Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 20:54, курсовая работа

Описание работы

Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстанда экономикалық реформалардың негізгі бағыты ретінде жоғары экономикалық өсу қарқындарын қамтамасыз етуге және экономика тиімділігін жоғарлатуға бағытталған мемлекеттің инвестициялық саясатын дайындау мен іске асыру болып отыр.
Инвестициялық жобалар бойынша жеңілдіктер мен преференциялар беру экономика дамуына әсер ететін маңызды мемлекеттік тұтқалардың бірі болып табылады.
Қазіргі таңда, біздің елімізде бұл саладағы бар негізгі сұрақтар заңдармен емес, заңға сәйкес актілермен реттеледі. Қиянат жіберуші ережелер бар.

Содержание работы

1 Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы мен теориялық негіздері
1.1 Инвестицияның мәні, түрлері және инвестициялық саясат 6
1.2 ҚР экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары 15
1.3 Инвестицияны пайдаланудың көрсеткіштері және оны анықтау әдістемелері 30

2 “либелла боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын және инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау
2.1 ҚР инвестициялық ахуалының мәні мен факторлары және оны бағалау 36
2.2 “Либелла Боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын талдау 45
2.3 “Либелла Боттлерс” ЖШС инвестициялық дамуын талдау 52

3 кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары
3.1 “Либелла Ботлерс” ЖШС ішкі инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланудағы стратегиясын дайындау 60
3.2 Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту 65

Қорытынды 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиет КӨЗДЕРІ

Файлы: 1 файл

Дип.-ҚӘСІПОРЫННЫҢ-ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ-ҚЫЗМЕТІН-ТАЛДАУ.doc

— 477.50 Кб (Скачать файл)

2004 жылы бұл көрсеткіш – 0,08 –ге  тең. Ал 2005 жылы АҚЖК –тің мәні  – 0,18-ге тең болды.

 Бұл көрсеткіш төлем мәнділігі  кәсіпорын  жұмысының қалыпты  дамуына кедергі жасайды. Себебі  бұл көрсеткіш кәсіпорын төлем  қабілеттілігіне күдік тұғызады.

3. Сындық бағадаудың көрсеткіші  немесе коэффициенті.

Бұл кәсіпорынның өте қатал бағалау көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткіш ағымдағы активтердің кейбір бөліктерінің, яғни капиталдың ақша қаржаттары, дебиторлық қарыздар мен тез сатылатын бағалы қағаздардың  ағымдағы міндеттемелерімен  салыстыру арқылы есептеледі. Яғни егер кәсіпорынның жағдайы өте қиын, сындық жағдайда болса, онда кәсіпорынның қарыздарын қаншалықты көлемін  төлеуге болатынын  бағалауға негізделген көрсеткіш болып есептелінеді.

Дебиторлық қарыздардың орташа айналым ұзақтығы ішіндегі күтілетін төлем қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш тек ағымдағы міндеттемелерді бар ақша арқылы ғана емес, сонымен бірге күтілетін, сатылатын өнімнен түсетін пайданы да пайдаланып, төлеуге болатынын сипаттайтын көрсеткіш.

Көрсеткіштің оңтайлы мәні – 0,8 -0,7 болуы қажет. 2004 жылы ол – 0,5 , ал 2005 жылы – 0,4-ке тең болды.

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорын өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы соммасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті). Бірақ оның мәні бір ғана – бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды. «Либелла Боттлерс» ЖШС тәуелсіздік коэффициенті 2004 жылы – 0,87 , ал 2005 жылы – 0,86 –ға  тең болды. Бұл көрсеткіштің оңтайлы мәні 0,5-0,6 болуы керек. «Либелла Ботлерс» ЖШС тәуелсіздік коэффициентінің мәні кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетеді және алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығына дәлел.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін  9 кестеде келесі  қаржылық тұрақтылығын бағалау коэффициенттері есептелінеді.

Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын, қатыстырылған капиталдың барлық авансталған капиталдағы үлес салмағын көрсетеді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады.

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы соммасындағы қарыз капиталының үлесін сипаттайды. Бұның үлесі жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарлайды.       «Либелла Боттлерс» ЖШС кәсіпорында бұл көрсеткіштің мәні 2004 жылы -0,13, 2005 жылы -0,14-ке тең болды. Бұл көрсеткіш біршама өскенімен, талданып отырған кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды.

 

9-кесте - «Либелла Боттлерс» ЖШС қаржылық тұрақтылығын бағалау коэффициенттері.

Көрсеткіштер

2004 жыл

2005 жыл

Оңтайлы мәні

1

Тәуелсіздік

Коэффициенті  Кн

0,87

0,86

0,5-0,6

2

Тәуелділік коэффициенті Кз

0,13

0,14

0,4-0,5

3

Қаржыландыру коэффициенті

6,5

6,2

> 1

4

Қарыз және меншікті құралдардың арақатынасы

0,154

0,162

< 1

5

Инвестициялық коэффициенті Ки

1,01

0,998

≥0,5

6

Меншікті айналым капиталы

249,4

-33,6

-

7

Маневірлік коэффициенті

0,014

0

≥0,5


Ескертпе - «Ойл Сервис Компани» ЖШС мәліметтері бойынша есептелген.

 

Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын  сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып саналады. Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі. «Либелла Боттлерс» ЖШС бұл коэффициентінің мәні 2004 жылы - 6,5, ал 2005 жылы- 6,2–ге тең болды. Қаржыландыру коэффициентінің оңтайлы мәні  > 1.

Қаржыландыру коэффициентіне кері көрсеткіш, қатыстырылған капиталдың меншікті капиталға қатынасымен  анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті.

Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорнымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады: 2004 жылы – 0,154, 2005 жылы -0,162. Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің, яғни 2004 жылы активтерге салынған меншікті қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 15 тиынын тартқанын дәлелдейді. Ал 2005 жылы қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне  16 тиынға дейін көбейген. Демек, кәсіпорын қарыз қаражаттарын пайдалануға күш жұмсаған, бірақ өзінің қаржылық тұрақтылығын жоғалтпаған.

Келесі көрсеткіш инвестициялық коэффициенті. Бұл коэфициент меншікті капиталдың негізгі құралдар мен басқа да активтер сатып алуға пайдалануын көрсетеді.

«Либелла Боттлерс» кәсіпорында бұл көрсеткіштің мәні 2004 жылы – 1,01, 2005 жылы – 0,998-ге тең. Инвестициялық коэффициенттің оңтайлы мәні  ≥0,5.

Меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтардың бекітілмегендігін сипаттайтын көрсеткіш -  меншікті айналым капиталы (Сок).

Бұл коэффициенттің «Либелла Боттлерс» кәсіпорындағы мәні 2004 жылы – 0,014, ал 2005 жылы – 0-ге тең болды. Яғни бұл көрсеткіш меншікті капиталдың қандай бөлігі табельді нысанда екендігін сипаттайды. Біздің кәсіпорынымызда бұл коэффициент 2005 жылы төмендеп, 0-ге тең болды. Мұның барлығы да кәсіпорынның инвестициялық тартымдылық деңгейі дұрыс деген мағынаны білдіреді.

 

3 кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары

3.1 “Либелла Боттлерс” ЖШС ішкі инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланудағы стратегиясын дайындау

 

Жеке инвестициялық ресурстардың шектелу жағдайында, республикада тиімді экономиканы құруға бағытталған, құрылымды – инвестициялық саясатты жүзеге асыру, сусындар шығарушы салаларының жаңа кен орындарын, көлікті, өңдеуші және машина жасау өндірісін енгізу жолымен өндіруді кеңейту үшін ірі отандық және шетел капитал салымдарын талап етеді.

“Либелла Боттлерс” ЖШС – нің алға қойған мақсаттары нақты жобаларды жүзеге асыру процессінде атқарыла алады, олардың мәні келесілерден тұру керек:

  • өнеркәсіптермен және банктермен қызығушылықтарын біріктіру, осы негізде өнеркәсіптік – қаржылық топтарды құру;
  • үйлесімдірек іс-әрекеттерге алып келетін, көлденең және тікелей салааралық байланыстарды дамыту;
  • алдыңғы қатарлы сусындар державаларымен және компанияларымен экономикалық қатынастармен байланыстарды ары қарай тереңдету;
  • сусындар өндіруші саланы жоғары мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету, сусындар шығару бизнесінде өңдеудің, маркетингтің, менеджменттің жаңа әдістерімен иемдену;
  • республиканың алдыңғы қатарлы банктарымен консорциумды құру;

“Либелла Боттлерс” ЖШС–ның инвестициялық стратегиясының негізгі мақсаттары:

  • қаржылы–несиелік жүесін өзгерту және инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асыру;
  • құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру және тиімді бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканы қалыптастыру;
  • жоғары ресурс жинақтаушы және ғылыми сиымды технологияларды енгізу негізінде өндірісті модернизациялау;
  • нарық инфрақұрылымын және институционалды қайта жаңаруларды дамыту;
  • аймақтардың және ұлттық экономиканың ахуалын жақсарту мақсатында заң шығаруды жетілдіру;
  • құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамыту, Қазақстанның қор нарығының ролі мен көлемін үлкейту;
  • тікелей және жанама мемлекеттік әсер ету әдістерін қолдануымен инвестициялық белсенділікті экономикалық реттеудің жаңа нарықтық әдістерін енгізу;
  • аймақтардағы белсенді инвестициялық саясатты жүргізу;
  • аймақтық инвестициялық саясатты қалыптастыру, тиімді салықты-бюджеттік саясатты қалыптастыру;

Дүниежүзілік тәжірибеде ең көп тараған және қазақстандық жағдайлар үшін жарамды белсенді инвестициялық стратегияны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық формасы – инвестициялық бағдарламаларын дайындау болып табылады.

Осыған орай, “Либелла Боттлерс” ЖШС –нің бағдарламалары салааралық, салалық және аймақтық мағынадағы бөлімшелерін өзіне қосады, белгілі бір уақыттық мерзімге және инвестиция көздеріне байланысуында және соңында, мемлекет қатысуымен барлық инвестициялық объектілерді және жобаларды біріктіреді. Осындай бағдарламаларды дайындау және олардың орындалуын бақылау инвестициялық қызметті реттеу бойынша макроэкономикалық координацияны нақты етеді.

Отандық экономистердің болжамдық бағалаулары бойынша, мемлекетпен кепілді мемлекеттің бюджет қаражаттары, несиелер мен қарыздар келешекте мемлекет бюджетінің жалпы деңгейінен 20 % –дан аспайды. Бірақ, оларды бөлу және пайдаланудың ұйымдастырушылық формаларын сапалы өзгерту қажет.

“Либелла Боттлерс” –те, біріншіден, мақсатты бағдарламалар мен тек конкурстық негізде қатаң сәйкестікте мемлекеттік инвестициялық қаражаттарды бөлуге өту керек. Екіншіден, коммерциялық емес сипаттағы және өздерінің қаржы көздері жоқ, әлеуметтік мәндегі объектілер үшін қайтарымсыз қаржыландыруды сақтау. Үшіншіден, қайтарымсыз қаржыландыру және жеңілдікті несиелеу формасындағы инвестицияларға бағытталатын, бюджет қаражаттарының мақсатты шығындалуын мемлекеттік бақылауды күшейту. Төртіншіден, тікелей бюжеттік қаржыландыруды – инвестициялық жобаларды бірлескен мемлекетті-бюджеттік қаржыландыру тәжірибесін кеңейту, сонымен қатар, жеке ұлттық және шетел капиталын тартумен; мемлекеттік кепілдіктер мен инвестицияларды сақтандыру арқылы жанама қолдау, мамандандырылған инвестициялық банктер, қорлар құруда қатысу және тағы басқалар арқылы жүзеге асырылады.

Сонда, “Либелла Боттлерс” ЖШС–нің экономикалық өсуі және көп каналды қаржыландыруды қалыптастыру жағдайындағы инвестициялық стратегия негізгі бағыттарды қосу керек:

  • мемлекеттік қаржыларды толық және жеке пайдалану арқылы немесе мемлекеттік кепілдіктер қодауымен, мемлекет үшін маңызды өмірлік қамтамасыз ету (жизнеобеспечение) объектілеріне капиталдық салымдарды қаржыландыру;
  • аймақ пен ел экономикасының өсуінің базасы бола алатын, бөлек объектілердің нүктелік инвестициялауы;
  • елдің бүкіл салалар, өндірістер мен аймақтары бойынша ұлттық шаруашылықты кең көлемде инвестициялау;

Инвестиция саласындағы парадигманың ауысуы, кез–келген аумақта сияқты, ұзақ және қиын процесс болып келеді. Сондықтан, инвестициялармен істің қазіргі жағдайының тез өзгеруіне, жеке капитал құрылғанша дейін және оны пайдалану шарты мен инвестициялық мақсатта халықтың жинақтауының құрылуына дейін, үміттенбеу керек.

Қазіргі кезде, ҚР–ның экономикасы белгілі бір құлдырудан кейін біртіндеп көтеріле бастады және одан әрі өсу үшін ғана емес, оны қолдау үшін де қаржылық ресурстардың көп мөлшерінде қажетсінеді.

Елдегі ақшаның жеткіліксіздігі бәрімізге белгілі фактор.

Мұндай жағдайда, шетел инвестициялары республика экономикасын ынталандыру бойынша негізгі бағыттардың бірі болып қарастырылады. Шетел инвестициялары ішкі инвестициялардың ынталандырушысы, даму катализаторы және өсуі бола алады. Әсіресе, бұл тікелей инвестицияларға қатысты, себебі, олармен Қазақстанға тек ақша ғана емес, дүниежүзілік нарықтарында инвесторлар – компанияларымен жинақталған көп жылдық тәжірибе де алынып келеді. Сонымен қатар, шетел инвестициялары үкіметтің ақша қиыншылықтарын жеңілдете алады, бірақ, сыртқы қырызды өсіру жолымен, сонда, ел тәуелділігін өсіру арқылы. Шетел инвестицияларының өсуі біздің елдің дүниежүзілік ақшаның қозғалыс цикліне қосылуының серігі (спутник) болып табылады, және дүниежүзілік шаруашылыққа шоғырлануға себепші болады.

1992 – 1998 жылдардағы елде болған  жекешелендіру процессі, құнды қағаздардың  ұлттық нарығының тез дамуы  және оның нормативті базасын  құру бірінші рет отандық тарихта ҚР–ғы шетел инвестицияларын дамыту үшін алғышарттарды жасады. Сонымен қатар, белгілі бір прогресске қарамастан соңғы кезде қарама–қайшылық, толықсыздық және тұрақсыздық нормативті–құқықтық базаның шетел инвестицияларын тарту жолындағы маңызды кедергі болып қалып отыр.

Сонымен қатар, соңғы жылдары Қазақстанда тікелей шетел инвестицияларының иелерімен алынған, табысты шетелге шығарудың бірден өсуі қауіпті болды. Тікелей шетел инвестицияларының табыстарын шетелге шығару серпіні туралы келесі кесте мәліметтері айтады.

Информация о работе Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту