Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 19:54, реферат

Описание работы

Қазір ел жаңа тіршілікке, жаңа өмір талабына үйрене бастады. Тап бүгін ауылдық жерлерден жастардың топтап қашуы тиылды десе де болады. Өйткені, ашаршылық жоқ. Малдың басы да көбейе түскені шындық. Мындап қой айдаған байды көрдік. Керісінше бірлі-жарым жастар ауылға оралып, әке-шешесіне қолғабыс тигізіп жүр. Бұл – жақсылық, әрине. Жалпы алғанда, урбанизациялық экономика ауылдық жердің тұрғыны аз болатыны заңдылық. Мысалы, АҚШ-та ауылдық жерде мемлекет халқының 26 пайызы ғана тұрады екен. Жапонияда бұл көрсеткіш одан да төмен. Егер ауыл шаруашылығын ғылыми негізде техникамен қамтамасыз етіп, жан-жақты ұйымдастырылған шаруашылық жүйесі орнықса, осы күннің өзінде-ақ құны төмен ет, сүт, астық, техникалық өнімдер өндіруге жетерлік ала күші ауылдық жерде бар.

Содержание работы

Кіріспе
І-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі.
1.1. Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
1.2. Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары.
2.1. Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері
2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру
ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары.
3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
3.2. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
3.3. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиетер
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Дип.-аграрлық-саланың-дамуы.doc

— 563.50 Кб (Скачать файл)

     Ауыл шаруашылығында  мемлекеттің бағаға ықпал етуінің  үш нұсқасы болып отыр: сұраныстың  көлеміне ықпал ету және бағаны  тікелей директифтік түрде белгілеу  жүйесі бізге өткен әміршілдік басқарудан белгілі. Сондықтан баға саясатына негігі бағыт еркін баға тағайындауға көшу.

     Сонымен мемлекеттік  басқару жүйесінің ролі маңызды  және сан алуан. Біздің мемлекетіміз  – негізгі міндеттермен ғана  шектелетін кәсіпқой мемлекет. Қазіргі таңда мемлекеттің экономикалық реформаларға араласуы мынандай принцип бойынша болуға тиіс: мемлекет экономиканы басқаруда белсенді роль атқаруы керек, дәл сол уақытта оның экономикаға араласуы шектеулі. Мысалы, еліміздің экономикасында әлі де болса әкімшілік жүйенің қалдықтарына толған жерлері, нарық дамыған жерлер көп. Осы жерлерде мемлекет нарықты дамыту мен нарық кеңістігін тазартуға араласуға тиіс. «Экономиканың өзі тұрақсыз дамуды аралық кезінде тұрғанда, мемлекеттің реттеуші ролі мен араласуы бара-бар болуға тиіс.» Ал қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай, бізде мемлекет қажетсіз жерлерде зор әкімшілік билікке ие болып, керісінше, ролі жоғары болуға, яғни, шаруашылық мәселелерін шешуге тікелей араласқан жерлерде енжар қалып отыр. Мұның өзі экономикалық дамуымызға барған сайын кедергі болуда және мемлекеттің ролінің маңызына нұқсан келтіруде, халық арасында мемлекеттік көңіл-күй әкелуде.

     Тағы бір мәселе  – бұл қазіргі кезде басқару  жүйесіндегі басшылардың экономика , финанс, бухгалтер, құқықтық жағынан білімдерінің төмен немесе тіпті болмауы. Мысалы, шет елдерде маман әрбір 3-4 жылда өз білімін көтеріп отырмаса, мамандығын жетілдіру жүйелерінен өтпесе –оған перспектива жоқ, жұмыссыз қалады. Тіпті ғылыми-техникалық прогрестің жедел дамуы оны білімін өне бойы жетілдіріп отыруға мәжбүр де етеді. Сондықтан, біздің мемлекетімізде тұрақты үздіксіз оқу жүйесін және кадарларды аттестациялауды барлық деңгейде міндетті түрде енгізу керек. Өкінішке орай, бұрын бізде болған маманды қайта оқыту, білім жетілдіру жүйесі әбден бұзылды, көптеген ондай оқу орындары қаражат жоқтықтан жабылып қалды.

     Қорытып айтқанда, жаңа  адамға сәйкес келетін, нарықты  жақсы білетін басқарушылар даярлауға  тиіспіз және олар білек сыбана  іс тындыруға әзір, басым мақсаттар  мен міндеттерге жетуге қабілетті білімдарлар болуға тиіс.

     Кадрларды қызметке  алғанда, немесе, оны жоғарылатқанда, олардың ұзақ мерзімді, перспективалық  міндеттер қоюға қабілеттілігі, ол міндеттерді жаңа жағдайда  шешу үшін білімділігі мен  жігерлігі секілді қасиеттері басты өлшем болғаны жөн. Яғни, әрбір қызметкер өзінің іс жүзінде отырған қызмет орнына сәйкес екендігін өне бойы дәлелдегені дұрыс. (9)

     Қазіргі кезде қалыптасқан  мемлекеттік басқару ұйымы мақсатты  экономикалық саясат жүргізуге  әлі де болса жеткілікті бейімделе қоймағаны ескеріліп, мемлекеттік аппаратты қайта ұйымдастыру мен жетілдіру қолға алынды. Үкімет орталық және аймақтық деңгейлерде қысқартыла бастады және бұл процесс жалғаса береді, яғни, мұндай қайта құрудың нәтижесінде «Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау, басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру, ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру» мүмкін болады.

     Болашақта министрліктер мен ведомстволардың арасында, аймақтардың арасында үйлесімді арақатынастар орнату қажет. Министрліктер мен ведомстволардың жалпы санын қысқартып, жалпы экономикалық, әлеуметтік, ірі материалдық өндіріс салаларына көшкен дұрыс. Олар бірыңғай мемлекеттік саясатты белгілеп, жүзеге асырар еді, макроэкономика мәселелерімен шұғылданар еді. Материалдық өндіріс саласында ведомствоаралық сипаттағы жаңа тұрпаттағы министрліктер қажет. Олар мемлекеттік реттеуді жүзеге асырып, жекелеген жағдайда ғана экономикалық әдістерді пайдаланып, салаларға (кешендерге) немесе қызмет салаларына тікелей басшылық жасауға тиіс. Ал, қазіргі жағдайда министрліктер мен ведомстволардың жауапкершілік деңгейі олардың өкілеттік көлемінен асып кетіп отыр. Соның кесірінен басқару тиімділігі күрт төмендеді.

     Министрліктер мен  ведомстволар өзіне тән емес  қызметтің түрлерінен арылуы  керек, оларды мүмкіндігінше орталықтан  аймақтарға қарай, ойыстыру қажет. Сатылар мен аралық буындар  аз болған сайын, өкілеттіліктердің  ара жігі де айқын ашылады.

     Министріктің қызметі  мынандай принциптерге негізделуі  керек: өнеркәсіптік, инвестициялық, ғылыми-техникалық  саясат әзірлеу мен жүзеге  асыру міндеттеріне құрылым мен  адам санының сәйкес келуі; ұйымдық  бей-берекетсіздікке, функциялар мен  жауапкершілігін ара жігінің жүйесіз ажыратылуына жол бермеу; мәртебедегі, құрылымдағы, қызмет сипатындағыақтаусыз ала-құлалықты жою.

     Қазақстанда болашақта  негізгі міндеттермен ғана шектелетін  кәсіпқой мемлекет қалыптастыруға  мүмкіндік беретін жеті негізгі стратегиялық принциптерді еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев көрсетіп берді. Олар мыналар:

  1. Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмсалған ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.
  2. Стартегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.
  3. Нақтылы жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіру.
  4. Министрліктердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, олардың есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.
  5. Министрліктердің ішінде орталықтан аймақтарға мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою
  6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес.
  7. Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйесін жақсарту.

     Бір сөзбен айтқанда, басқарудың бұрынғы, әлі де болса байқалып отырған нарықтық емес әдістерінен біржолата бас тартуымыз, демек ХХ1 ғасырға жаңа экономикалық формацияға барабар болатын, дүниежүзілік тәжірибені ескеретін жаңа басқару жүйесімен қадам басуымыз үшін мүмкін болған нәрсенің бәрін істеуіміз қажет. (13)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-бөлім. Қазақстан  Республикасының  аграрлық  саланың  даму мәселері және шешу жолдары.

2.1. Тиімді  аграрлық  саясатты  жүзеге  асырудың  мәселелері

 

     Қазақстан тәуелсіздік  алған кезден бастап елде жүргізілген агралық реформалардың онды тенденциялары да, теріс зардабтары да болады. Нарықтық қатынастарға көшу жөніндегі құқықтық және зандық база жасалды, мүлік пен жер үлесін жеке адамдарға бере отырып мемлекеттік меншік жекешелендірілді, көп тұрпатты экономиканы дамытудың жаңа алғышарттары, көп тұрпатты экономиканы дамытудың жаңа алғышарттары, баға, несие-қаражат жүйесі жасалды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын бір мезгілде жаппай ұсақтау өсімдік және мал шаруашылықтарында қалыптасқан дәстүрлі технологиялық прцестерге елеулі нұқсан келтірді. Ол шара бәсекелестіктің өсуіне, еңбекке ынтаның артуына жәрдемдеседі деп күтілген еді. Керісінше, теріс процестердің белең алуына, өндірістің құлдырауына, өнімді сақтау, өңдеу және сату салаларында монополист-делдалдардың пайда болуына апарып соқтырды. Бұл себептерінің біріне айналды.

     Ауыл шаруашылығы  ұдайы залал шегетін салаға  айналды, ал ішкі жалпы өнімдегі  агралық сектордың үлес салмағы 1990 жылғы 34 пайыздан 2000 жылы 8 пайызға  дейін төмендеді. Сөйте тұра ауыл шаруашылығын мемлекеттік қаржыландырудың көлемі 1991-2001 жылдары 1991-1994 жылдармен салыстырғанда 8,8 есе кеміді. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің берешегінің жалпы көлемі 2000 жылы 1994 жылға қарағанда 1,9 есе өсті.

     Ұзақ және орта  мерзімге берілетін несиенің үлес салмағы күрт азайып кетті, оның есесіне тұқым себу мен егін жинау жұмыстарын атқаруға берілетін қысқа мерзімді, тонаушылық несиенің көлемі өсті.

     Мемлекет ауылды байыпты  қолдаудан бойын аулақ салды, мұның өзі кәсіпорындарды санациялау мен банкроттау процестерінің белең алуына апарып соқтырды. Есептей келгенде, 2000 жылы бір шаруа қожалығына (фермерге) шаққандағы мемлекеттік жәрдемнің көлемі 551 теңге, оның ішінде бюджеттен тікелей жәрдем (дотация) - 80 теңге, өндірістік шығындар өтемі - 52 теңге, жеңілдіктер - 283 теңге болды.

     Сонымен бірге төлем  қабілеті жоқ кәсіпорындарды  отандық  және шетелдік инвесторлардың  басқаруына беру жолымен қаржылық  сауықтыру жөніндегі аграрлық  саясатты село олигархтары жылдам  пайдаланып, ауыл еңбеккерлерінің берешегі есебіне олардың мүлкі мен жер үлестерін иемденіп алды, сөйтіп ауылда аса ірі меншік иелері мен жалдамалы жұмыскерлер табын туындатты. Тек бір жылдың ішінде ғана өзінің жер үлесіне құқығын басқаға беру жөнінде 80 мың шарт жасалды, және де ондай үлестер көбіне «Агроцентр – Астана», «Голдан-Грейн» секілді ірі компаниялардың, «Апако» корпорациясының және басқаларының басқаруына көшті. Соның нәтижесінде, 1999 жылы ірі жеке меншік фирмалар 5 миллион гектар егістікті яғни елдегі дәнді дақылдар себілетін барлық жердің 40 пайызын пайдаланды.

     Соңғы жылдарда (1999-2000 ж.ж.) өндірістің салыстырмалы түрде  тұрақтануына қарамастан, залалды  шаруашылықтардың үлес салмағы 2000 жылы 50 пайыз денгейінде қалды.

     Осыған байланысты  Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында баяндалған аграрлық реформалардың жаңа бағытына үлкен мән беріліп отыр, онда ел экономикасын көтерудегі басты міндет ретінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы алға қойылған.

     Жолдауда көрсетілген  ірі проблемалардың үшеуін бөліп көрсеткіміз келеді. Олар: ауылды мемлекеттік қолдау, ішкі көші-қон процестері жөніндегі мемлекеттік саясат және ауыл шаруашылық жеріне жеке меншік институтын енгізу.

  1. Ауылды мемлекеттік қолдау

     Жолдауда айтылғандай, 2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығын дамытуға бюджеттен жыл сайын қосымша 8-10 миллиард теңге бөлінбек. Ауылды қолдау басты міндет деген идеяның өзін өрбіте түссек, біздің ойымызша, мемлекеттің материалдық-техникалық қорлардың табиғи монополияларының өніміне бағаның тепе-тендігін қамтамасыз ету және мемлекеттік тапсырыс бойынша сатып алынатын ауыл шаруашылық өніміне кепілді баға белгілеу жөніндегі реттеуші қызметін көтеру қажет.

     Астыққа мемлекеттік  тапсырысты қалпына келтіру немесе  өндірушілердің өндірістік шығынын  өтеп, қайтарып және белгілі дәрежеде табыс беретін кепілді бағамен «Азық-түлік корпорациясы арқылы» мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын өнім көлемін 50 пайыз көбейту, сондайөақ экспортқа бағдарланған өнімді міндетті түрде мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

     Несие саясаты ауыл  шаруашылығы тауарларын өндірушілерге  берілетін банк қарызына ішінара  мемлекеттік кепілді кқамтамасыз  етуге, несие үшін алынатын өсім  деңгейін төмендетуге, мемлекет  қатысуымен несие серіктері желісін  ұйымдастыруға, қысқа мерзімді (ағымдағы шығындарға) және ұзақ мерзімді (негізгі қорларды толықтыруға) несие беру жүйесін қалпына келтіруге бағытталуға тиіс. Қысқа мерзімді несие үшін қолайлы ақы – жылына 10-12 пайыз, ұзақ мерзімді несие үшін – 3-5 пайыз болып табылады, несиені банктер тауар өндірушілерге жыл басында аса сапалы тұқым мен асыл тұқымды мал сатып алуға төмен пайыз бен бергені жөн.

     Ипотекалық несие  жүйесі тек мүліктік (негізгі  қорлар) кепілмен ғана емес, сондай-ақ  азаматтардың жеке меншігіндегі  немесе пайдалану құқығындағы жерлерді кепілдікке алу арқылы да дамуға тиіс. Ипотекалық қарызды өтеу кепілдігін қамтамасыз етудің көздері мыналар болуға тиіс: жер учаскесін сатқан кездегі және жерді пайдалану құқығы жөніндегі мәмледен алынатын процент; жер салығынан белгілі бір пайыз түрінде түсетін төлем; ипотекалық несие базарына қатысудан алынатын табыстың бір бөлігі; республткалық және жергілікті бюджет қаржылары.

     Жеке тұлғалардан  және заңды тұлғалардан салық  алу жүйесінде бірыңғай әдіс  қолдану қажет. Жер және салық заңдары арасындағы орын алып келген қайшылықтар жойылуы керек. Бүгінгі күні шаруа қожалықтарының (фермерлерден) жердің бағаланған құны негізінде бірыңғай жер салығы алынады, ал заңды тұлғалардан (ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтер, ЖШС, АҚ) алынатын жер салығы топырақтың балл-бонитет бойынша жасалған патент құрамында көрсетіледі.

     Сөйтіп, жер салығының  негізгі кемшілілігі оның мөлшерін  бонитет балына сай топырақтың  сапалық қасиеті бойынша анықтау  болып табылады. Салықты ауыл  шаруашылық жерлердің нормативтік бағаланған құнына белгілі бір пайыз мөлшерінде анықтаған пайдалырақ деп санаймыз. Жер сату базарының дамығанын және ауыл шаруашылығының табыстылығын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету керектігін ескерсек, жердің базар бағасы негізінде салық салу негізсіз болар еді. Жер салығының экономикалық табиғаты салықтың басқа  да кез келген түрі сияқты қосымша өнім болып табылады, осыған байланысты жер салығын тауар өндірушілерден дифференциалдық рентаны алу механизмі ретінде қарастыру керек.

     Дифференциалдық рентаны  жер салығы түрінде анықтаумен  алудың әдістемелік жолы-ауыл  шаруашылығы тауарларын өндірушілерді  республика аумағында басты ауыл  шаруашылық дақылдарды егілетін  аймақтар бойынша топтау негізінде  жер салығы аумақтарын анықтау. Мұндай әзірлеменің жаңалығы – Қазақстан аумағында бағаның және жер салығының бірыңғай аймағын белгілеу.

     Қазіргі жер салығының  негізіне жердің биологиялық  бағасы мен оның құнын бағалау  нәтижесі алынған. Таяу жылдарда, әлемнің көптеген елдерінде қолданып  жүргендей, жер салығын жердің нормативтік бағасының немесе базар құнының белгілі бір пайызы мөлшерінде есептеу қажеттігі туындайды.

     Жер салығы мөлшерін  нақты ғылыми негіздеп белгілеу  үшін оның обьективті базасын  – жер кадастарын, жердің экономикалық  бағасын түбегейлі әзірлеу қажет. Бұл көрсеткіштерге жыл сайын түзетулер енгізіліп отыруға тиіс, ал жер учаскесін бөліп берген кезде жерге орналастыратын органдардың жердің экономикалық бағалануымен бірге сол жер учаскесінде немен шұғылдану, қандай дақыл себу, қашан себу пайдалы деген ұсыныстар бергені тиімді. Мұндай есептік деректерді жер учаскелерінің шын мәніндегі бағасын белгілеген кезде пайдалану керек.

     Суармалы егістікте  су ақысының мөлшері экономикалық, биологиялық және жағрапиялық  жағдайларды, аудандардың мамандандырылуын, республикада суармалы жерлерде ауыл шаруашылығының белгілі бір салаларын дамыту қажеттігін, су көздерінің алыс-жақындығын, табиғи қашыртқылардың бар-жоқтығын, судың сапасын, елді мекендерден қашықтығын, өсірілетін дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін, экологиялық қауіпсіздікті және басқа шарттарды ескеруі қажет.

Информация о работе Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары