Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2015 в 14:29, реферат
Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы.Осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында жарияланып, Президенттің жарлығымен бекітілді.
Үшінші кезең — 1996—1998 жылдарда қамтылды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажетті құжаттар қабылданды.
Қазақстандағы
нарықтық экономиканың даму
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің үш кезеннен тұрады.
Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы.Осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында жарияланып, Президенттің жарлығымен бекітілді.
Үшінші кезең — 1996—1998 жылдарда қамтылды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажетті құжаттар қабылданды.
Нарықтық экономикаға көшуіне айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды.
Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар ашылды.
Нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуге, аралас экономика құруға катысты жұмыстар жасалынды.
Нарықтық экономикаға көшуінде қателіктер де болды.
1)Реформаны бастауында мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады.
2)Барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмады. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақты айтқанда саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек еді. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқа да әр елдің өз даму жолы болған.
3)Экономикалық реформа кезекпен және өзіндік ретімен жасалу арқылы жүзеге асуға тиіс.
Қазақстанда қажетті заң жүйесі аяқталмай, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай тұрды
4)Қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмаған.
5)Инфляцияны орнықтырмаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын сыртқы қозғалысын қатаң бақыламаған,ақша-несие ресурстарын тиімсіз жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді.
6)Қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді.Сонымен қатар тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды.
Осы қателіктер реформаны жүргізуге, экономиканы дамытуды өздерінің зияның тигізді.
Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады.
Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген жұмысын жүргізді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын өз
пайдасын алғысы келді.Елдің бағаны шарықтап өсу кесірінен экономикасы төмен түсіп кетті.
Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс- жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді.
1994 жылдың қаңтарында Президент экономикалық реформаны жүргізуді жандандыру жөніндегі шаралар қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994—1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет екені айтылды.
1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы “теңге” енгізілді.Сойттіп Қазақстан Республикасының үлттық валютасы теңгеге ие болды.
Реформаның барысында 1994 жылдың күзінен үкімет макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны төмендеді. Сол сияқты ұлттық банктің несиеге алатын пайызы да азайды
1994-1995 жылдары дағдарысқа қарсы шаралар мен реформаны тереңдету бағдарламасы орындалмай қалды. Макроэкономикалық тұрақтандыру және қүнсыздануды тоқтатуға қол жетпеді, тиімді сыртқы сауда саясатын жасау да болмай шықты.
Қазіргі кезде Республика өнеркәсіп өнімінің 85% жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Қазан төңкерісінен кейінгі индустрияландыру, ұжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістерге революциялық сипат беру
1993-1995 жылдарға арналған бағдарламалардағы инфляцияны төмендету, өндірістің құлдырауын тоқтату және өндірістің ұлғаюы үшін жағдайлар жасау жоспарынан еш нәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нұсқаулар түрінде 15 айға арналған қосымша бағдарлама қабылданды.
1991 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған,1990 жылмен салыстырғанда 14,6%-ке, 1993 жылы - 28%-ке, 1994 жылы 48%-ке, ал 1995 жылы - 45%-ке жетті.
Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996-1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу маңызды орын алды.
1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына “Қазақстан - 2030” деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе “Қазақстан барысын” қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды
“Қазақстан — 2030” бағдарламасының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлемдік стандарттарға сай түзілген заңнамалық-қүқықтық базаны жетілдіру жөнінде жүмыстар жүргізілді.
2000—2002 жылдары жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 35,5 пайызды құрады. Сауатты макроэкономикалық саясат еліміздің халықаралық беделін көтеруге жағдай жасады.
2005 жылға дейінгі уақытты қамтуға тиіс кезең аграрлық өндірістегі реформаны аяқтау, ауылшаруашылық жерлеріне жеке меншікті енгізу және ауылдың әлеуметтік бейнесін жаңғырту мәселелерімен сабақтастырыла қарастырылған. Үкімет 2002 жылдан бастап ауыл шаруашылығына қатысты үлкен жүйелі жүмыстарды жүргізе бастады. 2002 жылы маусымда мемлекеттік- аграрлық бағдарлама қабылданды. Ол 2003—2005 жылдарды қамтыды, бұл жылдар ауылды қолдау, өркендету жылдары деп аталды. Сөйтіп, аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003—2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды.
2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығын жэне оған байла- нысты салаларды бюджеттік қаржыландыру елеулі түрде өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестицыялар 3 еседен астам ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Жоғарыда аталған ауылды қолдаудың үш жылдық бағдарламасы ел ішін дамытуға қуатты серпін берді.
2007 жылы ауылшаруашылық дақылдарының барлық дерлік түрлері бойынша жақсы өнім алынды. Әсіресе, ел диқандары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Республика бойынша 22,5 миллион тоннадан астам астық орылды. Қазақстан астық өндірісінің жан басына шаққандағы көлемі мен ұн эксперті бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Соңгы он жылда ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі 3 есе дерлік артты.
Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің жол жүретін адамдардың тең жарымы тиеді. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады.
1996 жылғы 31 қаңтарда Үкімет қаулысымен Алматы, Тың және Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік “Қазақстан темір жолы” кәсіпорны құрылды. Ал 2002 жылы бұл кәсіпорын Үкіметтің қаулысымен “Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы” жабық акционерлік қоғамына айналдырылды. 2002 жылы Қазақстандағы темір жолдың ұзындығы 13,6 мың шақырымға жетті, оның бойындағы темір жол станцияларының саны 720 болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап жаңа темір жолдар салу жэне темір жол станциялары мен желілерді қайтадан жаңартуға ерекше назар аударылуда. Соның ішінде халықаралық темір жол желілерін құруға барынша көңіл бөлінуде. Халықаралық темір жол қатынасын дамытуда Достық станциясы маңызды рөл атқарады.
Халықтың тұрмысындағы маңызды көрсеткіш — тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұрын да, қазір де тұрғын үй адамдардың ең басты мұқтажы болып отыр. 90- жылдары республикада тұрғын үй салу төмендеп кетті. Тек Қазақстан экономикасының 2000 жылдан бастап ілгерілеуімен байланысты тұрғын үй құрылысы соңғы жылдары қайтадан көтерілді. 2002 жылы үй құрылысына 29,4 млрд. теңге инвестициялық қаржы жұмсалды немесе 2001 жылмен салыстырғанда 7,9%-ға артты.Үй құрылысы, әсіресе, Алматы мен Астана қалаларында кең өріс алды.
2005—2007 жылдары 19 млн. шаршы метрден астам түрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жоспардағыдан 22% артық. Осы уақыт ішінде елімізде 44 мыңнан астам пәтер салынды. Бюджеттік қаржы есебінен 6 мыңнан астам коммуналдық пәтерлер салынды.
Қазақстан үкіметі кейінгі жылдары халықтың әл-ауқатын жақсарту, соның ішінде еңбекшілер мен қызметкерлердің жалақысын арттыруға назар аударуда. Экономиканың көтерілуі әлеуметтік міндеттердің үлкен кешенін шешуге мүмкіндік берді. Тек 2002 жылы орташа айлық 54%-ке, немесе 1999 жылғы 9400 теңгеден 18 мың 500 теңгеге дейін көбейді, ең төменгі жалақы көлемі 5 мың теңгені қүрады. Бүл жылдары үкімет, әсіресе, бюджеттегі мекемелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге көңіл бөлді. 2002 жылы тек мүғалімдердің жалақысы 35%-тен астам көбейтілді. Бұл мүғалімдердің орташа айлық жалақысының мөлшерін 2000 жылғы 7 мың теңгеден 9300 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
2004 жылы 1999 жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 1,5 есе көбейді.
Халықтың денсаулығын сақтау жэне оның деңгейін көтеру мақсатында Президенттің жарлығымен 2002 жыл — Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер жөндеуден өтті. Денсаулық сақтау саласының 88 нысаны жаңадан салынды.
2002 жылдың тағы бір ерекшелігі жеке Денсаулық сақтау министрлігі, Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау жэне Фармация комитеті қүрылды. Жалпы, 2000—2002 жылдары денсаулық сақтау саласынреспубликалық бюджеттен қаржыландыру екі еседен астамға, жергілікті бюджеттен — 50%-ке дерлік артты. Ал 2007 жылы ғана республика бойынша 23 денсаулық сақтау нысаны салынды. Соңғы он жылда (1997—2007) мемлекеттің денсаулық сақтау саласына шығыны 13 есе өсіп, 2007 жылы 338,5 миллиард теңгені құрады. 1991 жылдан бері денсаулық сақтаудың 290 нысаны салынып немесе қайта жөнделіп, оларға 100 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Соңғы бес жылда алғашқы көмек көрсету буынын құрал-жабдықтармен және медициналық техникамен жарақтандыру 3 есеге жуық өсті. Егер осыдан 10 жыл бүрын 1200-ге жуық ауылдық елді мекен медициналық қамтамасыз етусіз қалса, қазіргі уақытта ауылдықтар жерде медициналық көмекпен қамтылып отыр. Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы табысты жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында (Егемен Қазақстан, 2005 ж. 19 ақпан) атап көрсеткеніндей: бүкіл дүниежүзілік банктің жіктемесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді.
1997 жылдан 2007 жылдың аяғына дейінгі кезеңде еңбекақының ең төменгі мөлшері 4,5 еседен астамға өсті, орташа айлық номиналды еңбекақы 8,5 мың теңгеден 50 мың 800 теңгеге дейін — 6 есеге жуық артты. Барлық соңғы жылдар бойында орташа еңбекақы деңгейі жөнінен Қазақстан ТМД-да көшбасшы елдердің бірі болып табылады. 2002 жылдан бастап реформалау жүзеге асырылып, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру үрдісі қалыптасып келеді. Оның деңгейін жүйелі арттырудың арқасында 2007 жылы бюджетшілердің еңбекақысы 2,5 еседен астамға артты. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі 1998 жылдан бері 3 есеге жуық өсті. Бүгінде 630 мыңдай адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10% өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан.— Егемен Қазақстан, 7.02.2008). Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, 2008 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды.
Қ.Р 5 миллионнан астам азаматтары мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге арты.
Ал осы жылдар ішінде
Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар
пайда болды. Қазіргі кезде автомобиль
құрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер
де құрастыратын бес кәсіпорын жұмыс істейді.
Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен
компьютер де құрастырылады. Жиһаз жасау
өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және
басқа салалар серпінді дамуда. Сөйтіп,
қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары
Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен
көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға
қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік
мәселелерді шешуде біршама жүмыстар
атқарылды және елеулі табыстарға қол
жетті. Соның нәтижесінде Қ.Р ТМД мемлекеттерінің
арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық
дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр.
Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып
келе жатқан елдерінің бірі саналады.
Мемлекет әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі
міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері
жылжыды. Мемлекет тәуелсіздіктің он алты
жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты
реформаларды жедел де тиімді іске қосып,
қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы
атанды.
Информация о работе Қазақстандағы нарықтық экономиканың даму көріністері