Қазақстандағы нарықтық экономиканың даму көріністері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2015 в 14:29, реферат

Описание работы

Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы.Осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында жарияланып, Президенттің жарлығымен бекітілді.
Үшінші кезең — 1996—1998 жылдарда қамтылды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажетті құжаттар қабылданды.

Файлы: 1 файл

экономика. ЭССЕ.docx

— 42.35 Кб (Скачать файл)

        Кіріспе:

 

   Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориллық айтыстар толастай келеді.Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "нарық" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті. Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта қүру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ, Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің қүрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған  
жөн.

  Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.  

   Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық әкономиканы ұйымдастыруға әкелетіні зор.

  "Айырбастау"-дегеніміз В.И. Ленин айтуынша- "адамдарды нарық арқылы біріктіреді". Нарықтық экономика-ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты.

   Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.

   Стихиялы нарық -капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу әкономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр. Нарықтың маңызды әлементтеріне нарықтық инфрақүрлым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда қүрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық әкономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішіен ең үнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариянты таңдап алынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1) Әкімбеков К.Н. «Экономикалық  теория» 2000 ж.

 

2)Кулыгин П.C. Социолистік экономикадағы нарық «Вопросы экономики»,1990ж.

 

3)Журавлева Г. Р. Социолизмнің экономикалық жүйесіндегі нарық «Экономические науки», 1990ж. №7

 

4)Саяси экономия — Алматы, «Ана тілі»,1991ж

 

5)Қазіргі замандағы нарық: табиғаты және дамуы. Э.П.Дунаев, И.Е.Рудакова 1992ж.

 

6)«Экономикалық теория» пәнінен СИЛЛАБУС Ғабит Жүрсiн Хафизұлы Астана 2006

 

7)Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісова, Ү.С.Байжомартов, Б.М.Комягин — «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе «А-полиграфия» 2004ж.

 

8)Н.М. Шанский, В.В.Ваванов, Т.В.шанская – «Краткий этимологический словарь русского языка» Москва 1961г.

 

9)Н.М. Шанский «Көп томдық орыс тілінің этимологиялық сөздігі», I том Москва 1973ж

10) Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына  жолдауы» 2006 жыл 1 наурыз.       11 И. Комягин «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, 2005 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Қорытынды:

 

   Қазақстан экономикасының ерекшелігі. Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы мен дамуының аймақтық ерекшеліктері бар. Республикада әр түрлі пайдалы қазбалар мол және жер қойнауынын геологиялық құрылымы біркелкі емес. Қазақстанның халық шаруашылығы қалыптасқан салалар; құрылым — біріншіден, республикамыздың экономикасы бұрынғы одақтық біріңғай халық шаруашылық кешенінің ірі бөлігіне айналғандығын дәлелдейді. Екіншіден, халық шаруашылығын басқаруда кейінгі кезге дейін үстемдік еткен әкімшілдік-әміршілдік және орталықтан әділетсіз түрде бәрін бір өзі шешу зардабын тигізетіндігін көрсетеді. Осы айтқандарға байланысты 80 жылдардын ортасында 13 жыл бойы қалыптасқан мемлекеттің халық шаруашылығының кұрылымы оңды болған жоқ. Мәселен, мемлекет индустриясында жеңіл өнеркәсіптің алатын үлесі не бары 3%-н төңірегінде. Мұның өзі халыктың қажеттілігін 40-50% ғана канағаттандыруға мүмкіндік береді. Ал мәдени тұрмыстық және шаруашылық тауарлары жөніндегі қажеттік одан да аз, 20-30%-ға сәйкес келеді. Оның үстіне, шикізат пен жартылай фабрикаттың құны әділетсіздікпен төмендетіліп, дайын өнімнің құны өз бетінде жоғарылатылғандықтан, баға және баға жасау саясатындағы ауытқулар салдарынан жағдай күрделене түсті. Сонымен қатар, мемлекет территориясындағы өнеркәсіптердің басым үлесі, яғни 93% бұрынғы одақтық органдардың қолына шоғырланды. Осы жағдайларды қалай түзеуге болады? Тығырықтан шығудың жолдары кандай?

   Нарықты қалыптастырудың алғышарты нақты  тәуелсіздік. Мемлекет тәуелсіздік-өмірдің өзі кұн тәртібіне жоғары талаппен койып отырған мәселе.

   Экономикалык  реформаның барысы. Мемлекетте реформаны жүзеге асыруға бағытталған үш бағдарлама қабылданды. Оның 1991-1992 жылдарға арналған мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы

  Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасы (экономиканы тұрақтандаруға және нарыққа көшу кезеңіне арналған) және мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы

   Еліміздің президенті Н.А.Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде де қалыптасуы мен дамуынын стратегиясы» деген кітапшасында экономика саласындағы стратегиялық мақсаттар деп мыналарды атады:

- адамның экономикалық; тұрғыдан өзін айқындау принциптерін іске асыру үшін құқықтық және басқа жағдайлар жасалады;

   Қазақстанның   табиғи   ресурстарының   дүниежүзілік   тауар нарығында өзінің нақты айқындамасын жеңіп алу немесе басқа елдермен бөлісу

-тұтыну нарығын толықтыру;

- Қазақстанды дамыту үшін шетел инвестицияларын тарту және оны тиімді пайдалану;

   1994 жылдың маусымында  Қазақстанның президенті Н.Назарбаев «Қазақстан мемлекетінің жоғары кеңесіне Нарықтық қайта құруларды жеделдету және экономикалық дағдарыстан шығу шаралары туралы»жолдауын жіберді. Осы жоғарыда айтылған құжаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру қалай жүріп жатыр? Әрине, әлі де айтарлықтай жетістікке жете қойған жоқпыз. Алайда, жүргізіліп жатқан шаралар аз емес. Мәселен, ұлттық валюта енгізгеннен бері экономикалық реформаны дамытып терендету мәселелері бойынша мемлекет басшысы мен үкімет нормативтік сипаттағы 200-ден астам жарлықтар, қаулылар және ережелер қабылдады.

   Сөйтіп, заң тұрғысындағы бірқатар елеулі проблемалар шешіліп, нормативтік база едәуір жаңартылды. Осындай көрсеткіштерге қарай отырып, біздің елімізде нарықтық экономика, оның негіздері қалыптасып, қарқынды дамуы байқалады. Біз болашақ бухгалтерлер бұл ұғыммен таныса отырып, оның әрі қарай дамуына өз үлесімізді қосамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Критерий орындлуы

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1.

Эссе құрамының тақырыпқа сай келуі

     

2.

Эссенің стилі әдеби,қысқа (3-4 бастырылған бет немесе қолмен жазылған 6-8 бет)

     

3.

Мәтін синтаксистік және граматикалық ережелерге сай

     

4.

Эссе очерк,трактат,притчи,олең жолдары,мысал,және басқа да формада орындалған

     

5.

Мәселеге өзінің көзқарасы тұрғысынан автордың мәселені талдай алуы

     

6.

Шығармада әдеби сөздер қолданылған.Эссеге әдеби,блиникалық,басқа да мысаладар келтірілген

     

7.

Мәтінде ақпараттың алынған орыны жайындағы ңұсқалардың,олардың қысқаша түсінігінің болуы

     

8.

СӨЖ графигі бойынша уақытында тапсырылуы

     

9.

ҚОРЫТЫНДЫ

     

 

0-0,1 критерий орындалмаған 

0,2-0,3 критерий ескертулермен орындалған

0,4-0,5 критерий орындалған

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстандағы нарықтық экономиканың даму көріністері