Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 19:54, реферат

Описание работы

Қазір ел жаңа тіршілікке, жаңа өмір талабына үйрене бастады. Тап бүгін ауылдық жерлерден жастардың топтап қашуы тиылды десе де болады. Өйткені, ашаршылық жоқ. Малдың басы да көбейе түскені шындық. Мындап қой айдаған байды көрдік. Керісінше бірлі-жарым жастар ауылға оралып, әке-шешесіне қолғабыс тигізіп жүр. Бұл – жақсылық, әрине. Жалпы алғанда, урбанизациялық экономика ауылдық жердің тұрғыны аз болатыны заңдылық. Мысалы, АҚШ-та ауылдық жерде мемлекет халқының 26 пайызы ғана тұрады екен. Жапонияда бұл көрсеткіш одан да төмен. Егер ауыл шаруашылығын ғылыми негізде техникамен қамтамасыз етіп, жан-жақты ұйымдастырылған шаруашылық жүйесі орнықса, осы күннің өзінде-ақ құны төмен ет, сүт, астық, техникалық өнімдер өндіруге жетерлік ала күші ауылдық жерде бар.

Содержание работы

Кіріспе
І-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі.
1.1. Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
1.2. Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары.
2.1. Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері
2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру
ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары.
3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
3.2. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
3.3. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиетер
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Дип.-аграрлық-саланың-дамуы.doc

— 563.50 Кб (Скачать файл)

     Мыңдаған ұсақ шаруа (фермерлік) қожалықтарын жекешелендіру және құрудың мөлшеріне қарай жоғарыда көрсетілген тәртіпті сақтау салық салу мәселесінде көкейкесті проблемаға айналып отыр. Соңғы екі жыл ішінде республикада шаруа қожалықтарының өсуі ерекше байқалады. Егер 1996 жылдың 1 қаңтарында салық ұйымдарында салық төлеушілер ретінде есепте 23190 шаруа қожалықтары тұрса, 1997 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткіш 29995-ке жетті.

     Бұл жағдайда адамдар  тікелей қолданбайтын, бірақ ұсақ  шаруашылықтар өндірісте пайдаланатын  тыңайтқыш, тұқым, жем үшін қосымша құн салығы  бойынша салық салмау өз-өзін толық ақтайды. Дей тұрғанмен, салық салуға әбден болатын, бірақ осы мақсатта қолданылмай келе жатқан отынға жеңілдік жасау мүлде түсініксіз.

     Сонымен, салық салу  теориясы тұрғысынан қарағанда ауыл шаруашылығында салықтан босатудыкөбірек қолдану барынша қажет құбылыс емес.

     Тәжірибе тұрғысынан  алғанда да бұл өзін-өзі ақтамайды. Жақын арадағы тәжірибе көрсеткендей, республика агроөнеркәсіп кешеніне  жеңілдік салық салу бюджеттің  табысының өспеуіне, ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің артпауына әкеліп соқты.

     Сондықтан да, республикадағы  салық реформасының шеңберінде 1995 жылдан басталған басқа да  салық саясатының негізгі мақсаттары  мен принциптері арасында салықтық  жеңілдіктерді барынша азайту заңдылық болып табылады.

     Салық кодексі бойынша  агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары  үшін көптеген салықтық жеңілдіктер  алынып тасталды. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасының аграрлық  мәні есепке алына отырып, ауыл  шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін табысчтық салықтың 10 прценттік үстемесін сақтап қалу маңызды деп табылды.

     Бұдан басқа барлық  шаруашылық субьектілеріне салық  салынатын табыстан сатып алынған  және өндірістік құрылысты жүзеге  асыратын технологиялық құрал-жабдықтарды орнатудың құнын алып тастау мүмкіндігі берілді. Бұл тек қана табысқа салық салу көлемін едәуір қысқартуды емес, сономен бірге жаңадан еңгізілген тәртіп бойынша шығындарды табыстың есебінен жабуды бес жылдың ішіндегі кйінгі мерзімге ауыстыруды да білдіреді. Мұндай норма амортизацияны шапшаңдату мүмкіндігімен қатар негізгі қорды жаңартуға және өңдірісті кеңейтуге ынталандырады.

     Сондай-ақ, жылдық жиындық  табыстан іскерлік қызметті жүзеге  асыруға байланысты барлық шығындарды  шығарып тастау да жатқызылады. Мұның өзі салық салатын негізді барынша нақты анықтауға мүмкіндік береді.

     Ауыл шаруашылығы  өндірісінде пайдаланылытын шеттен  әкелінетін құрал-жабдықтарға, шикізаттарға, материалдарға, қлсалқы бөлшектерге  және тауарларға қосымша құн  салығын төлемеу мүмкіндігі де қарастырылған. Шаруа қожалықтарының салық төлеу жүйесінің ықшамдарған әдісін белгілеу де тиімді шарт болып саналады. Бұған қол жеткізудің бірден-бір тәсілі басым жағдайда нақты ақшамен жұмыс істейтін немесе тауар сату, қызметкөрсету бойынша шектелген айналымы бар және жұмысқа тартылған аз ғана адамы бар заңды тұлғалардың патент алу жолымен салық төлеуі болып табылады. Көптеген себептерге сәйкес, оның ішінде тиісті арнаулы мамандықтың болмауы салдарынан көптеген шаруа қожалықтары салық салу заңдылықтарына жауап беретін есеп жүргізуді қамтамасыз ете алмайды, салықты есептеуде қиындықтарға ұшырап, салық ұйымдарына декларацияларды дер кезінде беруді қамтамасыз ете алмайды. Оның үстіне шаруашылық өндіретін өнімдердің көп түрлілігі, маусымдық мәнде және жекелеген өнім түрлері өндірісінің ұзақ циклда болуы шаруашылық жүргізудің нәтижелерін есепке алудың жан-жақты тегерішін ойластыруды қажет етеді.Тағы бір айта кететін жәйт, көптеген шаруа қожалықтары іс жүзінде коммерциялық қызметпен де айналысуға мәжбүр болады. Мұның өзі түпкі қаржылық нәтижені анықтауда міндетті түрде есепке алынуы тиіс. Осыған байланысты шаруа қожалықтарының салық төлеу мәселесінде бюджетпен өзара қарым-қатынасының қарапайым жүйесін қолдану өтпелі кезеңде салық әкімшілігінің объективті талабы болып табылады.

     Мысалы, шаруа қожалықтары  бойынша табыс және жер салығын  бірге қоса есептегендегі салықтың  орнына белгілі бір қондырылған  үстеменің болуы әбден мүмкін. Шаруа қожалықтарына салық төлемейтін  табысты есептеудің арнаулы жүйесін пайдалануқұқы берілуі мүмкін. Бұл жерде жердің, өндірілетін дақылдың түрлері, малдың түрі және аймақтың жер жағдайы бойынша гектармен есептегенде алынатын табыстың көлеміне қондырма алдын ала белгіленеді. Қондырылған және іс жүзінде алынған табыстың арасындағы айырмашылық мұндай жағдайда келесі жылдың табыс салығы бойынша берілетін декларацияда ескерілуі тиіс.мұндай жүйе Бельгияда және Еуропалық қауымдастықтың басқа да бірқатар елдерінің фермерлеріне табыс салығын салуда кеңінен қолданылады.

     Қазақстанда 1996 жылдың басынан тәжірибе ретінде Семей облысында бюджетпен есеп айырысудың сатып алынатын патент негізіндегі жүйесі еңгізілді. Патент үшін ақы ауыл шаруашылығының әр түрлі саласындағы жұмысшылардан белгілі бір мерзім ішіндегі табыс салығының сомасы ретінде анықталды. Бір қызығы, тәжірибе басталған мерзім ішінде өткен жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда патент үшін түсім табыс салығының түсімінен 57 есе көп болды. Облыстың 1141 шаруа қожалықтарынан тәжірибе басталған мерзім ішінде 3353,6 мың теңге немесе әр шаруашылықтан орташа есеппен 2939 теңге түсті. Ал 1995 жылы 454 шаруашылықтан 58,9 мың тенге немесе әр шаруашылықтан 330 теңге түскен болатын.

     Шығыс Қазақстан облысында  шаруа қожалықтары үшін ауыл  шаруашылығы бағытындағы жерлерді  тұрақты пайдаланудың 1 гектар есебіндегі бонитет баллын есептеу арқылы біртұтас жер салығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілген. Онда табыс пен жер үшін салық үстемесі біртұтас жер салығын құрады.

     Республикада қазіргі  уақытта шаруа қожалықтарына  салық салудың қарапайым жүйесі заң түрінде енгізілді. Ол бұрын қабылданған салық салу жүйесімен қатар қолданылады. Салық салудың жүйесін таңдау құқы қарапайым жүйеге көшу болсын немесе бұрынғы жүйеде қалу болсын, шаруашылықтың өз еркіне берілген. Бұл жағдайда шаруа қожалықтары есеп құжаттарын жүргізуден, декларация беруден босатылған.

     Патент сатып алу  қажеттілігі шаруа қожалықтарының  өздеріне берілген жер учаскелерін  барынша тиімді пайдалануына, ауыл  шаруашылығы өндірісінің жалпы  көлемінде олардың үлес салмағының артуына ынталандырады деп күтілуде.

     Салық салудың мұндай  тәртібі салық қызметінің тарпынан  салықты дер кезінде және дұрыс  төлеуі үшін бақылауды барынша  қарапайым жүргізуге жол бастайтыны  сөзсіз.

     Ауыл шаруашылығы  өндірушілері қызметінің маусымдық мәнін және ұзақ мерзімді күрделі қаржы жұмсаудың қажеттілігін есепке алатын агробизнесті жанама салықтық ынталандырудың бір тәсілі шаруа қожалықтары үшін орта және ұзақ мерзімді несиелер беру бойынша банктерді табыс салығынан босату болар еді.

     Бір айта кететін жәйт, экономикасы дамыған және күшті салық әкімшілігі орнаған елдерде, салық төлеушілердің жоғары құқықтық мәдениеті есепке алына отырып, әдетте, аграрлық секторға салық салудың қатаң тәртібі қолданылмайды.

     Мысалы, АҚШ-та фермерлер  жәнебасқа ауыл шаруашылығы кәсіпорындары төлейтін салықтар басқа жеке және заңды басқа тұлғалар сияқты белгіленген үстеме бойынша төленеді. Соған қарамастан кез келген секторларды салықтық ынталандыруды дамыту жүргізіле береді. Бұл үшін салықтық есептеулер тегершігі кеңінен пайдаланылады. Мұндай есептеулерді пайдаланудың жетістігі ретінде ынталандырушы факторлар бар: жеңілдік беруді қарастыратын ережелер қажеттілігіне байланысты салық кодексіне кіргізіледі немесе шығарылып тасталады. Басқаша айтқанда, салық заң актілеріне басқа ешқандай түзетулер енгізу қажет болып табылмайды.

     Салықтық есептеулер  қалай жүргізу керек екенін  мысалмен көрсетейік:

  Табыс...............................................................................1,000 000 долл.

  Өнім өндіруге кететін шығын ..........................................500,000 долл.

  Баланстық пайда................................................................ 500,000 долл.

  Рұқсат етілген шығарып тастаулар...................................300,000 долл.

  Салыған салықтың табыс...................................................200,000 долл.

  Салық үстемесі...................................................................................30%

  Салық салынған барлығы.....................................................60,000 долл.

  Ауыл шаруашығы өндірісі  үшін салықтық есептеулер (5% х 60,000).........................................................................................3,000 долл.

  Есептеуден кейін барлық  салыққа төленетіні.....................57,000 долл.

     Осы көрсетілген арнаулы  есептеулер тікелей салынған  салық бойынша жасалады және  есептеу жүзеге асырылатын уақыттың  барлық кезеңіне салықтық міндеттемені  азайтады. Егер есептеулер жоққа  шығарылса, өткен уақыт мерзімі  ішіндегі есепке алныған соманы салық салушыларға қайтару қарастырылмайды.

     Еуропалық қауымдастықтың  бірқатар елдерінде (АҚШ, Англия, Германия, Белгия) ауыл шаруашылығы өндірушілері  қосымша құн салығы бойынша  декларация берудің жалпыға бірдей  жүйесімен қатар «қондарылған  үстеме» жүйесін де пайдалана алады. Мұндай жүйенің мақсаты фермер өндіретін тауарларды сатып алу мен қызмет түрлеріне қосымша құн салығына  өтемақы төлеу болып табылады.Фермер қондырылған үстеме бойынша жұмыс істегісі келетінін арнаулы өтінішпен салық ұйымдарына хабарлауы тиіс. Қондырылған үстеме тарифі Еуропа қауымдастығына мүше елдермен жеке тұрғыда және соңғы үш жыл ішінде қондырылған үстемені пайдаланушы фермерлер бойынша макроэкономикалық жағдайдың негізінде белгіленеді. Бұл жағдайда қондырылған үстеме қайтып алынатын төлем шығынға қосымша құн салығы сомасынан артық болуды білдірмейді.

     Фермер тұрақты үстемеде  басқа салық төлеушілерге сататын  өнімге салықты шығарып тастағандағы  тауар және қызметбағасына үстеме  қолданылады. Бұл өтемақыға басқа  шығарып тастау енгізілмейді. Қондырыл ған үстеме бойынша өтемақы тауар сату немесе қызмет көрсету қолданылған салық төлеушілерге төленеді.

     Егер фермердің қондырылған  үстеме бойынша коммерциялық  сыбайлас декларация беретін  салық төлеуші болса, онда бұл  салық төлеуші өзінің декларациясында қосымша құнға салықтың дебиті ретінде төленген өтемақыны өзінің декларациясында көрсетуі керек. Сонымен қатар, мұндай салық төлеуші рұқсат етілген нормада шығын бойынша есептеу алуна болады.

     Қондырылған үстеме  мен фермерге қызмет ететін сыбайлас оған фактура құжатын беріп, ал оның көшірмесін өзінде қалдырады. Міне, осылай фермерге көрсетілген қызмет және сатылған тауар қосымша құнға салық жүйесіне жақындастырылған болып саналады. Бұл жерде фермерлерге әкімшілік мәндегі басқалай қосымша талаптар қойылмайды.

     Мысал:

     Фермер салық төлеушіге 60,000 доллардың ауыл шаруашылығы  өнімін сатты, қондырма үстеме  – 6%. Салық төлеуші өндірістік  мақсатта сатып алынған өнімнің  тек бір бөлігін, атап айтсақ, 50,000 доллар сомасында пайдаланады.

     Фермер декларация  бермейді және бюджетке салық  аудармайды. Ол 60,000 доллардың 6%-іне  тең, яғни, 3,600 долар өтемақы сұрайды. Осыған сәйкес сатып алушы  оған 63600 доллар төлеуі қажет.

     Сатып алушы –  салық төлеуші қосымша құн  салығы бойынша өзінің декларациясында былай көрсетеді:

     Шығындық операцияның  құны = 60,000

     Қосымша құн салығының  дебиті = 3,600.

     Қосымша құн салығы  бойынша рұқсат етілген есептеу = 3,000 (50,000 х 6%).

     Біз агробизнесте  салықты реттеудің барынша кең тараған тегерішін келтірдік. Ал шын мағынасында нақты міндеттер мен реформалаудың кезеңдерін, елдің ерекшелігін, экономиканың жағдайын және салықтық әкімшілік деңгейін есепке ала отырып, әр түрлі нұсқаларды пайдалануға болады. Алайда, жалпы бағыт мемлекеттің салық саясатының агробизнеске өркениетті салық жүйесін енгізудің обьективті принциптері толық есепке алынатын жағдайында жүргізілуін аңғартады.  (12)

 

 

 

1.3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары

 

     Қазақстан – 16,5 миллион  адам тұратын Орталық Азиядағы  ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан  дүние жүзінде сегізінші орын (жер аумағы 2 миллион 717, 3 мың шаршы  километр) алады.

     Көмір, қара және түсті  металл, мұнай, газ өңдіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар республиканың мықты агроөнеркәсіптік потенциалы да бар.

     Ауыл шаруашылық жерінің  жалпы көлемі 222,3 миллион гектар, оның ішінде егістік жер 36 миллион гектар, жайылымдық жер 182 миллионнан астам гектар және шабындық жер 5 миллиоға жуық гектар құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2,2 гектар жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан дамыған көптеген елдердегіде әлдеқайда көп.Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 миллион тоннаға жетеғабыл ет, 3,5 миллион тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн өңдірілді.

     Қазақстанда ауыл  шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық  түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы және қаракөл қойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің бірінші сферасы (І – қор шығаратын) машина жасау, микробиологиялық және химиялық өнеркәсіппен айналысады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары