Еңбек даулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 00:06, реферат

Описание работы

Еңбек дауларын туғызатын жағдайлар әр түрлі. Бұл объективтік сипаттағы факторлар болуы мүмкін: нарықтық экономикаға көшуге, мемлекеттік меншікті жекешелендіруге, жекелеген кәсіпорындардағы өндірістің жағдайына және соған байланысты қызметкерлердің жұмыстан босатылуына орай, республикада қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан; меншік иесінің (жұмыс беруші) кәсіпорындарда (ұйымда) ауысуы және басқалар.

Содержание работы

Кіріспе
Еңбек даулары
Ұжымдық еңбек даулары
Еңбек төрелігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

енбек даулары.docx

— 26.47 Кб (Скачать файл)

Еңбек төрелігі

Еңбек төрелігі – бітістіру комиссиясында келісімге қол жетпеген жағдайда, дауды шешу үшін уәкілетті тұлғаларды тарта отырып ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптар құратын, уақытша жұмыс істейтін орган.  

Еңбек төрелігін ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптар әлеуметтік-еңбек қатынастары реттеу жөніндегі республикалық немесе жергілікті жерлердегі үш жақты комиссия мүшелерінің қатысуымен күнтізбелік бес күн ішінде құрады. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны және оның жеке құрамы ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптардың келісімімен анықталады, еңбек төрелігінің құрамында, оның төрағасын қоса алғанда, кемінде үш адам болуға тиіс. Еңбек төрелігінің құрамына кәсіподақ органдарының еңбек жөніндегі органдардың өкілдері, сарапшы - мамандар және басқа адамдар енгізіледі. Еңбек төрелігінің төрағасы тараптардың келісімімен    төрелік мүшелерінің  қатарынан бекітіледі. Ұжымдық еңбек дауын еңбек төрелігі ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптар өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болған жағдайда, сондай-ақ басқа мүдделі тұлғалар өкілдерінің қатысуымен де қарайды. Дауды қарау рәсімін еңбек төрелігі белгілеп, екі тарапқа да хабарлайды. Еңбек төрелігінің шешімі ол құрылған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей төрелік мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Төрелік мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда, төрелік төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады. Шешім дәлелді болуы, жазбаша түрде баяндалуы керек, оған төреліктің барлық мүшелері қол қояды. Егер тараптар келісімді жазбаша нысанда жасаса, еңбек төрелігінің шешімі міндетті түрде орындалуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңының 97-бабына сәйкес Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша не сот үкімімен шешілуі мүмкін. Тараптардың келісімімен Еңбек дауларын қарайтын орган — келісім комиссиясы құрылады. Ол арыз берушінің өтінішін үш күн ішінде қарап, арнайы шешім қабылдайды. Келісім комиссиясының арызданушы талабын қанағаттандыру жөніндегі шешімін қарсы тарап үш күн ішінде орындауға тиіс. Еңбек қарым-қатынастарынан туындайтын талаптармен сотқа шағымданған қызметкер мемлекет кірісіне сот шығындарын (мемлекеттік баж бен іс қарауға байланысты төлемдер) төлеуден босатылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1.“Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Еңбек даулары