Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 16:44, реферат

Описание работы

Құнды қағаздар, ең алдымен, мүлікті иеленуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.
Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін:
1. Не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі;
2. Не есепшотқа енгізілген жазу түрі.
Егер басқа адамға иемденуге берілсе, бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып келеді. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ШОЛУ………………………......5
1.1 Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы…………………………………....5
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері, қызметтері және мәні……………………....7
2.1 ҚР-ғы құнды қағаздардың қалыптасуы.........................................................22
2.2 Бағалы қағаздардың құқықтық қатынастарда алатын орны........................26
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................31

Файлы: 1 файл

кунды кагаз.docx

— 42.73 Кб (Скачать файл)

Сондай-ақ шетелдік инвесторлар да мемлекеттік құнды қағаздарға сенім  арта түсуде. Бұл біздің қаржы жүйеміздің тұрақтану теңденциясына оң ықпалын  тигізе бермек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.  Бағалы қағаздардың құқықтық қатынастарда алатын орны

 

Азаматтық құқықтық объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық  кодекстің 129-бабында оған мынадай  анықтама берілген: белгіленген нысан  мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны  көрсеткенде ғана мүмкін құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз  болып табылады. Осындай анықтамадан  бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:

  1. бағалы қағаз – түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландыратын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;
  2. бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады.
  3. бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық, бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға – индоссаментқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкінің болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді).

Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индосантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индосаментке тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл  жағдайда  индоссант өкіл ретінде  әрекет жасайды. (АК-тің 132 бабы).

Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжат  деумен бірге оны зат деп те көрсетеді. Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге  қатысты келеді. Сондықтан да онда  көрсетілген әріп таңбалары мен  сандары, тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат  туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен  бірге кез-келген құжаттың бағалы қағаз  болмайтыныны тағы бар, тек заңмен  белгіленген шарттық белгілері  сақталғаны бағалы құқығын алады.

Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі,, субъектінің  қағаз бойынша көрсетілген міндеті, номиналдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша  орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизитерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға  сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына  әкеліп соқтырады.

Бағалы қағаздар зат ретінде  бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушінің  талап-мүддесіне сәйкес бланк, қағаз  парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің  құнына негізделеді.

 

Ордерлік бағалы қағаз да құжат  болып табылады, ол бойынша міндетті субъект құжат мәтінінде көрсетілген  тұлғаға міндеттенген нәрсені орындауды  ұсынады, немесе өзі де белгіленген  ереже боцынша құжат мәтінінде  көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз  құқықтың субъектісі юолып табылатын  белгілі бір тұлғаға беріледі.

Ордерлік бағалы қағаз жоғалып  кетсе, оған оны ұстаушының өзі жауап  береді (“Қазақстан Республикасындағы  вексельдік қатынастар туралы” Заңның 96-бабын қараңыз). Ордерлік қағаздың иесі айырылып қалған құжаты кімнің қолында  екенін білсе, құжатты қайтаруға  виндикациялық талап  қоюға құқылы. Егер кейінгі индоссамент бланктік болса, жоғалған құжатқа құқық меншігін дәлелдеу іс жүзінде мүмкін болмайды. Мұндай қағазды жоғалтқанда оның орындалуына да уміт аз. Ал ордер  қағазы жойылып кетсе, онда құжаттың балама данасын беруге болмайды.

Атаулы бағалы қағаз – бұл  мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың мәтінінде  көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз  бойынша құқықты талап ету  сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі  болады.

Азаматтық кодекстің 130-бабында бағалы қағаздардың әр түрінің белгілерін қамтитын бағалы қағазды шығару көзделген. Оған мысал ретінде атаулы түрін  ұстаушының жүргізуін талап ететін “Бағалы қағаздар нарығы туралы”  Заңның 34-бабының нормасын келтіруге  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бағалы  қағаздар нарығы экономиканың кез-келген саласының өз қажетіне ақша қорын  жасауына жол ашуда. Мысалы, акция  шығарып, осы қорды үнемді, яғни кәсіпорын  жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен  алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл  айтылғандар бағалы қағаздар нарығын  өрістетуге мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар нарығы – нарықты экономикада  күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі.

Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қызметін толық қамтамасыз ететін инфрақұрылым құрылып бола қойған жоқ. Оның ішінде бағалы қағаздар нарығында  кездесетін барлық қатынастарды толығынан  реттеп жеткілікті нормативтік заң  актілері жоқ. Бағалы қағаздар нарығының  мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп, алдын-ала дайындалған концепцияға  жүргені дұрыс деп ойлаймын.

Және  де әлі Қазақстанда Бағалы қағаздар нарығы дұрыс дамымаған. Бірақ болашақта  бағалы қағаздардың нарықтық қатынастарда үстемдік орнату үшін, біріншіден Қазақстанның экономикалық жүйесін реттеу керек, яғни жаңа реформалар енгізу керек, екіншіден  шетелдік инвестицияны қолдау керек, яғни шетелдік елдермен тығыз қарым-қатынаста  болып, олардан әр түрлі моделдерді үйреніп, оны қазіргі кезеңге  сай жүзеге асыру керек. Сонда  ғана біздің бағалы қағаздардың нарығы алға жылжи алады.       

      Қазақстан экономикасының шаруашылық  жүргізудің нарықтық қатынастарына  көшуі сатып алу сатудың нақты  объектісі ақшаның ролін шұғыл  қажет етеді.

      Валюта нарығы деп шетелдік  валютаны сатып алу жөніндегі  әлеуметтік экономикалық және  ұйымдық жүйесі болып табылады.

      Қорытындылап айтатын болсақ  қаржы нарығы құнды қағаздар  айналысына байланысты экономикалық  қатынастар және мемлекеттің  бүкіл ақша қорынын жиынтығы.

      Еуропалық рынок валютаны шетелдерде  жүргізілетін опеацияларға қатыстыруға  негізделген қысқа және орта  мергімді несиелердің халықаралық  рыногы. «Еуро » сөзі тек Батыс  Еуропа шеңберіндегі рынок дегенді  ғана білдірмейді, ол шетел  банктерінің есебіндегі валюталардың   (доллар, марка, цена) қарызға беру  үшін қолданылады.

      Бағалы қағаздармен сауданы қор  биржасы, биржадан тыс рыноктің  баға кесу ұйымы, заңдарға сәйкес  өзге де ұйымдар ұйымдастырады.  Бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастырушылар  қызметін уәкілетті орган лицензиялауға  тиіс.

Қор биржасы – бағалы қағаздар рыногінің  кәсіпқой қатысушылары құратын жабық  акционерлік қоғам нысанындағы  өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі  өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді  және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

1. А. Кашенова  «Бағалы қағаздар нарығы» Алматы  «Экономика» 2000ж.

2. Б. Кашенова  «Ақша Несие Банктер» 

3. Банки и биржи: ЮНИТИ, 1997. -471 с.

4. Банки Казахстана. №1, 11. -2004

5. Банки Казахстана. №12, 1. -2003

6. Валюта  қатынастары.  Алматы «Экономика»  2000 ж.

7. Ешкив Г.  «Басты бағдар сенімге ие болу».  Қаржы-қаражат 2000ж. №7,10,5.

8. Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции: Учеб. для ВУЗов. - М.:

9. Исин. С. Банковские услуги: проблемы оценки себестоимости и 
ценообразования //Банки Казахстана. №7. 2004г.

10. Красавчикова  Л.О.  Гражданское право, 1998 ж. Гражданское  право Республики Казахстан. Учебное  пособие, Алматы 1999 ж.

11. Қазақстан  Республикасы Үкіметінің «Бағалы  қағаздар рыногы туралы»  Қазақстан  Республикасы желтоқсан №1424 қаулы  Ресми газет 2003 ж. 25 қаңтар.

12. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі. 
2003г.

13. Қаржы-Қаражат^Финансы Казахстана. №6, 2003

14. Лаврушин О.И. Банковское дело. М, 2000 г.

15. Мақыш     С.Б.     Коммерциялык    банктер    операциялары.     Алматы: 
ИздатМаркет, 2004ж.

16. Мұқаметтей  М. «Акция бізге береді» Алматы  ақшамы 2001 ж. 7 маусым.

17. Мықбаев  С. «Экономикаға қызмет еткен  құнды қағаз» Қаржы-қаражыт, 2002 ж.  №6.

18. Оразбекұлы  Б., Оразбекова М.Б.

19. Орысша-қазақша    қазіргі    экономикалык    терминдердің   түсіндірме 
сөздігі. /жауапты редактор: Досаев Қ.О./ Алматы: Экономика, 1999ж

20. Орысша-қазақша сөздік. Алматы, 1978ж.

Питер С. Роуз. Банковский менеджмент. (Перевод с английского 2-го 
изд.-М:Дело,1999)

21. Сейткасымов Г.С. Банковское дело. Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998ж.

22. Сейтқасымов  «Ақша, Несие, Банктер» Алматы  «экономика» 2001 ж.

23. Сейтқасымов Г.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: Экономика, 1996ж.

24. Шалғынбаев  Г.   Бағалы қағаздардың бағасы  артатын әлі алда. Егемен 25. Қазақстан  2000 ж., 27 май.

 




Информация о работе Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы