Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 16:44, реферат
Құнды қағаздар, ең алдымен, мүлікті иеленуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.
Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін:
1. Не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі;
2. Не есепшотқа енгізілген жазу түрі.
Егер басқа адамға иемденуге берілсе, бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып келеді. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды.
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ШОЛУ………………………......5
1.1 Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы…………………………………....5
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері, қызметтері және мәні……………………....7
2.1 ҚР-ғы құнды қағаздардың қалыптасуы.........................................................22
2.2 Бағалы қағаздардың құқықтық қатынастарда алатын орны........................26
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................31
Артықшылықты
акциялардың өзі бірнеше
Тағы да кумулятивті және кумулятивтік емес,
конвертабельді және конвертабельді емес.
Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі акция иемденушілердің артықшылықты пайдалуына байланысты. Олар:
Қатысушылар артықшылығы өз икемденушісіне үстеме пайданы бөлуге қатысуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, корпорация жарғысында жай акция бойынша төленетін девиденттің мөлшерін жоғарылатады. Олардың арасындағы ара-қатынасын компания өзі белгілейді.
Қатыспаушылар акциясы, иесі еш уақытта белгілеген деңгейден артық девиденд алуға құқы жоқ. Егер артықшылықты акциялар кумулятивтік болса, онда бұрын хабарлаған, бірақ кейбір себептермен төленбеген девиденттер міндетті түрде келесі жылы бөлінеді.
Конвертабельді артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір жағдайларда осы корпорацияның жай акцияларының белгілі бір мөлшеріне, айырбастауына мүмкіндік береді.
Конвертабельді емес акциялар өз статусын өзгертуге мүмкіндігі жоқ.
Артықшылықты
акциялардың өте сирек
Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйықты төлеуді міндеттеген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қайшы келеді. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді.
Облигация
шығару-қосымша капитал
Облигация
мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан,
оның кепілі болып эмитенттің жалпы
кепілдігі саналады. Ол кепілділік
эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін
орындай алмаған кезінде
Облигация иемденуші корпорацияға несие беруші болып есептелінеді. Ал, облигация корпорацияны несиелендірушінің куәлігі. Облигация иесінің дауыс беру құқығы жоқ. Ол акционерлер жиналысында, сонымен қатар корпорация басқаруға да қатыспайды.
Эмиссия шарты ашықтан-ашық облигация шығару мәселесі. Ол қарыз алушымен траст компаниясының шарты бойынша шығарылады.
Траст
компаниясы корпорацияның инвесторлары
алдында оның кепілі болып, облигация
ұстаушылардың мүддесін қорғап, эмитенттің
өз міндеттемелерін орындауын
Траст компаниясы эмитенттің қаржы-қаржаттарын және оның инвестициялық жобасының бизнес-жоспарын тексеріп, содан кейін ғана өз ризалығын береді. Осыған байланысты эмиссия шартына траст компаниясы бірсыпыра ұсыңыс енгізілді. Олардың ішінде жиі кездесетіндері мыналар:
Өтеу туралы нұсқау-эмиссия шартындағы тармақ. Ол бойынша эмитент облигация номиналдық құны және сый-ақы төлейтін арнаулы қор құрады. Ол қор трасткомпаниясының бақылауында болады.
Эмиссия шартында облигацияны уақытынан бұрын сатып алу бабы да болуы мүмкін, яғни эмитенттің өз облигацияларын қайтарып алу құқы.
Қамтамасыз
етілген облигациялар оларды шығарғанда
кепілдікке корпорация активтері немесе
мүлігі салынады. Облигация қамтамасыз
етілген болып бөлінеді. Қамтамасыз
етілген облигация
Қамтамасыз етілмеген облигациялар жалпы кепілділігі бар, басқаша айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемесі.
Корпорация өз жұмысын акция шығаруы мен де қаржыландырады. Акциядан бәрі облигация шығару корпорацияға қауіпті. Себебі облигациялардан пайда түспесе де, жыл сайын корпорация облигация бойынша төлем төлеуге міндетті. Бірақ қауіпті болғанмен, ол өте арзан. Ұзақ мерзімде төленген сый-ақы сомасынан әлде қайда көп болады деп ұйғарылады. Инвесторлар көзқарасы бойынша акция шығару қауіптірек, демек облигация тиіледі
Сондықтан тәуекелген қосымша шығын шығарылып алған акциялар жоғары пайда түсіруіне көзі жетпесе, оларды сатып алмайды.
Чек заңды түпде бекітілген ақшалы құжат . Чек төлем айнаналымын тездету мақсатында шығарылады.
Чектер бірнеше түрге бөлінеді:
1. Атаулы чек
2. Ордерлі чек
3. Иесі тұтынушы чек
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айырықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар, бағалы қағаздар. Олар, біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі пайда болады.
Бұл тауарлардың өз құны аз болса да, өте жоғарғы нарық бағасымен сатуға болады. Егер бағалы қағаздарға нарықтық ұсыңыс оның ұсыңысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілмеген құннан жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы бағалы қағаздардың жалған капитал екенін көрсетеді.
Жалған капитал нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі.
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін “символы” деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар қордың инструменті немесе құралы болып та есептеледі. Сонымен, бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша не басқа материалдық құндылықтардың қызметін көрсетеді.
Жалпы құнды қағаздар екі топқа бөлінген. Олар негізгі және туынды деп аталады. Негізгі топқа жататын құнды қағаздар – акциялар, облигациялар, вексельдер, мемлекеттік қазналық міндеттемелер. Ал туынды деп аталатын құнды қағаздарға – ең алдымен опциондар, фьючерстер жатады.
Сонымен бірге, құнды қағаздар
Нарыққа қатыса алатын құнды
қағаздар сауда-саттық
Қорыта келгенде, құнды қағаздар
өз иеленушісіне кіріс әкеледі,
2 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздардың қалыптасуы.
Қазақстан жан-жақты қамтылған жүйелі де мақсаты және белсенді қаржы саясатын ұстанып отыр.
Мүлікті мемлекет иелігінен алып жекешелендіруге байланысты мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғамдарға айналдырылып қайта құрылды.
Орташа кәсіпорындар қорының 30% акциялары мемлекет меншігінде қалдырылып, қалғандары жеке меншікке үлестіріледі. Ірі кәсіпорындардың 50% акциялар пакеті мемлекет иелігінде қалдырылады, қалғаны жеке меншікке айналдырылады.
Жекешелендірілген өндіріс орындарының
5% дейінгі акциялары
Бұл іс-шаралар құнды қағаздар нарығын қалыптастырудағы Қазақстанның бірінші қадамы.
Жекешелендіру мен акционерлердің нарық жүйесіне көшудің ең негізгі алғышарты болғанымен, нарықтық қызмет атқару механизімін қалыптастыра алады.
Қазақстан жағдайында өндіріс орындарының тиімді қызмет атқаруы, олардың сыртқы әлем нарығына шығып, орын алуына тіркеліп отыр. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымы тарихи түрде сыртқы әлемдік шаруашылық қажеттіліктеріне бағытталып қалыптасқан.
Қазақстан өндірілетін өнімдердің 80-90% экспортқа арналған, ал Қазақстанға қажетті дайын өнімдердің 80-90% шетелдерден желінеді. Соңғы 2-3 жылда (1998-2000) әлемдегі қаржы валюта дағдарысына байланысты Қазақстан Үкіметі қысқа (2000 жылға дейін) және орта мерзімдік (1999-2000 жыл) Ұлттық өндіріс Бағдарламаларын жасап ішкі өндіріс пен Ұлттық нарық жүйесін қалыптастыру саясатын қолға алған.
Ұлттық экономиканың тарихи жағдайда қалыптасқан құрылымын қайта құру, жетілдіру үшін ауқымды инвестициялар қажет болып отыр. Мамандардың пікірінше, Қазақстанға жыл сайын 3 миллиард доллар инвестиция қажет екен.
Сонымен, Қазақстанда құнды қағаздар
нарығын қалыптастыру саясаты ұлттық
кәсіпкерлікті қолдау, ішкі және сыртқы
инвестициялардың өндіріске тарту
экономика салаларын әлсіз де
тиімсіз шаруашылық құрылымдарынан
тазарту экономиканы асқындап кеткен
төлем дағдарыстан шығару және басқа
да экономикалық ұйымдастыру құқықтың
іс-шаралар жүйесінде
Елімізде Қазақстан
Республикада құнды қағаздар нарығына қатысушылардың Ұлттық қауымдастығы құрылды. Құнды қағаздар нарығын реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары басқа да көптеген құжаттар пакеті қабылданды, қолданылып келген заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Үкіметі Батыс елдерінің бірқатар қарсы инвестициялық құрылымдарын келісімге келіп, өзінің орта мерзімдік облигацияларын Еуропада орналастырды.
Соңғы 1-2 жылда экспорттан импорт көлемі артты, Қазақстанда теріс сауда балансы пайда болды. Қазақстан теріс сауда балансын жабудың бір ғана жолы бар активтерді шетке сату әдісі. Активтерді шетке сату мемлекет меншігіндегі корпорациялардың акцияларын әлем нарығына орналастыру деген сөз.
Қазақстанда құнды қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек.
Сонымен, тұрғындардың сақталған қорларын банк және құнды қағаздар арқылы тұжырымдап, өндіріске тарту оның құрылымын жетілдіру үшін инвестициялау бүгінгі күні ең ұтымды саяси бағыт ретінде танылып отыр.
Егер ішкі өндіріс көтерілсе, ішкі ұлттық нарық қалыптасуда кәсіпорындар мен тұрғындардың табысы өседі, ал бұл болса Қазақстанда ішкі ұлттық капиталдың қорларын өсуіне жол ашады, астық негізінде құнды қағаздар нарығы да тиімді қызмет атқаратын болады.
Құнды қағаздар нарығын жасақтау республикамыздың қаржы саласын тұрақтандыру бағытындағы міндеттермен тікелей байланысты.
1996 жылдың мамыр айында 1996-1998 жылдар
аралығындағы құнды қағаздар
нарығын дамыту Бағдарламасы
бекітілді. Бағдарламаның осы
кездегі негізгі бағыты
1997 жылдың алғашқы 5 айының өзінде 157 қайтара шығарылым тіркелді.
Акциялардың қосымша шығарылымын қарай отырып, әсіресе құрылыс корпорациялары мен өндірістік кәсіпорындардың акциялардың өсе түскендігін оң нәтиже деп бағалауға болады. 1996 жылдың 90,9% болса, 1997 жылдың 5 айы ішіндегі көрсеткіші 94,9%.
1997 жылдыңНаурызында бірқатар
Құнды қағаздар нарығының бүгінгі ахуалы төңірігіндегі әңгімені қорытындылай келе корпоративті қағаздар рыногына қарағанда мемлекеттік құнды қағаздар нарығы қай тарапта болмасын жүзеге асырылуы үстінде екендігін атап айтамыз.