Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 18:31, курсовая работа
Басқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері
1.1.Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару тұжырымдамасы..................5
1.2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі...................................................................................................................9
ІІ. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шартын болжау мен бағдарламалау...................................................................... 20
ІІІ. Мемлекеттік және жергілікті басқаруды жетілдіру жолдары........ .............24
Қорытынды........................................................................................................... 28
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................30
Мемлекеттік биліктің бірынғай
жүйесінде Қазақстан
Президент деген ұғым конституциялық құқылық мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Президент қызметі тұнғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлады. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылы 16 қазанда Президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халқының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант кабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептелінді, әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылды. Соңынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.
Президентке Қазақстан
Республикасы Конституциясының 44-бабында
көрсетілген міндеттерді
Президент атқарушы билік саласында:
Президент Қазақстан
Республикасының
1) Заң шыгару. Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Президентке оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге құқылы.
2) Заң күші бар Жарлықтар шығару. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 2-тармағымен белгіленген. Заң шығару құқығының берілуі Қазақстан Республикасы Президентінің норма белгілеушілік кызметінің басты нысаны емес.
Сонымен қоса Президент Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.
Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндеі қылмыстық іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана жауап береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының Парламенті — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы — Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Ол жетпіс жеті депутаттан тұрады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл өкілеттік мерзімге Мәжіліс депутаты бола алады.
Мәжілістің ерекше қарауына: заңдардың жобаларын қабылдау және қарау; Республика Парламенті кабылдаған заңдарға Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылықтары бойынша ұсыныстар әзірлеу; және т.б. (Қазақстан Республикасы Конституциясьшың 56-бабы) жатады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы — Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сенат әр облыстан, республикалық, маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Республиканың Президенті тағайындайды. Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының, аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаты бола алады.
Сенаттың ерекше қарауына: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар төрағаларын және Жоғарғы Соттың судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың антын қабылдау; Республика Президентінің Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру және Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабында көзделген басқа да мәселелер жатады.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Конституциялық заңдар кабылдайды, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
2) Республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бакылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
3) Республика Президентінің
қарсылығын туғызған заңдар
4) Президентке оның
бастамасы бойынша әр палата
депутаттары жалпы санының
5) Президенттің Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді;
6) Премьер-Министрдің
Үкімет бағдарламасы туралы
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының Заңдары, Парламенттің Қаулылары, Сенат пен Мәжілістің Қаулылары түрінде Заң актілерін қабылдайды.
Заңдар, аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, мынадай мәселелер бойынша шығарылуы тиіс:
1) жеке және занды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне;
2) меншік режиміне
және өзге де мүліктік
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметінің негіздеріне;
4)салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
5) республикалык бюджетке;
6) сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
7)білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
8) кәсіпорындар мен
олардың мүлкін
9) айналадағы ортаны қорғауға;
10) Республиканың әкімшілік-
11) мемлекет қорғанысы
мен қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге қатысты негізгі
Өзге қатынастардың
барлығы заңға тәуелді
Республиканың мұндай заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент пен оның Палаталарының Заң актілері, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады, ал конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі — атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, атқарушы органдарды жүйесін басқарады және олардың, қызметіне басшылық жасайды. Оны Казақстан Республикасының Президенті құрады. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. Республика Үкiметi Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi. Республика Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн бiр ай iшiнде Парламентке Үкiмет бағдарламасы туралы баяндама табыс етедi. Үкiмет Бағдарламасы қабылданбаған жағдайда Премьер-Министр екi ай iшiнде Парламентке Бағдарлама жөнiнде қайталап баяндама табыс етедi. Республика Парламентiнiң Үкiмет Бағдарламасын қайта қабылдамауы әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен жүзеге асырылуы мүмкiн және Үкіметке сенімсіздік вотумының білдірілгенін көрсетеді. Мұндай көпшiлiк дауыстың болмауы Үкiмет Бағдарламасының мақұлданғанын бiлдiредi. Республика Үкiметi мүшелерiнiң:
Республика Үкiметi:
Сот билігі — сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және жергілікті соттар Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Заңға ғана бағынады. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi. Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi және басқа соттар құрайды.
Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:
Жоғарғы Сот жергiлiктi және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi.
Жоғарғы Сот:
Информация о работе Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері