Халықаралық экономикалық интеграция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 21:09, реферат

Описание работы

Халықаралық экономикалық ұйымдар - елдердің белгілі бір топтарын біріктіретін, ал кейбіреулері әлемнің барлық елдерін дерлік біріктіретін және тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің халықаралық қозғалысының дамуын реттеу, олардың осы мекемелерге қатысушы елдердің мүдделері үшін өсуіне жәрдемдесу мақсатын көздейтін халықаралық Үкіметаралық ұйымдар. Қазіргі Халықаралық экономикалық ұйымдардың басым көпшілігі 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниеге келді. Олардың қызметінің негізгі бағыттары: әлемдік сауда ережелерін, халықаралық есептесулер| мен тасымалдарды ырықтандару және жетілдіру; аймақтық экономикалық ынтымақтастықты күшейту; қатысушылары арасында тең құқықты және өзара тиімді катынастар орнатуға, өнеркәсііттік дамуда артта қалған елдер үшін қолайлы режим белгілеу.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
I.Халықаралық экономикалық ұйымдардың жіктелуі
1.1 Халықаралық әмбебап және арнайы экономикалық ұйымдар
1.2 Халықаралық аймақтық экономикалық ұйымдар мен Одақтар
1.3 Халықаралық валюта - қаржылық ұйымдар
II. Қазақстан және халықаралық экономикалық ұйымдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Реферат МЭО.docx

— 39.15 Кб (Скачать файл)

Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің  қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық  топтардың жұмысына белсенді түрде  қатысуда, осы арқылы ол әлемнің  ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге  ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.

1992 жылы 2-наурызда Қазақстанның  БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы  жағынан тарихи акция болды.  Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың  қатардағы жаңа мүшесі ретінде  ғана емес, сонымен бірге қазіргі  заманның ең бір өзекті халықаралық  проблемалары бойынша белсенді  позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану  жолындағы қозғалыстың алғы шебінде  тұрған мемлекет ретінде енді.

Әлемдік саяси проблемаларға  Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн  тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша  дауыс берген кезде осы халықаралық  форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламентаралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық  ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің  БҰҰ мен ынтымақтастығын нығайтуға  бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын  қарарлардың тең авторы болып  табылады.

БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің  ұстанымы БҰҰ қарапайым мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде  қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық  құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне  қарсы күрес саласында БҰҰ  мен өзара іс-қимылды нығайтуға  айырықша көңіл бөлінде.

Біздің еліміздің қазіргі  заманғы әлемнің жетекші қаржылық және экономикалық институттарымен  өзара іс-қимылы Қазақстанның тұрақты  экономикалық өсімінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осындай құрылымдардың қызметіне Қазсқатнның қатысуы әлемдік рынокта оның позициясын нығайтуға, сыртқы берешек проблемаларын реттеу және ішкі ақша айналымын тұрақтандыру үшін енгізуге қаржылық ресурстар тартудың перспективасын жақсартады.

Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың жекелеген  салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы  тұрғысынан Қазақстан Халықаралық  Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық  Қайта құру және Даму банкі, Азиялық  Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа  басымдықты рөл береді.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық қызметі 

 

Ұлттық Банк мемлекеттің  орталық банкі ретінде Қазақстан  Республикасының әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне кіру үдерісіне  тартылған. Қазақстан Республикасы халықаралық қаржы ұйымдарының  тұрақты мүшесі болып табылады. Ұлттық Банктің халықаралық қызметі  мынада негізгі бағыттар бойынша  дамиды:          

- шетелдік мемлекеттердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен байланысты дамыту және тереңдету.         

- ТМД елдерінің мемлекетаралық ұйымдық құрылымдарына және аймақтық интеграциялық ведомстволарға қатысу.          

- Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына мүше болуы.

 

ЭСКАТО шеңберіндегі Қазақстанның  ынтымақтастығы

Қазақстан ЭСКАТО-ға 1992 жылдың 31 шілдесінде мүше болып қабылданды. 2007 жылдың 17-23 мамыр аралығында ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясы Алматы қаласында өтті. Сессия ашылу салтанатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөледі. ЭСКАТО-ның жыл сайынғы сессиясын  Комиссия құрылуының мерекелі жылында  Алматыда өткізу туралы біздің ұсынысымызды қабылдап, мүше-мемлекеттер елімізге зор құрмет көрсетті. Мұндай шешім  ЭСКАТО-ның Орталық Азияға өз назарын  аударуға деген әзірлігін де көрсетеді. Біздің өңірдің өскелең экономикалық және саяси рөлі көптеген факторларға  байланысты болып отыр. Белсенді даму үстіндегі Орталық Азияның геосаяси және жаһандық энергетикалық рынок, Еуразияның елеулі бөлігіндегі қауіпсіздік  пен тұрақтылық тұрғысынан стратегиялық мәні зор. Орталық Азиядағы табиғи ресурстардың байлығы көптеген мемлекеттер тарапынан  осы өңірге деген жоғары қызығушылықты  туғызып отыр. Өңір еуразиялық транзиттік дәліздердің тоғысында орналасқан, ауқымды көлік-коммуникациялық желілері бар және жеткілікті игерілмеген жаңа рынок болып табылады" - деді Н.Назарбаев.

 

Қазақстан Республикасы және Халықаралық Валюта Қоры

 

 Қазақстан Республикасы және Халықаралық Валюта Қоры арасында мынадай кредиттік келісімдер жасалды:            

1. Макроэкономикалық тұрақтандыру  және жүйелік қайта құрулар  үшін Қазақстан Республикасына  ресурстар беру бағдарламасы (STF).             

2. Резервтік кредит туралы  келісім (Stand-by 1).            

3. EFF келісімі, Қазақстан  оған сәйкес EFF келісімінің бүкіл  қолданылу кезеңі бойы Үкімет  және ҚҰБ қандай да болмасын  валюталық шектеулерді енгізу  немесе күшейту, көптеген валюта  бағамдарын қолданудың қандай  да болмасын практикасын енгізу  немесе түрлендіру, Келісім баптарының VIII бабына қайшы келетін кез  келген екіжақты төлем келісімін  жасау немесе төлем балансына  байланысты себептер бойынша  импортқа шектеулер енгізу және  күшейту ниеті жоқ екені жөнінде  міндеттеме алады.            

4. Мақсаты мемлекеттік  бюджет дефицитін қысқарту және  халықаралық резервтерді жинақтау  болып табылатын  EFF-2 келісімі.            

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі 2000 жылғы 24 мамырда ХВҚ  кредиттік желілері бойынша 295,8 млн. СДР мөлшеріндегі міндеттемелерін  мерзімінен бұрын өтеді.

Ұлттық Банк  ХВҚ-ға апта сайынғы және ай сайынғы негізде монетарлық статистика жөнінде деректер ұсынады. Статистикалық деректер сондай-ақ ХВҚ-ның АКС-ға қатысты жыл сайынғы (сәуір) миссиясы үшін, сондай-ақ  қаржы тұрақтылығының көрсеткіштері бойынша (сұрақтар бойынша) ұсынылады.

ХВҚ Статистика Департаментінің  сарапшылары ақша-кредит статистикасын  жасау жөнінде әдіснамалық сұрақтар туындаған кезде консультативтік  көмек көрсетеді.

Халықаралық Валюта Қоры Қазақстан 2003 жылы қосылған  ДТАС («Деректер таратудың арнайы стандарттары») сәйкес үш жылда 1 рет макроэкономикалық статистиканы, оның ішінде ақша-кредит статистиканы бағалауды жүргізеді. Бағалау негізінде «Стандарттар мен кодекстерді сақтау туралы есеп» (ROSC) жасалады.

ХВҚ-ның стандарттар мен  кодекстердің сақталуын тексеру  жөніндегі миссиясы соңғы ретте  Алматы қаласында 2006 жылғы қараша-желтоқсанда  жұмыс істеді.

2004 жылы  ХВҚ миссиясы инфляциялық таргеттеуді ендіру мәселелері бойынша техникалық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, ХВҚ ҚРҰБ қызметкерлерін БВИ-да ХВҚ институтында, РФ оқу орталығының  базасында ақша-кредит статистикасын  жасаудың әдіснамалық негіздерін оқытады.

ХВҚ миссиясы ХВҚ Келісім  баптарының IV бабына сәйкес жыл сайынғы  консультациялар жүргізу үшін Қазақстанға  жыл сайын келеді.

Ұлттық Банктің басшылығы  жыл сайынғы негізде көктемде және күзде Дүниежүзілік Банктің  және Халықаралық Валюта Қорының  Басқарушылары Кеңесінің Жыл  сайынғы Қарама-қарсы Кездесулеріне  қатысады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына  өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 20 наурыздағы № 377 қаулысына сәйкес Қазақстан  Республикасының атынан Халықаралық  Валюта Қоры Басқарушыларының Кеңесінде  Басқарушы болып табылады.

Қазақстан Республикасының  Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің шағын топтарына  қатысуы шеңберінде Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасын  Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің Бельгия шағын  тобынан Швейцария шағын тобына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізді. Қазақстан Республикасының Швейцария  шағын тобына кіруінің алғашқы қадамдарының бірі 2010 жылғы қыркүйекте Астана қ. Қазақстан Республикасының Үкіметі  мен Швейцария Конфедерациясы Үкіметі  арасындағы Бреттон – Вуд мекемелеріндегі  өзара түсіністік және ынтымақтастық  туралы меморандумға қол қою болып  табылады. Қазақстан Республикасының  Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің Швейцария  шағын тобына кіруінің аяқталу кезеңі Швейцария Конфедерациясының өкілін Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің Швейцария, Польша, Сербия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Қырғызстан және Тәжікстан қатысатын шағын  тобындағы Атқарушы Директор ретінде  таңдау үшін дауыс беру болып табылды.

 

 Ислам Даму Банкі 

 

Ислам Даму Банкі (ИДБ) аймақтық қаржы ұйымы, халықаралық дамуды қаржыландыратын және Ислам Мемлекеттері Министрлерінің 1973 жылғы желтоқсанда Джидда қаласында (Сауд Аравиясы) өткен  Бірінші Конференциясында жарияланған және Ислам Конференциясы Ұйымының (ИКҰ) 23 мүше мемлекетінің өкілдері қол қойған Ниет туралы Декларацияға сәйкес бекітілген болып табылады. ИДБ қызметін 1975 жылғы 20 қазанда бастады.

ИДБ мақсаты Шариғаттың қағидаттарына  сәйкес ИДБ мүше елдерінің және мұсылман қоғамдастықтарының экономикалық дамуына  және әлеуметтік прогресіне көмек көрсету  болып табылады. Мүшелерінің құрамына 52 мемлекет кіреді. ТМД елдерінің  ішінде ИДБ мүшелері Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан болып табылады.

Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 16 мамырда ИДБ-ның 1974 жылғы 12 тамызда  Джидда қаласында қол қойылған Құрылтай шартын ратификациялады. 1997 жылғы тамызда  Алматы қаласында ТМД-да, Моңғолияда, ҚХР-да, Шығыс Еуропа аймағында орналасқан ИДБ мүше елдері және мұсылман қоғамдастықтары  үшін аймақтық офисі ашылды.

Қазақстан Ұлттық Банкі 1998 -1999 жылдары ИДБ-ның Қазақстан Республикасының  атынан басқарушының офисі құқығында  Ислам Даму Банкімен белсенді ынтымақтастықты  жүзеге асырды. 1999 жылы мамырда Ислам  Даму Банкінің Вице-президентінің басшылығымен Бағалау миссиясының Қазақстанға  сапары болды. 1999 жылғы 12-14 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі және құрамын Кувейт араб экономикалық даму қоры, Сауд даму қоры және ИДБ ұсынған Үйлестіру Тобы арасында «дөңгелек үстел» отырысы  өтті. Отырыстың нәтижесі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою және одан әрі қаржыландыру мүмкіндігін  қарастыру үшін Қазақстанның мемлекеттік  инвестициялар бағдарламасына кіретін  жобалардың тізбесін қабылдау болып  табылады.

2012 жылдың 23 және 26 сәуірі  аралығында ҚРҰБ Ислам Даму  Банкі тобына кіретін Ислам  тренинг және зерттеулер институтымен  бірлестікте ТМД мемлекеттерінің  өкілдеріне арналған «Islamic modes of finance and sukuk» халықаралық отырысын өткізді.

2012 жылдың қыркүйек айында  ҚРҰБ Ислам Даму Банкі мен  Халықаралық валюта қорымен бірлесіп  Алматы қаласында «Enabling Environment for Islamic Finance» Өңірлік Конференциясын  өткізді.

 

 

Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі 

 

Дүниежүзілік Банктің  тобы 1944 жылы құрылған және оған мынадай  бес қаржы институты кіреді:

- Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (International Bank for Reconstruction and Development);

- Халықаралық даму қауымдастығы (The International Development Association),

- Халықаралық қаржы корпорациясы (The International Finance Corporation);

- Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көпжақты агенттік (The Multilateral Investment Guarantee Agency);

- Инвестициялық дауларды  реттеу жөніндегі халықаралық  орталық (The International Centre for Settlement of Investment Disputes).

Қазақстан 1992 жылғы шілдеде  ХЖДБ-ға, ХДҚ-ға, ИККА-ға, ИДРХО-ға мүше және 1993 жылғы қыркүйекте ХҚК-ге мүше болды.

Дүниежүзілік банк тобы Қазақстандағы  сыртқы қаржыландырудың ірі көздерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі активтерінің депозитарийі болып табылады және Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің «А» шотына қызмет көрсетуге қатысады. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің ережелерінде көзделген операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы төлейтін немесе Қазақстан Республикасына төленетін сомаларды аудару Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі 

 

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) 1991 жылы құрылған. ЕҚДБ  26 елге құрылымдық және экономикалық реформалар жүргізуге арналған қаржылық көмек көрсетеді. Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі 1999 жылғы маусымда Банктің ұйымдық құрылымындағы өзгерістер туралы шешім қабылдады. Бұл шешімдер жұмыс істеп тұрған нарықтардың және аймақтардың даму серпінділігін мұқият зерделегеннен кейін, сондай-ақ Банктің нақты жұмыс тәжірибесін назарға ала отырып қабылданды. Жаңа ұйымдық құрылым Банкке болашақта болжанып отырған проблемаларды жою мүмкіндігін жасайды, себебі Банк бекіткен, қолданылып жүрген, орта мерзімге арналған басымдықтар күмән туғызып отыр. Ұйымдық өзгерістерді Банк директорларының көпшілігі бірауыздан қолдады. Алайда, жақын болашақта, Банктің жоғары басшылығы деңгейінде өзгерістер көзделмейді. Негізгі өзгерістер Банк Департаментінің құрылымына қатысты.

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) Қазақстан Ұлттық Банкімен 122,64 млн. АҚШ долл. (А, В және С үш траншпен) мөлшеріндегі, шағын  және орта бизнесті қолдауға арналған заем туралы келісім жасады. Қазақстан  Ұлттық Банкінің міндеттемелері заемның  бір бөлігін жоюға сәйкес 1997 жылы 122,64 млн. АҚШ долларынан 45,11 млн. АҚШ  долл. дейін төмендеді.

 

 Азия Даму Банкі 

 

Азия Даму Банкі (АДБ) көпжақты қаржылық даму институты болып табылады, оған 63 мүше ел кіреді, оның 45 Азия-Тынық мұхит аймағында және 18 одан тысқары орналасқан. АДБ-ның ғаламдық мақсаты кедейшілікті төмендету болып табылады. Осыған байланысты АДБ дамушы мүше елдерге халықтың кедей топтарының мүддесі үшін тұрақты экономикалық өсуге, жан-жақты әлеуметтік дамуға және тиімді басқаруға қол жеткізу үшін көмек көрсетеді. АДБ 2001–2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасын басшылыққа ала отырып, өзара байланысты үш бағытта жұмыс істейді – жеке секторды дамыту, аймақтық ынтымақтастықты кеңейту және экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу.

Информация о работе Халықаралық экономикалық интеграция