Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:27, реферат

Описание работы

Мемлекеттік реттеу – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі.
Нарықтық және корпоративтік реттеумен қатар қазіргі шаруашылықты экономикалық реттеу жүйесінің құрамдас нышаны болып табылады.

Содержание работы

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы

2. Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғаудың
негізгі бағыттары.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

экономика.docx

— 32.12 Кб (Скачать файл)

                                                                         Жоспар

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

   1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы

 

  2. Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғаудың

       негізгі бағыттары.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Кіріспе

Мемлекеттік реттеу – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі.

Нарықтық және корпоративтік реттеумен қатар қазіргі шаруашылықты экономикалық реттеу жүйесінің құрамдас нышаны болып табылады.

Қазіргі кезде әкімшілік және құқықтық реттеу, тікелей және жанама экономикалық реттуе түрлері қолданылып жүр:

  • Әкімшілік реттеуге үлестеу, контигенттеу, лицензиялау, бағаны, табысты, валюта бағамын, есептеу пайызын, т.б. бақылау шаралары жатады;
  • Құқықтық мемлекеттік реттеу азаматтық және шаруашылық заңдар негізінде осы заңдармен белгіленетін нормалар мен ережелер жүйесі арқылы жүзеге асырылады;
  • Тікелей экономиканы реттеуде секторларды, салаларды, аумақтарды, кәсіпорындарды өтеусіз қаржыландырудың алуан түрлері пайдаланылады. Бұған қарыз, демеуқаржы, жәрдемақы, бюджеттен және тыс қорлардан төленетін үстеме ақы, арнаулы қаржы, жеңілдікті несие және салық жеңілдіктері жатады;
  • Жанама экономиканы реттеуде несие-ақша, амортизация, валюта, сыртқы экономика кедендік-тарифтік саясаты сияқты тетіктер пайдаланылады. Осы тетіктердің көмегімен экономика медделер мен ынталандыруға әсен ете отыырп, мемлекет тікелей өндіріс пен тұтынудың өзіне емес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірушілер мен тұтынушылар ретіндегі іс-әрекетіне ықпал жасайды.

1930 – 1970 жылдары кейнстік пос-тулаттарға негізделген жаңа мемлекеттік реттеу пайда болды. Мысалы, индикативтік және стратегия жоспарлау,жаңа қаржылық бюджеттік тетік қалыптастыру, экономиканы тұрақтандыру, жұмыспен қамту, кезеңдік ауытқуларды жұмсарту сияқты тәсілдер пайдаланылды.

Қазіргі заманда ғылыми техника реттеу үдерісі жүріп жатыр. Ол мемлекеттік реттеудің “қатаң” амалдарынан “жеңілдеу” амалына немесе тікелей әсер ететін әдістерден жанама әсер ететін әдістерге көшу арқылы жүзеге асырылуда. Қазақстанда нарыққа өту барысында экономика тетіктерді қалыптастыру мемлекеттік реттеудің басты шарты болды. Мұндай шараларға елде жүргізілген баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, жекешелендіру, ақшаны жәнебанктерді реформалау, валютаны реттеу және қатаң қаржы-несие саясатын жүргізу, жеке меншікті кеңінен енгізу, кәсіпорындарды сауықтыру, институционалдық өзгерістер жасау сияқты амалдарды жатқызуға болады.

 

 

 

     Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы

 

Динамикалық теңгермешілікті қолдаудағы мемлекеттің экономикалық саясатының рөлі орасан зор және оның кейбір экономикалық процестерді реттеу қабілеттілігі экономика және саясат қатынастарымен байланысты. Мемлекет қоғамдық жүйенің өзегі, ол билікті бақылайды және барлық басқа мемлекеттік емес институттарды бақылайды. Мемлекет қоғамдық өмір қағидаларын қалыптастырады және нысандарын ұйымдастырады. Мемлекет жалпы мүддені жекеден бөліп, адам мінез-құлқының жаңа нысанын тудырады.

Сондықтан мемлекеттің пайда болуы және өмір cүpyi тарихи қажеттілік қана емес, сонымен бipгe экономикалық дамудың қоғамдық прогресивті және маңызды факторы болып табылады.

Мемлекеттің пайда болуымен бipгe оның экономикалық қызметі қалыптасады. Мемлекеттің экономикалық саясаты нарықтық жүйенің қажетті және негізгі буынына айналады. Үкіметтің «ұлы қолы» А. Смит жазғандай, бәсеке мен нарықтың «көрінбейтін қолын» реттеуге тиіс.

Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) нарықтық экономика жағдайында — бұл бұрынғы әлеуметтік-экономикалық жүйенің өзгеру жағдайына бейімделу және тұрақтандыру мақсатында заң шығару, атқару және бақылау сипатындағы белгілі шаралар.

Экономиканы реттеудің мемлекеттік саясаты кез келген үкімет үшін, нарықтың немесе әміршіл – бөлу экономикасы екендігіне қарамастан объективті қажеттілік болып табылады.

Бөлу экономикасында мемлекет тауар мен қызметтің өндіру және бөлудің барлық құқығы мен міндеттерін өзіне алады. Бұл жерде, дегенмен, реттейтін еш нәрсе жоқ, мұндай жүйе өзінің тиімсіздігін және дәрменсіздігін көрсетті.

Нарықтық шаруашылықта үкімет алдында тауарларды өндіруді ұйымдастыру және ресурстарды бөлу міндеттері тұрмайды. Мемлекеттің мұндай жүйеде ресурстарға, капитал және өндірілген тауарларға билік ету құқы болмайды.

Нарықтық жүйе — бұл ең алдымен өндірушілер мен тұтынушылардың шешім қабылдаудағы айрықша құзыреті болып табылады. Сонда да мемлекеттің реттеушілік функциясының маңызы ерекше болып қала береді. Epкін бәсеке кезінде нарықтық тетік экономикалық өсудің барлық мәселелерін шешуге дәрменсіздік танытып өндіргіш күштердің басым бөлігі жеке меншікке көшеді, мемлекет экономиканың үлкен құрылымын өзі ұстауға мәжбүр болады: темір жолдар, пошталар, телеграф т.с.с. Еңбек бөлінісі негізінде мемлекет аралық интеграцияның күшеюі, жалпы экономикалық процестердің ұлттық шекарадан шығуына, қорғаныс, ғылым, ғарыш, сондай-ақ жұмыс күшін ұдайы өндіру, экологиямен байланысты және т.с.с жаңа әлеуметтік-экономикалық мәселелердің қалыптасуына әкеледі. Экономикалық және саяси шешімдерді реттеу тетігіне араласу қажеттілігі пайда болады.

Қaзipгi жағдайдағы ЭМР ұдайы өңдірістің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол экономикалық өсу, жұмыспен қамтуды реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ығысулар, экспортты қолдауды ынталандыру міндеттерін шешеді.

Қазір ЭМР тетіктері дүние жүзінің дамыған елдерінде: Францияда, Германияда, Испанияда, Австрияда, Нидерландия, Скандинавия елдерінде қолданылды. Англия, АҚШ, Канада, Австрия т.б. елдерде ЭМР әлсіздеу дамыған.

ЭМР әсіресе дамушы елдер мен бұрынғы социалистік мемлекеттер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін маңызды болып саналады, бұл елдерде ЭМР-дің жаңа түрлерінің әлі өзіндік тәжірибесі жоқ. Сондықтан кемшіліктерді қайталамас үшін, экономиканы мемлекеттік реттеуді зерттеу және ic-тәжірибеде пайдалану тиімді.

Мемлекеттік экономикалық саясаттан басты (стратегиялық) және нақты (тактикалық) мақсаттарды бөлуге болады. Басты мақсаттар- басым түрдегі экономикалық және әлеуметтік теңгермешілікке жету, ұлттық бәсеке артықшылығын, экономикалық қауіпсіздікті, нарық тетігінің әртүрлі жағдайларға бейімделуін қамтамасыз ету болып табылады.

ЭМР субъектілері болып табылатындар келесі белгілі орталық (федералды), аймақтық, муниципалды немесе коммуналды басқару органдары болып табылатын  шаруашылықты басқарудағы мемлекеттік монополизм.

Ол социалистік елдерге тән, бірақ қазір де кейбір посткоммунистік мемлекеттерде сақталады;

— нарықтық және мемлекеттік реттегіштер үйлесімінің әртүрлі нұсқалары-«Жапондық», «Шведтік» моделдері, ФРГ, Австрия әлеуметтік-бағдарланған нарықтық шаруашылық моделдері дамудың «қытайлық» нұсқасында іске асырылды;

— АҚШ-тағы сияқты шексіз кәсіпкерлік шарттарына ғана тиімді деп танитын, либерализм.

Заң шығару, атқару және сот мемлекеттік билігі күшті жерде ЭМР тиімді болып саналады.

Мемлекеттің экономикалық саясаты әсерінен кез келген ұлттық, нарықтық экономика белгілі функциялық экономикалық жүйе (ФЭЖ) ретінде дамиды. Оларды қолдау немесе сәйкестікке келтірумен белгілі функциялар арқылы, мемлекет (үкімет) шұғылданады. Мәселен, ФЭЖ атынан динамикалық түрде өздігінен реттелуші жүйе, ұлттық нарықта макроэкономикалық тепе-теңдікті қолдауға бағытталған, олардың жүйелік элементтері құрылады. Ол ақпарат, тауар, қызмет көрсету, технология, ноу-хау, капиталдың әртүрлі нысандарымен, жұмыс күшімен т.б. айырбас жасауға жағдайлар жасайды.

Мәселен, мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейі ЖІӨ-нің 5%-нан аспауы тиіс. Алтын-валюта қорының көлемі, тауарлар импорты шығындарын, кемінде үш ай ішінде жабуға жеткілікті болуы қажет; жұмыссыздықтың шекті деңгейі еңбекке қабілетті халықтың жалпы санының 15-20% аспауы тиіс т.с.с. Мемлекеттік реттеу көмегімен, белгілі деңгейде, осындай салыстырмалы параметрлерді ұстап тұруы ішкі нарықтағы тепе-теңдікті сақтайды және экономикалық өсудің тұрақтылығы мен динамикасын қамтамасыз етеді.

ФЭЖ-ге тән мысал: бәсекелестік жүйе құру; айналымдағы ақша массасын реттеу жүйесі; ішкі баға деңгейін қолдау жүйесі; жиынтық сұранысты ынталандыру жүйесі; төлем балансын қолдау жүйесі т.б.

Өнеркәсібі дамыған елдердегі өзін-өзі реттеу тетігі, сол елдерді күйзелтетін экономикалық дағдарыстарды тоқтатуына әсерін тигізеді

Мысалы 1973-1975жж. экономикалық дағдарыстар, циклды дағдарыстар, дамыған елдер экономикасында әлеуметтік   бағдарлы өзін-өзі реттеудің тиімді тетіктері пайда болғанын кең түрде керсетіп берді.

Сонымен, мемлекет ұлттық, экономиканың тиімді қызмет атқаруына құқықтық негіз бен әлеуметтік ортаны анықтайды. Ол үшін табыс және ресурстар бөлінеді, жұмыспен қамту мен инфляция деңгейі бақыланады. ЭМР экономикалық жүйені тұрақтандыру, оны өзгермелі жағдайға бейімдеу мақсатында заң шығару, атқару және бақылау сипатындағы шаралар жүйесі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғаудың

негізгі бағыттары.

 

Қазақстандағы Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың басты  бағыттары халықаларық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдауға негізделуі тиіс. Нарықтың талаптарға сай келетін және минималді шығындармен тұрғындарды көп қаптап қызмет етуде төленетін тұрақты стимулдарды қалыптастыратын жүйесін құру ұсынылады.

Жаңа жүйе аралас болуы керек, оған ынтымақтастық элементтерімен қатар тұрғындарды негізгі қауіптен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету үшін еректі және міндетті сақтандыру жүйесі енеді.

Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің басты міндеттері мен мақсаттары экономикалық өсуге ықпал ететін элементтерден тұруы керек.

Қауіпті жағдайлар кезінде барлық азаматтар әділ қорғау қызметін көрсету, тиімді ұйымдастыру және барлық тұрғындарды максималды толық қамтылуы тиіс.

Әлеуметтік саланы реттейтің заң әлеуметтік қауіптер негізінде құрылуы міндетті.. Әлеуметтік қорғау жүйесін мыналар жүзеге асыруы қажет:

1) әлеуметтік қорғау құқығы  әрбір адамның қолы оңай жететіндей  болуы керек. Бірдей әлеуметтік  қауіп кезінде жұмыс тәжірибесі  мен жалақысына қарамастан. Мемлекет  берген төлемақының минималды  көлемі барлығына бір деңгейде  төленуі тиіс. Сонымен қатар, қосымша  қорғау әрбір адамның жүйеге  қатысуының мерзімі мен  мөлшеріне  байланысты болады;

2) әрбір азаматтың мемлекетіне  тәуелділігін емес және жауапкершілігін  арттырады. Барлық еңбекке қабиетті  азаматтар өздерінің болашпғы  мен отбасыларының жақсы тұрмысына  жауапты болуға ұмтылуы керек;

3) төлемақы оны қажет  ететіндерге және оған құқығы  бар жандарға берілуы керек. Сонымен  қатар, тиімді, әділ, жақсы басқаралатын  аз шығынды және қарапайым  болуы тиіс;

4) жүйенің негізгі кампоненттері  тез реттелуі керек, Белгілі бір  мерзімшінде тұрғындарды толық  қамту.

Жоғарыда аталғандарды есепке ала отырып әлеуметтік қауіп негізінде әлеуметтік қорғау жүйесін ұйымдастыру қарастырылады. Оған қорғаудың мынадай элементтер кіреді:

1) әлеуметтік қауіпке  байланысты барлық азаматтарға  бюджет есебінен және жұмысшылар  есебінен міндетті әлеуметтік  сақтандыру;

2) жинақтаушы зейнетақы  жүйесі;

3) белгілі бір азаматтар  тобының бюджет есебінен қолдау  көрсететің арнайы мемлекеттік  бағдарламалар мен әлеуметтік  көмек.

Сонымен қатар әлеуметтік қауіп төнген жағдайды ерікті сақтандыруды жүзеге асыратын азаматтар марапатталады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары