Бағалы қағаздар. Акциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2012 в 20:40, реферат

Описание работы

Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал соммасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рьнок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді.

Файлы: 1 файл

Бағалы қағаздардың тарихы мен мәні.docx

— 32.04 Кб (Скачать файл)

Атаулы облигадиялардың иесі — корпорацияда тіркеуден өтеді. Сыйақы төлейтін күні корпорация оларға процент алу үшін чек толтырып береді.

Облигациялар айырбасталатын және жай облигациялар болып та бөлінеді. Айырбасталатын облигациялар айырбасталатын артықшылықты акцияларға өте ұқсас. Олар келісімге сәйкес осы корпорацияның артықшылықты немесе жай акцияларына алмастырылуна мүмкіндігі бар. Бұл айырбасталатын акцияға инвестордың қызығушылығын арттырады. Ал жай облигациялардың бұндай құқығы жоқ.

3. Вексельдер.

Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші —

жабдықтаушы көбіне қаржы қорының  жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен

есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек, өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі — "вексель"

пайда болады.

Векселъ - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексельді беруші

тауарды несиеге алғанда тауар  сатушыға, яғни вексельді иемденушіге  береді. Вексельдің мәні — несиеге  алған белгілі бір сомманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушыньң сатушыға берген қарыз міндеттемесі.

Вексель шығарып және оны пайдалануды  дамыту ертеден несие-қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып

келеді. Себебі, вексельдің мәні —  тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге, саудалық қарым қатынастың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы — ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, ия болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Әлбетте, векселъді банк сатып алады.

Вексель тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден  келе жатқан ең бір басты қаржылық құрал. Қаржы

жүйесі дамыған елдердердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез келген операциясы бар болғаны 1 сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар.

Бағалы қағаздардың басқа түрлері

Опцион — шартқа енгізілген мерзімдік талапты көрсететін бағалы қағаз. Ол бойынша екі жақтың біріне белгілі бір уақыттың ішінде келісілген ақыға бағалы қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық беріледі, ал екінші жақ, қажет болғанда, шартта белгіленген ақыға бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға міндеттенеді. Опцион — заңды түрде бекітілген стандартты құжат. 

Варрант - ерекше бағалы қағаз. Ол корпорацияның айналымдағы бағалы қағаздарына сатушының сатып алушыға меншік құқын беретін міндеттемесі. Варрант иемденушісі қолындағы варрантты белгілі бір уақыт аралығында тұрақты бағамен онда белгіленген жай акциялар санына айырбастауға құқы бар.

Қазыналық вексельдер — Қаржы министрлігі шығаратьн қысқа мерзімді облигациялар. Олар мемлекеттің ішкі қарызын өтеу мақсатында шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрі жоғары өтімділігімен ерекшеленеді, сондықтан оларды "екінші ақша" деп те атайды. Олар төмендетілген бағамен, яғни номиналынан төмен бағамен сатылады, ал номиналымен кері сатып алынады. Арасындағы айырма процентгік өсімді құрайды. Қазыналық вексельдер 91, 182 және 365 күн мерзімге шығарылады. Олар иесі ұсынушы вексель түрінде шығарылып, көрсетілген мерзімі біткесін ол үсынушыға өтеледі.

Депозиггік сергификат — ол эмитенттің мерзімді салымьн алғандығын куәландыратын банктік бағалы қағаз. Оның иесі - оны үсьшушы адам. Депозитгік сертификат екінші нарыққа белсенді түсетін және қолдан қолға тез өтетін бағалы қағаз.

Чек — заңды түрде бектлген ақшалы құжат. Ол қаржы институтындағы ағымдағы есепшот иесінің чек иесіне көрсетілген соманы төлеуін талап еткен жарлығы. Чек төлем айналымын тездету мақсатында шығарылады. Ағымдағы шот иесі шоттағы сома көлемінде көптеген чектер толтыруына құқы бар,

Бағалы қағаздардың басқа да туынды түрлері көп.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Экономикалық теория  негіздері. Оқулық / Әубәкіров Я.  Ә., Нәрібаев К. Н., Жатқанбаев Е.  Б. және басқ. - Алматы, 1998.

2. Экономикалық теория. Оқулық / Әубәкіров Я. Ә., Байжумаев Б.  Б. ж.б. - Алматы, 2000.

     3. Экономикалық теория. Акимбеков С.А./Астана, 2002

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

 

  1. Бағалы қағаздардың тарихы мен мәні
  2. Бағалы қағаздардың түрлері

1. Акциялар.

3. Вексельдер.

2. Облигациялар.

 

  1. Бағалы қағаздардың басқа түрлері
  2. Қолданылған әдебиеттер.

 

 

 


Информация о работе Бағалы қағаздар. Акциялар