ол бойынша екі металдан да құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасы 1:15,5 тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық кұнына сәйкес келмеді.
Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне кайшы келді. Жалпыға бірдей құң өлшемі ретінде тек бір ғана тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған қоса XIX ғ. аяқ шенінде күміс шығарудын арзандауына байланысты күмістің құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық ара-қатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын монеталар айналыстан шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақшаның айналыстан шығуы Коперник-Грешем заңында айтылған “жаман ақша жақсы ақшаны айналыстан ығыстырады” деген қағиданын өмірдегі көрінісі.
Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.
3.2. Монометаллизм жүйесі
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, акша белгілерінін эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.
Ақша жүйесі келесі элеметтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылды.
Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктін міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
Ақша түрлері. Заңды төлем кұралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.
Валюталық бағам дегеніміз - бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:
Металдық айналыска қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі - биметаллизм және монометаллизмге тән.
Биметаллизм - бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент рөлін заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:
параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;
қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анықтады;
"ақсак" валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып қалыптасты.
Ақша ретінде екі металдың колданылуы жалпыға ортақ эквивалент табағатына қарама-қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты белгілеуде қиындыктар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналыстан қазынаға кете бастады.
Монометаллизм - жалпыға эквивалент рөлін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 ж., Германияда - 1871-1873 жж., Францияда - 1876 -1878 жж., Ресей мен Жапонияда 1897 ж., АҚШ-та - 1900 ж. белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834 - 1852 жж., Үндістанда 1852 -1893 жж., Нидерландыда 1847 - 1875 жж. қолданылды.
Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді.
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т.б. тән.
Алтын құйма стандарты - Ұлыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнда банкноталар заңмен бекітілген сомманы (Ұлыбританияда - 1700 фунт стерлинг, Францияда 215 мың франктың құны 12 кг массасындағы стандарт құймасының бағасына сәйкес келеді) ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.
Алтын девиз стандарты - Германияда, Австралияда, Данияда, Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валюталы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.
1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды. Сөйтіп, 1972 ж. шетел орталық банктері үшін АҚШ долларын алтынға айырбастау да тоқталды. Ақша эмиссиясын қамтамасыз етуінің негізі мемлекеттің бағалы қағаздары болды.
Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асап тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.
Айырбасталмайтын несиелік ақшаларға өту ақша жүйесінің іргетастық қағидаларының, яғни ақша айналымының объективтік қажеттілігінен артық айналысқа ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкеліп соқты.