Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 06:49, реферат
Экономикалық дағдарыс ғылымға қатты салқынын тигізді. Күні бүгінге дейін ғылымға ішкі жалпы өнімнің болмашы мөлшері ғана бөлініп келеді. Дегенмен бұл - ғылым, оның ішінде Қазақстан химиясы тоқырады деген сөз емес. Энтузиаст-ғалымдар ізденістерін үзбей жалғастыра берді. Соның нәтижесінде Үкіметіміз күні бүгін он зауыт саламыз десе, солардың әлемдік базарда бәсекелесіне дес бермейтін өнімдер шығару ісін ғылыми негіздеп бере аламыз.
Кіріспе
1.1. Қазақстандағы көмір өндірісі
1.2. Павлодар-Екібастұз көмірі
1.3. Екібастұз көмірінің ерекшелігі мен қасиеттері
Қорытынды
Екібастұздың көмірін зерттеген мамандар Петербордан Парижге дейін барып, даланың байлығын игеретін капиталистерді тартқанын тарихтан білуге болады. Кен орнын мұқият зерттеген геолог Жорж Де Кателен: «Екібастұз көмір бассейнінің байлығы ұшан-теңіз. Біз Еуропада мұнан басқа қуатты көмір кені бар деп ойламаймыз» деп ой түйіндегенінен Еуропаның шонжарлары қазақ көміріне қаншалықты қызыққанын байқау қиын емес. Осылайша Екібастұздағы Воскресенск тау-кен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібір өлкесінде ең ірі тау-кен өндірісі орталығына айналғаны белгілі.
"Богатырь Аксес Комир"
ЖШС халықаралық сапа
Көмірдің өндірістік қоры – 1,3 млрд.тонна, кесінді тереңдігі - 175 м. Шөміштердің сыйымдылығы – 139 куб.м. жер қыртысында – 108,5 куб.м. Жұмысшылар саны - 2960 адамнан астам.
Екібастұз электрстанциялары өзара Ұлттық электр желілерімен байланысқан, Қазақстанның электроэнергетикасының негізін құрайды. "АЕS" Екібастұз» ЖШС - ГРЭС - 1 станциясы 12.04.1980 жылы пайдалануға берілген. Электр энергиясын біртекті энергетикалық жүйеде өндіреді, Қазақстанда электроэнергиясын өндіру үлесі - 12%. Конденсациялық электр қуаттылығы - 4000 МВт. Станцияның қуаты – 1800 Мвт. жетеді.
«Станция Екібастұз ГРЭС
- 2» АҚ - Қазақстан Республикасындағы
қарқындыдамып келе жатқан қазіргі
заманға сай станциялардың
2015 жылға дейін энергетикалық
саланы дамыту Республикалық
Бағдарламасын жүзеге асыру
Әлемге аты мәлім
«Богатырь көмір» ЖШС-ның
ашық әдіспен өндірілетін көмірі
Қазақстан мен Ресейдің электр станцияларында
тозаң түрінде жағуға, сондай-ақ
коммуналдық-тұрмыстық
Богатырь Көмір» ЖШС өндірудің
жаңа технологиясын көмірді кезең-
Соңғы кездері техника
жетістіктерінің нәтижесінде
Себебі біздің мемлекетімізде
технология, заводтар, мамандар жетіспеуі.
Немесе кәсіпорын басшыларының осындай
жобаларға қызығушылық
Қорыта келе көмір өндірісі біздің өмірімізде үлкен маңызға ие. Ол арзан энергия көзі ретінде қолданылады. Оны ашық тәсілмен қазып алу экономикамызды жоғарылатуға үлкен үлесін тигізеді. Ал қазіргі кезде көмірден бензин алу да жолға қойылып жатыр. Көмір жеткілікті мөлшерде жылу шығарады. Жер қоймаларының қорлары мен болжаулы ресурстар комитеті (көмір қоры) 1162 млрд. АҚШ долларын құрайды. . ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанда бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кеніші ашылады. Кеңес өкіметі кезінде көмір өндіру қарқынды түрде дамып, 1930 жылы Қарағандыда алғаш рет 4 шахта ашылады. 1937 жылдың өзінде-ақ Қарағанды көмір тресі жылына 3,5 млн. тоннадан астам көмір өндіріп, бүкіл одаққа танылғаны мәлім. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары көмір өндіру кең көлемде жүргізілгені белгілі. 1941-1945 жылдар аралығында Қарағандыда 23 шахта ашылып, миллиондаған тонна көмір өндіріліп, ірі өндіріс ошақтарының тоқтаусыз жұмыс істеуіне жағдай жасады. Соғыс жылдары Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 8 пайызын бергенін айта кетуіміз керек. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80 пайызы көмір қопарғыш машиналармен атқарылған болатын. Дәл осы уақытта жер астынан көмірді шығаруда мейлінше механикаландыру ісі қарқынды жүрді. Жұмыс-шылардың еңбек өнімділігі айына 42,6 тоннаға дейін жетіп, Қазақстанда көмір өндіру жылына 12 млн. тоннаға өскенін байқаймыз.