Кәсіпорынның қаржы тәуекелін басқару тиімділігі мен жетілдіру барысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 13:26, курсовая работа

Описание работы

Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Оның себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.
Қаржылық тәуекелді басқару процесі алты сатыдан тұрады:
Мақсаттарды анықтау
Тәуекелді анықтау
Тәуекелді бағалау
Оларды жүзеге асыру
Нәтижелерді бағалау

Содержание работы

Кіріспе.........................................................................................................................3

І. Қаржы тәуекелін басқаруДЫҢ теориялық аспектілері

1.1 Тәуекел мәні және экономикалық мазмұны .......................................................5
1.3. Кәсіпорының тәуекел деңгейін бағалау әдістері ............................................11
1.3. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері ........................................................15
ІІ Кәсіпорында тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістерін талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында)

2.1 Кәсіпорында қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері және тәуекелдерді бағалау әдістері .........................................................................................................22
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тәуекелін басқаруды талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында) ..........................................................................25


ІІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ қаржыЛЫқ тәуекелІН басқаруДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ жолдары ....................................................31

3.1 «Қазақтелеком» АҚ-ның тәуекелдерді басқару жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және шетелдік тәжірибені қолдану ......................................................31
3.2 Кәсіпорынның қаржы тәуекелін басқару тиімділігі мен жетілдіру
барысы ......................................................................................................................37


ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..........................................................................44

Файлы: 1 файл

ЖОСПАР1.docx

— 120.20 Кб (Скачать файл)

  Тәуекел мүмкін, ықтималды шығындарды  есептеумен анықталады деп айтқанда, оның кездейсоқтығын ұмытпау қажет. Осы оқиғалардың болу ықтималдығын объективті және субъективті әдіспен анықтауға болады.

    Ықтималдықты анықтаудың объективті әдісі, оқиғаның болу жиілігін бағалауға негізделген.

    Ықтималдықты анықтаудың субъективті әдісі, әртүрлі қорытындыларға негізделген субъективті критерийлерді қолдану арқылы жүргізіледі. Ондай қорытындыларға: бағалаушының ойы мен өз тәжірибесі, эксперттің бағалауы, қаржылық консультанттың ойы т.б. Ықтималдық субъективті түрде анықталғанда, әртүрлі адамдар бip оқиға үшін әртүрлі мән бepiп, әpбipeyi өз таңдауын жүргізеді.

Осы жерде басты орынды экспертті бағалау алады, яғни экспертизаны жүргізу, оның қорытындыларын өңдеу мен ықтималдықты шығару үшін қолдану.

   Экспертті бағалауды қабылдау, эксперт  үшін талдау мен ақпаратты  алуға қажет, қисынды және математикалық  – статистикалық әдістер мен  процедуралардың кешенін көрсетеді.  Экспертті бағалау маманның қажетті,  ең тиімді шешімді қабылдау  қасиетіне негізделген. 

   Сонымен, қаржылық тәуекелді бағалау  негізінде кәсіпорынның нақты  шығындар мөлшері мен оның  болу ықтималдығының арасындағы  қатынасты табу.

Тәуекелділікті  бағалау және оның деңгейін анықтау  әдісі:

 

■    Дисперсия

■    Орташа квадраттық ауытқу

■    Варриациялық коэффициент

 

      Дисперсия - күтілетін көрсеткішке қатысты ықтималдылық нәтижесінің жан-жақтылық немесе бытыранқылық шаралары. Дисперсия жоғары болған

сайын        тәуекелділіктің

         жан-жақтылығы да жоғары болады.

 

      Дисперсияның формуласынан  қарап отырғанымыздай орташа күтілетін нәтиженің ауытқуының квадраты ретінде немесе әрбір ықтималдылық бойынша ауытқулардың орташа мөлшерін көрсетеді.Тәуекелділіктің деңгейі пайызбен анықталуына байланысты дисперсия, пайыздың квадраты ретінде қарастырылады. /11, 218 б/

      Орташа квадраттың ауытқу немесе дисперсияның түбірінен қарастырылатын көрсеткіш:

 

                   

 

      Варриациялық коэффициент - күтілетін табыстылық жоғары болған сайын оның орташа квадраттық жоғары болады. Егер белгілі бір жоба бойынша табыстылықты бөлу бір қалыпты болса, осы жобаның күтілетін нәтижесі теріс болатындығының ықтималдылығы оның орташа квадраттық ауытқуының оң нәтиже беретініне қарамастан ықтималдылығы төмен болады. Варриациялық коэффициенті анықтау формуласы:

                                                   

 

      Тәуекелді бағалаудың  тағы бір көрсеткіші компанияның  қаржылық жағдайын, тұрақтылығын, төлем  қабілеттілігін талдау. Бұл экспресс талдау, оның мақсаты қаржылық деңгейін, баланс және қаржылық есеп нәтижелері бойынша даму динамикасын анықтау.

        Шаруашылық жүргізуші субъектілернің қаржылық жағдайын экспресс-талдау кеңінен тараған. Оның мақсаты – кәсіпорынның балансы мен қаржылық нәтижелер және оларды қолдану туралы есебі негізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму динамикасын бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен қолдануына, олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни пассивтер) назар аударылады.

       Қаржылық жағдай  тұрақтылығының баланстық моделі  кеңінен танымал. Бұл модель  негізінде қаржылық тәуекел облысы  анықталады және кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылық деңгейі  талданады:

                                          Ф + З + Дс = Ис + Кт + К + Р,

мұндағы Ф – негізгі құралдар немесе басқа айналымнан тыс активтер;

                З – запастар мен шығыстар;

                Дс – ақшалай қаражаттар, қысқа  мерзімді қаржылық салымдар, дебиторлық  қарыздар және басқа активтер;

                 Ис – меншікті қаражаттар көздері;

                 Кт – орташа, ұзақ мерзімді  несиелер және қарыздық қаражаттар;

                  К – қысқа мерзімді несиелер;

                  Р – кредиторлық қарыздыр.

        Қаржылық тәуекелді  бағалау үшін қаржылық тәуекел  ықтималдылығын сипаттауға мүмкіндік  беретін коэффициенттерді (мультипликаторлар)  есептеуде негізделетін мультипликативті  әдісті қолдануға болады. Белгілі   көрсеткіштерді (коэффициенттерді) есептеу  есеп берудің белгілі баптары  арасындағы қатынасын анықтауда  негізделеді. 

         Шаруашылық жүргізуші субъектілернің қаржылық тәуекелін компьютерлік имитациясы перспективалы болып табылады. Қазіргі кезде тәуекелді бағалау бойынша дайын бағдарламалық өнімдер жиынтығы жасалған. Әр кәсіпорынның қаржылық  тәуекелді жекеше модельдеу мүмкіндіктері бар.

         Қаржылық  жағдайды болжамдау қаржылық  тәуекел ықтималдылығын анықтауға,  болашақта кәсіпорынның  даму  перспективасын айқындауға мүмкіндік  береді. Сонымен бірге болжамдау  қаржылық талдау мен жоспарлауға  сүйенеді. /12, 227 б/

       Қаржы тәуекелінің сыртқы белгілері келсесілер: міндеттемелерді орындамау, төлемдерді тоқтату, салықтарды төлеу мерзімдерінің кешіктірілуі, өндірістік, коммерциялық дәстүрлі байланыстардың бұзылуы. Ішкі белгілері: өндірістің тоқтап қалуы, өткізу көлемінің төмендеуі, жұмысшылардың қызметтен босатылуы, мерзімі өтіп кеткен кредиторлық қарыздың жоғары үлесі, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің төмен көрсеткіштері, қаржыландыру көздері ретінде қарыздық қаражаттарды қолдану үлесінің жоғарылылығы.

        Тәуекел көлеміне (зона) салалар ерекшеліктері, халық  шаруашылығының құрылымдық қайта  құру жағдайында сала жағдайының  өзгерісі, өндірістің мерзімдік  сипаты, капитал айналымдылығының  жылдамдығы, өндірілетін өнім диверсификация  мүмкіндігі, клиенттер мен жабдықтаушылыр  диверсификациясы, әлемдік нарыққа  шығу мүмкіндігі әсер етеді.

        Саланың арнайы  тәуекелдерін ескеру қажет. Тәуекелдің  келесі облыстары бар: 

- тәуекелсіз зона;

- минималды тәуекел облысы;

- жоғары тәуекел облысы;

- критикалық тәуекел облысы;

- жіберуге болмайтын тәуекел облысы.

      Баланстық модель бойынша қаржылық тәуекелдің ауданы анықталып, компанияның қаржылық тұрақтылығының деңгейі талданады. Мына формула бойынша:

Ф+3+Дс=Ис+Кт+Кк+Р,

мұндағы

Ф - негізгі қаражаттар және айналымнан тыс активтер

3 - қорлар мен шығындар

Дс - ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, дебиторлық қарыз                                 бен басқа да активтер

Ис - меншікті қаражаттар көздері

Кт - ұзақ мерзімді несиелер мен қарыз қаражаттар

Кк - қысқа мерзімді несиелер

Р - кредиторлық қарыз

Сонымен шаруашылық жүргізуші субъектілернің тәуекелін бағалау үшін рейтингілік әдіс қолданылуы мүмкін. Оның мәні: негізгі көрсеткіштер корреляциялық-регрессиялық талдау көмегімен топтастырылады. Кейін кәсіпорынның эксперттік өлшем бойынша белгілі көрсеткіштердің орта салмақты рейтинг мәні (орны) ретінде есептелетін интегралды рейтингі анықталады. Келесі кезеңде кәсіпорындардың талданатын топтарындағы тәуекел деңгейі бойынша әр кәсіпорынның интегралды рейтинг мәні есептеледі. Рейтингте бірінші орынды экономикалық потенциалы жоғары және төмен деңгейлі тәуекелді кәсіпорын алады. /6, 254 б/

        Шаруашылық жүргізуші субъектілернің экономикалық қызметінің тәуекелін сапалы бағалау төмендегілерді қарастырады:

- тәуекел факторларын анықтау;

- тәуекел туындайтын жағдайларды  талдау;

- тәуекелдердің потенциалды облысын  анықтау болып табылады.

Осылайша 1-ші тарауды аяқтай келе келесідей қорытынды  жасап өтсек болады. Бұл тарауда  мен қаржы тәуекелін басқарудың теориялық аспектілеріне, соның  ішінде тәуекелдің экономикалық мәні мен мазмұнына, оның түрлері мен  әдістерін қарастыра келе, қаржылық тәуекелді төмендетудің тәсілдері  мен тәуекел деңгейін бағалаудың маңыздылығына тоқталып өттім.

 

 

1.3. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері

 

          Қаржы  тәуекелдері түрлі әдістер мен  тәсілдер көмегімен шешіледі. Қаржы  тәуекелдерін шешу құралдары  болып олардан қашу, ұстап қалу, беріп жіберу, деңгейін төмендету.       

Тәуекелден  қашу тәуекелмен байланысты шарадан  жай ауытқумен түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін көбінесе тәуекелден қашу пайда алу мүмкіндігін қолданбауды  білдіреді. Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді инвестордың жауаптылығына  қалтыру. Сонымен, инвестар венчурлік  капиталды сала отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді  беріп жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру қоғамына, беріп жіберумен түсірдіріледі. Бұл жағдайда тәуекелді беріп  жіберу қаржы тәуекелін сақтандыру жолымен жасалды. Тәуекел деңгейін төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын және көлемін қысқарту.

Қаржы тәуекелін шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі принциптерге сүйенуі тиіс:

  • меншікті капитал мүмкіндігінше ғана тәуекел етуге болады;
  • тәуекелдің соңын ойлау керек;
  • аз нәрсе үшін көппен тәуекел етуге болмайды.

Бірінші принципке сүйенуде инвестор капитал  салымын жасаудан бұрын тиіс:

  • берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығыстар көлемін максималды түрде анықтау;
  • оларды (шығыстарды) капитал салымының көлемімен салыстыру;
  • олрады (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстармен салыстырып, инвесторды банкроттыққа әкелмей ме екенін анықтау.

Капитал салымы бойынша шығыстар көлемі капитал  көлеміне тең, не одан кіші, не үлкен  болуы мүмкін.

Портфельді  инвестиция кезінде, яғни екінші ретті  нарықта сатуға болатын бағалы қағаздарды сатып алған кезде шығыс көлемі әдетте шығыстанатын капитал көлемінен  аз. Инвестордың өзіндік қаржылық ресурстардың қөлемі және максималды мүмкін болатын шығыстар көлемінің  арақатынасы банкроттыққа апаратын тәуекел деңгейі. Ол тәуекел коэффициентімен  өлшенеді: /10, 129 б/

Кр = У / С,

        мұндағы   Кр – тәуекел коэффициенті;

                          У – максималды мүмкін болатын шығыс сомасы;

       С – нақты түскен қаражатттар  есебімен өзіндік қаржылық ресурстар  көлемі.  
        

         Екінші  принципке сүйену инвестор шығыстың  максималды мүмкін болатын көлемін   біле отырып, оның тәуекелдің  ықтималдылылығы қандай екенін  анықтауды және тәуекелден (яғни  шарадан) бас тарту, тәуекелді  өз жауаптылығына алу немесе тәуекелді басқа тұлғаның жауаптылығына беру шешімін қабылдауды талап етеді

Үшінші  принциптің қызмет етуі қаржы тәуекелін  әсіресе беріп жіберуде көрінеді. Бұл жағдайда инвестор сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйақы өзіне жағымды  арақатынасын анықтау тиіс.

Сақтандыру  сыйақысы немесе сақтандыру жарнасы  – бұл сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру тәуекелі үшін төлемі. Сақтандыру сомасы – материалдық құндылықтар (немесе сақтанушының азаматтық жауапкершілігі, өмірі жіне денсаулығы) сақтандырылған ақша сомасы. Егер шығыс көлемі сақтандыру сыйақысын үнемдеумен салыстырғанды  үлкен болса, онда тәуекел ұсталынып  қалуы тиіс емес, себебі инвестор тәуекелді  өзіне алмау керек. Қаржы тәуекел  деігейін төмендеті үшін түрлі әдістер  қолданылады:

  • диверсификациялау;
  • таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпараттар алу;
  • шектеу;
  • сақтандыру;
  • жабу;
  • хеджирлеу және т.б.

Диверсификациялау өздерінің арасында тығыз байланысты түрлі салым объектілері арасында инвестицияланатын қаражаттарды орналастыру  процесін білдіреді. Диверсификациялау  принципінде клиенттерге өз акцияларын сататын, ал алған қаражаттарды нарықтан сатып алынатын және тұрақты орташа табыс әкелетін түрлі бағалы қағаздарға салатын инвестициялық қорлардың  қызметіне негізделеді.

Диверсификациялау түрлі қызметтер арасында капиталды  орналастыру кезінде тәуекелдің бөлімінен қашуға мүмкіндік береді. Сонымен, инвестор бір акционерлік  қоғам орнына бірнеше түрлі акционерлік  қоғам N акцияларын сатып алу табыс  ықтималдылығын N есеге көбейтеді  және сәйкесінше тәуекел деігейін N есе төмендетеді. /15, 112 б/

Кейде инвестор нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпараттар жағдайында шешім  қабылдайды. Әрине, егер инвесторда толық  ақпарат болса, ол сапалы болжам жасап, тәуекел діңгейін төмендете алатын еді. Бұл жағдай ақпаратты тауар  ретінде көрсетеді.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржы тәуекелін басқару тиімділігі мен жетілдіру барысы