Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 09:53, реферат
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері дегеніміз – экономиканың салалары, аймақтары, сфералары, сонымен бірге, автоматты түрде өздігінен шешілмейтін не болмаса алыс болашақта шешуін табатын, бірақ оларды дер кезінде шешу экономиканың бір қалыпты жұмыс жасауына, дамуына себепші болатын мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өміріндегі құбылыстары мен жағдайлары.
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері
Экономиканы мемлекеттік
реттеу объектілері дегеніміз – экономиканың салалары, аймақтары, сфералары, сонымен бірге,
автоматты түрде өздігінен шешілмейтін не болмаса
алыс болашақта шешуін табатын, бірақ оларды дер кезінде шешу экономиканың бір қалыпты жұмыс жасауына, дамуына себепші
болатын мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өміріндегі құбылыстары мен жағдайлары.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектілеріне жататындар:
1) экономикалық цикл;
2) секторлық, салалық және аймақтық экономика құрылымы;
3) капиталдың қорға айналу жағдайы;
4) жұмыспен қамту;
5) ақша айналымы;
6)төлем балансы;
7)баға;
8)ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыс;
9) бәсекелестік жағдайы;
10) әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік қамсыздандыру;
11) мамандарды даярлау және қайта даярлау;
12) қоршаған орта;
13) сыртқы экономикалық байланыстар және т.б.
Экономикалық цикл – кез келген экономика
циклды дамиды. Экономиканың дағдарысты, тоқырау, құлдырау және жоғарғы қарқынды даму кезеңдері болады. Мемлекеттік реттеудің мақсатына әр кезеңде мемлекет осы экономикалық құбылыстарға ықпал жасауы керек. Мысалы, дағдарысты, тоқырау кезеңін алайық. Бұл кезеңдердің сипаттамасы: 1) кәсіпорындар тұрақсыз жұмыс жасайды, әсіресе материалды өндіріс бағытындағы; 2) тұтынушылар сұранысы азаяды; 3) халықтың жұмыс жағдайы нашарлайды; 4) жұмыссыздық өседі және т.б. жағымсыз жағдайлар болады.
Бұндай кезеңдерде мемлекет экономиканы
реттеу керек антициклдық саясат жүргізеді. Бұл іс – қызметтердің мемлекет тарапынан келесі
болады:
1) мемлекет жеке секторға қосымша қаржылық жеңілдіктерді береді
2) мемлекет шығындарын және инвестицияларын өсіреді
Тауарлар мен қызметтерге, қаржыға, жұмыспен қамтуға дген сұранысты ұлғайтады, ынталандырады.
Жоғары қарқынды даму кезеңінде – экономиканың дамуы сипатталады:
1)импорттық өсуі; 2) төлем балансының нашарлауы; 3) жұмыс күшіне деген сұраныстың ұсыныстан артық болуы; 4) еңбекақы мен баға өсу ықтимал және т.б.
Мұндай кезеңдегі экономиканы мемлекеттік
реттеудің негізгі міндеті: тауарлардың артық өндірісін, капиталдардың қорға айналуын, құбылыстарды болдыртпау, болашақтағы өндірістің құлдырауына, жұмыспен қамтудың нашарлауына жол бермеу.
Секторлық, салалық және аймақтық экономика құрылымдарын мемлекеттік реттеу
– халық шаруашылығын, салалық, аймақтық құрылымын құруға және дамуға бағытталған. Экономика көп салалы және салалардың әр түрлі дәрежесі болады. Сол себепті
бір жағдайларда экономикалық дағдарысты, тоқырау шағындағы аймақтық бірліктерге (аудан, облыстарға, елді мекендерге), салаларға көмек беріледі. Екінші жағдайларда салаларына ғылыми – техникалық жетістіктерді (жаңа техника, технология, өндіріс түрлері) еңгізу ынтыландырылады, мемлекеттік қаржы көмегі негізінде және саясатты іске асыру бағыттарда болады.
|
Мемлекет арқылы табыс пен байлықты сапалы қайта бөлісу нарық қызметінің күрт бұзылуы салдарынан жүргізіледі, ол сыртқы тиімділік деп аталады. Сыртқы тиімділік — бұл нарық қатысушыларының ұтымды не ұтымсыз факторларына ауысу және байланысты емес табыс пен шығындар.
Мемлекеттік (нарықтық емес) игіліктер тиімділігі-нарықтық экономиканың іске асыру мүмкіндігі жоқ өндірісі, дегенмен мүндай өндіріс бәріне қажет және пайдалы, оны 13.6 кестеден көруге болады.
Мемлекеттік қоғамдық игіліктердің мынадай қасиеттері бар:
- бөлінбейтін болып табылады және нарықтың кейбір қатысушыларына ғана сатылмауы мүмкін, яғни оның бәрі пайдаланады.
- «фрирайдер» деп аталатын проблема туындады (қыз-метті, оны өндіруде шығындардың шықпайтыныдық мыса-лы, сот, құқықтық тәртіп, қорғаныс қызметі жүйесі т.б.);
- квазиқоғамдық (жалған қоғамдық) қызметтер, яғни бұл игіліктер қоғам үшін жеткіліксіз және барлығына пайда келтіре алмайды (денсаулық сақтау, білім беру, спорт т.с.с. қызмет көрсету).
Экономиканы құрылымдық жақсартудың ынталандыру функциясы мыналар арқылы орындалады:
- инновациялық ресурстарға, тауарларға, инвестицияны жүзеге асырушы кәсіпорындарға ерекше салық тәртібін (режимін) енгізу;
- инновациялық бизнесті ынталандыратын заңдарды қабылдау;
- ғылымды көп кажетсінетін тауарлар өндірушілерге арналған субсидия, жеңілдіктер;
- ҒЗТКЖ-НИОКР-ды қаржыландыру. Экономиканы тұрақтандыру функциясы табыс пен шығындардың тең айналымын қолдауды қамтамасыз етуі тиіс. Егер шығындар кірістен төмен болса, онда бұл өндірістің құлдырауына, жұмыссыздықтың өсуіне, экономиканың жаңаруын баяулатуға, жабдықтың ескіруіне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекет салықтарды төмендету және бюджеттің шығыс бөлігін қаржыландыру арқылы жұмсауды толықтырады. Егер шығындар кірістерден жоғары болса, онда ол инфляцияны тудырады, кірістердің қайта бөлінісі тиімсіз болады және нақты өсу тұрақсызданады. Онда мемлекет шығындарды қысқартуы тиіс.
Қоғамның әл-ауқатын жоғары деңгейге жеткізу үшін экономиканың аса тиімді жолмен даму жағдайларын қалыптастыру – экономика дамуын мемлекеттік реттеудің ғаламдық мақсаты десек қателеспейміз.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны , қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мәселесінің салыстырмалы түрде жаңа болуына және оның көптеген жағдайларының зерттелмегендігіне қарамастан, экономикалық әдебиеттерде «экономиканы мемлекеттік реттеу» ұғымына бірқатар анықтамалар берілген. Қазақстандық экономистер Н. Мамыров және Ж. Ихданов келесідей анықтама береді: «Экономиканы мемлекеттік реттеу — экономикалық тұрақтылық пен рационалды орнықтылықты қолдау мақсатында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерге әкімшілік-экономикалық және ұйымдастырушылық-құқықтық араласуының негізгі нысанын сипаттайды» [7.8б.].
Келесі бір анықтамада: «экономиканы мемлекеттік реттеу — экономикалық өсуді ынталандыру, дағдарыстық, инфляциялық процестерді жеңілдету, халықты әлеуметтік қорғау мақсатымен салық, несие және басқа да тетіктер арқылы басқару құрылымдарының ұлттық шаруашылыққа макроэкономикалық әсер етуі» деп көрсетілген [8.23б.].
Ресей экономисі В.П. Орешин өзінің анықтамасын берген: «Экономиканы мемлекеттік реттеу экономиканы дамыту мен тұрақтандыру және әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдайларға бейімдеу мақсатындағы мемлекеттің өкілетті мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың жүзеге асыратын заң шығарушы, атқарушы, бақылаушы сипаттағы мемлекеттік іс шараларының жүйесі [9.26б.].
Келтірілген анықтамаларды талдау негізінде бұл процестің аса елеулі сипаттарын рационалды көрсетуге деген ұмтылысты байқауға болады. Мұнда оның объектілері, субъектілері, мақсаттары, әдістері және құралдары қамтылған. Бірақ бұл анықтамалардағы басты сөз “араласуды” көптеген авторлар сынға алады. «Мемлекеттік меншікті басқару» оқулығының авторлары жазғандай: «Араласу» сөзі адамның ағзасына хирургиялық араласу секілді дербес жүйенің (мемлекеттің) басқа жүйеге араласуы туралы ойды қалыптастырады». Оған қоса, олардың пікірінше, мемлекет сыртқы жүйе емес, қазіргі экономиканың элементі, құрамдас бөлігі болып табылады [10.31б.].
Әрине, кез келген ұғымның мәнін анықтауда оның көп түрлі жақтарын, жүзеге асыру мен қызмет ету нысандарын толық ашып көрсету мүмкін емес.
Бірақ, сонда да жалпы түрде анықтамада бұл процестің өте маңызды белгілері көрініс тапқаны жөн, яғни, реттеудің объектілері, субъектілері, мақсаттары және реттеудің жалпы нысандары мен құралдары. Сондықтан бұл күрделі және көп қырлы процеске «экономиканы тұрақты дамыту мен орнықты ету және оны сыртқы, ішкі жағдайлардың өзгерістеріне бейімдеу мақсатындағы шаруашылық субъектілері мен әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың іс-әрекеттеріне мемлекеттік басқару органдары арқылы тікелей және жанама әсер етудің мемлекеттік шараларының жүйесі» деп анықтама беруге болады.
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалық саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі.
Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина-меркантилизм – елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген.
Нарықтық өатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» еңбегінде, экономикалық либерализм идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негізделген және оның көптеген жақтаушылары болды.
А. Смит көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүлде көздеген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті екенін байқатты. Бұл мүлде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінеді.
А.Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея болатын. А. Смит: рынок басты реттеуші болатындықтан, рынокқа толық еркіндік беру қажет, — деп есептеді.
Рыноктық үйлестіру ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық тәжірибе растады. Рыноктағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең маңызды себебі – рынокқа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда бәсекелесті қамтамассыз ету үшін, рынок қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау – монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік болды.
Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен байланысты. «Кейнсиан революциясы » барысында алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан өз бетімен сауығудың мумкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж.М. Кейнс идеяларын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы және қаржылық саясатты пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға көрсетеді деп есептеледі.
Сөйтіп, экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды. Экономика дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. Экономика дамуын мемлекеттік реттеудің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен,экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.
Информация о работе Экономикалық мемлекеттік реттеу объектілері