Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 20:17, курсовая работа
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.
Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі
1.1. Әлемдік экономикалық қатынастардың пайда болуы, даму бағыттары.................................................................................................................5
1.2 Әлемдік экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық экономикалық ұйымдардың рөлі...........................................................................8
2. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуі
және даму бағыттары
2.1. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы
орны....................................................................................................................13
2.2. Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, орны және
ТМД елдері арасындағы экономикалық кеңістіктің дамуы..............................16
3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер..............................................................................................21
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясаты..........................................................24
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................30
Қазақстан үшін тиімді шарттарда ДСҰ-ға кіру.
Қазақстан нарығына импорттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің кемсітусіз енуіне салаларды ашуға бейімдеу.
Өңірлік бірлестіктер (ЕурАзЭҚ, ШЫҰ және т.б.) шеңберінде экономикалық кірігуді тереңдету.
Сауда – экономикалық қатынастар кешенінің негізгі құрауышы ретіндегі шекара маңы ынтымақтастығын дамыту.
Барлық заңды тұлғалардың қаржы есептілігінің әлемдік стандарттарына көшу процесін жеделдету.
Шешу жолдары: Қойылған міндеттерді шешу үшін мынадай шаралар көзделетін болады:
Қазақстан үшін тиімді жағдайларда ДСҰ-ға кіру Қазақстанның жаһандық экономикадағы бәсекелестік тұғырларын көп ретте оның Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты айқындалатын болады.
Сарапшылардың көпшiлiгi қаржылық дағдарыстың
Жер шары экономикасын тұралатып тастайтын
екiншi толқыны қайталанады деп алаңдаулы.
Ал кейбiр сарапшының пiкiрiнше, екi жылдан
астам уақыт дүниежүзiлiк экономиканы
әбiгерге салған дағдарыс еңсерiле бастады.
Өткен аптада АҚШ Федералдық қор жүйесiнiң
экс-басшысы Алан Гринспен Америкадағы
рецессия аяқталуға жақындағанын және
экономикалық көрсеткiштердiң жоғарылауы
мүмкiндiгiн көлденең тартқан. Iле-шала
сөз алған әлемге танымал экономист –
Нуриэль Рубини 2009 жылдың соңына қарай
экономикалық дағдарыстың ауыздықталатынын,
екi жылдан кейiн америкалық ЖIӨ көлемi
шамамен, 1 пайызға көбейетiнiн айтты. Рубинидiң
пiкiрiмен санаспайтындар кем де кем. Өйткенi,
2006 жылдың қыркүйегiнде, яғни, қаржылық
дағдарыс басталмай тұрып, Халықаралық
Қаржы Қорының семинарында АҚШ-тағы жылжымайтын
мүлiк нарығындағы келеңсiздiктердi, ипотекалық
несиелеудегi қаржылық қатердi, халықаралық
қаржы жүйесiне керi әсер ететiн факторларды
болжаған болатын. Алайда, Халықаралық
Қаржы Қорының мамандары Гринспен мен
Рубинидiң оптимистiк көзқарасына кереғар
пiкiрде. Олар әлемдiк экономикалық көрсеткiштер
үстiмiздегi жылы 1 пайызға өспейтiнiн, керiсiнше,
1,4 пайызға қысқаратынын көлденең тартады.
Оған себеп, қаржылық дағдарыспен күрес
мақсатында жұмсалған қаражат көлемi бүгiнде
11 трлн. доллардан асып түскен көрiнедi.
АҚШ-қа тиесiлi банк жүйесiндегi қаражат
тапшылғының екiншi толқыны коммерциялық
жылжымайтын мүлiк нарығындағы тұрақтылықты
шайқалтып, оның кесiрi тағы да дүниежүзiлiк
экономикаға тимек. Қазiргi таңда америкалық
банктер алдындағы қарыздары 1,8 трлн. долларға
жеткен жекеменшiк борышкерлер рецессияның
керi әсерiнен көрпелерiне қарай көсiлуге
мәжбүр. Яғни, олар жаңа офистер, сауда
орындары сияқты басқа да құрылыс нысандарын
салуға қатысты жобалары мен жоспарларын
жүзеге асыруға ертеңгi күнге деген сенiмсiздiктiң
кесiрiнен, қаражат шығынынан қорқасоқтайды.
Жалға алу ақысының төмендеуi мен тұтынушылық
сұраныстың қысқаруы құрылыс жұмыстарына
байланысты несие алған офис қожайындарының
ипотекалық қарыздарын ай сайын кешiктiрмей
өтеп тұруларына қиын тиюде. Халықаралық
Қаржы Қорының сарапшылары коммерциялық
жылжымайтын мүлiк нарығындағы ахуалды
тұрақтандыру үшiн бiрнеше жыл керектiгiн
айтады. Айтпақшы, экономикалық көрсеткiштердiң
өсетiнiне сенген Алан Гринспен де егер
жылжымайтын мүлiк нарығындағы жағдай
тағы ушығатын болса, оның соңы жақсылыққа
әкеп соқтайтынын ескерткен. Дағдарыстың
екiншi толқыны 2010 жылдың басына қарай
көршiлес Ресейде де болады деп болжауда.
Рубинидiң оң көзқарасына қосылған кейбiр
халықаралық мамандар әлемдiк нарықтағы
мұнай бағасының арзандауын уақытша құбылысқа
теңгерiп, АҚШ пен Қытайда байқалып отырған
экономикалық өсiм мен көмiрсутегiлерге
деген сұраныс деңгейiнiң артуы арқасында
дүниежүзiлiк экономика аяғынан тiк тұратынын
айтады. Goldman Sachs экономистерi таратқан
мәлiметте үстiмiздегi жылдың соңына қарай
WTI сортты мұнайдың бiр баррелi 85 долларға
бағаланатыны айтылған. Халықаралық энергетикалық
агенттiк таратқан деректерге сүйенсек,
әлемдiк нарықтағы көмiрсутегiлерге деген
тұтынушылық сұраныс деңгейi 2010 жылға
қарай тұрақтанбақ. Тұрақтандыру шараларына
үлес қосатын мемлекеттер арасында Қазақстан
да бар. Агенттiк сарапшыларының пiкiрiнше,
келесi жылдан бастап “қара алтынға”
деген сұраныс көлемi 1,7 пайызға көтерiлмек.
Тәулiктiк баррельге шаққанда, бұл 1,4 млн.
баррельге тең. Аталған көрсеткiштi 2009
жылмен салыстырған мамандар алты айдан
кейiн өндiрiлетiн мұнай қарқыны үстiмiздегi
жылы өндiрiлген өнiмге қарағанда, 85,2 млн.-ға
(тәулiктiк баррель) дейiн өсетiнiн көлденең
тартады.
“Қалталы” мемлекеттер
экономикаларын тұрақтандыру және дағдарыспен
күрес үшiн 9,2 трлн. доллар бөлсе, қаржылық
ахуалы мәз емес елдер 1,6 трлн. долларды
қанағат тұтыпты. Оның 1,9 трлн. доллары
мiндеттi өтемдерге бағытталса, қалған
бөлiгi кепiлдемелер мен қарыздарға кеткен.
Экономиканы сауықтыруға жанталасқан
әлем үкiметтерi қарыз бен кепiлдеме ретiнде
салған қаражатты дүниежүзiлiк экономика
түзелгеннен кейiн қайтарып ала алады.
Бiрақ сарапшылар дағдарыс кесiрiнен туындайтын
қаражат тапшылығы (дефицит) бiраз iске
қолбайлау болатынын көлденең тартады.
ХҚҚ-ның деректерiне сүйенсек, үстiмiздегi
жылы “Үлкен жиырмалық” – G20 мүшелiгiндегi
әлемдегi ең iрi 20 мемлекеттiң 2009 жылдың
соңына қарайғы бюджет тапшылығы орташа
есеппен алғанда, ЖIӨ-нiң 10,2 пайызын құрамақ.
Бұл Ұлы Отан соғысынан кейiн қайталанбаған
келеңсiздiк. Болжам бойынша, бюджет тапшылығынан
әсiресе, АҚШ (13,5%), Ұлыбритания (11,6%), Жапонияда
(10,3%) орын алады. Мамандар қауымы қаражат
тапшылығын мемлекеттiк кiрiстерге ауыр
тиген ғаламдық экономикалық құлдыраумен
байланыстырады. Дағдарыспен күреске
деп бөлiнген 11 трлн. доллар да “жығылғанға
жұдырық” болғаны анық. Әрине, бұл дүниежүзiлiк
экономиканы жаппай жайлай бастаған рецессияны
ауыздықтауға, бiрқатар экономикалық келеңсiздiктердi
тоқтатуға сеп болғанын ешкiм жоққа шығара
алмайды. Алайда Халықаралық Қаржы Қоры
экономиканы тұрақтандыруға бөлген қыруар
қаражаттың ақталу, ақталмауына күмән
келтiредi.
Қорытынды
Курстық жұмыст қарастырылған сұрақтардың негізінде келесідей қысқаша тұжырымдамалар жасауға болады:
Нарықтық экономиканың дамуы үшін сыртқы – экономикалық байланыстардың болуы маңызды болады. Әлемдік шаруашылық – бұл халықаралық еңбек бөлінісі негізінде халықаралық қатынастармен өзара байланысқан ұлттық шаруашылықтардың қарама – қайшы тұтастығы.
Халықаралық экономикалық қатынастар – экономиканың өзара бейімделуі олардың біртұтас ұдайы өндіріс процесі. Бұл халықаралық интеграция қатысушы елдердің белгілі бір территориялық, экономикалық, құрылымдық, технологиялық жақындығын көрсетеді және оның аймақтық сипатын түсіндіреді.
Осы заманғы қарқынды еларалық экономикалық байланыстар денгейін төмендегілер көрсетеді: әлемдік шаруашылықта халықаралық еңбек бөлінісі дәрежесінің терендігі; әлемдік шаруашылықтық байланыстардың серпінділігінің күшеюі және көлемінің өсуі.
Қазіргі кезде әлемде, халықаралық ұйымдардың қызметінің маңызы өсуде, осы жағдайда бірде – бір мемлекет экономикалық, мәдени, гуманитарлық дамуда жеке – дара дами алмайды. Елдер арасындағы ең тиімді ұйымдардың формасы халықаралық институттардың құрылуы.
Әлемдік сауда – экономикалық қатынастарға толығымен ену, бүгінгі таңда Қазақстан экономикасын тығырықтан алып шығудағы жүзеге асырылатын басты міндеттердің бірі, республиканың әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тезірек бірігуі болып отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасын тығырықтан алып шығудағы жүзеге асырылатын басты міндеттердің бірі республиканың әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тезірек бірігуі болып отыр. Мұнда біз өз мүмкіндіктерімізді дұрыс бағалап, халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнымызды табуға және осы қоғамдастыққа кіру тәсілдеріне байланысты болады. Осы күрделі міндеттерді орындау үшін бізде барлық қажетті алғы шарттар: орасан зор шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және маман кадрлар әлеуеті, нарықтық реформаларды белсенді жүргізуге көмектесетін тұрақты қоғамдық – саяси жағдай сондай-ақ, Қазақстан басшылығының шаруашылық жүргізудің нарықтық түрлеріне өту қажеттігіне деген берік сенімі мен осы бағытта қолданылып жатқан шаралар бар. Сондықтан әлемдік кеңістікке қарай интеграциялану бүгінгі күннің өзекті, ағымдағы тақырыптарының бірі.
Мұнда біз өз мүмкіндіктерімізді дұрыс бағалап, халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнымызды табуға және осы қоғамдастыққа кіру тәсілдеріне байланысты болады. Осы күрделі міндеттерді орындау үшін бізде барлық қажетті алғы шарттар: орасан зор шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және маман кадрлар әлеуеті, нарықтық реформаларды белсенді жүргізуге көмектесетін тұрақты қоғамдық – саяси жағдай, сондай – ақ, Қазақстан басшылығының шаруашылық жүргізудің нарықтық түрлеріне өту қажеттігіне деген берік сенімі мен осы бағытта қолданылып жатқан шаралар бар.
Орта мерзiмдi болашақта Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөніндегі келiссөз процесiн аяқтау және ДСҰ-ның тең құқылы мүшесi мәртебесiн иелену күтiлiп отыр. Осыған байланысты барлық мiндеттердi, оның iшiнде өңiрлiк бiрлестіктер шеңберiнде қайта қарау және ұлттық заңнаманы ДСҰ нормаларымен сәйкестендiру жөнiнде жұмыс жүргiзілуде.
Әлемдік нарықты игеру үшін
Қазақстан таңдаулы және кезекпен іске
асырылатын саясат жүргізуі тиіс. Таңдаулылық
өз басымдылықтарын нақты анықтаумен
байланысты. Мысалы, ел ішінде еркін нарықтық
экономика құру күш-жігері сыртқы ашықтықтан
басым болуы керек. Өзінің халықшаруашылық
кешенін сыртқы әлемге ашуда жоспарлы
жалғастық қажет. Бұл жағдайда сыртқы
ашықтық өзіндік мақсат болмауы тиіс,
ол ел ішінде тиімді нарықтық тетіктерді
қалыптастыруға жағдай туғызуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Шеденов О. Жалпы экономикалық теория. - Ақтөбе: «А Полиграфия»,
2004. - 455 б.
2. Крымова А. Экономикалық теория / Кестелі оқу құралы. - Алматы, 2004.-
3. Жүнісрв Б. «Нарықтық экономика негіздері», Алматы «Экономика» 2006 жыл
4. Қазақстан Республикасының 2009-2010 жылға арналған статистикалық жылнамалар жинағы
5. Қазақша рефераттар сайты www.temakosan.net
6. Т.И. Есполов «Экономикалық теория негіздері» оқу құралы, Алматы «Каз ҰАУ» 2009 жыл
7. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылдағы халыққа жолдауы
8. Бердалиев «Экономиканы басқару негіздері» 2007 жыл
9. «Экономика» журналы 2010 жыл
10. Шеденов О. «Жалпы
экономикалық теория» оқу