Экономикалық мемлекеттік реттеу объектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 09:53, реферат

Описание работы

Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері дегеніміз – экономиканың салалары, аймақтары, сфералары, сонымен бірге, автоматты түрде өздігінен шешілмейтін не болмаса алыс болашақта шешуін табатын, бірақ оларды дер кезінде шешу экономиканың бір қалыпты жұмыс жасауына, дамуына себепші болатын мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өміріндегі құбылыстары мен жағдайлары.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 126.00 Кб (Скачать файл)

   Экономика дамуын мемлекеттік реттеудің объектілері – бұл  автоматты турде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мумкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы — әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты дамуы үшін қажетті.

   Экономика дамуын мемлекеттік реттеу-дің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін , ақша айналымын; төлем балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын; қоршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.

   Мемлекеттің кезеңдікке қарсы немесе шаруашылық жағдаятын реттеу саясатынын мәні тоқырау мен дағдарыс кезінде тауарлар мен қызметке сұранысты қолдау мен капртал салу және жұмыспен қамтамасыз етуден тұрады. Ол үшін жеке капиталға қосымша қаржылық жеңілдіктер беріледі, мемлекеттік шығындар мен инвестициялар өсіріледі.

   Экономиканың ұзақ мерзімді көтерілу кезінде, тауар қорларының азаюы, импорттың өсуі және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне сұраныстың күшеюі тәрізді қауіпті жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан келіп, баға мен еңбекақының негізсіз өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, Экономика дамуын мемлекеттік реттеудің міндетті — «экономиканың қызып кетуіне» жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.

   Экономика дамуын мемлекеттік реттеу сонымен бірге, аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды рөл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы дағдарыста қалған шаруашылық  бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі; басқа жағдайда – салалардың ішінде, салалар арасында және барлық халық шаруашылығында оның тиімділігін көтеруде және бәсекелестік қабілетін арттыруда құрылымдылық ілгерілеушілікке әкелетін, өндірістің түрлері мен жаңа шаруашылық саласының дамуы көтермелейді. Сонымен бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға кедергі жасауға шаралар қабылдануы да мүмкін.

   Экономика мемлекеттік  реттеудің объектісі – капиталды жинақтау болып табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең мен құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасалады.

   Жұмыспен  қамтамасыз етуді реттеу – бұл нарықтық экономика көзқарасы тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатнастарды қалыпты қолдау. Бұл қатнастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға қызмет ететін экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге деген талабын қанағаттандыруы тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынастар ұлттық бәсекелестік қабілетке кері әсер ететін еңбекақының шектен тыс өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен қамтамасыз етудің қажетсіздігі және тез төмендеуі жұмыссыздар армиясын көбейтуге, тұтынушы сұранысының , салық түсімнң төмендеуіне, жәрдемақыға салықтың өсуіне және қауіпті әлеметтік нәтижелерге әкеледі.

  Ақша айналымын  реттеуде ерекше назар аударылатын  негізгі бағыттар: инфляциямен күрес,  баланс төлемінің жағдайына әсер  ету, ұлттық валюта бағамының  көтерлуі мен төмендеуі, (валюталық «дәлізді» анықтау), халықаралық экономикалық интеграцияға қатысу.

   Реттеудің тағы  бір маңызды объектісі баға  болып табылады. Бағаның серпіні  мен құрылымы экономиканың жағдайын  көрсетеді. Сонымен бірге сол  баға шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына, ұлттық валютаның тұрақтылығына күшті ықпал етеді.

  Экономика дамуын  мемлекеттік реттеу объектілерінің  шешілетін міндеттерге фирманың  деңгейінен, салалардың ұлттық және  интернационалдық деңгейіне дейін  байланысты айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады.

   Экономика дамуын  мемлекеттік реттеудің құралдары. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінің мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына — қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.

   Экономика дамуын  мемлекеттік реттеудің мақсаттары. Экономика дамуын мемлекеттік реттеу-дің ең басты мақсаты – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.  

 Экономика дамуын  мемлекеттік реттеу құралдары. Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді  (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты). Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.

    Нарықтық экономикалы  дамыған елдерде реттеудің әкімшілік  құралы елеусіз көлемде пайдаланады.  Олардың қызметінің аясы негізінен  қоршған ортаны қорғаумен, әлеуметтік  әлсіз қорғалған тұрғындар үшін  жағдай жасаумен шектеледі.

Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:

- қазыналық саясат, яғни шығындар  мен салықтардың құқықтық

аумағындағы саясат;

- ақша саясаты;

- табыстарды реттеу саясаты;

- әлеуметтік саясаты;

- баға бегіленімін мемлекеттік  реттеу;

- сыртқы экономикалық реттеу;

   Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша -кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.

Негізгі экономикалық құралдар:

- есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін,

дисконттық саясат);

- елдің қаржылық институттары  орталық банкте сақтауға

міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;

-мемлекеттік мекемелердің бағалы  қағаздар рыногындағы мемлекеттік  міндеттемелер эмиссиясы олармен  сауда жасау және өтеу сияқты  операциялары.

 


Информация о работе Экономикалық мемлекеттік реттеу объектілері