Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 20:17, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.
Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі
1.1. Әлемдік экономикалық қатынастардың пайда болуы, даму бағыттары.................................................................................................................5
1.2 Әлемдік экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық экономикалық ұйымдардың рөлі...........................................................................8

2. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуі
және даму бағыттары
2.1. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы
орны....................................................................................................................13
2.2. Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, орны және
ТМД елдері арасындағы экономикалық кеңістіктің дамуы..............................16
3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер..............................................................................................21
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясаты..........................................................24

Қорытынды..........................................................................................................28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................30

Файлы: 1 файл

алемдик экономика индира.docx

— 71.08 Кб (Скачать файл)

Әлемдік экономикалық қатынастардың макро деңгейіндегі тетігіне оларды іске асыруға байланысты ұйымдық, құқықтық нормалар мен құралдар (әлемдік экономикалық келісім шарттар мен келісімдер және т.б.), әлемдік экономикалық ұйымдардың әлемдік экономикалық қатынастарды мақсаттарына жеткізу үшін үйлестіре дамытуға бағытталған қызметі кіреді.       

Осы заманғы  әлемдік экономикалық қатынастар елеулі, тұрақты, мемлекет аралық реттеуді талап  етеді. Әлемдік экономикалық қатынастарды іске асырудың микродеңгейін әлемдік  маркетинг жүйесі және сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру мен оның техникасы  кіреді. Әлемдік маркетинг, жалпы (ішкі) маркетингпен сырттай ұқсастығы  болғанымен, кәсіпкерлікті әлемдік  деңгейде баскарудың айрықша кұралы ретінде көрінеді. Оның айрықша сипаты ұлттық нарықтардың ерекшеліктерін, сонымен бірге тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығының зерттеу әдістерімен  білінеді.       

Әлемдік экономикалық қатынастар жеке елдер немесе әлемдік  экономикаға негізделе отырып көп  жағдайда олардың дамуына байланысты   болады.       

Бірақ, әлемдік  экономикалық қатынастар дами келе, өз заңдарына бағынатын дербес кұбылысқа, әлемдік шаруашылықтың әрекет ету  және даму түріне, оның ішкі тетігіне айналады.

      Әлемдік экономикалык қатынастар жұмыс күшін экспорттауға мүмкіндік береді. Шеберлігі жоғары жұмысшыларға көп еңбек ақы беру жолымен немесе өте арзан жұмыс күші экспортталады.       

Халықаралық ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы – шаруашылық өмірді интернационализациялауға көшірудің глобалды бағытын көрсету  және халықтар арасындағы экономикалық жақындасудың объективті процесі.    Қазіргі  кезде халықаралық ұйымдардың бірнеше түрлері құрылды: ол ұйымдар глобальды сиптатта БҰҰ-ға кіретін әлемдік институттар,   ұйымдар болды.       

Оның  қалыптасу негізіне жататын прнциптер  әлеуметтік – экономикалық,  жүйенің   бірігуі   бойынша,   елдердің  ұйымға кіруі, аймақтық ұйымдар т.б.      

Қазіргі кезде әлемдегі халықаралық ұйымдардың қызметінің маңызы өсуде, осы жағдайда бірде-бір мемлекет экономикалық, мәдени, гуманитарлық дамуда жеке – дара дами алмайды. Елдер арасындағы ең тиімді ұйымдардың формасы әлемдік институттардың құрылуы.      

Халықаралық ұйымдардың мақсаты – оның құрамына қандай елдер кіруімен ерекшеленеді.       

Дамыған капиталистік  елдердің ұйымдары  сауда,   валюта, төлем балансы, өндірістік қиындықтарды, сондай-ақ трансұлттық корпорациялардың қызметін кеңейту мәселелерін шешеді.      

Әлемдік қаржы  экономикалық ұйымдардың маңызы қазіргі  әлемде үлкейіп келеді. Бұл ұйымдардың қызметі әр түрлі әлеуметтік құрылымдағы  елдердің арасындағы күрделі мәселелерді  шешуге бағытталған.       

Әлемдік қаржылық – саудаға қатысатын елдер, осы  облыста кездесетін түсініспеушіліктердің  себебін іздеуде және оны болдырмау  немесе жұмсарту шараларын қарастыруда. Бұл жағдайда осы проблемаларды  шешуде әлемдік сауданың табиғатына тән екі жақтылық айқын көрінеді. Бір жағынан, олар өз күштерін сыртқы сауданың дамуы мен кеңею құралдарын іздеуге, екінші жағынан қарама-қарсы  бағыт туындайды – ол бағыт  оның орталықтануы, яғни жекелеген  елдер арасында және экономикалық топтастырудағы айырмашылықтар.        

Міне, осы  екі жақтылық ұжымдық іс-әрекеттің  объективті қажеттілігі жағдайында, өз жолында күрделі қиындықтарға кездесуде. Өзара байланысты, жинақты  сыртқы сауда саясатын ойластыру  өзінің ойдағыдай тиімділігін бере алмады, бірақ та кейбір жетістіктер  күрделі қарама – қайшылықтарды  жартылай шешуде.      

Әлемдік саудаға  қатысатын елдер келісімінде  негізгі рол сыртқы саудадағы  протекционизм мен либерализацияны  жұмсарту бағыты, сондай-ақ келісім  бойынша әлемдік ұйымдар құруда елдер арасындағы сыртқы сауда саясатын мемлекетаралық деңгейде реттеу.       

Соңғы уақыттағы  сауда – саяси тәжірибеде әлемдік  экономикалық байланыстағы проблемаларды  қарастыруда, жан – жақты шешімдер көбейді, осы мәселелерді шешуде әлемдік саудаға тән күрделі  қарама – қайшылықтар жиі кездеседі.       

Міне, осы  екі жақтылық ұжымдық іс-әрекеттің  объективті қажеттілігі жағдайында, өз жолында күрделі қиындықтарға кездесуде. Өзара байланысты, жинақты сыртқы қаржы саясатын ойластыру өзінің ойдағыдай тиімділігін бере алмады, бірақ та кейбір жетістіктер күрделі қарама – қайшылықтарды жартылай шешуде.      

Сауда және тариф жөніндегі Ассоциацияның (ГАТТ) қызметі. Бұл ұйым (Сауда және тариф жөніндегі бас ассоциация) тариф және сауда келісімі бойынша 1948 жылы құрылған. Осы ұйымға қатысушы елдердің келісімі бойынша сыртқы сауданың мемлекеттік реттеу қағидалары мен принциптері қарастырылған. Бұл ұйым үш негізгі принцип бойынша құрылған:      

1)  қатысушы барлық елдердің теңдігі;      

2)  жан – жақты келісім жүргізу арқылы салықты төмендету,       

3)  импорттық квоталарды жоғалту.       

Нақты алғанда ұйымның негізгі қызметі  тарифтік шектеулер бойынша жан – жақты  келісім жүргізу формасы. Қазіргі кезде ұйымға 100 ел кіреді және сауданы либерализациялау бағытының дамуы маңызды фактор екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Басқа да ұйымдардан айырмашылығы келісімдердің негізі оның икемділігінде. Ұйымдағы құқық және міндеттер айырбасы мемлекет келісімі ретінде қарастырылады, сондықтан да катысушы елдер ұйымның мүшесі ретінде емес, келісуші елдер деп қаралады.       

Ұйымның   қызметінің   негізгі    механизмдерінің   бірі   жан – жақты келісімдердің қайта қаралуы бойынша жаңа қағидалардың пайда болуы. Бұл жағдайда әлемдік саудада мемлекеттік реттеудің жаңа нормалары пайда болады. Көп уақыт бойы негізгі күші кеден салығын төмендету бағытында болды да, көптеген жетістіктерге жетті.      

ГАТТ-тың  көптеген ұйымдастыру сұрақтарын шешудегі күресте, АҚШ және Еуропалық Одақ өзінің рөлін күшейтуге тырысуда. Олар жұмыс бағдарламасын қалыптастыруда, шешімдердің механизмін және бірнеше жағдайларды шешуде тәртіптерді қатаң ұстауда негізгі рычагты босатпау. Бір жағынан, осы ұйымдастыру реформасының бағытына дамушы елдер кіруде. Бұл күресте маңызды орынды бақылаушы ұйымдар алады. Халықаралық ұйымдардың ішінде бақылаушы статусына кіретіндер: ЮНКТАД, ЮНИДО, ФАО, МВФ, МБРР, БҰҰ-ның аймақтық комиссиялары, сондай-ак, дамыған елдердің аймақтық ұйымдары.       

Еуропалық экономикалық комиссияның (ЕЭҚ)  дүниежүзілік сауда –экономикалық қатынастағы рөлі. Еуропалық экономикалық комиссияның (ЕЭҚ)  дүниежүзілік сауда – экономикалық    қатынастағы рөлі және қызметі.      

Қазіргі өзара бағынышты әлемде әлемдік экономикалық байланыстардың күрделі мәселелерін шешуде барлық елдердің қызығушылығы артуда.       

Осы мақсатта бірнеше авторитетті әлемдік  экономикалық ұйымдар өзінің қызметін жүргізуде, олардың ішінде ерекше орын алатыны Еуропалық экономикалық комиссия (ЕЭК).  Ол 1947 жылы кеңестік елдердің бастамасы бойынша, Еуропа елдерінің соғыстан кейінгі ұлттық экономикасын қалпына келтіру мақсатында құрылған.       

Қазіргі кезде ЕЭК сауда – экономикалық ынтымақтастық ұйымы ретінде, аймақта тәртіп орнату жұмыстарын жүргізеді. Комиссия мүшелері болып 34 ел кіреді (барлық Еуропа елдері және АҚШ пен Канада). Оның қызметі жалпы Еуропалық процесстермен тығыз байланысты комиссияның тәжірибесі және мүмкіншілігі, сондай-ақ оның атына тікелей айтылатын ойлар қорытынды мәжілісте қаралады.       

Ол (ОБСЕ) Еуропалық  ынтымақтастықтың қауіпсіздігі жиналысы, оған қатысушылар  екінші кәрзеңкедегі сұрақтарды талқылайды.       

Олар: экономика, ғылым, техника, экология сұрақтарын шешу. 1987 жылы қарашада болған әдейі арналған ЕЭК-дағы оның негізгі басты сұрағы.

Шығыс пен  Батыс елдерінің сауда байланыстары. Бұл сұрақтармен сыртқы сауданы дамыту комитеті шұғылданады.       

Сауда мәселесі және өнеркәсіптік ынтымақтастық  комиссиясының басқа да қосымша ұйымдарының қызметімен толықтырылады, олар үздіксіз ЕЭО сессияларында және де жиылыстар мен симпозиумдарда қаралады. Қорытынды актының ұсынысы Хельсинки бағдарламасы бойынша сауда облысында бірінші орынға Батыс-Шығыс сауда – экономикалық байланыстарын дамытуда қолайлы жағдай тудыру проблемалары тұрды. Ол сұрақтарды шешуде сауда, өнеркәсіп байланысы, информациялық айырбас, әкімшілік кедергілерді жеңудегі мәселелер қойылды.       

1983 жылы компенсациялық сауданы шешуде, ұзақ мерзімді ірі масштабтағы байланыстар, дара коммерциялық жұмыстар және тауарды сатып алу қаралды.      

Қазіргі кезде ЕЭК өзінің қызметінде дамудың  жаңа кезеңінде түр. Бұл жерде  Батыс және Шығыс елдерінің мүдцелерінің бірдей қорғау ұмытылысы байқалады, бұрынғы жеміссіз сөзталастың керегі жоқ екенін түсініп, одан шегіну. Бұл жаңа шараларды қолдану 1986 жылғы Шығыс пен Батыс сауда байланыстарының болашағын қарастыру мәжілісінде болды. Шығыс-Батыс сауда-экономикалық байланысы комплексі бір бағытта қаралды.       

Жаңа  маңызды фактор болып Солонник қаласындағы симпозиумда ЕЭК-ке мүше елдерінің белсенді топтарының қатысуы, оның проблемаларын жеке –дара талқылауға мүмкіндік берді.       

Комиссияның қызметінің жаңа кезеңінің қалыптасуы оның жаңа бағыттарының көтерілуі, әр түрлі әлеуметтік жүйедегі елдердің, олардың арасындағы болашақтағы жаңа экономикалық өзара ықпал ету бағыттарының өсуі.      

Халықаралық сауда – экономикалық  сұрақтарды реттеуші ұйым – ЮНКТАД – тың негізгі қызмет ерекшеліктері.       

ЮНКТАД    көлемінде    қарастырылатын    негізгі тақырыптары, сондай-ақ секретариат қызметінің негізгі міндеті төмендегідей:

дамушы  елдердің экспортын кеңейту нәтижесінде  өнім мен   қызмет   көрсетуді   шығарудың   бағытын   белгілеу, сондай-ақ елдің дамуы үшін саясат пен шараларды пайдаланып,    өздерінде   ішкі    нарық    ашу   мен    өндірістік құрылымды өзгерту;

әлемдік  нарықта  шикізат  тауарын  қалыптастыру, дамушы елдердің көпшілігі бүрынғыдай экспорттық түсуге байланысты болмай, өңдеуге көбірек қатысуын кеңейту, шикізат тауарын бөлу және өткізу,  өз экономикасын диверсификациялау арқылы жетуі;

дамушы елдердің экспорттық қуатын ішкі және сыртқы ресурстарды шығару жолдарымен кеңейту, сыртқа капитал салуды пайдалануды дамыту, кеме жолдарын дамыту,   сондай-ақ   сауда   және   көлік   жолдарын   дамытуда ұлттық саясат жүргізу;

дамушы елдердің экономикасындағы қарыздың ықпалының әлсіреуі және қысқаруы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуі

және  даму бағыттары

2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік  экономикалық қатынастардағы орны

 

 

       Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егемеңді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 200-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс еддерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалыкқ қатынастар басым бағыттар ұстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады. Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде. [7; 3б.]      

Қазақстан экономиканы реформалауда шетел  капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруды көздеп, ішкі нарықты өзімізде шығарылған тауар мен толтыруды мақсат етеді.  

Әлемдік экономикаға  қарай интеграциялану, бүгінгі таңда Қазақстан экономикасын тығырықтан алып шығудағы жүзеге асырылатын басты міндеттердің бірі республиканың әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тезірек бірігуі болып отыр. Мұнда біз өз мүмкіндіктерімізді дұрыс бағалап, әлемдік еңбек бөлінісінде өз орнымызды табуға және осы қоғамдастыққа кіру тәсілдеріне байланысты болады. Осы күрделі міндеттерді орындау үшін бізде барлық қажетті алғы шарттар: орасан зор шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және маман кадрлар әлеуеті, нарықтық реформаларды белсенді жүргізуге көмектесетін тұрақты қоғамдық – саяси  жағдай сондай – ақ, Қазақстан басшылығының шаруашылық жүргізудің нарықтық түрлеріне өту қажеттігіне деген берік сенімі мен осы бағытта қолданылып жатқан шаралар бар.      

Қазақстан мемлекетаралық қатынастарға 1992 жылдан бері шығып келеді. Сол уақыттан бері 40-тан астам мемлекеттің іскер топтарының ресми адамдарымен және өкілдерімен келіссөздер болды. 20-дан аса сауда-экономикалық келісімдерге қол қойылды.       

Бүгінде республикада 160-тан астам шет ел фирмаларының, банкілерінің, өзге ұйымдардың өкілдерді тіркелді. Мысалы, АҚШ бізде өзінің 11, Жапония 9, Швейцария 8, Ұ Ұлыбритания 5 өкілдіктерін ашты. Бұл ретте Германия ең алдында келеді, оның 22 өкілдігі бар.       

Сауда – экономикалық,     ынтымақтастық     жөніндегі үкіметаралық комиссиялар Германиямен, Қытаймен, Тұркиямен, Израильмен, Иранмен, франциямен, Үндістанмен және басқа да бірқатар елдермен табысты жұмыс істеп жатыр.       

Қазақстан қазір әлемнің 80-нен астам еліне  өнімдер шығарады. Егер тауар айналымы көлемі туралы айтсақ, онда оның ең үлкен үлесі 22% Қытайға келеді. Ал батыс жақтағы елдердегі Қазақстан экспорты үлесінің көлемі 60%-ке таяйды, соның ішінде Германияға 13,5%, Ұлыбританияға 11,6%, Швейцарияға 11%, Нидерландыға-4,7%, Австрияға 2,5% келеді.      

Соңғы уақытта бірлескен кәсіпорындар саны тез өсуде. Біздің серіктестеріміздің ішінде белгілі "Шеврон" мұнай – газ  өндіретін компаниялары бар. Шетел капиталын тартпайынша осы заманғы экономиканы тез құру, оның құрылымдарындағы қиғаштықтарды жою тіпті де мүмкін емес. Сондықтан республикада шетел инвесторлары үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін бірқатар заңдар қабылданды. Сырттан келетін капитал үшін Үндістанмен, Жапония және АҚШ – пен келіссөз жүргізілуде.

Информация о работе Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары