Ақша түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 19:14, реферат

Описание работы

Ақша түрлері — тауарлардың құнын көрсететін, жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын төлем құралы.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:
• толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар);
• толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері).
Ақша соғу, оны айналымға енгізу ісі және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың жоғарғы деңгейге жеткен көрсеткішіне саналады.

Файлы: 1 файл

Ақша түрлері.docx

— 64.74 Кб (Скачать файл)

Ақша түрлері

Ақша түрлері — тауарлардың құнын көрсететін, жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын төлем құралы.

Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:

  • толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар);
  • толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері).

 

Ақша соғу, оны айналымға  енгізу ісі және оны белгілі бір  қоғамда төлем құралы ретінде  пайдалану - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың жоғарғы деңгейге жеткен көрсеткішіне саналады. Ежелгі көшпелілердегі тауар айналымы айырбас (мал, аң терісі, алтын, күміс кесектері, сәндік және т.б. заттар) түрінде өтті. Көшпелілер мен отырықшы елдер арасында сауда-саттық қатынастары Жібек жолы бойымен айырбас тауар ретінде қарқынды дамыды. Түркі дәуірінің монеталарының аверс бетінде басылған таңбалар, реверс бетінде жыртқыш аң бейнеленген. 704-766 жылдары Тараз шаһарында соғылып, айналымға енген қола теңгелер Түргеш мемлекетінің қуаттылығын білдіреді. Қазақ жерінде түргештердің саудалық әрі жәрмеңкелік қалашықтары Суяб пен Тараз сол дәуірлерде қарқындап өркендеді.

Кейін ақша соғу ісі Қарахан  әулеті тұсында кеңінен етек алған. Қарахандықтар әулеті ислам дінін ресми қабылдауына байланысты ақша айналымдағы тиындары арабша атады, яғнифуле, динар, дирхем деп аталды. Ішкі нарықта айырбас ақша ретінде адли (қола фельс) монеталары мол болды. ІХ-ХІ ғасырларда Қазақстан көлемінде соғды, саманид фелстері айналымға кең таралды. Сол кезде күміс дирхемдері «исмаили» деп аталатын. Оған қоса ең жоғары қоспалы күміс бұқара-худаттық - мусейяби, аз қоспалы күміс - мухаммади, мыстан немесе арзан металл гитрифи ақшалары және қытайлық тиындары айналымда болды. Қыпшақтар жайлаған Дешті қыпшақ аумағында ғасырдың ортасында-ақ өзінің күміс және мыс ақшалары болған: алғашқысы танга (теңге), екіншісі пул (пул) деп аталған (толығырақ қ. Пул; Бұл). 1260-1280 жылдар аралығында Орта Азияның 16-дай қаласында монета соғатын ақша сарайлары жұмыс істегені жазбаларда айтылады. Олардың қатарында Тараз, Кенже, Жент теңге сарайлары ерекшеленеді.

Алтын Орда теңгелерінің алғашқысын Бұлғар қаласында 1257, 1267 жылдары Берке соқтырған. XIV ғасырда Алтын Ордада сауда мен экономика өркендеп, Сарай, Сарайшық, Азақ,Қырым, Гүлстан, Хорезм, Жент, Баршын, Сығанақ қалаларының ақша сарайларында соғылған дирхемдер мен пұлдардың Қазақстанның ежелгі қаларының сауда айналымындағы маңызы жоғары болды. Сарайшық қаласынан табылған Алтын Орда теңгелерінің аверс және реверс беттерінде арыстан мен сұңқардың, балық суреттері, геометриялық өрнектер, түрлі таңбалар, ислам дінінің суннит ағымының символдары шекілген. Бірқатар дирхемдер мен пұлдарда тарази, шаян сияқты шоқжұлдыздар, ал бірқатарында тотықұс бейнесі шекілген.

Теңге атауы Алтын Орда тұсында қолданыла бастады. Жібек  жолы торабында пени, фуле, дирхем, динар, мапа т.б. металл ақша түрлері тарады. Мұндағы динар алтыннан жасалған, дирхем күмістен жасалған тиынды белгілейді, Сондай-ақ, ділда, алтын күміс ақша жамбы деп те аталды (толығырақ қ. Жамбы). Бөлшек, сақ саудада XVI-XVII ғасырларда ішкі ғана емсс, қала аралық төлем құралы болған мыс ақша пайдаланылды. Бұл кезеңдерде Қазақстанның елді мекендеріндегі ақша айналымы негізінен Темір және Шайбани әулеттері кезінде шығарылған мыс ақшалары арқылы қамтамасыз етілді. XVI ғасырда Отырардың мыс теңгелері, Иасының (Түркістанның) күміс теңгелері, XVI ғасырдың соңы XVII ғасырдың басында Қазақ хандарының атымен өндірілген мыс теңгелер Қазақстан жерінде және Орта Азияда сауда айналымында кеңінен қолданылды. Бұл ақшалардың шыңдалу шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен, Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықты біріктіруде үлкен міндет атқарды. XVII ғасырда орта Азиялық қалалардың құлдырауы себепті ақша соғатын шеберлер, шеберханалар жұмысы құлдырай бастады.

Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады.

Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo» — «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді.

Алғашқы монеталар VII ғ. б.з.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX—X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:

  • алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
  • жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
  • алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

  • құнның металдық белгілері — арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
  • құнның қағаздан жасалған белгілері.

Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшаларға.

 

Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:

  • металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
  • металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;
  • бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
  • эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның, қағаз ақшаларды шығаруы;
  • бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Алғашқы қағаз ақшалар б.з. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы Ұлыбритания отары болған Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жыпы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік қазыналық билет нысанында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жылдары және Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарды. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетпіспеушілігіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.

Несиелік ақшалар — тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

Несиелік ақшалардың шығуы  банктердің несиелеу операцияларымен  байланысты. Мұндай ақшалардың басты  мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.

 

 

Несиелік ақшалардың мынадай  түрлері бар:

  • вексель;
  • банкнота;
  • чек.

Вексель (ағылш. bill note) — міндеттеме шоты) — белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы. Вексельдің түрлеріне «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» (28.04.97) Қазақстан Республикасы Заңында мынадай түсініктемелер берілген:

  • Жай вексель (соло) — вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің ешнәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
  • Аудармалы вексель (тратта) — вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

Трассат тратта бойынша төлеуге  келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.

Жай және аудармалы вексель  — коммерциялық вексельдің түрлері  ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, экономикалық әдебиттерде вексельді мынадай  түрлерге бөледі:

  • қаржылық;
  • қазыналық;
  • достық;
  • бронзалық.
  1. Қаржылық (банктік) вексель — белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
  1. Қазыналық вексель — бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын, оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
  2. Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бірі-біріне беріледі.
  3. Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.

Вексельдің келесідей  өзіне тән қасиеттері бар:

  • дерексіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;
  • даусыздық, яғни протесттуралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;
  • айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.

Қазақстанда жоғарыда аталған  заң қабылданғанға дейін және онан кейін де вексель айналысы дамып  келеді. Вексель айналысын бірінші болып қолдаушылардың қатарында Казкоммерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ сыртқа астық сатумен айналысатын «Астық» акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.

Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның 200,0 млн. теңгеге бағалаған вексельдерін өтеді.

Мұндағы, «домицилиант» — вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.

 

Банкнота (ағылш. Bank-note - банк билеті) орталық банктің айналысқа шығарған әртүрлі номиналдағы ақша бірліктері.

Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден төмендегідей айырмашылығы бар:

  1. мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса                (3—6 айлық), ал, банкнота — мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
  2. кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал, банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

Экономикалық әдебиттерде  банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.

Классикалық банкнота — бұл банкнотаның алғашқы пайда болған нысаны ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

  • жаратылысына қарай — қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота — ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;
  • эмиссиялау әдісі бойынша — қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны — Орталық банк шығарады;
  • қайтарылуына қарай — классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал, қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
  • ауыстырылуына қарай — классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.

Информация о работе Ақша түрлері