Ақша түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 19:14, реферат

Описание работы

Ақша түрлері — тауарлардың құнын көрсететін, жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын төлем құралы.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:
• толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар);
• толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері).
Ақша соғу, оны айналымға енгізу ісі және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың жоғарғы деңгейге жеткен көрсеткішіне саналады.

Файлы: 1 файл

Ақша түрлері.docx

— 64.74 Кб (Скачать файл)

Банкноталардың алтынға  ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнота алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі Орталық банктің вексельдік портфелі, көбірек қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.

 

 

Жай банкнота — бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.

Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық  банктен шығатын жай банкноталар  алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ  олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.

Қазіргі кезде Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының  төмендегідей үш жолын бөліп көрсетуге болады:

  • Шаруашылықты несиелеу жолымен;
  • Мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993-1998 жылдары мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995—1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5 %-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық Банктің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине, бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфлияцияның орын алуы.
  • ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.

Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.

Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Чектің мынадай түрлері  бар:

  • ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
  • ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
  • мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
  • есеп айырылысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есп айырысуларда қолданылады;
  • жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;
  • кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.

Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:

  • біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
  • екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
  • үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу құралы.

Электрондық ақшалар — компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар — пластикалық карточка нысанында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (төлем) карточка — банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Кредиттік карточка — оның эмитеті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың локальдық және халықаралық түрлерін кеңінен қолданылуда. Халықаралық карточкаларға: «Eurocard», «Master Card», «Visa», «Maestro» және т.б. жатады.

Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгеде ашылады.

Несиелік карточкалар  бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету аясында қолданылады. Қазіргі  уақытта несиелік карточкалардың мынадай  түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.

2011 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 20 банк және «Қазпочта» АҚ нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Altyn Card — «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ, Smart AlemCard — «БТА Банкі» АҚ, «Сити банкі» АҚ шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығарумен және таратумен айналысуда: VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International, China Union Pay және Diners Club International.

Мысалға Темірбанкі АҚ-ның шығаратын және қызмет көрсететін төлем карточаларының түрлері 2-қосымша бетте берілген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

    1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
    2. Қаржы-экономика сөздігі. – Алматы, "Зияткер" , 2007 жыл
    3. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011 жыл

 

 


Информация о работе Ақша түрлері