Қазіргі жағдайда корпорацияның (фирманың) қаржылық тұрақтылығын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 03:51, курсовая работа

Описание работы

Қорытындылай келе келесіні айтуға болады: корпорацияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, қаржылық-экономикалық іс–әрекеті – қаржылық есеп активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді, стратегиялық жоспарлауды, компанияның өндірістік ресурстарын жедел басқару жүйесін жетілдіру мен анықталған кемшіліктерді жою жолдары және оларды болдырмайтын алдын алу шаралары белгіленеді. Бұл құрылымды қызметкерлер құрамын оңтайландыруға, қуаттылықты, қаржылық және материалдық ресурстарды пайдалануға, нормативтен тыс қорларды жоюға, корпорацияның өнімді, жұмысты, көрсетілген қызметті өткізу шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Файлы: 4 файла

баяндама.doc

— 41.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

корытында.doc

— 97.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

4-беттен бастап.doc

— 708.50 Кб (Скачать файл)


  • Шетелдік компаниялармен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда мұнай потенциалын қолдану. Корпорациялар мен ұйымдардың қаржы қорлары;
  • «Қазақтүрікмұнай» Бірлескен кәсіпорынның қаржылық экономикалық қызметін талдау;
  • «Қазақтүрікмұнай» кәсіпорынның ұйымдастырушылық-   экономикалық құрылымын бағалау;
  • Корпорацияның қаржылық қызметінің ерекшеліктері – есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелерін сараптау;
  • «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорыннның қаржылық-экономикалық іс-әрекетін талдау;
  • «Қазақтүрікмұнай»  Бірлескен кәсіпорынның қаржылық экономикалық қызметін жетілдіру жолдары және аспектілері;
  • Корпорацияның стратегиялық мақсаттарын шешудің негізгі бағыттары;

  • «Қазақтүрікмұнай ЛТД» Бірлескен кәсіпорынның 2009-2011 жылдарға жоспарланған қаржылық  шаралары.

Қаржылық есептің басты  мақсаты қаржылық есептемені жасау  болып табылады. Оның дер уақытында  дайын болып, қолға тиюіне акционерлер, инвесторлар, кредиторлар, серіктестер, әкімшілік, бақылаушы және басқа  да органдар сияқты көптеген пайдаланушылар аса мүдделі. Ал, басқару есебінің мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметін ұйымдастыруға тікелей қатысатын меншік иелеріне, әкімшілікке, менеджерлерге және басқа да ішкі тұтынушыларға арналған.  Мұндай мақсат, мүдделерді шешудегі негізгі мәселе шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайын тиімді әрі бәсекелестікке қабілетті етіп орналастыру болмақ.

Дипломдық жұмыстың міндеті:  корпорацияның қаржылық-экономикалық іс-әрекетін, қалыптасып келе жатқан шаруашылық жағдайды талдау, нақты шешімдерді қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру. Ол өз кезегінде өндірістік ресурстарды басқарудың ең қажетті құралы болып табылады.       

Бұл дипломдық жұмыс- кіріспеден, 3 негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.

  1. ші бөлімде нарықтық экономика жағдайындағы корпорацияларды қаржылық қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері сипатталған.
  2. ші бөлімде мысал ретінде «Қазақтүрікмұнай» Корпорациясының қаржылық тұрақтылығын басқару және қаржылық-экономикалық іс-әрекетін талдау қамтылды.
  3. ші бөлімде «Қазақтүрікмұнай ЛТД» корпорациясының қаржылық тұрақтылығын басқару мәселелері  және оны шешу жолдары ұсынылды.

 

 

 

 

 

 

1 КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

     1.1  Корпорациялардың экономикалық мәні және түрлері

 

Қазақстандағы қазіргі нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде әлемдік қауымдастыққа бірігу үрдісі байқалады. Әлемдік шаруашылықты қалыптастырудың объективті алғышарттарының бірі ұлттық өндірістік күштерді мемлекет шекарасынан тыс жерлерге орналастыру және оларды қолдану болып табылады. Бұл халықаралық еңбектің дамуы мен тереңдеуінен көрініс табады. Бір мемлекет ішіндегі жоғары дамыған еңбек бөлінісі өндіріс құралдарын, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолдану тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ел ішіндегі әр түрлі өндірістің дамуындағы сәйкессіздік сыртқы нарыққа шығуға мәжбүр етеді. Яғни сыртқы нарыққа өндірістік – экономикалық процестерді шығаруға қажеттілгі туындайды. Әлемдік нарықтағы халықаралық тауар айырбасында халықаралық мамандану, халықаралық бірлесу және басқа мемлекеттерге тиесілі ресурстарды қолдану есебінен инвестициялар табыстылығын өсіруге және өндірістік күштерді дамытуға қосымша мүмкіндік туындайды. Қазіргі халықаралық экономикалық қатынастарда шетелдік инвестициялар өндірісті интернационализациялау, жеке мелекеттер мен мемлекет топтары арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту, өндірістің мамандануы мен бірігуін дамыту факторы ретінде қарастырылады. Табиғи ресурстардың, тұрғындардың бөлінуіндегі біртектіліксіздік, ғылыми-техникалық әлеуметтік, білім деңгейіндегі, жұмыс күшінің квалификациясындағы айырмашылық, әр түрлі елдердегі өндірістің мамандануы  халықаралық еңбек бөлінісіне деген қажеттіліктерді туындатады және оның тиімділігіне, жеке өндірушілер мен жеке елдердің өндірістік күштеріндегі бірін-бірі толықтыратын элементтердің қалыптасуына алғышарттар жасайды. Сондықтан шаруашылық өмірдің интернационалдануы үрдісінде мемлекет аралық әсерлер тек айырбас және айналыс сферасында ғана емес, өндіріс сферасында және облыстарында да тереңдей түседі. Мұндай жағдайларда экономикалық қатынастар сыртқы саудалық келісімшарттардың дәстүрлі шеңберінен шығып, халықаралық еңбек бөлінісін толығымен қолдануға мүмкіндік беретін әріптестіктің жаңа формаларына көшумен сипатталады.

Әлемдік шаруашылық байланыстардың жаңа формаларының даму үрдісінде халықаралық  сауда қатынастары халықаралық  өндірістік қатынастармен, өнеркәсіптік әріптестік қатынастармен алмастырылады, соның ішінде біріккен кәсіпорындар кейбір ерекшеліктерге ие. Ескерте кететін жағдай, біріккен кәсіпорындардың қызметі дерлігімен өндірістік бірігуге жатпайды. Олар тек қаржылық қызмет көрсетумен, аудиторлық қызметпен, коммерциялық аспектілермен айналысуы мүмкін.

Жалпы алғанда біріккен кәсіпорындар әр түрлі елдердің өндірушілері арасындағы кешенді ұзақмерзімді өнеркәсіптік әріптестік формасын сипаттайды. Бұл форма келесідей жағдайлармен байланысты ерекше күрделіліктерге ие:

Біріншіден, БК қатысушылары бұл экономикалық акцияға басқа  саудалық және өнеркәсіптік әріптестік формаларындағыдай капитал көмегімен өндірілген тауарды емес, өздерінің меншікті капиталдарын салады. Сондықтан салынған капиталды сақтандыруды қамтамасыз ететін және белгілі жағдайларда қайтарылуына мүмкіндік беретін кепілдік талап етіледі.

Екіншіден, біріккен кәсіпорын ортақ өндірістік аппаратқа, ортақ ұжымға және ортақ басқару жүйесіне ие.

Біріккен кәсіпкерлік – екі не одан артық елдердің бірігу арқылы білім, өнімді өндіру және өткізу сферасындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және т.б қызметтердегі күштерді біріктіру негізіндегі ортақ өндірістік-шаруашылық қызметі.

Біріккен кәсіпкерлік  құрудағы негізгі мақсаттар мен  міндеттер елге алдыңғы қатарлы  технологияны, өндірісті прогрессивті ұйымдастыру, басқару, өткізу тәжірибелерін  ендіру, шетелдік капиталды тарту, шетел несиелерін жеңілдікті шарттармен алу, экспортты диверсификациялау, ішкі нарықты толтыру, экспортты ұлғайту, импортты төмендету нәтижесінде жеңіл конверттелетін валюта қорларының өсуін қамтамасыз етуге бағытталады.

Біріккен кәсіпкерлікті  жүзеге асыру нысандары болып біріккен кәсіпорындар табылады.

Біріккен кәсіпорындар дегеніміз – қатысушылардың мүлкін келісілген түрде бірлестіре отырып, шаруашылық қызметті басқаруды бірлесе отырып жүзеге асыруға, алынған экономикалық пайданы кәсіпорын капиталындағы үлеске байланысты бөлуге бағытталған екі немесе одан бірнеше елдер кәсіпорындарының бірлестігі. [1]

Қазақстанда біріккен кәсіпорындар заңдық тұрғыдан акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ретінде құрыла алады. Біріккен кәсіпкерліктің халықаралық әріптестіктің бір түрі ретінде пайда болуы өндірістік күштерді интернационализациялау, яғни халықаралық еңбек бөлінісінде артықшылықтарды неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін процеске негізделеді.

БК мемлекетаралық экономикалық қатынастардың формасы ретінде өнеркәсіптік әріптестіктің басқа түрлеріне қарағанда бірқатар ерекшеліктерге ие:

-  Қатысушылардың шаруашылық  қызметтің бірнеше сферасы –  шикізатты игеру, өңдеу, ақырғы  өнімді өндіру, технологиялық қызмет  көрсету, ғылыми зерттеулер мен әзірлемлер, өндірісті қаржыландыру, өнімді өткізу және т.б қызметтер бойынша ұзақ уақытқа (5-10 жыл және одан артық) бағытталған әріптестігі;

  • Ортақ мақсатқа жету үшін серіктестіктердің меншіктерін (ақша, ғимарат, құрал-жабдықтар) біріктіруі;
  • Жарғылық қорды және кәсіпорынның басқару органдарын бірлесіп қаржыландыру;

-  Құрылтайшылар арасында жарғылық қордағы үлеске сәйкес алынған пайданы бөлу;

- Ортақ тәуекел және мүмкін болатын шығындарды олардың шаруашылық шараларға қатысу үлесі бойынша ортақ шектеулі жауапкершілік;

- Өндіріс алдындағы,  өндірістегі және өткізу сфераларындағы  байланыстарды кешенді қолдануға  серіктестердің күш салу мүмкіндігі;

- Серіктестерге тиесілі  өндірістік күштердің өзара бірін-бірі  толықтырушы неғұрлым күшті элементтерінің бірігуі;

- Серіктестер тарапынан  тек өндіріс процесіне ғана  бақылау емес, сонымен қатар өнімді  өткізу процесінің де бақылаумен  қамтамасыз етілуі;

Сондықтан, халықаралық  әріптестіктің басқа  формаларына  ерекшеленетін біріккен кәсіпкерліктің айрықша белгілері ортақ мүлік, пайда мен тәуекелді сәйкес бөлу тәрізді элементтер болып табылады.

Жоғарыда айтылған ерекшеліктер сыртқы нарыққа шығу стратегиясында белгілі артықшылықтарға ие болуға мүмкіндік туғызады:

  • Өндіріс көлемін ұлғайту, біріккен кәсіпорынның негізгі құралдарын модернизациялауға серіктестердің жоғары қызығушылығын туғызу;
  • Өндірістің тиімділігін, өнімнің тиімді өткізілуін қамтамасыз етуге серіктестердің жауапкершілігін арттыру;
  • Серіктестердің тауарды өндіру, сату алдындағы, өткізу, сатылғаннан кейінгі операцияларда күштерін біріктіруге ұмтылуы.

Біріккен кәсіпорындарды құру өтпелі экономика кезеңінде  жұмыссыздықты жоюға, әлемдік нарықта  әрекет ету үшін шетелдік серіктестердің маркетинг саласындағы тәжірибелерін  игеруге, шетел капиталын тарту, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске енгізу, халықтық тұтыну тауарларының елде тапшыларын сол ел территориясында өндіруге, яғни импортты төмендету арқылы валюта шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді .

Ел экономикасындағы қатердің бірі ірі компаниялардың монополизациялануы болып табылады. Біріккен кәсіпорындар құру монополизммен күрестің бір құралы бола алады. Мемлекеттік кәсіпорындарды нарықтан сырғыту, олардың монополиялық мүдделерін жоюда бірлескен кәсіпорындар техникалық деңгейі және өнім сапасы бойынша күшті бәсекелес болады.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей біріккен кәсіпорындар отандық кәсіпорындармен  сәтті бәсекеге түсіп, оларды өнім сапасын  көтеруге, өндіріс шығындарын төмендетуге  мәжбүр етеді.

Біріккен кәсіпорындардың  әлеуметтік-экономикалық мәні меншік иелерінің құралдарының бірігуінен шығады. Яғни аналық компанияның меншігі белгілі деңгейде биліктік сипатқа ие болады. Біріккен кәсіпорын бірнеше заңды тұлғалар арасындағы келісім нәтижесінде құрылады және тіркеуден өткеннен кейін заңдық тұлға сипатына ие болады. Біріккен кәсіпорын жеке заңды тұлға бола отырып, өзінің міндеттемелеріне толық жауапкершілік алады. Өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптері бойынша әрекет етіп, толық шаруашылық есеп жүргізеді.

Кәсіпорын өз тарапынан  шаруашылық қызмет бағдарламасын жасайды және төмендегідей басқару органдарына ие:

Басқару (правление) – кәсіпорынның жоғарғы басқару органы. Ол кәсіпорынның техникалық және шаруашылық бағдарламасын айқыдайды, ассортиментті жаңарту, құрал-жабдықтарды модернизациялау, пайданы бөлу және т.б мәселелерді шешеді.

Дирекция – атқарушы басқару органы. Кәсіпорынның ағымдық қызметін басқарады, оның құрамы жоғарғы басқару органы арқылы қазақстандық және шетелдік азаматтардан құралады. Жоғарғы басқару органының өкілі болып шетел азаматы қабылдануы мүмкін.

Ревизиялық комиссия – жылдық балансты, бухгалтерлік есепті жүргізу реттілігін тексеретін бақылау органы.

Серіктесті таңдау шетелдік серіктестермен сыртқы экономкалық  байланыс ақпараттарына қатысты  жүзеге асырылады. Серіктесті іздеу  барысында инвестициялық климатты (экономикалық, саяси және елдегі құқықтық жағдайлар) және оның жақсару мүмкіншіліктері есепке алынуы тиіс.

Біріккен кәсіпорын  қызмет етуінің бірінші белгісі  бұл олардың жарғылық капиталының  қалыптасуы болып табылады. Яғни,ол - қатысушылар салымының негізінде қалыптасатын негізгі немесе айналым капиталы (ұлттық немесе шетел валютасымен). Жарғылық қордың қалыптасу реті және оның маңызы отандық және шетелдік қатысушылардың келісімімен құрылтайшылық құжаттарды есепке ала отырып бекітіледі. Көптеген арнайы банктердің есептеуі бойынша біріккен кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы оның жарғылық қоры кәсіпорынды құруға және қызметтің алғашқы кезеңін қамтамасыз етуге кеткен жалпы шығындарға тең болса, не оның 50% құрағанда ғана қамтамасыз етіледі.

Қажеттілік туындаған  жағдайда БК несие құралдарын пайдалана  алады.

БК пайдасы деп оның экономикалық қызметінің нәтижесін  айтады. Пайданың көп бөлігі негізінен  отандық қатысушыда ұлғаймалы өндірісті  кеңейту, қоғамдық тұтыну қорларын құру және жалпы мемлекеттік шығындарды шешу сияқты мәселелерді жүзеге асыру үшін қалдыру көзделеді.

Жарғылық қордағы үлесіне  байланысты шетелдік қатысушы өз пайдасын алады, ал елден алып қайтқанда пайдаға  салық салынады.

Информация о работе Қазіргі жағдайда корпорацияның (фирманың) қаржылық тұрақтылығын басқару