Бағалы қағаздар. Акциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2012 в 20:40, реферат

Описание работы

Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал соммасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рьнок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді.

Файлы: 1 файл

Бағалы қағаздардың тарихы мен мәні.docx

— 32.04 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

Бағалы қағаздар. Акциялар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалы қағаздардың тарихы мен мәні 

Бағалы қағаздар орта ғасырлардан  бері қарай қолданыла бастады. Сол  кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың  ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі  капитал соммасына деген қажеттілігі  туды. Оның үстіне теңізден шалғай рьнок  пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар  көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде  ағылшын, голландық компаииялары акционерлік  қоғамы Ост-Индия, Грудзон бұгазы компанияларымен  сауда жасаумен байланысты дүниеге  келді. Міне осылар бағалы қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар  болды. Олардың акциялары күні бүгінге  дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI — XVII ғғ. Англиядағы акционерлік  компаниялар капиталды көп қажет  ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.

Сол кездегі Лондондық брокерлер  келісімді тікелей көшеде немесе кафелерде жасаған. Осыдан да болар "көше" рыногы деген атқа ие болуы. Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы, ірі өңдеуші өнеркәсіп орындарыньң құрылуымен байланысты акцияны сату кең өріс алды. Бұған жауап ретінде лондондық брокерлер 1779 жылы королеваның меняльнигінің бір бөлігін жалға алды. Сөйтіп тұңғыш рет лондондық қор биржасы дүниеге келді, "көше" рыногымен қатар ұйымдасқан рынок тез даму алды. Ол өз кезінде өнеркәсіп пен сауданың дамуына ықпал етті. Алғашқы американдық қор биржасы 1791 жылы Филадельфияда пайда болды, ал 1792 жылы бұған парә пар бүгінде әлемге әйгілі Нью-Йорк қор биржасы құрылды.

Бүгінгі таңда дүние жүзінің 60-тан астам елінде шамамен 200 биржа бар. Солтүстік Америкада — 15 биржа, Еуропада — 100-ден астам, Орталық және Оңтүстік Америкада — 20, қалғандары Африка, Азия және Австралияда. Дамыған капиталистік елде кем дегенде бір-бірден биржа бар. Биржалар жаңадан дамып келе жатқан индустриалды мемлекеттерде де бар, сол сияқты Қьытай мен Венгрияда бар. 31 биржа Халықаралық қор биржаларының федерациясына кіреді. Бүл федерацияньщ мақсаты барлық акционерлер үшін бірдей құқықпен қамтамасыз ету және бағалы қағаздар рьногының құрылымын үйлестіріп отыру болып табылады. Бастапқыда биржалар акция сатумен емес, үкімет пен темір жол компаниялары шығарған облигацияларды сатумен шұғылданады. Олар болса ірі машина өндірісінің инфрақұрылымын құруға қажетті қаражатқа мұқтаж болатын. Өткен ғасырдың аяғынан бастап акционерлік меншіктің кеңінен дамуы биржаларды акциялар сатуға мамандарды да облигациялармен жұмыс "көше" рыногына ауысты.

XIX ғасырдың 60-жылдары тағы да  бір маңызды оқиға болды. Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған бағалы қағаздармен делдалдық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер ез қолдарьна алды.

Ресейге брокерлік бизнес осы Германиядан  келді (аз мөлшерде Франциядан) «Маклер», «биржа», «акция» деген ұғымдар  осындай финанс инвестициясының  тәжірибесімен бірге санаға енді.

Сонымен бағалы қағаздар нарығы дегеніміз не? Ол қаржы нарығының бір бөлігі екен. Қалған бөлігін банк қарызы нарығы құрайды. Банк, шын мәнінде, коммерциялық банк болса (мемлекеттік мекеме емес), қарызды бір жыддан астам уақытқа өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара отырып (облигациялар, акциялар) олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Қаржы нарығын осылайша бөлу Капиталдың айналмалы және негізгі болып бөлінуімен байланысты. Бағалы қағаздар нарығы банктің несие жүйесін толықтырады, өзара байланыста әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында аралық қызмет атқарушыларға жаңадан шығарылған бағалы қағаздарға жазылу үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен сату үшін бағалы қағаздардың бір блогын береді.

Бағалы қағаздар нарығының маңызды  бөлігі ақша нарығы болып табылады, онда қысқа мерзімді {бір жылға дейін) қарыз міндеттемелері бар казначейлік вексельдер айналыста болады. Ақша нарығы қолда бос тұрған ақшаларды мемлекетке берудің икемді жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке адамдардың уақытша бос ақшаларын табыс табуға пайдалануға мүмкіндік жасайды. Онсыз толыққанды қаржы нарығының орын алуы мүмкін емес.

Барлық нарықтар сияқты, бағалы қағаздар нарығы да сұраныс пен ұсынысқа, олардың бағасына тәуелді. Яғни бағалы қағаздар нарығы сатьп алу, сатумен байланысты экономикалық қатьнастар жүйесін құрайды, Нарықтың мөлшері қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесімен тікелей байланысты. 

Бағалы қағаздар нарығы тікелей алғашқы және қайталама рыноктан тұрады. Алғашқы рынокта мемлекеттік және муниципалды облигациялар, сол сияқты акциялар мен облигациялар эмиссиясы жүзеге асырылады. Оны қаржылық және қаржылық өмес профильдегі әр қилы акционерлік компаниялар шығарады. Алғашқы рынокта бағалы қағаздардың тікелей инвесторлары коммерциялық және инвестициялық банктер, биржа фирмалары, сақтандыру компаяиялары, зейнетақы қорлары, қаржылық емес корпорациялар және жеке адамдар. Олар биржа фирмалармен инвестициялық банктер арқылы акциялар мен облигациялар сатьп алады. Бағалы қағаздардың қайталама нарығы эмитент бағалы қағаздарды орталықтанған немесе орталықтанбаған сатып алу мен сатуды түсіндіреді. Бағалы қағаздар — спецификалық тауар, барлық тауар сияқты тұтыну қүны мен бағасы бар. Бағалы қағаздардың тұтыну құнының мәні белгілі дәрежеде табыс келтіреді, яғни процент {облигациялар бойьшша) және дивиденд (акциялар бойынша) төлегенде, сонымен қатар бағалы қағаздардың құн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар. Бағалы қағаздардың өздері туралы айтатьп болсақ, оның төрт түрі бар. Олар -акциялар, облигациялар, вексельдер және олардан туындайтын қағаздар. 

Акция мен облигациялардың инвестициялық  сапасы бірдей емес, яғни инвесторлар  үшін тартылымдығы әр түрлі. Облигациялар, әдетте акцияларға қарағанда жинақты сақталу кепілділігі молырақ. Әсіресе мемлекеттік облигациялардың төлем қабілеті өте жоғары. Бағалы қағаздардың басқа да түрлері бар. Мысалы, ордерлер қозғалмайтын мүліктерге қатысты бағалы қағаздар, опциондар, фьючерлік келісімдер. Олар тәжірибелі инвесторлар үшін де, алып сатарлар үшін де тартымды. Инвестицияның сенімділігі мен табыс әкелу тұрақтылығы тұрғысынан ең сапалысы мемлекетгік облигациялар, әсіресе казначейлік билеттер. Олардан кейің жеке облигациялар және ірі компаниялардың "көп дауысты" акциялары. Белгісіз, жаңадан ұйымдасқан фирмалар шығарған акциялар сапасы төмен дәрежеге жатады.

Осыған қарамастан АҚШ - та 120 миллион қызметкердің 47 миллионы акционерлер болып табылады. Осыншама адамды қамтитындай акциялардың қандай тартымдылык; күші бар? БІріншіден, болашақта ескі инвестициялардың еселеп өсуімен байланысты. Айталық, бір акцияяы 100 долларға сатып алдыңыз делік, ал 10 жылдан кейін, егер кәсіпорын жақсы жұмыс істейтін болса, ол акция 1000 доллар табыс әкеледі. Екіншіден, акция ұстап отырушыларға дивиденд төленіп отырады. Үшіншіден, акцияны ұстаушының дауыс беру құқы бар және кәсіпорын иесі ретінде басқадай да құқықтары бар. Төртіншіден акцияларды сатып жіберу өте жеңіл.

Акционер — кәсіпорынның жеке меншік иесі, осы тұрғыдан оның бірқатар құқы бар, ең аддымен дауыс беру құқы бар. Жылдық және төтенше жиналыстарда акционерлер компаниялардың қызметіне бақылау жасайды. Олар менеджерлер көмегімен бизнесті бағыттап, бақылап отыратын директорларды сайлайды, олар төтенше маңызы бар мәселелер бойынша шешімдерді бекітеді: атап айтқанда, корпорациямен қосылу, бизнес, сату немесе жою, жарғыға түзетулер мен толықтырулар енгізу. Әдетте бір акция бір дауысқа ие.Дауысқа иелігі жоқ акциялар да болады. Олардың бірақ белгілі бір жеңілдіктері бар. Егер дауыс бермесе оның қандай жеңілдік, ерекшелігі бар деген заңды сүрақ туындайды. Жеңілдіктің бір түрі акция ұстаушыға жүйелі түрде белгіленген мөлшерде дивиденд (облигациялар проценті сияқты) төленіп отырады. Ал енді жеңілдік ерекшелігі, компанияны жабу кезінде осы акция иегерінің бірінші кезекте мүліктерді сатудан түскен түсімнің бір бөлігіне ие болу құқы бар. 

Бағалы қағаздардың қозғалысы мынадай үш фазадан тұрады: аптаның үштен екісі, жаңадан бағалы қағаздарды ойластыруға, шамамен осындай уақыт оны алғашқы орналастыруға кетеді, ал осылардан кейін бағалы қағаздардың өзіндік айналымы басталады. Қайталама рынок "көше" рыноктарымен биржалардан тұрады. Ол екі түрлі қызмет атқарады: сатып алушыларды сатушылармен кездестіреді және сұраныс пен ұсынысты теңестіре отырьп бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді. Негізінен барлық облигациялар "көше" рыногының айналасьнда болады. Бағалы қағаздарды сатып алуға деген заказды алысымен брокер телефон арқылы өз әріптесін іздейді, өйткені ол кім сататынын жақсы біледі. Кейбір жағдайда телефонмен әңгімеге ондаған брокерлер қатысады, онда кішігірім "телефон" биржасы көрініс алады.

Бағалы қағаздар нарығы несие-қаржы жүйесінің бөлігі ретінде мемлекеттік бақылау мен реттеудің қатаң объектісі болып табылады. Сонымен нарық болу үшін сұраныс пен ұсыныс аралық қызмет атқарушы, реттеу және өзін өзі реттеу жүйесі болуы керек. Бағалы қағаздарға деген сұраныс халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесімен анықталады. Тұрмыс дәрежесі жоғары болған сайьш, табыстың басым көпшілігі жинақталады да, әдамдар бағалы қағаздар сатьп алуда мүдделілік көрсетеді. Бағалы қағаздар үсынысы, онда сұраныспен анықталады. Бағалы қағаздарға сұраныстың дамуы қаржы жүйесін қайта құрумен тікелей байланысты. Бағалы қағаздар нарығында қандайлық дәрежеде болмасын белсенділік күтер болсақ, салық жүйесін жетілдіріп отыру да бүгінгі уақыт талабы, нарық талғамы.

 

Бағалы қағаздардың түрлері

1. Акциялар.

Акция — акционердің қоғамдағы  үлесін немесе меншігін куәландыратын  бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп түрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады, Сөйтіп шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны қоғамның "жарғылық капиталын" құрайды. Ол өз кезегінде, айналымдагы капитал және компания портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез келген уақытта өз ойынша пайдалана алады. 

Акцияларды корпорациялар шығарады, акциялар шығарудың өзі корпорациялар  ұйымдастырудың әдісі. Акцияны ұстаушы  корпорация мүлігінің бөлігіне иелік ететін болады. Корпорациялар акцияларды шығарып, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, сөйтіп қаражаттылық қуаттылығы артады. Акция иесі корпорация пайдасының бір бөлігін дивиденд ретінде алып отырады.  

Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден бір түрі. Акция — компанияның акционерлер алдьндағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияньщ төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта

сатып алатын құқықтан айырылады деген  де ереже бар. Дәл осы жағдай егер де қайта сатып алу корпорацияньщ төлем қабілетін

нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әр бір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.

Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бір жағынан, бір акционерден басқа біреуге беру тәсілі бойьшша: атаулы және иесі ұсынушы больп

екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқару құқығы бойынша: жай және артықшылықты акциялар деп те екіге бөлінеді.

Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.

Атаулы акция — иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта

алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.

Ұсынушыға арналған акция — иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.

Жай акциялар — иеленушілердің корпорацияньң тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқы, жиналыстарда дауыс

беру арқылы корпорацияны басқаруға  қатысу құқы және корпорация жабылып  қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.

Артықшылықты акдиялар — меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Артықшылықты акция дауыс құқын бермейді. Ол дауыссыз бағалы қағаз. Оған байланысты артықшылықтар дауыс құқығы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.

2. Облигациялар.

Облигациялар деп — эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша соммасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді

міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару — қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығьнға тең болады.

Облигацияларды корпорациялар  да, үкімет те шығарып отырады. Облигация шығарушылар белгілі бір мерзімде қарыз процентін төлеуге міндеттенеді. Ол - зайым арқылы алынатын пайданың бір бөлігі. Дивидендтен проценттің өзгешілігі тұрақты, әрі банк ставкаларының

өзгерісіне тәуелсіз. Сондықтан  да облигацияларды белгілі бір табыс әкелетін бағалы қағаздар деп атайды. Әдетте процент зайымының

қызмет мерзімі бойына бірдей үлеспен төленеді.

Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепіддігі саналады. Ол кепілдік —эмитенттің банкротқа үшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде — корпорация мүлігінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құқы. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі.

Жай акциялар тәрізді облигациялар да иесі ұсынушы және атаулы болып екіге бөлінеді:

Иесі усынушы облигациялар еш жерде тіркелмейді, ол бойынша сыйақы ұсынушы субъектке төленеді. Ондай облигациялардың әрқашан купндық парағы болады. Сыйақы өсім төлейтін күні облигация иесі купонды қиып алып оны өтеуге тапсырады.

Информация о работе Бағалы қағаздар. Акциялар