Қазіргі жағдайда корпорацияның (фирманың) қаржылық тұрақтылығын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 03:51, курсовая работа

Описание работы

Қорытындылай келе келесіні айтуға болады: корпорацияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, қаржылық-экономикалық іс–әрекеті – қаржылық есеп активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді, стратегиялық жоспарлауды, компанияның өндірістік ресурстарын жедел басқару жүйесін жетілдіру мен анықталған кемшіліктерді жою жолдары және оларды болдырмайтын алдын алу шаралары белгіленеді. Бұл құрылымды қызметкерлер құрамын оңтайландыруға, қуаттылықты, қаржылық және материалдық ресурстарды пайдалануға, нормативтен тыс қорларды жоюға, корпорацияның өнімді, жұмысты, көрсетілген қызметті өткізу шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Файлы: 4 файла

баяндама.doc

— 41.50 Кб (Скачать файл)


БАЯНДАМА    

Қоғамдық өндіріс процесіне  қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы  сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорынның, салалардың, аймақтық кешендердің байланыстары арқылы жүзеге асады. Қоғамдық өнімнің  осы қозғалысында кәсіпорынның қалыпты жұмыс жасауы мен табыс табуына  немесе басқа да нәтижеге жетуде қаржылық экономикалық іс - әрекерін жетілдірудің маңызы зор.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің  қаржылық экономикалық іс - әрекетін жетілдіру және 2005 жылдан бастап қаржылық есептеменің жаңа формасын енгізу есептік- талдамалы және бақылау жұмыстарын жетілдіру ісіне көп көмектеседі. Сол себеппен мен «Қәзіргі жағдайда кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын басқару» тақырыбындағы дипломдық жұмысты таңдадым. Бұл жұмысты жазудағы мақсатым – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынды жан-жақты дамытуға және халықаралық нормаларға қаржылық есеп қызметтерін сәйкестендіру болып табылады.      

Осы мақсатқа сәйкес келесідей  мәселелер қарастырылады:  

-  Кәсіпорынның қаржылық қызметін ұйымдыстырудың теориялық аспектілері;

  • Кәсіпорындардың экономикалық мәні және негізгі түрлері;
  • Біріккен кәсіпорындардың қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері;
  • Шетелдік компаниялармен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда мұнай потенциалын қолдану. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары;
  • «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Бірлескен кәсіпорын қаржылық экономикалық қызметін талдау;
  • «Қазақтүрікмұнай» ЖШС кәсіпорнының ұйымдастырушылық-   экономикалық құрылымын бағалау;
  • Кәсіпорын қаржылық қызметінің ерекшеліктері – есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелерін сараптау;
  • «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорнының қаржылық-экономикалық іс-әрекетін талдау;
  • «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Бірлескен кәсіпорын қаржылық экономикалық қызметін жетілдеру жолдары және аспектілері;
  • Кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарын шешудің негізгі бағыттары;

  • «Қазақтүрікмұнай ЛТД» ЖШС 2009-2011 жылдарға жоспарланған қаржылық  шаралары. [25-26]

Қаржылық есептің басты  мақсаты қаржылық есептемені жасау  болып табылады. Оның дер уақытында дайын болып, қолға тиюіне акционерлер, инвесторлар, кредиторлар, серіктестер, әкімшілік, бақылаушы және басқа да органдар сияқты көптеген пайдаланушылар аса мүдделі. Ал, басқару есебінің мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметін ұйымдастыруға тікелей қатысатын меншік иелеріне, әкімшілікке, менеджерлерге және басқа да ішкі тұтынушыларға арналған. Мұндай мақсат, мүдделерді шешудегі негізгі мәселе шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайын тиімді әрі бәсекелестікке қабілетті етіп орналастыру болмақ.

Дипломдық жұмыстың міндеті:  кәсіпорнының қаржылық-экономикалық іс-әрекетін, қалыптасып келе жатқан шаруашылық жағдайды талдау, нақты шешімдерді қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру. Ол өз кезегінде өндірістік ресурстарды басқарудың ең қажетті құралы болып табылады.       

Бұл дипломдық жұмыс- кіріспеден, 3 негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.

  1. ші бөлімде нарықтық экономика жағдайындағы КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ негіздері сипатталған.
  2. ші бөлімде мысал ретінде «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорнының қаржылық тұрақтылығын басқару және қаржылық-экономикалық іс-әрекетін талдау қамтылды.
  3. ші бөлімде «Қазақтүрікмұнай ЛТД» ЖШС бірлескен кәсіпорнының қаржылық тұрақтылығын басқару мәселелері  және оны шешу жолдары ұсынылды. 

             Кестелерге тоқталып өту

Қорытындылай келе  келесіні айтуға болады: кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, қаржылық-экономикалық іс–әрекеті – қаржылық есеп активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді, стратегиялық жоспарлауды, компанияның өндірістік ресурстарын жедел басқару жүйесін жетілдіру мен анықталған кемшіліктерді жою жолдары және оларды болдырмайтын алдын алу шаралары белгіленеді.      Бұл құрылымды қызметкерлер құрамын оңтайландыруға, қуаттылықты, қаржылық және материалдық ресурстарды пайдалануға, нормативтен тыс қорларды жоюға, кәсіпорынның өнімді, жұмысты, көрсетілген қызметті өткізу шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Оның көрсеткіші кәсіпорынның тіршілік етуінің қажетті жағдайын сипаттайды. Сондықтан кәсіпорынды басқару жағдайындағы қаржылық-экономикалық іс–әрекетін жетілдіруге  негізделген стратегиясы мен бағдарламасын жасаудың маңызы зор  және оны қамтамасыз ету үшін мына ұсыныстар жүзеге асырылуы тиіс: 

  • Қаржылық-экономикалық іс–әрекетті басқарудың тиімді тәсілдерін жасау мен енгізуге және оларды тиімді пайдалануды бақылауын күшейту;
  • Шаруашылық іс- қызметті оңтайландырудың резервтерін табу мен жүйелік ықпал жолдарын іздеу;
  • Тартылған ресурстардың ұтымды деңгейін белгілеу;
  • Қаржылық жағдайға есеп беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі,
  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау;
  • Отандық және шетелдік қаражаттарды тарту;
  • Отандық өндіріс орындарының желісін дамытуға ұзақ мерзімді несиелерді бөлу;
  • Нарықтық экономикадағы басты процесс – бәсекелестікті қамтамасыз ету.

Алынған мәліметтердің  негізінде төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

1. Негізгі құралдарды  жалға беру, базалардың құрылысы, тоғанақталған  мұнай шикізаттарын  өткізу, заңды және жеке тұлғаларға  қызмет көрсету

мұнай шикізаттарын сақтау қызметтерін көрсететін СШБ-лер – инвестициялар үшін ең тартымды болып табылады. Олардың   ішіндегі  маңыздысы тоғанақталған мұнай шикізаттарын өткізу СШБ үшін   инвестициялардың өсу және тартылу стратегиясы тиімді болады.

2. Мұнай шикізаттарын өткізу және сату-сатып алуды жүзеге асыратын СШБ-лер  – инвестицициялардың орташа басымдығына ие. Нарық сыйымдылығының салыстырмалы түрде жоғары еместігі кезінде бұрынғы деңгейде қызмет ету стратегиясы тиімді болып табылады. Дегенмен, мұнай шикізаттарын өткізу СШБ  жағдайын әрдайым бақылау қажет, өйткені оған шектеуші фактор - нарықтың төмен үлесі тән. Тіреуші параметрлер төмендеген уақытта бұл СШБ жабылуы тиіс.

Жалпы, бұл топтың әрбір элементі үшін стратегиялық шешім жағдайдың  сипатына байланысты қабылданады. Таңдауды стратегиялардың айтарлықтай кең спектрінен жасауға болады. Мұндай стратегияларға өсу және инвестициялау, нарық үлесін сақтау, қысқарту және жою, дезинвестициялау-инвестициялық құралдардың бағытын ауыстыру стратегиялары жатады.

Бағалы қағаздарды сату, инвестициялық, делдалдық қызметпен айналысатын СШБ-лер – инвестицициялардың төмен басымдығына ие. Бұл топ үшін қысқарту стратегиясы оңтайлы болып табылады. Бірақ  делдалдық қызметпен айналысатын СШБ жағдайы сәл басқаша. Бұл СШБ дамыған және ірі нарықтағы жетекші орынды иеленеді; қаржылық тұрықтылығы жоғары болғандықтан, қосымша қаржылық құйылымдарды қажетсінбейді. Бірақ бұл СШБ орналасқан нарық эксперттердің бағалауына сәйкес инвестициялар үшін тартымсыз болып табылады.  Сондықтан өндірісті әртараптандыру және нарықтың жаңа сегменттеріне бағытталу мақсатында СШБ кері айналу стратегиясын қолдана алады.

    Аталмыш ұсыныстар  пайдаға жарау үшін кәсіпорынның  рентабельділігін қалыптастыру, экономикамыздың  жаңа кезеңінің мақсатында шетелдік инвестициялардың белсенді түрмен қатысуымен олар үшін барынша қолайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді. Өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз. Осы ұсыныстар орындалғанда  ғана Азиядағы Жолбарыстың бірі болуына қол жеткіземіз. 

 


корытында.doc

— 97.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

4-беттен бастап.doc

— 708.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

Информация о работе Қазіргі жағдайда корпорацияның (фирманың) қаржылық тұрақтылығын басқару