Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2015 в 18:52, реферат
Өндіріс деп нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді дайындау үрдісін айтады.өндіріс мазмұны үш элементтен тұрады:
- ұтымды жұмыс немесе еңбектің орындалуы
- Адамның ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы
- Еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы.
Кіріспе...................................................................................................................3-4
Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы...................4-5
Кәсіпорының қызметін жоспарлау және болжау..............................................5-6
Кәсіпорынның негізгі өндірістік пайдалануды жақсарту жолдары ...............6-8
Шетелдегі кәсіпорынның ұйымдастырушылық құқықтық формалары ......8-10
Қорытынды ..........................................................................................................10
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................11
Кіріспе
Кәсіпорындарды құру
және олардың құрылымдық бөлімшелерінің
негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндір
Құрылым кәсіпорынның дамуы
мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-
Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:
Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп болса, сонша кәміл технологиясы және ұйымдық әдістері қолданылуы мүмкін. Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым.
Ұйымдық-техникалық факторлардың жетекші тұрғыда кәсіпорындардың кейбір бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін өндіріс үлгілері бой көтереді. Өндіріс үлгілері жұмыс орнының саны мен ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін көрсеткіштері арқылы анықталады.
Өндірістің ауқымы, технологиялық процесстердің ерекшелігі, мамандандыру деңгейі, бөлімшелердің құрамы мен саны кәсіпорындардың түрлі өндірістік құрылымдарын туғызады. Өнеркәсіп кәсіпорындары бөлімшелерінің негізгі құрылымдары цехтар болып табылады. Алайда кейбір зауыттарды цехтар өндіріспен ауыстырылады. Мұндай өндірістер бірнеше цехтар негізінде құрылады.
Өндіріс немесе цех кәсіпорынның ұйымдық, мүліктік оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Онда дайын өнімнің бір бөлігін дайындайды немесе өндіріс процессін орындайды. Цех – бұл белгілі бір бейнелерді пайдаланатын кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі.
Кәсіпорындардың цехтар, учаскелер және басқа да буындары арасындағы өзара қарым-қатынасы, атап айтқанда, шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттаржәне қызмет көрсетуде цехтар, бөлімдер ережелерімен, сол сияқты кәсіпорынның бекіткен ережесіне сай нормативтік құжаттармен реттеледі.
Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы
Кәсіпорындардың ұйымдық құрылымы – бұл құрамы және ұйымдық бірлік мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызмет), олардың арақатынасы және тұрғызу нысаны. Ұйымдық бірлік егер де олардың мөлшері көлеміне және межелеген міндетіне сай келетіндей болса тиімді жұмыс істей алады. Әрбір құрылым деңгейлес және сатылы болып бөлінеді, басқаша айтқанда ұйымдық құрылымда еңбек бөлінісінің деңгейлестік және сатылы болып ажыратылады. Еңбек бөлінісінің деңгейлестік шекарасы басқарушының өз ісінің саласында тиімді басқару мүмкіншілігін анықтайды (басқарушының тікелей қарамағындағы бағынушылардың ең жоғарғы саны). Сатылы еңбек бөлінісі басқарушылық шешімін дайындаудағы сатылы бейнесі саласындағы іс-әрекетін құрайды.
Кәсіпорында өндірісті ұйымдастырудыңбірлік, сериялық және жаппай болып үш түрге бөлінеді.
Өндіріс процесін басқару бірнеше қызметті қамтиды, олардың ішінде - жоспарлау мен болжау, ұйымдастыру, реттеу, есептеу, бақылау, талдау және ынталандыру бар.
Бұл бөлімде жоспарлау басқару қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастырылады, әрі басқарушылық бақылау процесінің бір бөлігі болып табылатын жоспарлау бойынша негізгі екі қызмет түрін бөліп қарастырады. Оның біріншісі - бағдарламаны әзірлеу - бұл қызметтің негізгі бағыты бойынша шешім қабылдау процесі, ол қабылданған стратегияны жүзеге асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді білдіреді. Екіншісі - бюджетті әзірлеу, тұтас кезеңдерге, әдетте бір жылға созылатын барлық ұйымдардың, оның жекелеген бөлімшелерінің қызметін жоспарлау процесі.
Жоспарлау кәсіпорынға белгілі бір кезеңде қол жеткізуге міндетті немесе мүдделі сандық және сапалы көрсеткіштер түріндегі кызметтің алдына мақсат қоюын ұйғарады.
Жоспарлау кезеңдеріне қарай (жоспарлау кезеңі - жоспар жасалатын және оның жүзеге асырылатын уақыт аралығы) ерекшеленеді:
• оперативті (ағымдағы) жоспарлау - бір жылға дейінгі кезеңге жасалады;
• тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау - бір жылдан үш жылға дейінгі кезеңді қамтиды;
• стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау - үш жылдан аса көп кезеңге арналған.
Кәсіпорынға жоспарлау жүйесін енгізу мына міндеттерді шешуге тиісті:
• кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру;
• тұтас кәсіпорын мен оның жекелеген бөлімшелерінің мүдделерін ұштастыру және кызметтерді үйлестіруді қамтамасыз ету;
• шаруашылық қызметтің әр түрлі нұсқаларына болжам жасау, талдау, бағалау және қабылданатын басқарушылық шешімнің негізділігін арттыру;
• қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту.
Жоспар былайша жіктелуі мүмкін:
Оперативті жоспар - ұйымның оз мақсатына қол жеткізумен тікелей байланысты тактикалық жоспар. Оған мысал ретінде жылдық немесе тоқсандық бюджеттер түрінде қалыптасатын қысқа мерзімді өндіріс жоспарын айтуға болады.
Оперативті - күнтізбе жоспары кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелерінің күнделікті жоспарға сай, ырғақты жұмысын ұйымдастыру мақсаты мен тактикалық жоспардың көрсеткіштерін нақтылай түседі.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары экономикалық болашақтық материалдық базасын, олардың өндірістік аппаратын құрайды. Негізгі қорлардың құрамын сапалы жетілдіру, оларды пайдаланудың тиімділігін жақсарту еңбек өнімділігін көтерудің, өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторлары болып табылады.
Кәсіпорынның техникалық мүмкіншілігін тиімді пайдалануды көтерудің негізгі жолдары – бұл өндіріс үрдістерінің механизациясы және автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық жетістік шараларын жүргізу және т.с.с.
Өнімнің өндірісін өсіру, өзіндік құнын азайту, өнім сапасын жақсарту, мүлікке салықтың азаюы және баланстық өсімнің түсуі, кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалануын жақсарту оның қаржылық нәтижелеріне әсер етеді.
Кәсіпорында негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту мына жолдармен жетуге болады:
- кәсіпорындағы негізгі құралдарды арендаға беру немесе артық жабдықтардан, машина және басқа негізгі құралдарын жасату;
- құралдарды жөндеулерді уақытында және сапалы түрде жоспар бойынша өткізіп тұру;
- жоғары сапалы негізгі құралдармен мүліктену;
- қызмет көрсетуші
- шамадан тыс моральды және физикалық тозуды
- өндіріс процессіне материал және шикізат
- өндірістің механизация және автоматизация деңгейін жақсарту;