Қазақстандағы көмір өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 06:49, реферат

Описание работы

Экономикалық дағдарыс ғылымға қатты салқынын тигізді. Күні бүгінге дейін ғылымға ішкі жалпы өнімнің болмашы мөлшері ғана бөлініп келеді. Дегенмен бұл - ғылым, оның ішінде Қазақстан химиясы тоқырады деген сөз емес. Энтузиаст-ғалымдар ізденістерін үзбей жалғастыра берді. Соның нәтижесінде Үкіметіміз күні бүгін он зауыт саламыз десе, солардың әлемдік базарда бәсекелесіне дес бермейтін өнімдер шығару ісін ғылыми негіздеп бере аламыз.

Содержание работы

Кіріспе

1.1. Қазақстандағы көмір өндірісі


1.2. Павлодар-Екібастұз көмірі


1.3. Екібастұз көмірінің ерекшелігі мен қасиеттері


Қорытынды

Файлы: 1 файл

Екібастұз бассейні.docx

— 31.74 Кб (Скачать файл)

Әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстандағы көмір өндірісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындағандар: Сагімбаева А.

                           Сейтжан М.

                                                                                                  Советхан Ж.

                                                                                                  Тургунов Ж.

                                                                                                  Чашабаева Қ.

                                                                                                  Ыбраева К.

                                                                        Тексерген:       Садуллаева  А.П.

 

Мазмұны                                                                                 

 

Кіріспе

 

1.1. Қазақстандағы көмір өндірісі

 

 

1.2. Павлодар-Екібастұз көмірі

 

 

1.3. Екібастұз көмірінің ерекшелігі мен қасиеттері

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

         Экономикалық  дағдарыс  ғылымға    қатты  салқынын  тигізді. Күні  бүгінге  дейін  ғылымға  ішкі  жалпы  өнімнің  болмашы   мөлшері    ғана  бөлініп   келеді. Дегенмен   бұл - ғылым,  оның   ішінде   Қазақстан химиясы тоқырады деген сөз емес. Энтузиаст-ғалымдар   ізденістерін   үзбей  жалғастыра берді. Соның   нәтижесінде   Үкіметіміз  күні   бүгін он зауыт саламыз десе, солардың әлемдік базарда  бәсекелесіне  дес бермейтін өнімдер шығару  ісін ғылыми  негіздеп   бере  аламыз.

       Экономикадағы  жетекші салалар-мұнай, металл, көмір,тағы  басқа  минералдық   шикізаттар   өндірісі   өткен   14  жыл   ішінде  жарыса   дами  отырып, қосалқы  салаларға  да  жан   бітірді. Мұның   наақты   көрінісі   химия  өндірісін   дамыту  мақсатында   жол   картасы  аясында    арнайы   бағдарламалар, инвестициялық   жобалар   жасалды.Жалпы   бұл   саланы  дамыту  елімізге  үлкен   табыс  алып  келеді.Мысал   ретінде  көмір  өнеркәсібі  өткен   жылғы  ағыдағы   ақпарат  бойынша  105  миллион   тонна  ккөмір  өндірілді. Бұл  2007  жылғыдан  11,2  -ке    артық.Көмір  өндірумен  28  отандық  5  шетелдік   компаниялар   айналысады.Әлемнің  92 еліне  экспортқа   шығарады.Экспорт  бойынша   тау кен  өндірісі  үлкен   маңызға  ие. Үлесі 37-41

      Негізінде   көмір  1960   жылдары   жер   жүзіндегі   энергия   істеп   шығару қажеттілігінен пайда  болған. Көмірдің құрамына-көміртек, сутек, оттек және басқа элементтердің  қоспасынан тұратын күрделі   зат. Көмір-метаморфизм  үрдісінде   өсімдіктерден  түзілген  минерал.  Көмірдің  төменгі   сортына   қоңыр  көмір  мен   лигнин  жатады. Олар  құрамы  жағынан   шымтезекке    жақын   және   көміртектің   шамасы   төмен.  Көмірдің  ең   қатты  және  құрғақ  сорты — антрацит. Отын - қатты, сұйық, газ  түрінде  болады. Қатты отын көмірлер, ағаш, тағы басқа. Сұйық отын –  мұнай және оның өнімдері. Қазба  көмірдің төрт түрі бар. Бірінші  түрі – қоңыр көмір, тас  көмір, анкроцит, крафитті көмір. 1855 жылы жылы Қарағанды, 1869 жылы  Леңгір, 1895 жылы Екібастұз көмір  кен орындары іске қосылды.  Көмірдің геологиялық түрі 61 миллиард  теңге деп бағаланды. Қарағанды  көмір қорының 40 проценті кокс  шығаруға жарамды. 

      Екібастұз  кен орнының көмірінің қалыңдығы  160-180 метр. Мемлекеттік баланстағы 49 кеніштегі есептелген қорда 33,6 миллард тонна көмір бар. Майбөкен көмір кен орнында жылына 20-25 миллион тонна көмір өндіріледі. Екібастұз көмір бассейнінде 12 миллиард тонна көмір шоғырланған. Қарағанды аумағында республиканың 31,9 процент көмір шоғырланған.

Көмір – бұл адамзат  тарихында бірінші пайда болған жанылғы жер қазба байлықтарының  бірі болып табылады.

Көмір 1960 жылдары жер жүзіндегі  энергия істеп шығарудың жарымына жуығын құраған. Көмір, мұнай, газ сияқты органикалық заттардан тұрады.

Көмір құрамына кіретін көміртек, сутек, оттек сол сияқты аз мөлшерде азот, күкірт және басқа элементтердің  қоспасы кіретін қосылыстардан  тұратын күрделі зат. Көмір –  метеморфизм үрдісінде өсімдіктерден  түзілген минерал. Метеморфтылық деп – жоғары қысым мен жоғары температурада өзгеріске ұшыраған тау жыныстарын айтамыз. Көмір түзу үрдісінің бірінші сатысында түзілген органикалық зат – шымтезек. Көмір шымтезек түгелдей шөгінді қабатпен жабылып, қоршалған шөгінді нығыздалған деп аталады. Нығыздалған шөгінді шымтезектердегі ылғалды кемітеді.

Көмірді сұрыптағанда үш белгіге  сүйенеді. Тазалығы (құрамындағы көміртектің  мөлшерімен анықталады), түрі (құрамындағы бастапқы органикалық заттармен анықталады), сорты (метеморфизм дәрежесіне байланысты).

Көмірдің төменгі сортына  қоңыр көмір мен лигнин жатады. Олар құрамы жағынан шымтезекке жақын, және көміртектің мөлшері төмен, ылғалы жоғары болуымен сипатталады.

Көмірдің ең қатты және құрғақ сорты – антроцит. Оны  тұрғын үйлердің жылыту және тамақ  дайындау үшін пайдаланады. Торф –  көмірдің негізгі құрамы. Қалыңдығы  – 1 км, ұзындығы – 20 метрлік торф қабатынан 4 метр қалыңдықта қоңыр көмір пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

 

 

                                Қазақстандағы көмір өндірісі

 

Қазақстанда көмір өнеркәсібінің  туу ХІХ ғасырдың ортасында жатыр. 1855 жылы Қарағанды, 1869 жылы – Ленгір, 1895 – Екібастұз көмір кен орындары іске қосыла бастады. Шағын рудниктер  мен заводтар және жергілікті халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өлкеде кішігірім көмір кен орындары да пайдаланылады.

Халық шаруашылығын индустрияландыруға байланысты Қазақстанда көмір өнеркәсібі 30-шы жылдары Қарағанды бассейннің қарқынды игеру нәтижесінде кеңінен  дамыды. Қарағанды көмір бассейнінің  маңызды өсуіне себеп біріншіден оған жақын жерде мол темір, марганец және жез рудаларының дамуына  қолайлы жағдай тууы, екіншіден Қарағандының оның өнімін пайдаланатын Оралға, Еділ бойына және Орта Азияға жақын орналасуы.

Көмірдің геологиялық  қоры 62 млрд. Теңге деп бағаланды  және ол 3000 шаршы км тығыз қабатта  жатыр. Қарағанды көмір қорының 40%-і  кокс шығаруға жарамды.

Павлодар облысында келешегі мол Екібастұз көмір кен орны орналасқан. 1925 жылдар кезінде бұл  отын энергетикалық кен орны жұмысын  тоқтатты. Тек 1945 жылы Екібастұз бассейні іске қосылды. Көмір қабатының қалыңдығының 168-180 метрге жетуі, ал ұтымды тау-геологиялық  жағдай кенді ашық тәсілмен қазуға мүмкіншілік береді.

Қазақстан көмір қоры жөнінен  әлемдегі көшбасшы ондықтың қатарына кіреді. Мемлекеттік баланстағы 49 кеніштегі  есептелген қорда 36,6 миллиард тонна  көмір бар. Өткен жылғы ағымдғы  ақпарат бойынша 105 миллон тонна  көмір өндірілді. Бұл 2007 жылғыдан 11,2%-ға артық. Қарағанды мен Екібастұз,Шұбаркөл мен Торғай көмір бассейндерінде өнірілген өнім тек елімізде ғана пайдаланылып қоймай, экспортқа да шығарылады. Энергетика және минералды  ресурстар министрлігінің мәліметіне қарағанда, көмір өндірумен 28 отандық 5 шетелдік компания айналысады. Бұл  бассейіннің көмірі жоғары сапалы, жеңіл байытылады және арзан. Мамандардың  пікірі бойынша, келешекте Майбөкен көмір кен орнында жылына 20-25 миллион  тонна көмір шығаруға болады.

         1990 жылы елімізде 131 млн. тонна көмір өндірілсе, 1997 жылы өндірілген көмірдің көлемі 72,6 млн. тоннаны құрады. Ал 1990-1997 жылдары елімізде көмір өндіру деңгейі 44,6 пайызға дейін құлдыраған еді. Нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде көмір өндіру саласында мұндай дағдарыстың орын алуының өзіндік себебі бар. Біріншіден, одақ тарқа¬ғаннан кейін еліміздің отын-энергетика кешенінің (ОЭК) жұмыс істеу жүйесі өзгерді. Бұрын сандық көрсеткіш көмір өндірісінің басты сипаты болса, ендігі жерде көмір стратегиялық шикізат қорына айналды. Екіншіден, нарық заңдылықтары бойынша көмір кеніштері мемлекет меншігінен жеке және ұжымдық меншіктердің қарауына өткені белгілі. Нарықтық экономика талаптарына орай, көмір өндіретін кәсіпорындардың санын қысқарып, басқару қайта ұйымдастырылды, тиімсіз, залалды шахталар жабылғанын білеміз. Тәуелсіздік жылдары отын-энергетика кешенін өндіруде экологияға тигізетін әсері бірінші орынға қойылды. Осындай қиыншылықтарды бастан өткерген көмір өндірісі 1999 жылдың екінші жартысынан бастап өндіріс қарқыны қайта үдей бастады. Көмір өндіру көлемі 2000 жылы 74,8 млн. тоннаға өсті. Тәуелсіздік жылдары Қарағанды көмір алабында көмірді ашық және жерасты тәсілдерімен өндірудің арақатынасы айтарлықтай төмендеп, Екібастұз көмір алабының рөлі артқаны белгілі. Қазіргі таңда елімізде өндірілген көмірдің жалпы көлемінің үштен екі бөлігін Екібастұз кеншілері өндіруде. «Богатырь Көмір» және «Шығыс» кеніштерінде жаңа технологиялар мен заманауи техникалар енгізіліп, еңбек қауіпсіздігі артып, еңбекшілердің жалақысы жақсарғанын айтуға тиіспіз.

 

                                     

 

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Павлодар-Екібастұз көмірі

 

Екібастұз көмір бассейні айтарлықтай қоры бар және көмір  тығыздығы жағынан әлемде алғашқы  орынға ие: 62 шаршы шақырым аудандағы  көмір қоры бір шаршы метрдегі 13 миллиард тонна немесе 74 миллион  тоннамен бағаланады. Көмірді ашық жолмен өндіру бойынша әлемдегі болашағы бар аудандардың бірі болып табылады.

      1948 жылы 50 құрылысшыдан тұратын отряд келіп, жаңа қала құрылысына алғашқы қазық қақты, болашақ көмір кесігінің шекарасы белгіленді.

     1954 жылдың желтоқсан айында мемлекетте Екібастұз көмірінің алғашқы эшелоны түсірілді, бұл жылына 3млн. тонна көмір беретін алғашқы көмір кесігінің қатарына енді. Екібастұз көмір бассейнінің өнеркәсіптік игерілуі осы кезден басталады. 1955 жылы Екібастұз кен орнынан көмірдің миллион тоннасы алынды.

         Солтүстік-Шығыс Қазақстан аймағында қалыптасқан дамуда. Дәлірек айтатын болсақ, сол аймақтағы өндіріс орындары жеткілікті деңгейде жұмыс атқарып жатыр. Өндірістің дамуына химия саласы үлкен әсерін тигізіп жатыр. Атап айтсақ бұл аймақта аллюминий, қара металургияны өңдейтін заводтар, дәрі-дәрмек өндіретін өндіріс бірлестігі шоғырланған.

Екібастұз көмір бассейінінде жер бетіне жақын тереңірек 12 миллиард тонна көмір шоғырланған. Көмірді  ашық тәсілмен шығару мүмкіншілігі, мұнда  арзан көмір өндіруге жол береді, ол Қазақстан Республикасына, яғни бізге өте тиімді. Оның негізінде  КСРО ыдырамай тұрғанда Ресейдің 110 электр станциялары және Республиканың  барлық электр станциялары дерлік жұмыс  істеген.

Ал қазіргі кезде бұл  көрсеткіш өте төмендеп кеткен.1995 жылы Екібастұз АӨК Қазақстан  көмірінің 75% және электр энергиясының 42% өндірілген. 1975 жылы атта комбинат негізінде  құрылған. «Екібастұз көмір» бірлестігі құрамына ірі 13 кәсіпорын кірді, олардың  ішінде «Богатырь», «Центральный», «Западный» және «Южный» көмір шығаратын  орындар бар.

Екібастұздың оңтүстік жағында  қоры 10 миллиард теңгеге тең және оның 20% ашық тәсілмен шығаруға болатын  Майкүбі қоңыр көмір бассейіні  орналасқан. Бұл бассейін мемлекетіміздің  экономикалық жағдайын жақсартуға үлкен  үлесін тигізеді. Майкүбі көмірінің  күші, түрпілі қатты заттары көп  және қайың байтытатын Екібастұз  көмірінінен айырмашылығы оның жартылай кокс шығаруға жарамдылығы.

Сөйтіп, пайдалы қазбалар қорының орасан зор молдығы, кен  орындарын пайдалануға, тау-кен техникалық жағдайларының қолайлығы бұл  ауданда ірі НӨК қалыптасуына барлық жағдай жасайды.

  Нарықтық экономика жағдайында «Богатырь Аксес Көмір» Қазақстан-Американ компаниясы құрылып, «Богатырь» кенжармасы соның қарамағына берілді. Екібастұз көмір алабының елдің отын-энергетика балансындағы рөлі арта түскендіктен Үкімет «Екібастұз көмірі» бағдарламасы мен «Екібастұз тас көмір алабын игерудің кешенді жобасы» әзірленгені белгілі. Бұл бағдарламалық құжаттар жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге, көмір өндіру көлемін Қазақстан тұтынушылары мен экспорттың қажеттері деңгейіне дейін жеткізуге, өткізу рыноктарын сақтауға бағытталған болатын. 2001 жылы көмір экспортының жалпы көлемі 27 млн. тоннадан асып түсті. Көмір өнімін шет елге шығару аумағы кеңейтілді, Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан көмірін Румыния, Польша, Эстония тұтына бастады. Қазіргі таңда елімізде өндірілген көмірдің 30-35 млн. тоннасы жыл сайын сырт елдерге экспорттайтынын айтуға тиіспіз. Соңғы жылдары Шұбаркөл, Шөптікөл және Қаражыра кеніштері пайда болып, елімізде сапалы көмірдің үлесі молайа түскен. Қазіргі таңда Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың қоры 176,7 млрд. тоннадан асады. Соның ішінде барланған көмір қоры – 38,63 млрд. тонна болса, бүгінде өндіруге жарамды көмір қоры 34,1 млрд. тоннаға жетіп отыр. Тас көмірдің негізгі кеніштері ретінде Қарағанды, Екібастұз алаптарын атауға болады. Осы ретте кокстелген көмір Қарағандыда өндірілетінін және оның үлесі 50 пайызды құрайтынын айта кетуіміз керек. Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд. тоннаға тең. Елімізде көмір қорлары мынадай тәртіппен орналасқан. Шығыс Қазақстанда 4,5 млрд. тонна (3,04 млрд. тоннасы барланған), Батыс Қазақстанда 2,9 млрд. тонна (1,79 млрд. тоннасы барланған), Солтүстік Қазақстанда 81,8 млрд. тонна болып жіктеледі. Бүгінде еліміздің көмір өндірісінде 62 кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Осы ретте Үкімет «Көмір өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын» қабылдаған. Бұл құжатта көмір өндіру көлемін 2007 жылғы 98,90 млн. тоннадан 2020 жылы 158,35 млн. тоннаға дейін жеткізу көзделген. Өндіру өсімі көрсетілген кезең ішінде 59,45 млн. тонна көмірді немесе 60,1 пайызды құрайды. Жаңа тұжырымдама еліміздегі көмір өндіру ісіне жаңа деңгейге көтеріп, ел ырысын арттыратыны анық.

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екібастұз көмірінің  ерекшелігі мен қасиеттері

Екібастұздық көмір алқабы – әлемдегі ең ірі орын. Богатырь Аксес Комир» ЖШС - ашық тәсілмен көмір  қазу бойынша тау кәсіпорны. Кесіндінің өндірістік қуаттылығы жылына – 42 миллион  тонна. Көмірді тұтынушылар Қазақстан  Республиксы мен Ресей Федерациясының энергожүйелері болып табылады.

Информация о работе Қазақстандағы көмір өндірісі