Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 20:54, курсовая работа
Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстанда экономикалық реформалардың негізгі бағыты ретінде жоғары экономикалық өсу қарқындарын қамтамасыз етуге және экономика тиімділігін жоғарлатуға бағытталған мемлекеттің инвестициялық саясатын дайындау мен іске асыру болып отыр.
Инвестициялық жобалар бойынша жеңілдіктер мен преференциялар беру экономика дамуына әсер ететін маңызды мемлекеттік тұтқалардың бірі болып табылады.
Қазіргі таңда, біздің елімізде бұл саладағы бар негізгі сұрақтар заңдармен емес, заңға сәйкес актілермен реттеледі. Қиянат жіберуші ережелер бар.
1 Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы мен теориялық негіздері
1.1 Инвестицияның мәні, түрлері және инвестициялық саясат 6
1.2 ҚР экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары 15
1.3 Инвестицияны пайдаланудың көрсеткіштері және оны анықтау әдістемелері 30
2 “либелла боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын және инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау
2.1 ҚР инвестициялық ахуалының мәні мен факторлары және оны бағалау 36
2.2 “Либелла Боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын талдау 45
2.3 “Либелла Боттлерс” ЖШС инвестициялық дамуын талдау 52
3 кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары
3.1 “Либелла Ботлерс” ЖШС ішкі инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланудағы стратегиясын дайындау 60
3.2 Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту 65
Қорытынды 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиет КӨЗДЕРІ
Меншік формалары мен қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымы экономикадағы инвестиция тиімділігі үшін маңызды болып келеді.
Меншік формалары бойынша меншік құрылымы дегеніміз – олардың меншік формалары бойынша жалпы соммадағы ара қатынасы мен бөлінісі. Яғни, олар: мемлекетке, муниципалдық органдарға, жеке және заңды тұлғаларға, немесе аралас меншік формасына жатады. Жеке инвестициялардың олардың жалпы соммасындағы үлесінің өсуі оларды пайдалану деңгейіне және де республика экономикасына оң әсер етеді.
Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымы дегеніміз – қаржыландыру көздерінің қимасындағы олардың ара қатынасы мен бөлінісі. Инвестицияның бұл құрылымының жетілдірілуі бюджеттен тыс қаражаттар үлесінің оңтайлы деңгейге дейін өсуінде тұжырымдалады. Жылдар бойынша өзгеріс серпіні негізінде оң және кері әсерлерден болған өзгерістерді ұсынып талдауға болады.
Кәсіпорындағы инвестицияларды пайдалану тиімділігі, оның қаржылық жағдайы кәсіпорындағы олардың құрылымына байланысты. Кәсіпорындағы инвестициялардың жалпы құрылымы деп – жалпы соммасындағы нақты және портфельді ара салмағын айтады. Оның жетілдірілуі портфельді және нақты инвестициялардан максимум қайырым алуда тұжырымдалады. Бұл ең тиімді жобаларға салынған инвестициялардың үлесі максимумға бағытталу керек екенін білдіреді. Қазіргі кезде кәсіпорын үшін қалай нақты, солай портфельді инвестицияларадың құрылымы маңызды болып келеді. Портфельді инвестициялар құрылымы деп олардың кәсіпорындардан сатып алынған құнды қағаздар түрлері бойынша және басқа кәсіпорындар активтеріне салынған ақшалары бойынша ара қатынасы мен бөлінісі.
Мемлекеттік инвестициялардың
үлесі бірден төмендеп, кәсіпорын
инвестицияларының үлесі
Жоғарыда айтылғандарды жалпылай, мынадай қорытынды жосауға болады - әр түрлі бағыттар бойынша инвестиция құрылымын талдаудың ғылыми және тәжірибелік мәні бар. Оның тәжірибелік мәні – инвестиция құрылымының өзгеру тенденциясы анықтауға және осы негізде тиімді инвестициялық саясат әзірлеуге мүмкіндік береді. Инвестициялық құрылымды талдаудың теориялық мәні – осы талдау негізінде инвестициялық қызметке және инвестицияны пайдалану тиімділігіне әсер ететін, бұрын белгісіз болған жаңа факторлар анықталады.
2 “либелла боттлерс” жшс экономикалық жағдайын және инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау
2.1 ҚР инвестициялық ахуалының мәні мен факторлары және оны бағалау
Инвестициялық ахуал дегеніміз - инвестордың тиімді капитал салуға жұмсау саясаты, экономиканы мөдениетті барлық жағдай мен шараларды есепке алу. Басқаша айтқанда инвестициялық ахуалдың анықтамасы— инвестицияны бөлуте жайлы жағдай жасайтын капиталды сыртқа шығаратын елдердің экономикалық саяси табиғи ресурстардың және арнаулы іс-әрекеттің жиынтығын білдіреді. Бірақ біздің пікірімізше бұндай анықтама әлі толық емес. Көптеген шетелдік және жергілікті экономистер инвестициялық ахуал және сыртқы фактор түсігіне геосаяси орналасу орнын басқа ұлттық рыноктарға жақындығында қосады.
Еліміздің бизнес-ахуалын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келтіреді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткіш немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық ахуалы сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіштер инвесторлардың тәуекел мен шығынын сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.
Көптеген халықаралық қаржы ұйымдары, тәуелсіз рейтінгілік агенттіктер және ірі компаниялар әдетте 60- жылдар аяғында Р.Стобау ұсынған тәуекел үшін сыйлық әдісіне келеді. Ол ұсынған тәуекелді бағалаудың сандық әдісі инвестициялық климаттың өңделген үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Бұл үлгі өз кезегінде капиталды тартудың негізделген стратегиясын жасауда маңызды орын алады. Үлгіні жасау инвесторға әсер ететін, оның көңіл-күйін дәлелді түсінуге жағдай жасайды. Факторлардың қозғаушы күші туралы жүйелі түсініктер береді: Американдық экономистер Р.Боддун және Я.Ригардсон "Фирмаға инвестициялауды не талап қойғанын білмей, кейбір жағдайда керісінше инвестицияны кері қайтаратын саясатты жасау мүмкін емес - деп көрсетеді. Әрине инвестициялаудың негізін талдап қорытындылаудың пайдасы бар. Бірақ шешім қабылдау себептері әр түрлі болады, өйткені компанияның ішкі фирмалық стратегиясы әр түрлі болады. Инвестиция ахуалын бағалау мегамаркетингпен байланысты. Оны ұлттық рыноктар ұлғайған сайын салыстырмалы түрде тартымдылығын бағалау қажет. Тауар өткізу мен шетке шығарудың, яғни капиталды шетке шығарудан гөрі жиі алдын алатын ескертіп, халықаралық маркетингті талдауды инвестициялық ахуалды таддаудың кұрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Күрделі қаржы салудың табиғатында, сауда қызметкерлеріне қарағанда инвестициялық ахуал ұзақ мерзімдік сипатта болады. Инвесторлардың күрделі қаржыны салып, одан әрі міндеттемеден бас тартып, тез арада қысқа мерзімдік іс-әрекеттерге көшуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан инвестициялық климатты талдау өте тынғылықгы және мұқиат қарауды талап етеді. Инвестициялық ахуалды жан- жақгы және соған сәйкес микро және макролық кіші және ауқымды дәрежеде қарастыру қажет. Инвестициялық ахуал кіші дәрежеде нақты шетеддік инвестор мен рыноктық шаруашылық тұлғаның, соның ішінде мемлекеттік мекеменің екі жақты қатысы арқылы көрінеді, елдегі нақгы саяси және әлеуметтік жағдайды бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Макродәреже мен микродәреже арасында су айырылысы сияқгы қатал бөлініс жоқ. Олардың жиынтығында капитал салым жасауда жақсы ыңғайлы жағдай жасау үшін, оның басқару мекемелерінің елдегі біріккен саясаты ретінде ұстануға болады. Инвестиция ахуалдық экономикалық ортадағы алатын орнына біріншіден экономиканың жалпы жағдайы, қаржы жүйесі, валюталық-несиелік зерттеу, қолданып жатқан кедендік және салыктық жүйелер әсер етеді. Қаржы механизмінің жағдайы несиелік рейтингтің және оның банктердегі көрсеткіштерін білдіреді. Рейтинг қаржы рыногының даму дәрежесі және соған сәйкес халықаралық капитал рыногынан қаржылар тартуға әсерін тигізеді. Елдің рейтингісі неғұрлым жоғары болған сайын жалпы инвестициялық тәуекелділік төмен болады. Атап өтпесе болатын тағы бір жайт, бүгінде шетелдік компания (ТҮҚ) өзінің салалық өндірістік комплекісін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп отыр. Сондықтан инвестициялық ахуалды бағалауға републикалар салаларының жағдайы ғана емес, экономикадағы кұрылымдық өзгерістер мемлекет иелігін алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді. Шетел инвестициясын тартуға өте үлкен әсер ететін себептер ол ұлттық экономиканың даму деңгейі болып табылады.
Қазақстанда дамыған рыноктық инфрақұрылым әлі қалыптасқан жоқ, соның әсерінен күрделі қаржыны кәсіпкерлікке тарту кең таралмағаңдықтан және жаңа технологияны игеру де баяу жүріп жатыр. Инфрақұрылым "физикалық" ғана емес, сонымен қатар инвестицияны қайтару дәрежесін арттыруға қажетті "материалдық емес" бөліктерден де тұрады. Оған жаңа технология, рынок және бәсекенің даму бағыты туралы хабарламалардың қозғалыс жүйесі, жұмыс күшін дайындау бағдарламалары. Олар рыноктық инфрақұрылымның "матариалдық емес" бөлігі капитадды реттеудің басқару ұйымдастырушылық жүйесін жетілдіруде өте маңызды орын алады. Бизнес-ахуалдың бағалауға өндіріс шығыны көлеміне және жұмыс күші сапасына әсер ететін әлеуметтік жағдай тәртібі маңызды әсер етеді. Жұмыс күшінің жоғары дәрежелі мамандығына карамастан төмен болуы капиталдың органикалық құрылымын (С:У) төмендетеді, сөйтіп пайда нормасын көбейтетеді. Инвестициялық ахуалдың әлеуметтік жағы қоғамның делогиялық бірлігі дәрежесіне, жалпы алғанда жиі көрінетін қоғамдық сандық қатынастың жеке меншік сипатын береді. Мемлекеттік саясат шетелдік капитал салуына халықаралық келісімдердің дәстүрін сақтауға, қауіпсіздігін сақтауға жекеше роль атқаруға тиіс. Инвестициялық ахуал бүкіл күрделі қаржыны қабылдау жүйесін (КҚҚЖ) жетілдірудің методологиялық кілті. Ол институттық құрамымен бекітілген және комплекстік шара жүйесі деп анықтама беруге болады. ККҚЖ және инвестициялық ахуал өзара өте тығыз байланысты. КҚҚЖ инвестициялық ахуалдың құрамдас бөлігі болып есептеледі. Сонымен қатар, оның өз бетінше атқаратын орны бар, себебі инвестициялық ахуалдың қалыптасуына кері әсер етеді. Барлық елдерде КҚҚЖ-ның тиімді жолын іздестіруде ҚР—да соңғы кезге дейін ішкі жағдайдың әсерінен қалыптасқан шетелдік жұмысты және қабылдаудың үлгілі жүйесін жасауда айтарлықтай алға жылжу бар. Қазақстандық ККҚЖ шетелдік капиталды инвесторларды әр түрлі жолмен қауіпсіздеңдіруді қамтамасыз етумен тездетіп көбірек тартуға тырысты да, оның экономикалық жағы ескерілмеді. Сайып келгенде, КҚҚЖ мекемелерінің іс-әрекеттері қолайсыз жақтарға соқтырды. Одан басқа үкімет өзінің мемлекеттік мүлікті сыртқа басқаруға беру келісімдерін, басқа да шешімдерін бірнеше рет өзгертуге мәжбүр болды. Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияны басқару институтының қалыптасуы әлемдік рынокта капиталды сыртқа шығарушы елдер арасында кездесетін бәсекенің әсерінен жүріп жатыр. Соған қарамастан әлемде шетелдік инвестицияны тартудың басты аспаптарын үлестіреді. КҚҚЖ құрлымы негізі төмендегідей бөліктерден түрады:
- шетелдік күрделі қаржы салуды сенімді құқықгық қамтамасыз ету
- валюта-несиелік және қаржылық тетігі
- рыноктық реттеу әдісі
- қауіпсіздендіру және сақтаңдыру жүйесі, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмі.
Дегенмен де бұл жағдайды түгелділігін, тиімділігін
мемлекеттік баскару мекемелерінің құрылымын
ұйымдастырып, жетіддіріп жақсартуға
байланысты. Өмірде бос артық қаржы балмағандықтан
шетелдік инвестициялық күрделі қаржыларға
біз бұрынғыдан да көбірек мұқтажбыз.
Барлық кәсіпорындар қарыздануда, мерзімі
өтіп қайтарылмай жатқандары көп, соның
нәтижесінде бұның барлығы отаңдық өнеркәсіпті
мемлекеттік каржыландырудың іс жүзінде
толық болып өндірістің құлдырауына әкеліп
соқтыруда. Бұл қиыңдықтардың мәні өндірістің
заттай факторларында негізгі қорлардың
ескілігі елеулі сезілуден олардың тозу
дәрежесі әжептеуір өсіп барады. Қазақстан
қазір жаңа технология мен өте жетілген
техникаға мұқтаж. Оны әкелуді шетелдік
инвесторлар камтамасыз етуі мүмкін. Қазақстандық
кәсіпорындар өзінің құрал-жабдықтарының
тозуынан ғана емес, сонымен бірге басқада
көптеген көрсеткіштер бойынша рыноктық
экономика талаптарына сәйкес келмей
отыр. Ондай кәсіпорындар жабылып жатыр
немесе қайтадан рынокка сай құрылып,
болмаса орнына жаңа өнеркәсіптер кұрылуы
қажет. Ал, бұл көптеген инвестицияны тартуды
талап етеді. Мына жағдайда да қоса айта
кетуге болады. Еліміздің экономикасын
тез жетілдіріп дамытуға тек ішкі жиынтық
қор-қаражатының жетіспеуі ғана емес,
сонымен
қатар бұрынғы КСРО-дан бөлінген мемлекеттермен
Шығыс Европа
мемлекеттері сияқты рыноктың қалыптасуы
әсер етеді.
Инвестициялық ахуал бұл рыноктық реформалардың
жетілген
белгісі, дүние жүзілік бірлестіктің меншік
кұқығының сенімді елдегі
жалпы жағдай да сенімді деуге болады.
Республикада саясатшылар мен
экономистердің пікірінше шетелдік күрделі
қаржыны тарту төмендегі
проблемаларды шешуге мүмкіндік
береді: -сыртқа шығару мүмкіңдігінің
артуы: -оны шикізат сипатынан арылту:
-елдің сыртқа шығару қызметтерін күшейту
және сыртқы рыноктағы үлесін арттыру:
-сырттан әкелінетін өнімдерді дамыту:
-өндірістің ғылыми техникалық деңгейі:
-жаңа техника мен технология: -басқару
әдісін өнім өткізу арқылы көтеру: -артта
қалған және тоқырап ыдыраған аудандардың
дамуына көмектесу: -ұлттық экономикада
жаңа жұмыс орнын жасау: -қазіргі заманғы
өндірістік және басқару мамандарын оқыту
дайындау. Жоғарыда айтылған мақсатты
белгілерді барлық дамыған және дамушы
мемлекеттер пайдаланады.
Сөйтіп шетелдік инвестицияның қалыптасуына ыңғайлы жағдай жасау ұлттық және шетелдік инвесторлар қызметтерін біртіндеп сөйлестіруге әсерін тигізуде. Республика әлемдік практикада "ұлттық тәртіп" ретінде анықталған жағдайды анықтауға тырысуда. Қазіргі кезде шетелдік инвесторлар өте тиімді жағдайда тұр. Тек экономикалық және саяси елде таза ұлттық тәртіп болады және шетелдік инвесторға тиімді болады. Қазақстанда шетелдік инвесторлар сенімін пайдаланатын тыңғылықты экономикалық саясат қажет. Сол мерзім бітуіне сәйкес инвестициялаудың ескі тәртібін нақты "ұлттық тәртіп" негізі ретінде ұсынуға болады. Бүгінгі инвесторға жеткілікті дәрежеде ыңғайлы жағдай жасалуда және сыртқы инвесторлармен орын алған келіспеушіліктер жойылуда.
Инвестиция көлемінің динамикасынын бағалауға сүйене отырып Қазақстандағы инвестицияның талдауын жасауға болады. 1990 жылдардың басында жиынтық сұраныстың төмендеуіне инвестициялық сұраныстың төмендеуі байқалды. 1998 жылдары бұл жағдай дүниежүзілік, аумақтық және ресейлік қор нарықтарында дағдарысқа (кризис) дейін нашарлады.
Статистикалық деректері бойынша 1995-1996 жылдары терең инвестициялық дағдарыс болғанын көруге болады, мұнда, арзандату қарқыны ЖІӨ-ң төмендеу қарқынынан жоғары. 1997 жылдан 2004 жылға дейін ахуал өзгереді. Инвестиция көлемі тезірек жоғарылайды (1-кесте).
1-кесте – нақты ЖІӨ-ң ҚР-ғы инвестицияларының өзгеру динамикасы
Жылдар |
ЖІӨ-гі инв-р-ң үлес салмағы, % |
Нақты бағадағы ЖІӨ, млрд. тн. |
Нақты көлем индекстері алдыңғы жылға % |
Негізгі капиталға салынған инв-р, нақты бағада млрд. тн. |
Инв-р индексі, салыст. баға алдың. жылға салыс.баға., % |
1995 |
14,7 |
1014,2 |
91,8 |
148,6 |
57,5 |
1996 |
8,4 |
1415,7 |
100,5 |
119,0 |
60,1 |
1997 |
8,4 |
1672,1 |
101,7 |
139,8 |
111,6 |
1998 |
15,2 |
1733,3 |
98,1 |
263,9 |
141,9 |
1999 |
18,3 |
2016,5 |
102,7 |
369,0 |
133,0 |
2000 |
22,9 |
2599,9 |
109,8 |
595,7 |
148,5 |
2001 |
29,0 |
3250,6 |
113,5 |
943,4 |
144,7 |
2002 |
29,1 |
3776,3 |
109,8 |
1100,0 |
110,6 |
2003 |
28,8 |
4612,0 |
109,3 |
1327,9 |
116,6 |
2004 |
27,6 |
5542,5 |
109,4 |
1530,6 |
110,6 |
Ескерту – статистика бойынша ҚР Агенттігінің мәліметтерімен құрылған |
Информация о работе Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту