Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:27, реферат
Описание работы
Мемлекеттік реттеу – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі. Нарықтық және корпоративтік реттеумен қатар қазіргі шаруашылықты экономикалық реттеу жүйесінің құрамдас нышаны болып табылады.
Содержание работы
І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім. 1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы
2. Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары. ІІІ. Қорытынды. ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің
институционалды базасын әлемдік тәжірибе
негізінде қарастыруда Қазақстан жағдайын
ескере отырып аралас жүйені таңдау керек.
Онда мемлекеттік және жеке институттардың
мүмкіндіктері тиімді қолданылады.
Барлық әлеуметтік төлемді
басқару мен бақылау үшін жеке теңестірудің
жалпы мемлекеттік жүйесі және әрбір азаматқа
жеке теңестіру кодын беретін мәліметтердің
ұлттық базасы құрылуы тиіс.
Ана мен баланы кең көлемде
әлеуметтік қамтамасыз ету – мемлекеттің
әлеуметтік қорғау жүйенің басымдықтарының
бірі. Әлеуметтік қорғау жүйесін жүзеге
асыруда әлеуметтік қауіп қатары кеңейді,
ондай жағдайда әлеуметтік қорғау қажеттілігі
туындайды. Демографиялық процестерді
қалдау мақсатында бала туу мен тәрбиелеу
әлеуметтік қорғауды қажет ететін жағдай
ретінде қарастырылады. Қолдау мақсатында
бала туылғанда берілетін төлемақы мен
кәмелетке болмаған балаларды тәрбиелейтін
отбасыларға қосымша төлемақылар енгізіледі.
Мүгедектік мәселесін шешу
шаралары қарастырылады. Ол мүгедентердің
негізгі құқықтары мен қызметтерін қамтамасыз
ететін мемлекеттік стандарттарды енгізуді
қажет етеді.
Әлеуметтік қауіптердің жеке
бағдарламасын дамытудың, мүгедектердің
интеграциясына көмек көрсетудің шаралары
қарастырылады. Аталған ұсыныстар 2002-2005
жылдарға арналған мүгедектерге қатысты
бағдарламада көрініс тапқан.
Нақты әлеуметтік көмек тек
қажеттіліктің шынайы критерийлері негізінде
тұрғындардың аз қамтылған тобына арналады.
Сонымен қатар, белгілі бір әлеуметтік
топ адамдары-соғыс ардагерлері мен мүгедектерде
және көп балалы анадарды қосымша қорғауға
бағытталған арнайы бағдарламалар жасалады.
Әлеуметтік қорғауды жүзеге
асырудағы маңыздысы әлеуметтік нормативтер
рөлін аттыру, минималды жалақының өмір
сүру минимумы деңгейіне жетуі мен кезең-кезеңімен
осуі болып табылады. Әлеуметтік төлемдер
көлемі нақты әлеуметтік – экономикалық
жағдайға қанес нормативтерге сүйене
отырып есептеледі.
Әлеуметтік қауіпті азайту
мен алдын алу мақсатында мемлекет бірқатар
шаралар қолданады. Жұмыстан айырылу қаупінің
алдын алу үшін және азаматтардың тұрақты
жалақы алатын еңбек жағдайын қалыптастыру
мақсатында мемлекет жаңа жұмыс орындарын
құру бағдарламасын жүзеге асырады.
Тұрғындар өмрі мен денсаулығына
қатер төндіретін қауіптің алдын алу
үшін еңбек заңдылықтары мен
еңбек қорғау заңының орындалуын қадағалайтын
мемлекеттік бақылау күшейтіледі.
Мүгедектік қауіпін азайту
мақсатында медициналық көмек көрсету
жүйесі және оны қаржыландыру мен жүзеге
асыратын механизмдері қарастыралады.
Әлеуметтік сақтандыруды енгізу
негізінде төлемақы төлеу принциптері
жасына байланысты мемлекеттік төлемақы
алушыларға, асыраушысынан және еңбекке
қабілеттіліктен айырылған жағдайда өзгермейді.
Әлеуметтік қорғау жүйесіне
жас азаматтарды ғана емес, сонымен қатар
еңбекшілердің кәсіби одағын, Үкіметтің
әлеуметтік қызметкерлерін жұмыс берушілер
ұйымын қатыстырылуы тиіс.. Себебі, әлеуметтік
қорғау жүйесі жұмысшылар мен жұмыс берушілер
есебінен қаржыланады.
Қорытынды
Қоғамның
әл-ауқатын жоғары деңгейге
жеткізу үшін экономиканың аса
тиімді жолмен даму жағдайларын
қалыптастыру – экономика дамуын
мемлекеттік реттеудің ғаламдық
мақсаты десек қателеспейміз.
Экономиканы
мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық
жағдайындағы мазмұны , қолданып жүрген
әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген
жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру
мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер
мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын
заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы
типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Экономиканы
мемлекеттік реттеу мәселесінің
салыстырмалы түрде жаңа болуына
және оның көптеген жағдайларының
зерттелмегендігіне қарамастан, экономикалық
әдебиеттерде «экономиканы мемлекеттік
реттеу» ұғымына бірқатар анықтамалар
берілген. Қазақстандық экономистер
Н. Мамыров және Ж. Ихданов келесідей
анықтама береді: «Экономиканы
мемлекеттік реттеу — экономикалық
тұрақтылық пен рационалды орнықтылықты
қолдау мақсатында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
процестерге әкімшілік-экономикалық
және ұйымдастырушылық-құқықтық
араласуының негізгі нысанын сипаттайды».
Экономика
дамуын мемлекеттік реттеудің объектілері
– бұл автоматты турде шешілмейтін,
немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар,
проблемалар пайда болуы мумкін немесе
пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік
жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары,
аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың
алып тасталуы — әлеуметтік тұрақтылықты
қолдау және экономиканың қалыпты дамуы
үшін қажетті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Шеденов Ө.Қ. Сағындықов
Е.Н. Жүнісов Б.А. Байжомартов Ү.С.
«Жалпы экономикалық теория» - Ақтөбе,
2012.